Зертханалық ЖҰмыс №1


В5 ұяшыққа = ПЛТ(B4/12;В3*12;-10000) формуласын жазып орындауға жіберіңіз. Кестедегі формула жазылған В5



бет43/61
Дата20.09.2022
өлшемі2.75 Mb.
#460969
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
Зертханалық сабақ - 30

В5 ұяшыққа = ПЛТ(B4/12;В3*12;-10000) формуласын жазып орындауға жіберіңіз.

  • Кестедегі формула жазылған В5 ұяшықты белгілеп алыңыз.

  • Сервис -> Подбор параметра командасын орындаңыз. Подбор параметра командасының терезесіндегі Установить в ячейке тұсында В5 ұяшықтың адресі тұрады;

    8. Значение тұсына айлық төлемақының шамасы, яғни 900 жазылады;
    9. Изменяя значение ячейки тұсына бастапқы мән жазылған В4 ұяшық көрсетіледі, (сол В4 ұяшыққа барып шертуге де болады), ОК басылады, нәтиже осы ұяшықта шығады.


    3 - жаттығу. 10% жылдық ставкамен 3 жылға берілген 800 000 теңге займды өтеудің бірінші айының проценттік өсімін есептеңіз.

    1. Үшінші бетті ( Лист3), Задача3 деп өзгертіңіз;

    2. Есеп шартына сәйкес кесте құрыңыз;

    3. Проценттік өсімді есептеу үшін ПРПЛТ функциясын қолданыңыз.



    4 - жаттығу. 100 000$ ссуда, 2% жылдық ставкамен 5 жылға беріледі деп есептеп, негізгі төлемақыны (основной платеж), проценттік төлемақыны (плата по процентам), әрбір жылғы жалпы төлемақыны және қалған қарызды табыңыз.

    1. Төртінші бетті (Лист4) Задача4 деп өзгертіңіз;

    2. Кесте құрыңыз /15.3- кесте/ ;

    15.3- кесте




    А

    В

    С

    D

    Е

    1

    Қарызды өтеу

    2

    Ставка

    2%










    3

    Уақыт мерзімі

    5










    4

    Жылдық төлемақы













    5

    Ссуда көлемі

    100000










    6

    Жыл

    Жыл басындағы займ сомасы

    Проценттік төлемақы

    Негізгі төлемақы

    Қарыздың қалғаны

    7

    1

    100000










    8

    2













    9

    3













    10

    4













    11

    5
















    1. Жылдық төлемақыны есептеу үшін келесі: =ПЛТ(В3;В4;В5) формуланы пайдаланыңыз;

    2. Проценттік төлемақы: =ПРПЛТ($B$2;A7;$B$3;$B$5) формуласымен есептеледі, мұны қалған ұяшықтарға да көшіру қажет;

    3. Негізгі төлемақы: =ОСПЛТ($B$2;A7;$B$3;$B$5), формуласымен есептеледі, мұны қалған ұяшықтарға да көшіру қажет;

    4. Қалған қарыз = алдыңғы қарыз – негізгі төлемақы, яғни =B7+D7 («+» болатын себебі негізгі төлемақы теріс сан болғандықтан), формуласымен есептеледі, бұл формуланы да қалған ұяшықтарға көшіру керек;

    5. В8 ұяшыққа: =Е7 формуласы жазылады;

    6. 5-ші жылғы қарыздың қалғаны 0 болуы тиіс, сонда қарыз немесе ссуда толығымен өтелген болып есептеледі.



    5- жаттығу. Айталық сіз 60 000 теңгеге компьютер алдыңыз. Оның пайдалану мерзімі (срок эксплуатации) 5 жыл, ал содан кейінгі құны 10 000 теңгеге бағаланады. Компьютердің әрбір пайдаланылған жылдағы құнының қаншаға төмендейтінін табыңыз.
    Бұл есепті АПЛ(нач_стоимость; остаточная_стоимость; время_эксплуатации) формуласын пайдаланып шығарасыз.
    6-жаттығу. Айталық сіз 60 000 теңгеге компьютер алдыңыз. Оның пайдалану мерзімі (срок эксплуатации) 5 жыл, ал содан кейінгі құны 10 000 теңгеге бағаланады. Компьютердің бірінші және бесінші жылдардағы амортизация құнын табыңыз.
    Бұл есепті АСЧ(нач_стоимость; остаточная_стоимость; время_эксплуатации; период) формуласын пайдаланып шығарасыз.


    Өздік жұмыс тапсырмалары:
    (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
    15.4, 15.5, 15.6, 15.7, 15.8 -кестелерден алынады)



    1. Сіз банкке П% жылдық ставкамен В мың теңгені N жылға саласыз. N жылдан кейін сіздің есепшотыңызда қанша ақша болады?

    15.4-кесте

    Нұсқа


    1

    2

    3

    4

    5

    В

    52

    53

    55

    60

    54

    П

    10

    10.5

    11

    12

    10.9

    N

    5

    6

    8

    10

    9




    1. П% жылдық ставкамен N жылға берілген Т мың теңге займның К жылдағы проценттік төлемақысын есептеңіз. Проценттік өсім квартал сайын қосылып отырады деп есептеңіз.

    15.5-кесте

    Нұсқа


    1

    2

    3

    4

    5

    Т

    125

    350

    420

    355

    425

    П

    8

    9

    11

    10

    7

    N

    5

    6

    7

    8

    5

    К

    3

    4

    5

    6

    2



    1. П% жылдық ставкамен К жылға берілген Т мың теңге займның ай сайынғы төлемақысын есептеңіз.

    15.6-кесте

    Нұсқа


    1

    2

    3

    4

    5

    Т

    25

    30

    40

    35

    42

    П

    6

    8

    9

    10

    7

    К

    5

    6

    7

    8

    5




    1. Пәтер сатып алуға, бастапқы салымы А% құрайтын, i% жылдық ставкамен, n жылға берілетін ипотекалық ссуданы есептеңіз. Кестеде берілген мәліметтерді /15.7-кесте/ пайдалана отырып, оны өтеу үшін жасалатын ай сайынғы және жыл сайынғы төлемақыны есептеу керек.:

    15.7-кесте



    Нұсқа

    1

    2

    3

    4

    5

    n

    7

    8

    9

    10

    11

    Р

    170000

    200000

    220000

    300000

    350000

    i

    5

    6

    7

    8

    9

    А

    10

    10

    20

    20

    15




    1. Р көлемдегі ссуда, i % жылдық ставкамен n жылға беріледі деп есептеп, негізгі төлемақыны (основной платеж), проценттік төлемақыны (плата по процентам), әрбір жылғы жалпы төлемақыны және қалған қарызды табыңыз.

    15.8-кесте

    Нұсқа

    1

    2

    3

    4

    5

    n

    7

    8

    9

    10

    11

    P

    170000

    200000

    220000

    300000

    350000

    i

    5

    6

    7

    8

    9


    Бақылау сұрақтары:



    1. Төлемақыны есептеуде қолданылатын қандай финанстық функцияларды білесіз?

    2. ОСПЛТ функциясы қандай қызмет атқарады?

    3. Амортизация деген не?

    4. АСЧ функциясының АПЛ функциясынан өзгешелігі қандай?

    5. ПРПЛТ функциясы не үшін қолданылады?

    ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 16


    Тақырыбы: «Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы»




    Мақсаты: Қорытынды кестелерді құра білуге және мәліметтер консолидациясын қолдана білуге үйрету.
    Негізгі түсініктер.
    Қорытынды кестелер үлкен тізімдердегі, мәліметтер қорындағы, жұмыс кітаптарындағы және т. б. кестелердегі мәліметтерді талдау, жалпылау және де басқа мақсаттарға пайдалану үшін қолданылады. Қорытынды кестелердегі мәліметтер бастапқы мәліметтермен байланысты болады, бірақ қорытынды кестелердегі мәліметтер үшін, мүмкін болған жағдайларда есептеулер жүргізуге болады. Жалпы қорытынды кестелер өте үлкен көлемдегі мәліметтерге талдау жасауда өте ыңғайлы құрал. Excel программасында қорытынды кестелерді мәліметттер қоры ретінде пайдаланылатын бір немесе бірнеше кестелердің негізінде құрады. Мысалы, бір өнім түрінің (товардың) түрлі аймақтардағы сатылу көрсеткішін сипатттау үшін қорытынды кесте құру керек болады.
    Жатттығу жұмыстары.
    1- жаттығу. Үш түрлі компьютерлік техника сату орталықтарында сатылған компьютерлердің ай сайынғы сатылу сомасын есептейтін қорытынды кесте құрыңыз.

    1. Жұмыс кітабының бірінші бетін (Лист1) Свод_табл деп өзгертіңіз және 18- суреттегідей кесте құрыңыз;


    18-сурет

    1. Мастер Сводных таблиц терезесін шақыру үшін ДанныеСводная таблица командасын орындаңыз;

    2. Пайда болған терезедегі в списке или базе данных Microsoft Excel, тұсына белгі қойыңыз да, Далее батырмасына шертіңіз;

    3. Бастапқы мәліметтер орналасқан диапазонды (мәліметтер орналасқан кетені) белгілеңіз де, Далее батырмасына шертіңіз, келесі шыққан бетте новый лист тұсына белгі қойыңыз және Макет батырмасына шертіңіз;

    4. Пайда болған терезеде, «жасалатын» қорытынды кестенің құрылымы анықталады: қорытынды кестедегі нәтиже жазылатын өрістің аты тұрған батырма белгіленіп, Данные облысына (Стоимость батырмасы Данные облысына) апарылады; Данные облысындағы Стоимость батырмасына екі рет шерту нәтижесінде Вычисление поля сводной таблицы диалогтық терезесі пайда болады, бұл терезеде нәтижені есептеуге қажет амал – операция таңдалынады (Сумма операциясын таңдаңыз);

    5. Әрі қарай, қорытынды кестенің жолдарының қызметін атқаратын өрістер таңдалынады да, оларға сәйкес батырмалар Строка облысына (Магазин батырмасы Строка облысына ) апарылады;

    6. Келесі қадамда, қорытынды кестенің бағандарының қызметін атқаратын өрістер таңдалынады да, оларға сәйкес батырмалар Столбец облысына (Месяц батырмасы Столбец облысына) апарылады;

    7. Мастер Сводных таблиц көмегімен жасалған қорытынды кестенің өрістері аттарының тұсында арнайы батырмалар болады, бұл батырмаларды пайдаланып, кестедегі көрсетілетін мәліметтерді өзгертіп қалауыңызша таңдауға болады;

    8. Егер қорытынды кесте құруда пайдаланылған бастапқы мәліметтер өзгерген болса Данные -> Обновить данные командасын пайдаланып қорытынды кестедегі мәліметтерді де жаңалауға болады;

    9. Қорытынды кестедегі мәліметтерді пайдаланып график салыңыз.

    2жаттығу. Орналасу реті бойынша және категориясы бойынша мәліметтердің консолидациясын құру.

    1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Консол_располож деп өзгертіңіз де, 19- суреттегідей кесте құрыңыз;


    19-сурет

    1. Табыс салығы мен қолға берілетін соманы есептеңіз;

    2. Орналасу реті бойынша консолидация жасаңыз, ол үшін: курсорды консолидацияланған мәліметтер кестесі бастап орналасатын бірінші ұяшыққа апарыңыз (мысалы, А10 ұяшыққа);

    • Данные -> Консолидация командасын орындаңыз;

    • Пайда болған Консолидация диалогтық терезесіндегі тізімнен Сумма функциясын таңдап, подписи верхней строки, значения левого столбца тұсына белгі қойыңыз;

    • Курсорды Ссылка жолына орналастырып, бастапқы кесте берілген терезеден A2:D7 диапазонды белгілеңіз;

    • Добавить батырмасына шертіңіз, сол кезде, Список диапазонов жолында белгіленген диапазон адресі пайда болады;

    • Курсорды қайтадан Ссылка жолына апарып, енді екінші кесте орналасқан, F2:I7 диапазонды белгілеңіз;

    • Тағы да, Добавить батырмасына шертіңіз, сол кезде, Список диапазонов жолында белгіленген екінші диапазонның да адресі шығады; ОК батырмасына шертіледі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет