2-жаттығу. Диаграмма тұрғызу.
6-сурет
Жұмыстық бетте (Лист2) 6-суреттегідей кесте құрыңыз;
Кестедегі Итого бағанында СУММ функциясын пайдаланып, оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;
Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:
Ивановтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:
Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;
Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп, пайда болған терезеден Круговая типін таңдаңыз;
Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.
Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз.
Беттің (Лист2) атын Диаграммы деп өзгертіңіз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
8-кестеден алынады)
Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,1 қадаммен тұрғызыңыз /8-кесте, 1-тапсырма/.
Төмендегі қосымша кестеде /8.1 -кесте/ берілген өндіріс көрсеткіштерін пайдаланып диаграмма құрыңыз. Диаграммада ... көрсету керек болғандықтан, соған сәйкес /8-кесте, 2- тапсырма/ типті таңдаңыз.
8.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |