Өндірістік бөлмелердің ауасын алмастыру және ауаны салқындату.
Өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындарының ауасын алмастыру үшін желдеткіштер пайдаланылады.Желдеткіштер іштегі ластанған жылы ауаны сыртқа шығарып, оның орнына таза ауа келтіру қызметін атқарады. Ауаны алмастыру әдістеріне қарай олар жалпы ауаны алмастыру және жергілікті ауаны алмастыру болып бөлінеді. Жалпы ауаны алмастыру әдісі бойынша бір уақытта бүкіл бөлмедегі барлық ауа алмастырылады. Ал жергілікті ауа алмастыру әдісі бойынша денсаулыққа зиянды факторлардың жиналған жерлерінің ауасы алмастырылады. Ауа алмастыру үдерісі бөлмедегі ауаны сыртқа соратын немесе сырттағы ауаны ішке қарай айдайтын әдістермен жүргізілуі мүмкін. Сыртқа сору әдісі бөлмедегі лас ауаны шығаруға, ал ішке айдау әдісі сыртқа шығарылған лас ауаның орнын таза ауамен толықтыруға қолданылады.
Тәжірибеде табиғи ауа алмастыру әдісі кең қолданылады. Ол ауа сорғыш құбырлармен атқарылады. Ірі ғимараттарды табиғи ауа алмастырудың аэроциялық әдісі қолданылады. Аэрация үдерісі желдің арынымен немесе ішкі және сыртқы ауаның температурасының әр түрлі болуына байланысты ауаның тығыздығының айырмашылығының әсерімен жүреді. Егер табиғи ауа алмастыру бөлмедегі ауаны толық тазартуға жеткіліксіз болса, онда желдеткіштердің арынымен механикалық ауа алмастыруды қосымша жабдықтайды. Жұмыс істеу принциптеріне қарай желдеткіштер осьтік, ортадан тепкіш және диаметральді болып бөлінеді. Желдеткіштерді олардың жұмыс өнімділігіне және пайда ететін қысымына қарай таңдайды. Ауа райы ыстық жұмыс орындарында, тракторлардың кабиналарында кондиционер орнату арқылы ауаның қажетті параметрлерін ұстап тұруға болады.
Тәжірибелік бөлім
Жұмыс барысы
Йодты тазалау (сублимация)
1. Технохимиялық таразыда 0,3 г кристалды йод пен 0,1 г калий йодидін өлшеп, булану үшін ыстыққа төзімді шыныға салды.
2. Дөңгелек түбі шыны қақпағы бар колба және суық су.
3. Стакан қысыммен ыстық пластинада ақырын қыздырылды. Дөңгелек түбі бар колбаның қабырғаларында күлгін булардың түзілуі және йодтың тұнбаға түсуі байқалды.
4. Қыздырғаннан кейін йод кристалдары алдын ала өлшенген қағазға мұқият ауыстырылды.
5. Сублимация арқылы алынған йодтың массасы анықталды. 0,23 г-ға тең болып шықты.
6. Тазарту кезінде йодтың практикалық шығымы келесі формула бойынша анықталды:
Шешуі = =
Достарыңызбен бөлісу: |