Зертханалық жұмыс №6 Гинекологиялық патологияны емдеудің заманауи әдістерін жүргізу және игеру



бет2/2
Дата30.11.2022
өлшемі15.97 Kb.
#466157
1   2
ЖГА-6-Лб.з

Жатыр мойнының қабыну (Cervicitis). Аурудың себебі негізінен жатыр мойнының туу кезінде жарақаттануы, патологиялық процестің қынаптан, жатырдан ауысуы немесе шағылысу және қолдан ұрықтандыру кезінде инфекцияның түсуі болып табылады.
Емдеу шаралары. Жатыр мойнын фурациллин (1:5000), риванол (1:1000), маргенец қышқылды калий (1:2000) немесе 1-2 % қос көмірқышқылды сода ерітіндісімен тазалап жуады. Қолданар алдында ерітіндіні дене температурасына дейін қыздырады. Содан кейін жатыр мойны арнасына май дәрілерге малынған анжа салып қояды немесе экзутер, метромакс, фуразолидон таяқшаларын қолданады. Осылай етіп 5-6 күн бойы емдейді. Мал қатты ауырсынатын болса, алдын ала эпидуральді анестезия жасаған дұрыс. Цервициттің бұрыннан келе жатқан созылмалы түрі болса, қосымша физиотерапиялық емдеу тәсілдерін де қолданған жөн, атап айтқанда, қынап ішіне ыстық балшық, озокерит салып емдесе, оның нәтижесі біршама жоғары болады.
Жатыр мойны индурациясы (Induratio cervicis). Кілегейлі қабаты мен етті қабатының торшалары өліп, орнына дәнекер ұлпаның өсуін айтады. Бұл патология ұзаққа созылған цервициттің нәтижесі болып табылады, кейде жарақаттанудан да болуы мүмкін. Жатыр мойны серпіліп-жиырылу қабілетінен айырылған, айналасындағы ұлпаға жабысып қалғандықтан, сол орнынан жылжымайды, тастай қатты, ауырмайды. Жатыр мойны арнасы өте тар, кейде мүлде бітеліп қалады. Жатыр мойны индурацияға ұшыраған мал, өсіп-өндіруге жарамсыз деп есептелініп етке өткізіледі.
Жатырдың кілегейлі қабатының созылмалы қабынуы (Endometritis chronica).
Емдеу әдістері, негізінен: а) Оқтын-оқтын жатыр ішін жиналған экссудаттан тазартып отыру;
ә) Ауру қоздырғыш микробтардың зиянды әсерін әлсіретіп, немесе мүлдем тоқтату;
б) Жатырдың тонусын күшейту;
в) Организмнің жалпы резистенттігін көтеру бағытында жүргізіледі.
Жатырды шаю. Жуып-шаю көбінесе іріңді және іріңді-катаральды эндометрит кезінде қолданады. Ол үшін зарарсыздандырылған, концентрациясы әлсіз ерітінділерді қолданады. Мысалы, калий перманганаты (1:1000), фурациллин еретіндісі (1:5000), Люголь ерітіндісі, сода-тұз ерітіндісі (2%). Жатырды бір рет шаюға 3-5 л ерітінді жұмсалады. Ерітіндіні жатыр қуысына резеңке түтікке жалғанған шыны құтымен жатыр мойны арқылы енгізеді.
Жатырды шаю сифон қағидасымен жасалады. Ерітіндіні жатыр қуысына жіберген соң құтыны төмен салбыратып, енгізген ерітінді мөлдір болғанша жасайды. Жатырды шаюды 2-3 күн сайын емдеудің алдында қайталайды. Сонымен қатар, жатырды шайғанда ерітіндіні қысыммен жіберуге болмайтынын ескерген жөн.
Массаж. Жатырдың және аналық жыныс бездерінің массажы тік ішек арқылы жүргізіледі. Бұл әсер қан тамырларының кеңейтіп, қан айналымын күшейтеді, жыныстық мүшелердің қызметін арттырып, ұлпалардың қоректенуін күшейтеді, сонымен қатар жатырды тазартып, персистенттік сары дененің, жұмыртқалық күлдіреуігінің ыдырап, сорылып кетуіне әсер етеді. Сылап-сипауды 7-10 күн бойы 3-5 минуттан жүргізіп отырады.
Қынапты шаю. Эндометриттің созылмалы түрінде аналық жыныс бездерінің гипофункциясында қынапты ыстық ерітінділермен , ал жіті өтетін үдерістерге жылы ерітінділерді қолданады (38-400). Жатырдың тонусын арттыру үшін ыстық және суық ерітінділерді алма кезек қолданады. Шаю үшін тұзды ерітіндіні, тұз-сода ерітіндісін (1-2 гр соданы 100 мл дистилденген суға ерітеді) қолданады. Емдеудің бас кезінде жуып-шаюды күніне 3 рет арасына 1-2 күн салып жүргізеді. Ерітіндіні қынапқа резеңке түтікпен жыныстық саңылау арқылы, жатыр мойнына дейін енгізеді, сұйық сыртқа өздігінен ағып кетеді.
Сазбалшықпен емдеу. Жыныстық органдардың созылмалы ауруы кезінде сазбалшықпен емдеу жақсы нәтиже береді. Саз-балшықты 450 С қыздырып дәкеге немесе резеңке қапшыққа салып енгізеді. Саз балшықтың қызуы қабыну үдерісін, ауырсынуын басып, ісіктің қайтуына әсерін тигізеді. Сонымен қатар электр және жарық сәулесін қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет