Дәріс №2
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ИНДИКАТОРЛЫҚ САПАСЫ РЕТІНДЕ
Биоиндикация- қоршаған ортаның жағдайын тірі ағзалардың реакциясы бойыншы бағалау. Биоиндикаторлар ретінде жануарлар, өсімдіктер, бактериялар, вирустар қолданылады.
Инфузориялары қоршаған ортаның ластаушыларының улылық дәрежесін анықтауда өте қолайлы объект болып табылады. Себебі, лоарды зертхана жағдайында өсіру, тәжірбиені жүргізу салыстырмалы түрде арзан, жылдам және дәлдігі жоғары нәтижелер алып, зерттелетін заттардың улы әсері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Түрлердің алуантүрлілігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Біріншіден,бір түрдің жойылуы,әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты ,бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден, қандайда бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ.Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе,олар қайта қалпына келе алмайды.Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500-100 дара,ұсақ омыртқалылар үшін шамамен 10мың дара омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара өсімдіктер үшін бірнеше мың дана.Адам қызметінің нітижесінде ағзалардың жойылуына кейбір мысалдар келтірейік.
Дәріс №3-4
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ИНДИКАТОРЛЫҚ САПАСЫ РЕТІНДЕ
Қоршаған орта жағдайының өзгеру дәрежесіне байланысты, тірі организмдердің жағдайын және санына байланысты, ластаушы заттардың қандай мөлшерде болатынын зерттеу. Тірі индикаторлар негізіне өзіне тән қасиеттерге байланысты қоршаған ортаның ластану дәрежесін физика-химиялық әдістермен анықтайды:
Олар биологиялық ең негізгі ластаушылардан;
Өзгерістердің түзілу жылдамдығын көрсетеді;
Экожүйеге әр топтағы токсиканттардың жиналу орны мен жолдары;
Адамның және тірі табиғатқа осы және басқа залалды заттардың дәрежесі;
«Биоиндикаторлар» - атты халықаралық бағдарлама әзірленген, қазіргі кезде халық аралық симпозумдар биоиндикациялық антропогенді ластану.
Биоиндикацияға негізінен жоғары және төменгі өсімдіктер, микроорганизмдер, жануарлардың әр түрлері (кәмшат, кемірушілер және т.б.) қолданылады. Адам ластайтын өте сезімтал индикаторлар лишайниктер мен мхалар, олардың биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін қоса отырғанда. Сонымен, өте кішкене ауаны ластаушы күкірттің диоксидді (күкіртті газ), жоғары өсімдіктердің көбіне әсер етпейді, бірақ лишайниктердің жаппай жойылуына әкеп соғады.
Қазіргі кезде Батыс Европалық мемлекеттердің ірі өндірісті қалаларының аймақтарында лишайниктердің көптеген түрлері толықтай жоғалып кеткен.
Скандинді мемлекеттерде ауыр металдармен атмосфера ластануының индикаторы ретінде сфагнов мхаларынан алады.
Мхалар лишайниктерден радионуклидтердің жиналғандығы байқалады. Мысалы: Мхаларды зерттеу нәтижесі бойынша:
Арменияда: стронций – 90 мхада 10-26 рет, уран – 1,5-6 есе жоғары;
Егістктегі шөпті өсімдіктерге қарағанда
Германияда өңдірістік қалдықтарды жылтылдан бактерияларды қолдануда заттардың ластану индикациясымен әдістері әзірленеді.
Атмосфераның антропогенді ластануы көбіне жоғары өсімдіктерге әсер етеді де, келесідегідей:
Жапырақтардың түсінің өзгеруі;
Өсу формасының өзгеруі, т.б..
Атмосфераның күкірттің диоксидімен біртіндеп ластануы мынандай өзгеріске әкеліп соғады:
Қарағайдың жапырағының ұштары мен инелері күлгін тартады.
Кейбір ағаштардың жапырақтары түссіз күйге енеді.
Ал бізде 15 кесте құрылған онда индикаторлары атмосфералық ауаны ластаушы әр түрлі компоненттерді (күкірт диоксиді, фторлы сутегі, аммиак және т.б.) негізге алынған.
Онда өте сезімтал атмосфералық ауаны ластаушылар қарағайлы тектестер, олар өте күкірт диоксидді мен ластанған болып келеді.
Декоративтін өсімдіктердің индикаторы фторлы сутекке гладиолус, жауқазын, норцисс (нарқыз), ландыш.
Өте жақсы озон индикаторлары темекі сорттары, томатты, цитрусты өсімдіктерде (жемістерде).
Жоғарыда келтірілген биоиндикаторлардың қоршаған орта жағдайына бақылау жасай табиғатты қорғау және оларды сақтау шараларында, орман шаруашылығында, ауа атмосферасының антропогенді ластануының әсерін есепке ала отырып қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |