Зерттеу таңдамасы мен зерттеу әдісінің сипаттамасы



бет4/5
Дата20.05.2022
өлшемі0.53 Mb.
#458024
1   2   3   4   5
Айдана курсовой 3курс

Туа пайда болған механизмдер:
Функция реттелу механизмдері
• Геофизикалық биоритмдер
• Тұқым қуалайтын иммунитет
• Инфекциядан арнайы емес қорғаныс
Жүре пайда болған механизмдер:
• Шартты рефлекстер
• Дағдылар
• Резистенттіліктің жоғарылауы
• Жүре пайда болған белсенді иммунитет
Бейімделу реакцияның ұзақтығына байланысты бөлінеді:
1. Жедел механизмдер. Ағза функциясы реттелуінің нейрогуморальды және миогенді механизмдері.
2. Ұзақ уақытты механизмдер. Геоәлеуметтік биоритмдер. Арнайы және арнайы емес резистенттілікке тұрақтылығы.
3. Тұрақты механизмдер. Геофизикалық биоритмдер. Тұқым қуалайтын иммунитет. Инфекциядан арнайы емес қорғаныс.
Тұқым қуалауға байланысты бейімделу жіктеледі:
• Генотиптік бейімделу – ағзаның туа пайда болған морфофизиологиялық ерекшеліктері мен әртүрлі қоршаған орта жағдайында қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін особьтардың болуы.
• Фенотиптік бейімделу – қоршаған орта әсерінен жүре болған реакция (мысалы, күшті физикалық жүкке дайын емес адам ағзасының бейімделісі).
Бейімделу процесінің қайтымдылығы. Қоршаған орта факторының әсері тоқтағанда ағзада деадаптация туындайды, яғни ағзаның тканінің әр түрлі жүйелерінде пайда болған морфологиялық және биосинтетикалық бейімделістің өзгеруінің жоғалу процесі.
Ағзаның арнайы емес бейімделу реакциялары
Адам ағзасының қоршаған ортаның әртүрлі тітіркендіргіш күштеріне бейімделуі нейрогуморальды жүйенің ұйымдасуымен бірнеше ағзаның арнайы емес бейімделу механизмдерін тудырады:
• Симпатоадреналинді реакция;
• Стресс-реакция;
• Шынықтыру реакциясы;
• Активация реакциясы.
Үлкен күштің немесе стрессордың кез келген тітіркендіргіштеріне ағза арнайы емес бейімделу реакциясы – симпатоадреналинді және стресс-реакциясы дамуымен жауап береді.
Симпатоадреналинді реакция ағзаға стрессор әсер еткенде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімін белсендендіретін норадренергиялық нейрондар маңында орналасқан рефлекстік қозу нәтижесінде пайда болады. Адреналиннің әсерінен жұмыс істейтін бұлшықет пен жүректі энергетикалық ресурстармен және оттегімен қамтамасыз етеді. Адреналин гликогеннен глюкозаның, үшглицерид май тканінен бос май қышқылына айналуын, оттегі тасымалдаушы жүйе функциясын белсендендіруін: қан айналу – жүрек соғуының саны мен күшінің артуы; тыныс алу – минутына тыныс алу көлемінің артуы, өкпеде көмірқышқыл газының азаюы; эритрон – қанда оттегі көлемінің артуы, т.б. реттейді.
Стресс реакциясы. «Стресс» термині ағзаның бейімді белсенділігі мен оның стрессор әсер еткендегі жүйесіндегі арнайы емес нейрофизиологиялық көрініспен түсіндіріледі. Стресс кезінде адам ағзасында тек қана бейімделіс өзгерістері ғана туындап қоймай, өмір сүруге қауіпті, тіпті ауруға әкеліп соғатын бұзылыстар туындауы мүмкін. Мысалы, соның бірі конфликт кезінде байқалатын стрестің кең тараған формасы – эмоционалды стресс болып табылады. Эмоционалды стрестің жиі қайталанып отыруы әртүрлі психосоматикалық аурулар –психоз, неврозды; жүрек-қан тамыр – аритмия, миокард инфаркті, гипертониялық ауруларға әкеледі.
Стрестің ұзақ уақытқа созылуы жыныс гормондардың деңгейі төмендеп, нәтижесінде ер адамдарда сперматогенезі бұзылып, ұрпақсыз қалу қаупі төнеді. Сондықтан стресс бірнеше формаға: оң, физиологиялық және теріс, патологиялық болып бөлінеді.
Әртүрлі жағдайлардағы бейімделу
Организмнің күнделікті тіршілік жағдайына, еңбек жүктемелерінде, ағзалары мен тканьдерінде үнемі қоректік заттар мен су тапшылығы, оттегі жетіспеушілігі, температуралық ауытқулар, газдардың үлестік қысымының өзгерістері байқалады. Осы өзгерістер және оларды реттеуші жүйелер қалыпты физиологиялық механизмдер арқылы организмнің бейімделу негізін жасайды.
Бейімделу реакциясы және дизадаптация қалпы.
Бейімделу реакциясы қалпы – қоршаған орта факторларының әсерінен туындаған адам ағзасының жауап беру жүйесінің өзгеру шегі. Ағзаның бейімделу қалпының жоғарылауы – патологиялық өзгерістерге әкелетін көрініс – дизадаптация туғызады. Мысалы, спортшыларда кардиосклероздың болуы, жүгіру кезінде жүрек жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Әрбір тірі жан туғаннан бастап өмірінің соңына дейін қоршаған ортасына жақсы икемделуге тырысады. Бұл қасиет барлық тірі ағзаға тән, яғни дем алу, қозғалу, көбею секілді қасиеттері бар ағзаға.
Көне грек философы Эпидокл өсімдіктер мен жануарлар эвалюциясы жайлы гипотезасын қозғағанда ең алғаш өмір сүру және икемделу түсінігін көрсеткен.
Қазіргі заманда әсіресе қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды. Ғалымдар осы күрделі процестің түрлі шегін зерттеуге, бағалауға болатындығын көрсетуде.
Латын тілінен аударғанда «бейімделу» - икемделу, үйлесу деген мағынаны береді. Адамның бейімделуінің төрт түрін көрсетуге болады: психологиялық, физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік.
Дәрігер – жүрек, бауыр, бүйрек т.б ішкі ағзалар жұмысы арқылы физиологиялық бейімделуді бақылайды. Психолог – адамдар мен қарым-қатынас орната алуын, яғни психикалық бейімделуді зерттейді. Әлеуметтануші - қоғамдағы адамның алатын орны, яғни бейімделудің әлеуметтік аспектісін қарастырады.
Бейімделу процесі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбінде обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б. байланысты. Әрбір адамға сол әсер еткен стимул әр түрлі адамдарда түрлі жауап реакциясын тудыруы мүмкін.
Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі психология ғылымындағы және психология ғылымының басқада аймағындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Тұлғаның әлеуметтік бейімделу процесінің субьективті бағыттылығы А.М. Растова мен көрсетіледі: «Егер әлеуметтену процесінде индивид ең алдымен қоғамның әсер ету обьектісі, ал тұлғаның әлеуметтік бейімделу барысында қарым – қатынас және іс - әр екеттің субьектісі болып табылады».
Медицина ғалымының дәрігері А.П. Авыцын – «өмір сүру яғни – бейімделу», - деп санайды.
Сонымен «бейімделу» - түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ. Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин – «бейімделуді» - ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» - ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына икемделуі дейді. Л.Д. Столяренко «бейімделу - адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» - деп қарастырады [7].
Сондай–ақ Ц.П. Караленко, Т.В. Кучер, М.И. Бабнева, Е.В. Шорохова, В.И. Курбатова және т.б. «бейімделу» түсінігіне өз анықтамаларын ұсынған.
Сонымен «бейімделу» дегеніміз – бұл тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс.
Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Жағымсыз жағдайлардың әсерінде осы бейімделудің түрі ең бірінші өзгеріске ұшырайды және басқа бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі. Психикалық жағдай және оны мен байланысты психикалық бейімделу жағымсыз әсерлердің бас миына бағытталуына байланысты бұзылуы мүмкін және ортаның психогенді әсерлерімен де байланысты.
А.Н. Жмыриков (1989) бейімделудің белгісі ретінде тек екі денгейді көрсетеді: толық бейімделу және бейімделудің бұзылысы [8].
Бейімделу бұзылысы дегеніміз – қоршаған орта мен өзара әрекет етуінің бұзылуы, мәселелі жағдайдың күрделенуі және тұлға аралық, тұлға ішілік қақтығыстардың болуы мен көрінетін процесс.
Тұлғаға әсер етуінің ұзақтығына байланысты уақытша, тұрақты жағдайлық және жалпы тұрақты тұлғаның бейімделуінің бұзылысын көрсетеді. Уақытша бейімделудің бұзылысы – жаңа жағдайға ену мен байланысты міндетті түрде бейімделуі керек (мектепке келу, жұмысқа тұру, баланың дүниеге келуі т.б.) жағдай. Тұрақты жағдайлы бейімделудің бұзылысы – мәселені шешу барысында арнайы жағдайға бейімделуде қолайлы әдіс–тәсілдерін таба алмауы мен байланысты (кәсіби іс-әрекет жағдайында, жан–ұя қарым–қатынасы аймағында). Жалпы тұрақты бейімделудің бұзылысы қорғаныс механизімін белсендендіруде тұлғаның тұрақты икемделе алмау жағдайы.
Бейімделу бұзылысының пайда болу себептері болып:
1) Созылмалы ауру мен кәсіби мәселелер мен ажырасу мен т.б шақырылған психо - әлеуметтік стресті басынан өткізуі.
2) Басынан өткізген экстремалды жағдайлар – жарақатты дағдайлар, яғни адамның қайғылы оқиғаларға тікелей өзінің қатысуы болған жағдай.
3) Жаңа әлеуметтік жағдайға сәтсіз, қолайлы емес енуі немесе топтағы өзара әрекет етуінің бұзылысы.
Қорыта келгенде, өмір бойы барлық тірі ағза, соның ішінде адам үздіксіз– климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға тіпті кәсіби зияндылықтарға және стресске икемделеді. Яғни барлығы қоршаған ортамен үйлесімді болуға тырысады. Ортаның талабына біртіндеп бейімделеді. Сонымен ғалымдардың ішінде Дружинин В.Н., Маклаков А.Г., Столяренко Л.Д., Ямбург Е.А., Бобнева М.И., Кучер Т.В., Караленко Ц.П. т.б. ғалымдар бейімделу түсінігіне берген анықтамаларын қорыта келсек былайша анықтама беруге болады. Сонымен бейімделу дегеніміз – тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс. Сондай-ақ осы бейімделу жоғарыда қарастырылып кеткендей психологиялық, биологиялық, физиологиялық, әлеуметтік денгейлерде жүзеге асады [9].
Гештальт психологиясының теориясы бойынша – барлық ағзаны функциялау, өзін реттеу принципіне бағынады деп тұжырымдайды. Адамдар табиғи жағдайда пайда болып, қажеттіліктерді саналы түсіну ретінде және оларды пайда болу шегіне, қанағаттануына байланысты өмірде қозғалмалы теңдікті (немесе гомеостазды) ұстап тұрады деп қарастырады.
Гештальт бағытының психологы және щвейцар психологы Ж. Пиаженің интелектуалды даму теориясында, бейімделуді баланың интелектуалды дамуындағы маңызды процесс ретінде қарастырады. Жаңа мәселелі жағдайда икемделу барысында аккомадация және ассимиляция процесі бірігеді, ал олардың қосылуы бейімделуді білдіреді. Ж. Пиаже аккомадацияны – жаңа пқпаратты меңгеру мақсатында ақыл-ой белсенділік механизімін қайта құру ретінде қарастырады, ал ассимиляция – сыртқы жағдайды иемдену және оны ойша қайта құру деп түсіндіріледі [10].
Психоанализ бейімделу мәселесінің үш түрі мен түйіседі: эго-психология мәселесі ретінде, терапиялық мақсат және педагогикалық мәселе ретінде.
Эго аймағындағы қақтығыстан тәуелсіз зерттеуде, нақтылықты меңгеру міндеттері мен өте немесе аз тығыз байланысты функцияларды, яғни бейімделуді аңғара аламыз. Бейімделу концепциясы қарапайым болғаны мен, ол едәуір көптеген мәселелерді талқылайды.
Негізінен адамды жақсы бейімделген деп егер оның іс-әрекетінің өнімділігі, өмірмен рахаттана алу қабілеті және оның психикалық теңдігі бұзылыссыз болғанда айта аламыз. Бейімделу ең алдымен ағза мен қоршаған ортаның өз ара байланысы болып табылады. Бейімделу процесінің толық дамуы өмір сүру үшін қолайлы қоршаған орта және генотип арасындағы өзара байланыстан туады деп айта аламыз.
Психоанализ ерте қалыптасқан адамның бейімделу құралының және осы бейімделу процесінің арасындағы өзара қарым–қатынасты зерттеу және индивид пен қоршаған орта арасындағы бейімделу жағдайы индивидке себепкер болу, қоршаған орта мен белсенді тікелей әсер ету процесін талқылауға мүмкіндік береді.
Бейімделу өзгеріспен болуы мүмкін, яғни индивид ойы оның психо физиологиялық жүйесінде тепе-теңдік өзгерістер болады. Бұл жерде Фрейдтің аллопластикалық және аутолпластикалық өзгеріс жайлы концепциясы орынды болып табылады.
Ф.Е. Эмери және Акофаның «мақсатты әрекеттер жүйесі» мақаласында индивидті қоршаған ортасына байланысты екі қатынаста қарастырады, яғни ортаға бейімделу денгейіне байланысты сол және басқа денгейді тудыруы.
Жағымсыз әсерлерге ағзаның бейімделу реакциясының қарқындылығы бірқатар жалпы арнайы емес сипатқа ие және ол бейімделу синдромы деп аталады. «Бейімделу синдромы» - стрессордың – яғни жағымсыз әсерлердің созылуы мен күшіне жауап беретін және жалпы қорғаныс сипатына ие жануарлар мен адамдар ағзасының бейімделу реакциясының жиынтығы. Стрессор әсерінен дамитын функционалды жағдай – стресс деп аталады. 1936 жылы Канадалық физиолог Г. Селье «бейімделу синдромының» негізгі симптомдары болып бүйрек үсті қыртысының өсуі, айырша бездің кішіреюі, зат алмасудың бұзылысы жатады. Адамның бейімделу мәселесін қарастырғанда психикалық денгейін ескермеи кете алмаймыз. Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Осы бейімделу түрі жағымсыз жағдайлар нәтижесінде ең бірінші өзгеріске ұшырап, басқада бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі [13].
2 ТАРАУ: Жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдерінің арасындағы байланысты эксперименталды зерттеу
2.1 Зерттеу таңдамасы мен зерттеу әдістерінің сипаттамасы
Біз “Жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдерінің арасындағы байланысты анықтау мақсатында эксперименталды жұмысты екі кезеңде өткіздік. Тақырыбымызға сәйкес эксперименталды жұмысты жүзеге асыру барысында Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің “Жағдайлық үрейлену шкаласы”, сонымен қатар В.В.Столин, Т.Л.Романова мен Г.П.Бутенконың “Некемен қанағаттану” атты әдістемелерін жүргіздік. Таңдама ретінде, жүктілік кезеңі әр түрлі 20 әйел адам және 20 жүкті емес әйел адам алынды. Жүкті әйел адамдар тобы эксперименталды топты құрады, ал жүкті емес әйел адамдар бақылаушы топты құрады. Таңдаманы екіге бөлгендегі мақсатымыз, жүкті әйел адамдардың үрейлену мен некемен қанағаттану арасындағы байланысты анықтау.
Жүктілікте әйел бойын қорқыныш билейді. Құрсағындағы жүрегі соққан болашақ бөбегінің дүниеге келу сәтін асыға күтеді. Соған байланысты біз жүкті әйел адамдардың “жағдайлық” және “тұлғалық” үрейлену деңгейлерін анықтадық.
Жағдайлық және реактивті үрейлену қалып ретінде субъективті уайымдалатын эмоциялармен яғни, уайымдаумен, алаңдаушылықпен және де ашуланшақтықпен сипатталады. Бұл күй стресстік жағдайға эмоционалды реакция ретінде пайда болады және қарқындылығы мен динамикалығы бойынша әр түрлі болады.
“Жағдайлық үрейлену шкаласы” атты әдістемені алғаш рет Чарльз Дональд Спилбергер мен Юрий Львович Ханин ұсынған. Олар үрейленуді уақытша көрініс беретін теріс эмоционалды стресстік жағдайлардың пайда болу себебімен байланыстырды. Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің өзіндік бағалау шкаласы 40 сұрақ пікірден тұрады, оның 20-сы жағдайлық үрейленуді бағалауға, 20-сы тұлғалық үрейленуді бағалауға арналған. Бұл әдістеме, ересек адамдар мен балаларды тексеруге арналған, сонымен қатар топтық тексеруге де болады. Сыналушыларға, алдын ала дайындалған бланктер беріледі. Зерттеуші сыналушыларға нұсқауға сәйкес жауап беруді ұсынады, сыналушылар өз беттерінше жұмыс істеулері тиіс. Әдістеменің нәтижелерін шығара отыра, сыналушылардың “жағдайлық” және “тұлғалық” үрейлену деңгейлерін анықтайды.
Эксперименталдық зерттеудің екінші кезеңінде, В.В.Столина, Т.Л.Романова, Г.П.Бутенко “Некемен қанағаттануға арналған сұрақнамалық тест” әдістемесінде біз әйел адамдардың қазіргі таңдағы некемен қанағаттанушылық немесе қанағаттанбаушылық деңгейінің экспресс-диагностикасын өткіздік. Сауалнама өзін-өзі және серіктесін қабылдау, бағалау және сол сияқты әртүрлі салаларға қатысты 24 тұжырымдамалардан тұратын бір өлшемді шкаладан құралған. Әрбір тұжырымдамаға сәйкес жауап нұсқалары көрсетіледі. Сыналушыларға жақсылап ойланып, бір жауапты таңдау ұсынылады. Таңдалған жауапқа сай ұпай сандары беріліп отырады. Бұл әдістеме жұбайылардың тек қана бір-біріне деген көзқарастарын ғана емес, сонымен қатар өмірге деген көзқарастарын анықтауға мүмкіндік береді.
2.2 Жүкті әйел адамдардың үрейлену сезіміне жүргізілген зерттеу нәтижесі мен талдауы
Әдістеменің негізінде алынған нәтижелерге байланысты, сыналушылардың, яғни жүкті әйел адамдардың 65%-да үрейлену сезімінің орташа немесе бірқалыпты деңгейде екендігін көруге болады. Бұл деңгей адамның өз эмоцияларымен сезімдері немесе күйін бақылай және басқара алатындығын білдіреді. Үрейлену сезімі әрбір адамның бойында кездеседі. Адам үрейленуді кез-келген жағдайға байланысты адам ағзасының жауап реакциясы ретінде қарастыруға болады. Ал жүктілік кезеңінде әйел адамның бойында болатын физиологиялық және психологиялық өзгерістерге байланысты үрейлену сезімінің көрінуі орынды болып табылады. Себебі жүктілік кезеңде әйел адамның бойында жаңа өмірдің бастау алуына байланысты, адам ағзасының осы кезеңге бейімделу процесінің бір көрінісі ретінде қарастыруға болады. Бұл көрсеткішке байланысты жүкті әйел адамдардың 65%-ы жүктілік кезеңде туындайтын өздерінің эмоционалдық өрістерін басқара білетіндігін көрсетеді.
Ал сыналушылардың 5%-ның “жағдайлық” үрейленулері жоғары деңгейде екендігін анықтадық. Бұл күй сыналушылардың бойында босану уақытының немесе мерзімінің жақындауына байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл күйдің 5% сыналушыда жоғары болуы отбасындағы және әйел адам өміріндегі алғашқы және тұңғыш перзент сүю процесімен байланыстыруға болады. Себебі, бұл кезеңнің барысында әйел адамның бойында физиологиялық және психологиялық өзгерістердің көрініс беруімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жүкті әйел адамдардың бойында үрейлену сезімінің көрсеткішін төмендету үшін туындап отырған жағдайдың немесе жүктіліктің маңыздылық деңгейін төмендету керек. Сонымен қатар, өздеріне деген сенімділікті қалыптастыру керек.
Әдістеменің нәтижелеріне байланысты 30% сыналушылардың бойында “жағдайлық” үрейленудің деңгейі төмен екендігі анықталды. Адамдардың бойында бұл күйдің төмен болуын жүктіліктің алғашқы айларымен байланыстыруға болады. Себебі, алғашқы уақыттарда медициналық және физиологиялық өзгерістер және толқулар айқын көрініс бермеуінен аңғаруға болады. Сонымен қатар бұл күйдің төмен болуы әйел адамның отбасындағы сәбиді тууы екінші және үшінші ретімен байланысты болуы мүмкін. Сол себепті бұл адамдарға белсенділікті оятуға, іс-әрекеттің мотивациялық компоненттерін нақтылауға, қызығушылықты тудыруға, осы сияқты немесе өзге де мәселелерді шешуде жауапкершілік сезімін оятуға талап қойылады.



Сурет 1. Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің “Жағдайлық үрейлену шкаласы” атты әдістемесі бойынша жүкті әйел адамдардың “Жағдайлық” үрейлену деңгейі


Адамның “тұлғалық” үрейленуі ретінде, тұрақты индивидуалды сипаттаманы айтады. “Тұлғалық” үрейлену белгілі бір өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі сыйлауға қауіпті болып саналатын стимулдарды қабылдау кезінде белсендендіріледі.


Нәтижелерге байланысты, сыналушылардың“тұлғалық” үрейлену деңгейі 65%-ды, яғни орташа немесе бірқалыпты деңгейде екендігін көрсетті. Бұл мінез бітістерінің, темперамент типінің ерекшелігіне байланысты және әдістемеге сәйкес қалыпты жағдай болып саналады. Себебі, жүктілік кезінде әйел психикасына әсер тигізетін түрлі әлеуметтік және психологиялық себептер болады. Бұл деңгей әйел адамдардың өздерін адекватты тұрғыда бағалайтындығын, өздеріне деген сенімділіктері бар және кез-келген жағдайдан оңтайлы шыға алатындығын көрсетеді.
Әдістеменің негізінде алынған нәтижелерге байланысты, сыналушылардың 30%-да “тұлғалық” үрейлену сезімінің жоғары деңгейде екендігін көруге болады. Осы нәтижеге байланысты сыналушылар, яғни жүкті әйелдер кез келген жағдайдан қауіп төнеді деп күтеді. Жоғары үрейлену тобына жататын тұлғалар, жағдайдың кең диапазонында өзін-өзі бағалауына және тіршілік әрекетіне қауіп төнуін және айқын көрінетін үрей қаупімен жауап беруге бейім. Сол себепті бұл адамның өзін-өзі бағалау мен өзіне деген қатынасына үлкен әсерін тигізеді. Бұл деңгейдегі сыналушыларды кез келген қиындықтар алаңдататындығын, болмашы жағдайды жүректеріне жақын қабылдайтындықтарын және кез келген ұсақ-түйектерге баса назар аударатындықтарын көрсетеді. Бұл кезде әйелдердің өздеріне ғана емес, құрсағында жатқан сәбидің қауіпсіздігіне алаңдаушылығы арта түседі, яғни, балаға деген қорғаныш сезімі, махаббаты, мейірімі осы кезден бастау алады. Сондықтан да бұл жағдайда балаға деген аналық сезімі басқа да сезімдерді тыйып тастауына себеп болады.
Ал 5% сыналушылардың бойында тұлғалық үрейлену деңгейі төмен екенін анықтадық. Бұл адамдардың өздеріне және өздерінің істеріне деген сенімсіздігін көсетеді. Сонымен қатар, мұны өздерінің болашақтарына деген сенімсіздіктері мен қызығушылықтарының төмен болуымен байланыстыруға болады. Сондықтан, бұл адамдарға ең бірінші өздеріне, өздерінің болашақтарына деген сенімділікті арттыру керек.



Сурет 2. Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің “Жағдайлық үрейлену шкаласы” атты әдістемесі бойынша жүкті әйел адамдардың “Тұлғалық” үрейлену деңгейі


Жағдайлық үрей бұл зерттеу процесінің барысында сыналушының бойындағы эмоционалдық қалпы мен эмоционалдық күйлерімен байланысты. Нақтырақ айтқанда, бұл адамның бойында тікелей зерттеу процесінің барысында туындап отырған жай-күйі мен сезімдеріне негізделеді. Яғни, өз-өзіне сенімділігі, өзін жайлы немесе жайсыз сезінуіне байланысты көрініс беруі мүмкін.


Жүкті әйел адамдардың бойындағы үрейдің нақты сол кезге байланысты екендігіне көз жеткізу үшін, біз салыстырмалы түрде екінші таңдаманы таңдап алдық. Бұл жүкті емес әйел адамдар, яғни бақылаушы топ болып табылады.
Әдістеменің негізінде алынған нәтижелерге байланысты, жүкті емес сыналушылардың 70%-да “жағдайлық” үрейлену сезімінің орташа немесе бірқалыпты деңгейде екендігін көруге болады. Бұл сыналушылардың өз эмоциялары мен сезімдерін немесе күйлерінбақылай және басқара алатындықтарын білдіреді.Үрейлену сезімі әрбір адамның бойында кездеседі. Адам үрейленуді кез-келген жағдайға байланысты адам ағзасының жауап реакциясы ретінде қарастыруға болады. Сол себепті бұл деңгей норма болып есептелінеді.
Ал 30% сыналушылардың бойында “жағдайлық” үрейленудің деңгейі төмен екендігі анықталды. Адамдардың бойында бұл күйдің төмен болуын мотивацияның, белсенділіктің төмен болуымен байланыстыруға болады. Нақтырақ айтқанда, бұл сыналушылардың оларға деген баға беруге қатысты әр түрлі жағдайларда үрейдің пайда болатындығын айқын көрсетеді. Кейде бұл деңгей адамдардың бойындағы төмен жауапкершілікті білдіреді.



Сурет 3. Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің “Жағдайлық үрейлену шкаласы” атты әдістемесі бойынша жүкті емес әйел адамдардың “Жағдайлық” үрейлену деңгейі


Адамның “тұлғалық” үрейленуі дегеніміз - бұл күнделікті өмірде адамның бойына сіңісіп кеткен ситуацияда, яғни туындаған жағдайда көбіне адамның мінез қыры ретінде көрінетін ерекшеліктерден байқалады. Нақтырақ айтқанда, біздің нәтижелерге байланысты, сыналушылардың “тұлғалық” үрейлену деңгейі 90%-ды, яғни орташа немесе бірқалыпты деңгейде екендігін көрсетті. Бұл мінез бітістерінің, темперамент типінің ерекшелігіне байланысты және әдістемеге сәйкес қалыпты жағдай болып саналады. Бұл деңгей әйел адамдардың өздерін адекватты тұрғыда бағалайтындығын, өздеріне деген сенімділіктері бар және кез-келген жағдайдан оңтайлы шыға алатындығын көрсетеді.


Ал 10% сыналушылардың бойында тұлғалық үрейлену деңгейі төмен екенін анықтадық. Бұл адамдардың өздеріне және өздерінің істеріне деген сенімсіздігін көсетеді. Сондықтан, бұл адамдарға ең бірінші өздеріне, өздерінің болашақтарына деген сенімділікті арттыру керек.



Сурет 4. Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің “Жағдайлық үрейлену шкаласы” атты әдістемесі бойынша жүкті емес әйел адамдардың “Тұлғалық” үрейлену деңгейі


Қорытындылай келе, 2 таңдаманың, яғни жүкті және жүкті емес әйел адамдардың нәтижелеріне келетін болсақ, айқын түрде көрсетілген жоғары деңгейдің өзгерістерін байқаймыз. Нақтырақ айтқанда, бұл жүкті әйел адамдарды, олардың қазіргі күйлері қатты алаңдатындығы байқалады. Себебі, бұл кезеңнің барысында әйел адамның бойында физиологиялық және психологиялық өзгерістердің көрініс беруімен байланысты болуы мүмкін. Жоғары үрейлену тобына жататын тұлғалар, жағдайдың кең диапазонында өзін-өзі бағалауына және тіршілік әрекетіне қауіп төнуін және айқын көрінетін үрей қаупімен жауап беруге бейім. Сол себепті бұл адамның өзін-өзі бағалау мен өзіне деген қатынасына үлкен әсерін тигізеді. Бұл деңгейдегі сыналушыларды кез келген қиындықтар алаңдататындығын, болмашы жағдайды жүректеріне жақын қабылдайтындықтарын және кез келген ұсақ-түйектерге баса назар аударатындықтарын көрсетеді. Бұл кезде әйелдердің өздеріне ғана емес, құрсағында жатқан сәбидің қауіпсіздігіне алаңдаушылығы арта түседі, яғни, балаға деген қорғаныш сезімі, махаббаты, мейірімі осы кезден бастау алады. Сондықтан да бұл жағдайда балаға деген аналық сезімі басқа да сезімдерді тыйып тастауына себеп болады.Мұндай жүкті әйел адамдардың бойында үрейлену сезімінің көрсеткішін төмендету үшін туындап отырған жағдайдың немесе жүктіліктің маңыздылық деңгейін төмендету керек. Сонымен қатар, өздеріне деген сенімділікті қалыптастыру керек. Ал жүкті емес әйел адамдардың нәтижелерінде бұл деңгейдің көрсетілмеуі, яғни олардың қазіргі таңда өздерін еркін сезінетіндіктерінен, мазасыздық деңгейінің төмен болуының және ешқандай қауіп-қатердің, үрейдің болмауынан байқалады.


2.3 Жүкті әйел адамдардың некемен қанағаттануын зерттеу нәтижесін талдау мен өңдеу
Эксперименталдық зерттеудің екінші кезеңінде, В.В.Столина, Т.Л.Романова, Г.П.Бутенко “Некемен қанағаттануға арналған сұрақнамалық тест” әдістемесінде біз әйел адамдардың қазіргі таңдағы некемен қанағаттанушылық немесе қанағаттанбаушылық деңгейінің экспресс-диагностикасын өткіздік.
Әдістеменің нәтижелеріне байланысты эксперименталды топтағы сыналушылардың 100%-да некемен қанағаттанушылықтары анықталды. Нақтырақ айтқанда, жүкті әйел адамдардың 50% берекелі отбасы нәтижесін және 50% өте берекелі отбасы нәтижесін көрсетті. Бұл дегеніміз, жұбайын дұрыс таңдағанының сенімділігін көрсетеді. Оның жақсы жақтарын айқындап отыратындығын, кемшіліктері мен әлсіз жақтарына түсіністікпен қарайтындығының дәлелі. Жан-жақтан эмоционалды қолдау көру арқасында, өзінің отбасын басқалардікіне қарағанда бақыттырақ екендігін айқындайды. Өзінің некесіндегі тек қана қуанышты шақтарына негізгі көңілді аударады. Яғни, некеге тұрған кезге қарағандағы сезімінің күшеюі, яғни жұбайымен уақыт өткізуінен ляззат алуымен байланыстыруға болады.



В.В.Столина, Т.Л.Романова, Г.П.Бутенко ұсынған “Некемен қанағаттануға арналған сұрақнамалық тест” әдістемесі бойынша жүкті әйел адамдардың некемен қанағаттану деңгейі


Сонымен қатар жүкті емес әйел адамдардың нәтижелері, 30% берекелі отбасы және 70% өте берекелі отбасы деңгейлерін көрсетті. Нақтырақ айтқанда, жүкті емес әйел адамдардың, қазіргі таңда барлығы көңілдерінен шығатындығын айқындайды. Өздерінің жұбайларына деген көзқарастарының жағымды, оң екенін аңғаруға болады. Нақтырақ айтқанда, өз таңдауларында қателеспегендіктерінде күмән тумайды. Олар өзгелердің отбасыларына мән бере бермейді, себебі өз отбасыларын басқалардікіне қарағанда әлдеқайда берекелі әрі бақыттырақ деп есептейді. Басқа адамдардан көмек сұрауға ұмтылмайды, себебі жұбайларының әрқашан қолдап, көмек қолын созатындықтарына сенеді. Сол себепті қандай жағдайда болмасын, олар өздерін бақытты сезінеді және де айналасындағы адамдардың да пікірлері бір жерден яғни, олардың берекелі отбасы екендігінен шығып жатады.





В.В.Столина, Т.Л.Романова, Г.П.Бутенко ұсынған “Некемен қанағаттануға арналған сұрақнамалық тест” әдістемесі бойынша жүкті емес әйел адамдардың некемен қанағаттану деңгейі


Сонымен, қорытындылай келе, біздің зерттеуіміз бойынша отбасылардың толығымен 100%-ы өз некесімен қанағаттанады. Нақтырақ айтқанда, жүкті немесе жүкті емес әйел адамдар қандай жағдайда екендіктеріне қарамастан өздеріне, жұбайларына, некелеріне деген көзқарастарының өзгермейтіндіктерін көреміз. Бұл отбасылық өмірдің оларға тек қана қуаныш пен қанағаттану сезімін сыйлайтындығының кепілі. Өз жұбайларымен мақтан тұтатындықтарын және де олардың некеге тұрған кездегі сезімдерінің тек қана ұлғайып жатқандықтарын көрсетеді.


Қорытынды


Ата-ана болу, бұл бір бақыт. Олар өздерінің балаларының ертеңгі күніне жауапты, сол үшін болашақ ана да, әке де өздерін психологиялық тұрғыдан даярлауы керек, медициналық салауатты, отбасының татулығы мен үйлесімділігін, материалдық қамтамасыздығын, әлеуметтік жағдайын ойластыру керек. Отбасында ананың рөлі мен аналық сезімі бізге табиғаттан берілген. Кез келген ана баласы үшін барлық жағдайларға дайын болады. Бірақ, өкінішке орай барлық жүкті әйелдер жүктілік кезіндегі оның психологиялық күйі мен сыртқы қоршаған ортаға ықпалы оның ішіндегі баласына тікелей әсер ететінін түсіне бермейді. Түсінсе де, материалдық жағдайды қамтамасыз ету үшін бос уақыттың аздығы кедергі болуы да мүмкін. Сондықтан әйел баланы дүниеге әкелуге емес, ол жүктілік кезеңіне психологиялық тұрғыда өзін-өзі дайындау қажет.
Отбасының негізгі міндеті жүктілік кезеңінде әйел адамға көмектесу, стресс жағдайын жеңе білуге қол ұшын созу, жүктіліктің жағдайына, қолайлы нәтижесіне сендіру. Ал психологтар әйел организміне әсер ететін психикалық жағдайлармен қатар, іштегі баланың әр түрлі кезеңде кездесетін өзгерістердің әйел бойында байқалуын бақылап, психикалық тұрғыдан ем жүргізеді. Мысалға, арнайы психокоррекциялық немесе үрей сезімін төмендетуге арналған психологиялық жаттығуларды жүргізу болып табылады. Себебі, әйел мен баланың денсаулығы бұл ұлттың денсаулығы болғандықтан, жүкті әйел адамның физиологиялық және психологиялық денсаулығы адамзат келешегін тұтастай анықтайды.
Зерттеу барысында, тақырыбымыздың өзектілігін ашу мақсатында, жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдерінің арасындағы байланысты анықтау мақсатында жүргізілген «Жағдайлық үрейлену шкаласы» және “Некемен қанағаттану” әдістемелерін жүргізудің негізінде, өте құнды нәтижелер алдық. Нақтырақ айтқанда, «Жағдайлық үрейлену шкаласы» әдістемесінің негізінде алынған нәтижелерге байланысты, жүкті әйел адамдардың 65%-да “жағдайлық” үрейлену сезімінің “орташа” немесе “бірқалыпты”, 5%-да “жоғары” және 30%-да “төмен” деңгейлері анықталды. Сонымен қатар, жүкті емес әйел адамдардың 70%-да “жағдайлық” үрейлену сезімінің “орташа” немесе “бірқалыпты” және 30%-да “төмен” деңгейлері анықталды. Бұл көрсеткіштерге байланысты жүкті әйел адамдардың жартысы жүктілік кезеңде туындайтын өздерінің эмоционалдық өрістерін басқара білетіндігін көрсетеді. Ал 5% сыналушыда жоғары болуы отбасындағы және әйел адам өміріндегі алғашқы және тұңғыш перзент сүю процесімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, бұл күйдің төмен болуын жүктіліктің алғашқы айларымен байланыстыруға болады.
Нәтижелерге байланысты, жүкті әйел адамдардың “тұлғалық” үрейлену деңгейі 65%-ды, яғни “орташа” немесе “бірқалыпты”, 30%-ды “жоғары” және 5%-ды “төмен” деңгейлерде екендігін көрсетті. Сонымен қатар, жүкті емес әйел адамдардың “тұлғалық” үрейлену деңгейі 90%-ды, яғни “орташа” немесе “бірқалыпты” және 10%-ды “төмен” деңгейлерде екендігін көрсетті. Орташа деңгей әйел адамдардың өздерін адекватты тұрғыда бағалайтындығын, өздеріне деген сенімділіктері бар және кез-келген жағдайдан оңтайлы шыға алатындығын көрсетеді. Ал жоғары деңгейдегі сыналушыларды кез келген қиындықтар алаңдататындығын, болмашы жағдайды жүректеріне жақын қабылдайтындықтарын және кез келген ұсақ-түйектерге баса назар аударатындықтарын көрсетеді. Ал тұлғалық үрейлену деңгейінің төмен болуы, адамдардың өздеріне және өздерінің істеріне деген сенімсіздігін көсетеді.
“Некемен қанағаттану” әдістемесінің негізінде алынған нәтижелерге байланысты, отбасылардың толығымен 100%-ы өз некесімен қанағаттанатындығын анықтадық. Нақтырақ айтқанда, жүкті немесе жүкті емес әйел адамдар қандай жағдайда екендіктеріне қарамастан өздеріне, жұбайларына, некелеріне деген көзқарастарының өзгермейтіндіктерін көреміз. Бұл отбасылық өмірдің оларға тек қана қуаныш пен қанағаттану сезімін сыйлайтындығының кепілі. Өз жұбайларымен мақтан тұтатындықтарын және де олардың некеге тұрған кездегі сезімдерінің тек қана ұлғайып жатқандықтарын көрсетеді.
Жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдерінің арасындағы байланысты анықтау мақсатында біз математикалық өңдеуді қолдандық. Математикалық өңдеу барасында, әдістемелердің арасындағы байланысты табу үшін біз корреляциялық коэффициентті анықтадық. Яғни, Спирменнің корреляциялық талдау формуласын қолдандық. Қорытындылай келе, екі әдістеме арасындағы корреляция 0,33 көрсетті. Бұл өте әлсіз корреляцияның көрсеткіші болып табылады. Нақтырақ айтқанда, жүкті әйел адамдардың үрейлену сезімі некемен қанағаттану сезіміне ешқандай әсер етпейтіндігін білдіреді.
Бұл зерттеу нәтижелерін медицина саласындағы практик психологтар және отбасы психологтары, әйел адамдардың жүктілікке бейімделу барысында, үрейлену сезімі мен некемен қанағаттану сезімдерінің арасындағы байланысты ескеру мақсатында, олардың эмоционалдық өрісінде болатын өзгерістерді реттеуге және түзетуге мүмкіндік беретін психологиялық жұмыстар жүйесін ұйымдастыра алу мүмкіндіктері туады.
Біздің осы тақырыпқа байланысты зерттеуіміздің әрі қарайғы мақсаты А.М.Эткиндтің “Қатынастардың түстік тесті” әдістемесі арқылы жүкті әйел адамдар үшін маңызды түсініктерге саналы және бейсаналы деңгейдегі қатынастың эмоционалдық компонентін зерттеу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 – А.: 2007. - 220 б.

  2. Артамонова. Е.И., Екжанова.Е.В., Зырянова Е.В. Психология семейных отношений с основами семейного консультирования. - М.: Академия, 2002. – 233 с.

  3. Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психология: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 243 б.

  4. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М., 2005. – 173 б.

  5. Левитов Н.Д. Психическое состояние беспокойства, тревоги // Вопросы психологии. - 1969. -№1. - С. 131-137.

  6. Немов Р.С. Общие основы психологии. — М.: Владос, 2003. — 688 с.

  7. Маклаков А.Г. Общая психология / А.Г. Маклаков. - СПб.: Питер, 2002. – 233 с.

  8. Агаджанян Н.А. Адаптация и резервы организма / Н.А.Агаджанян. – М.: Физкультура и спорт, 1983. – 397 с.

  9. Кучер Т.В. Медицинская география / Т.В. Кучер, И.Ф. Колпашикова. - М.: Просвещение, 1996. – 365 с.

  10. Ямбург Е.А. Школа для всех / Е.А. Ямбург. - М.: Новая школа, 1997. – 67 б.

  11. Чичулин А.А. Социальная психология / А.А. Чичулин. – Новосибирск: Наука, 1992. – 185 с.

  12. Соляренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. – 93 с.

  13. Шайхова М. Жастардың әлеуметтік–психологиялық бейімделу мәселелері / М.Шайхова // Ұлағат. – 2004. – № 1. – 49-51 б.

Қасымшалар 1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет