Зерттеу таңдамасы мен зерттеу әдісінің сипаттамасы



бет2/5
Дата20.05.2022
өлшемі0.53 Mb.
#458024
1   2   3   4   5
Айдана курсовой 3курс

Практикалық құндылығы: Бұл зерттеу нәтижелерін медицина саласындағы практик психологтары және отбасы психологтары әйел адамдардың жүктілікке бейімделуін білу мақсатында, олардың эмоционалдық өрісінде болатын өзгерістерді реттеуге және түзетуге мүмкіндік беретін психологиялық жұмыстар жүйесін ұйымдастыра алу мүмкіндіктері туады.
Құрылымы: 2 тараудан, яғни, кіріспе, қорытынды және қосымшалар бөлімінен тұрады.

1 ТАРАУ: Жүктілікке бейімделу процесінің ерекшеліктеріне теориялық талдау


1.1 Жүктілік кезеңінің психологиялық ерекшеліктері
Жүктілік - бұл баланың өмірге келуін күтумен байланысқан қорқыныш және ойландыратын уайымдармен қабаттасатын уақыт. Ол әйелдің аналық құрсағындағы жаңа өмірдің пайда болуы. Жүктілік әйелдің жыныс аналық жасушасының жетілген немесе сперматозоидпен қосылып ұрықтануынан басталады. Жүктілік кезеңі орта есеппен 9 ай 9 күнге (40 - 41 апта).
Жүктілік кезінде әйел психикасына жағымды және жағымсыз әсер тигізетін түрлі әлеуметтік және психологиялық себептер болады. Жүктіліктің алғашқы белгілері бастың айналуы, жүректің айнуы, ашуланшықтық немесе үнемі ұйқы қанбаушылық, кейбір жүкті әйелдерде дене бітімінің өзгерісі бірден байқалады. Мұндай өзгерістер жүктілік кезінде өте түсінікті және ағзаның жаңа жағдайына деген реакциясы мен болашақ баланың денінің саулығына байланысты уаймы. Сонымен қатар жүйке жүйесі де жүктілік кезінде әйел ағзасында болып жатқан физиологиялық өзгерістерге байланысты көтерілген ой-уайымдарына жауап береді. Ой уайымдары артық күшті болса және ашушаңдықпен, көңіл-күйінің тез өзгергіштігімен байланыста, оның мұндай көріністері әйелдің жүйке жүйесінің әлсірегенін білдіреді. Сөз жоқ мұндай күйзелістік жағдай өз орнына жүктіліктің ағымы мен болашақ баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Жүктілік кезінде пайда болатын психологиялық мәселелердің себептері оның ашуланшақтығы мен кез келген жағдайларға жағдайлары сезімталдығы болуы мүмкін. Жүкті әйел әлсіз, сондықтан көбінесе басқаларға қарағанда жабырқауды басынан кешеді. Жабырқау уайымдары белгілі себептердің қарқындылығы мен ықпалдылығы бойынша ерекшеленеді.
Жүктілік кезіндегі психологиялық ауытқу мен өзгерістер болашақ баланың дамып-жетілуіне әсер етуі мүмкін. Жүктілік кезіндегі әйелдің жағымсыз эмоциялық күйі, жағымсыз мұңаюдың зардабы болашақ баланың мінез-құлқы мен тұлғалық дамуына ықпал етеді. Ол баланың дүниеге келгенннен кейінгі дамып жетілуінен анықталады. Сонымен қатар, жүктіліктен кейінгі де ананың мінез-құлықының өзгерістері байқалады. Мысалға, қояншыққа шалдығу көбінесе жүктіліктің бірінші және үшінші айларында болады. Бұл жағдай іштегі нәрестенің дұрыс дамып жатқанына сенімсіздік пен күдіктен, жүктілікті қаламағандықтан және жүкті әйелге шамадан тыс қысым мен жағымсыз моральдық-психологиялық ахуалдың ықпалы. Сонымен, жүктілік жүкті әйелдің психикасының бұзылуын қолдайтын себеп болуы мүмкін. Жүкті әйелдерде негізсіз дау, үрей, ұйқының бұзылуы, қорқу және ашуланшақтық көрініс берген кезде оның психикасының бұзылуының алғашқы көріністері болуы мүмкін. Сол себепті жүкті әйелге дер кезінде психологиялық-медициналық көмек көрсету қажет.
Әрбір әйелдің жүктілік кезеңі әр түрлі және жүктілікті түрліше басынан өткізеді. Қазіргі кезде психологияда төмендегідей тұрақты пікір қалыптасқан: жүктіліктің көптеген ерекшеліктері ананың психикалық ахуалына, соның ішінде осы жүктілікке және болашақ баланың туылуына деген қатынасына байланысты. Ол қуаныш пен қорқыныш. Ал жүктіліктен кейінгі кезең баланың туылуы. Баланың туылуымен байланысты әйел өмірінде өзгерістер орасан көп. Олар онының өмірінің дәл мәніне қатысы бар. Ол тек өзін ойлауды қояды, өйткені одан енді жаңа адамның өмірімен байланысты. Балаға деген жауапкершілікті оның физикалық және тұлғалық дамуын ол ешкімге итермелеп немесе сеніп тапсыра алмайды. Өйткені ана үшін баланың физикалық денсаулығы мен психикалық саулығы ең бірінші орында болуы қажет. Көбінесе жүктілік әр түрлі дәрежеде болғанына қарамастан ол отбасында, өмірде, кәсіби еңбек іс-әрекетінде басқа адамдармен қарым–қатынаста өзгеріске ұшырайды. Әйелдің өзі де өзгереді, оның тәні мен жанында өзгерістер болады. Бұл өзгерістер бала әлі тірі ағза болып білінбеген кезде, яғни жүктіліктің бірінші үш айында басталады. Сол себепті, мұндай өзгерістер өзінің өзгеруі болып қабылданады, әрі әйел үшін қайтарылмас және қажеті шамалы.
Жүктілік кезінде әйелдің дене құрылымында біршама өзгерістер мен психикалық күйінде жаңа сезім пайда болады. Оның сыртқы келбеті, дене сымбаты өзгере бастайды және бұл өзгерістердің болуы болашақ ананың психологиялық күйіне тікелей ықпал етеді. Егер ол өзінің жүктілігіне психологиялық тұрғыда дайын болса, оның бұл өзгерістерге қатынас қалыпты, ал керісінше мұндай даярлықтың болмауы кері әсерін беруі мүмкін. Сонымен қатар, жүкті әйел үшін маңызды міндеттердің бірі еріне деген қатынасы. Олар бір-біріне тек қана ерлі-зайыпты ролін тоқтатады, енді олардың алдындағы жаңа міндет дүниеге жаңа адам әкелу. Әрі сол адамның болашағына жағйда жасау. Олар бірге баланың ата-анасы болады, ерлі-зайыптылық позицияны ұстануды ғана емес, отбасылық балаға деген ортақ позицияны ұстануды талап етеді. Отбасы адамның жекелік жағынан да, рухани жағынан дамуына үлкен әсерін тигізеді. Отбасын құрған соң адам баласы қоғам алдында, жаңа статусқа ие болады, яғни өз болашақ ұрпағына деген жауапкершілік пайда болады. Отбасының қалай құрылуынан тұлғаның жалпы дамуы, рухани дамуы, қабілеттерінің дамуыжәне т.б. байланысты. Әсіресе балалардың туылуы үлкен әсерін тигізеді. Ата-аналар бала туылғаннан кейін қарапайым әйел мен еркек емес, олар ана және әке статусына ие болады.
В.Т.Лисовский «Жастар, неке, отбасы» мәселесін қарастыра отырып, отбасына даярлау жүйесінде келесі жүйені бөліп көрсетеді:
1) жастардың болашақ отбасының қызметтік моделін елестетулері;
2) болашақ отбасылық өмірді елестету;
3) ерлі-зайыптылық және неке туралы елестері (азаматтық неке, мейманды неке, топтық неке, гогмосексуалды неке, бисексуалды неке);
4) ата-ана болуды елестету;
5) өзара белгілі бір әрекеттестік модел бағыттары, яғни отбасылық өмірдегі дәстүрлі құрылымдарға бағытталған [2].
Демек, теориялық және эмпирикалық зерттеулердің талдау деректеріне сүйене отырып, мынадай неке-отбасы құрылым компоненттерін бөліп ашуға болады: ерлі-зайыптылық құрылымы және баланың дүниеге келуі, жыныстық-ролдік құрылымы, отбасылық құндылықтар құрылымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет