Зертханалық жұмыс Қалып-күй диаграммасын құру. Жұмыс мақсаты


Компоненттер диаграммасы (component diagrams)



бет3/4
Дата23.03.2024
өлшемі418.54 Kb.
#496324
1   2   3   4
Жобалау Зертханалық9 (1) (1)

Компоненттер диаграммасы (component diagrams)

Компоненттер диаграммасындағы компоненттер бағдарламалық кодтың
физикалық модулі болып табылады (14.2 сур). Әдетте олар пакеттер диаграммасындағы пакеттерге дәлме-дәл сәйкес келеді (14.1 сур); сөйтіп, компоненттер диаграммасы жүйеде әр пакеттің орындалуын бейнелейді.

Компоненттер арасындағы тәуелділік пакеттер арасындағы тәуелділікпен сай болуы тиіс. Бұл тәуелділіктер бір компоненттердің екінші компоненттермен өзара байланыстарын көрсетеді. Бұл тәуелділіктің бағыты коммуникация туралы хабардар болу деңгейін көрсетеді.


14.1. кесте. Қалып-күй диаграммаларының құралдар тақтасы түймешіктерін сипаттау Rational Rose





  1. Орналастыру диаграммасы (deployment diagrms)

Орналастыру диаграммасы жүйенің бағдарламалық және аппараттық компоненттері арасындағы өзара физикалық байланыстарын көрсетеді. Ол бөлінген жүйедегі объектілер мен компоненттердің орын алмастыру бағытын көрсету үшін жақсы құрал болып табылады.
Орналастыру диаграммасындағы әр түйін есептеу құралының бір түрін– көп жағдайларда аппаратура бөлігін білдіреді. Бұл аппаратура қарапайым құрылғы немесе датчик, сондай-ақ үлкен компьютер болуы мүмкін.
14.3 суретте TCP/IP хаттамасы арқылы UNIX-сервермен байланысты дербес компьютер (ДК) бейнеленген. Түйіндер арасындағы қосылыс жүйелік әрекеттесу жүзеге асырылатын коммуникациялық арналарды көрсетеді.
Тәжірибеде бұл диаграммалар жиі қолданыла бермейді. Жалпы, бұл диаграммаларды осы жүйенің ереше физикалық сипаттамаларын бөліп шығару үшін қолдануға пайдалы.

Бөлінген жүйелердің таратылуына қарай бұл диаграммалардың маңыздылығы қайтару.
14.2. кесте. Қалып-күй диаграммаларының құралдар тақтасы түймешіктерін сипаттау Rational Rose




  1. Мысалдар

Пакеттер, компоненттер және орналастыру диаграммаларын салыстыру
орынсыз, себебі бұл диаграммалар өздігінен пайда болмайды, басқа кластар диаграммасымен салыстыру орынды болатын кейбір класс диаграммаларына түсінік болып табылады.
Пакеттер диаграммаларында элементтердің бір түрі болады – пакет және байланыстың бір түрі – тәуелділік, сол себепті пакеттер диаграммасына арналған сандық бағадан гөрі кластар диаграммасы маңыздырақ.
14.4 суретте. «Қашықтан оқыту» жүйесінің «ЖОО аясында жұмыспен қамту қызметі» ішкі жүйесіне пакеттер диаграммасы бейнеленген. Оған арналған сандық баға мынаған тең:

Компоненттер және орналастыру диаграммалары жүйенің негізгі архитектурасы анықталған кезде ілесу іске асатын кезеңде құрылады және пайдаланылады; сондықтан олар кластар диаграммасынан болады және оларға бір мысалдан келтіру жеткілікті.

14.5 суретте 14.4 суретте бейнеленген пакеттер диаграммасы негізінде құрылған компоненттер диаграммасы суреттелген. 14.6 суретте «Служба занятости в рамках вуза» ішкі жүйесін орналастыру диаграммасы бейнеленген. Бұл компоненттер диаграммасының бағасы мынаған тең:



яғни, сәйкес пакеттер диаграммасына арналған бағаға тең.
Орналастыру диаграммасына арналған баға мынаған тең:




  1. Тапсырма

1.Өңделуші жүйеге жалпы пакеттер диаграммасын құру, одан қажетті жүйелік кітапханалары бар пакетті белгілеу, пакеттер арасындағы тәуелділікті көрсету.
2. Бұл жүйе үшін құрылған пакеттер диаграммасына сәйкес компоненттер диаграммасын құру, жүйелік пакеттерді пакеттердің сипаттамасы түрінде бейнелеу.
3. Жобаланушы жүйе үшін орналастыру диаграммасының бірнеше нұсқасын («клиент-сервер» архитектурасы, үш деңгейлі архитектура үшін және т.с.с.) құру, әр нұсқаны негіздеу, тиімді нұсқасын ұсыну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет