Фенотип - организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
Фитопланктон - суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.
Фитофагтар - өсімдік қоректі организмдер.
Фитоценоз - көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.
Фильтраторлар - суды майда планктон организмдер мен детриттерден тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.
Фотосинтез - Күннің жарығы әсерінен жасыл өсімдіктердің хлорофилл дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілуі.
Цунами - жер сілкіну, вулкандар атқылауы немесе т.б. табиғи қүбылыстар кезінде мұхит түбі бөліктерінің ауысуына байланысты туатын теңіз толқындары.
Цитология - тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттейтін биологияның саласы.
Хемосинтез - кейбір минералдық заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық зат синтездеу процесі.
Экологиялың жүйе - бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.
Эрозия - топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен шайылып, не желмен ұшып бүзылуы.
Экологиялық сараптама - адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.
Экоцид - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.
Эпизоотия - жануарлар арасында аурудың таралуы.
Этология - жануарлардың мінез - қылықтарының биологиялық негізі жөніндегі ғылым.
Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар, жуғыш заттар, мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот, фосфор, күкірт, т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде фитопланктон (әсіресе, көкжасыл балдырлар) биомассасының күрт өсіп, олардың оттегін белсенді сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.