Зерттеу жұмысының негізгі бөліміне талдау (02 кесте):
|
Шығармашылық педагогиканың негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
|
2.2 Жоба өнімінің сипаттамасы.
|
Автор жүргізген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы нақтылайды.
|
2.3 Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау.
|
Оқушыларды шығармашылыққа баулу, білім деңгейін жетілдіру — ұзақ әрі жүйелілікті қажет ететін процесс. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеруе маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен. Және де оны кестеде атап көрсеткен.
|
3.1 Жоба тиімділігін бағалау критерийлері.
|
Оқушының білім сапасын арттыру - өз пәнін жетік білетін, оқушы шығармашылығы мен дарынына, дамуына жағдай жасай алатын, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімге байланысты екендігіп астын сызып тұрып баяндаған. Критерийлар жүйесіне сызба арқылы түсінік беріп кеткен.
|
|