Деструкторлар - органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).
Десиканттар - өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.
Дефолянттар - өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылатын улы химикаттар.
Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.
Зооценоз - белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.
Зоофагтар - жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).
Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.
Ил - сулардағы минералдық және органикалық косы-лыстардан күралған түнба.
Импактілі мониторинг - ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.
Ирригация - егістікті жасанды суару - мелиорацияның бір түрі; медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.
Ихтиология - балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.
Кадастр - объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.
Коменсализм - белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.
Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.
Ксеробионттар - құрғақ ортада тіршілік ететін орга-низмдер.
Климатотоп - қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.
Қызылкітап - сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқүлақтардың түрлері туралы үнемі толықтырылып отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.