1.4 Химиялық реактивтер
Тазалық дәрежесі анықталған және химиялық тәжірибелерді жүргізуге арналған заттарды химиялық реактивтер деп аталады олар үш түрлі болады:қатты, сұйық, газ.
Заттардың құрамындағы қоспалардың мөлшеріне байланысты төрт түрге бөлінеді: техникалық (техн.), таза (т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), химиялық таза (х.т.).
Химиялық реактивтерді Мемлекеттік стандартқа (МеСТ) сәйкес дайындайды, реактивтің МеСТ-ы жазылмаған жағдайда техникалық жағдайы (ТЖ) көрсетіледі және МеСТ немесе ТЖ бойынша берілген реактивтін қасиеті жөнінде, яғни құрамындағы қоспа мөлшері жайлы мағлұмат алуға болады. Реактивтік ыдыстар реактивтерді сақтау және тасымалдау үшін қолданылады, ыдыстар құтыға және ыдысқа бөледі. Құтылар сұйық реактивтер үшін пайдаланылады, олардың жіңішке мойындары қажетті герметикалық (әсіресе,тығыз тығынды) құты туғызады: реактивтік ыдыстар жалпақ мойынды, оларға қатты заттарды толтыру ыңғайлы.
Реактивтің сыртында аты мен химиялық формуласы, дайындаған зауыт, квалификациясы, МеСТ номері мен жылы, сериясы, шығарылу күні, массасы, кейде қоспалардың сапалық және сандық құрамы көрсетіледі.
Реактивтерді сақтау жағдайлары - олардың қасиеттеріне байланысты бөлінеді.
1) Бірінші топ реактивтері жарық әсерінен ыдырайды және ыдырау дәрежесін анализ арқылы дәл анықтауға болады, ал жеке жағдайларда сыртқы белгілеріне (түсінің өзгеруі, иісі) қарап айтуға болады. Бұл топ реактивтерін қоңыр шыны ыдыстарда сақтайды, кейде реактивтер жарыққа сезгіш болғандықтан, қосымша қара қағазбен қорғайды. Бұл топқа жататын күміс тұздары жарықта қараяды, ал иодты тұздар сарғаяды және өзіндік иісі болады, жарық әсерінен өзгеретін, температура әсерінен өзгеретін, сіңіру немесе судан айрылу қасиетіне байланысты өзгеретін, ауа газдары әсерінен өзгеретін, ұшқыш, тез тұтатқыш және қопарылғаш реактивтер.
2) Температура әсерінен өзгеретін екінші топ реактивтеріне, мысалы, формалин жатады. Оның сақталу температурасы +90С-тан төмен болмау керек, себебі төмен температурада ақ тұнба (параформ) бөлінеді.
3) Үшінші топ реактивтері бірқатар тұздар Na2B4O7·10H2O - натрий тетрабораты кристаллогидраты, ZnSO4·H2O - мырыш сульфаты кристаллогидраты, Na2SO4 ·10H2O-натрий сульфаты кристаллогидраты және т.б.) кристалдық суларын оңай жоғалтып, ағарады. Басқа реактивтер (концентрлі күкірт қышқылы, натрий гидроксиді), керісінше, ауадағы су буларын сіңіреді, осындай реактивтерді сақтау барысында реактивтік ыдыстарды мұқият герметизациялау керек.
4) Ауа газдары әсірінен өзгеретін төртінші топ реактивтері де герметизациялау керек. Мысалы, активті металдар, олардың оксидтері мен гидроксидтері.
5) 5 - топқа эфир, бром, иод, аммиак ерітіндісі, тұз және азот қышқылдары және т.б. жатады, оларды мұқият герметизацияланған ыдыстарда, суық жерлерде сақтайды. Тез тұтанғыш реактивтерді (эфир, спирт, бензин және т.б.) жақсы желдетілетін бөлмелерде сақтайды.
6) Қопарылғыш реактивтерді (бертолле тұзы) сақтаудың негізгі жағдайы-ластанудан қорғау, себебі ластанған реактивті үйкеген уақытта жарылыс болуы мүмкін.
7) Бір-бірімен әрекеттесетін реактивтерді бірге сақтауға болмайды. Мысалы, аммиактың концентрлі ерітінділері мен ұшқыш қышқылдар, бертолле тұзы мен активті көмір немесе фосфор және т.б.
Кейбір реактивтер бір уақытта бірнеше топқа кіруі мүмкін, сондықтан реактивтерді анықталған ретпен орналастырады:бейорганикалықты органикалықтан жеке, тұздарды катион аттары бойынша алфавит ретімен, ал бір катион тұздарын анион аттары бойынша алфавиттік ретпен орналасады. Органикалық реактивтерді класс бойынша: көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, қышқылдар және т.б. орналастырады.
Техникалық реактивтер басқа реактивтерге қарағанда нашар тазаланған. Оларды көмекші сипаттамалы жұмыстар үшін қолданады.
Жақсы тазаланған реактивтерді дәл химиялық тәжірибелер үшін жеке аналитикалық мақсаттарда қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |