Зертханалық жұмыс Қалып-күй диаграммасын құру. Жұмыс мақсаты



бет1/4
Дата23.03.2024
өлшемі418.54 Kb.
#496324
  1   2   3   4
Жобалау Зертханалық9 (1) (1)


Зертханалық жұмыс 9. Қалып-күй диаграммасын құру.


Жұмыс мақсаты:
• Қалып-күй диаграммаларын зерделу,
•Жобалау үдерісінде олардың қолданылуын зерделеу.



  1. Қалып-күй диаграммалары (state diagrams)

Қалып-күй диаграммалары жүйелер тәртібін сипаттауда бірден-бір танымал әдіс болып табылады. Олар нақты бір объектінің барлық ықтимал қалып-күйлерін, сондай-ақ кейбір жағдайлардың әсер етуінен объекті күйінің ауысу үдерісін анықтайды.
13.1 суретте жобаларды басқару жүйесіндегі есептің қозғалысын бейнелейтін UML қалып-күйінің диаграммасы берілген. Диаграммада есептің түрлі қалып-күйлері бейнеленген.

Үдеріс бастапқы нүктеден басталады, содан кейін «Есеп күнін тексеру» күйіне ауысады. Жүйедегі объектінің тәртібінде ауысумен бейнеленетін әрекеттерді және қалып-күймен бейнеленетін қызметті атап өтуге болады. Дегенмен бұлардың екеуі де - әдеттегідей, «Есеп» түріндегі бірқатар әдіспен жүзеге асырылатын үдерістер, оларға түрліше түсінік беріледі. Әрекеттер ауысып отырады және шапшаң әрі үздіксіз әрекет ретінде қарастырылады. Қызметтер қалып-күймен байланысты болады және едәуір ұзаққа созылуы мүмкін. Қызмет кейбір жағдайлар басталғанда үзілуі мүмкін.
Ауысу таңбадан тұруы мүмкін. Ауысу таңбасы үш бөліктен тұрады, олардың әрқайсысы міндетті емес болып табылады: <Свойствие> [<Условие>]/<Действие>. Егер ауысу таңбасында ешқандай оқиға болмаса, бұл осы қалып-күймен байланысты қандай да бір қызмет аяқталғаннан кейін ауысу болатынын білдіреді.
«Есеп күнін тексеру» күйінен екі күйге ауысуға болады. Олардың бірінің таңбасына шарт енеді. Шарт-этологиялық шарт, екі мағынаны беруі мүмкін: «ақиқат» және «жалған». «Ақиқат» мағынасы шартты қабылдаса ғана, шартты түрде ауысу орындалады, басқа жағдайда шартпен таңбаланбаған ауысу орындалады.
Осы кезде нақты күйден бір ғана ауысу жүзеге асырылуы мүмкін; сөйтіп, шарт кез келген уақиға үшін өзара ерекше болып табылады.
Екі ерекше күй бар: кіру және шығу. Кіру амалымен байланысты кез келген әрекет объект осы күйге енген кезде орындалады. Шығу амалы объект осы күйден шығу кезінде орындалады.
Қалып-күй диаграммаларын пайдалану нұсқаларының бірнеше түрінде кейбір объектінің тәртібін сипаттау үшін пайдалануға қолайлы. Олар өзара әрекеттес бірқатар объектілердің тәртібін сипаттауға қолайлы бола бермейді.
Қалып-күй диаграммаларын тәртібі жүйенің жалпы тәртібіне ықпал ететін кластар үшін ғана құру ұсынылады, мәселен, пайдаланушы интерфейс кластары және басқарушы объектілер үшін.

13.1. кесте. Қалып-күй диаграммаларының құралдар тақтасы түймешіктерін сипаттау Rational Rose







  1. Мысал

13.2 және 13.3 суретте «Студент» классы нұсқасының қалып-күй диаграммасы берілген. Бұл диаграммалар «Студент» классы объектісінің студенттердің БД-ымен өзара әрекеттесу барысындағы нұсқаның қалып-күйін көрсетеді. Бірінші диаграмма объектінің күйін толық бейнелейді, ал екіншісі тек қана БД-мен өзара әрекеттесудің жалпы күйін көрсетеді.

Әр диаграмма үшін сандық бағасын табамыз.
1 диаграмма
Қалып-күй диаграммасында байланыс болмағандықтан, қысқартылған формуламен есептейміз:

Шыққан нәтиже 2 диаграммада жеткілікті нақтыланбаған қалып-күйдің болуымен түсіндіріледі.




3.Тапсырма

1. Үлгіленетін жүйеден қалып-күй диаграммалары құрылатын объектілер үшін кластарды таңдап алу.


2. Әрбір таңдап алынған класс үшін пайдаланудың бірнеше нұсқасында олардың объектілерінің тәртібін сипаттайтын қалып-күй диаграммасын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет