«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»


Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге-



бет16/38
Дата09.09.2022
өлшемі189 Kb.
#460520
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Документ Microsoft Word

Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге- бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б. кіреді.
Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80-85% ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км2 таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.т/жылына, олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік активті заттар, ауыр металдардың тұздарын, радионуклейдтерді, пестицидтерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогенді атауға болады.
Жоғарыда қарастырылған улы заттектердің ішінен суперэкотоксикантты мұнай мен мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1 мг/м3ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұнай мөлшерінің шамасы 200-300 мг/м3 жеткенде экологиялық тепе теңдік бұзылып, балықтың және судағы басқ да ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең төменгі шегіне жетеді де, одан әрі қарай олар ортаның кез келген қолайсыз факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады.1 т мұнай суға төгілсе, аумағы 2,6 км2 шамасында судың беткі көлемінде тұтас үлпек түзеді. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады.
Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15 млрд тоннаға жетіп отыр.
Сулардың радиоактивті заттармен ластануы үлкен қауіптілік туғызады. Мысалы, тіршілік белгісінен ада болған Маңғыстау жеріндегі Қошқар ата көлі өлі көл деп аталады, оның түбінде радиоактивтілігі бар 104 млн тонна көлеміндегі өндіріс қалдықтары шөгіп жатыр.
Табиғи сулар жылуэнергетика өндірістерінен шығатын жылы ақаба суларымен де ластанады, су объектілеріндегі температуралық режим өзгереді, бұл санитарлық талапқа сәйкессіздіктің орын алуына әкеп соғады. Суаттарда су температурасы көтерілген сайын еріген оттектің мөлшері төмендеп отырады, суды ластайтын қоспалардың улылығы жоғарылайды, биологиялық тепе теңдік бұзылады, организмдердің түрлік құрамы ауысады, мысалы балдырлардың.
Атмосфераның ластануымен салыстырғанда су жүйелерінің ластануы үлкен қауіп төндіреді, оның себебі: ауадын гөрі сулы ортада өздігінен тазалану, яғни регенерация процесі өте баяу жүреді; су қоймаларын ластайтын көздердің қатары да көбейе түседі. Оның мысалы ретінде Қазақстанның кейбір ірі су ресурстары көздерін- Арал мен Балқаш көлдерінің жағдайын келтіруге болады.
Қазіргі кезде экологиялық ауыр апат зардаптарының салдарынан Арал теңізі жағалаудан 100 шақырымның үстінде шегініп кеткені белгілі. Осыған байланысты теңіз табанында көлемі 2 млн га астам Аққұм атты кеңістік пайда болды. Сол маңнан әр жыл сайын 75 млн.т тұзды дауыл көтеріп әкетіп Қостанай, Солт Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстардың жеріне таратуды.
Балқаш көлін тілге тиек етсек, ол республика экономикасы мен экологиясына орасан зор зиян келтіруде.
1-кесте


Алынатын анализ объектісі

Алдын алу шаралары


Анықталатын элементтер


Табылу шегі


Мг\л

1.

Жаңбыр суы

Ион алмастыра отырып


AI,Cd, Cu, Pb, Zn


10 -1


2.

Ағынды су

Құрғақ тұнба қалғанша


Si,Al,Fe,Ca,Mo,Mn,Zn,Sn,Pb,


V, Ba, Sr, Cr


1*10-4


10-5


3.

Табиғи ағынды сулар

Сүзу , булау,


Электрод параметірінде булайды.


,Cd, Cu,Zn, Ni


2*10-4


4.

Теңіз суы

Араласқан экстракция әдісі


Hg, Bi, Cd,Ni, Pb, Ca, Cr, Co, Fe, Zn


1*10-1


5.

Табиғи сулардың әртүлі құрамы

Элементің электролиттік концентрі.


,Ni, Pb, Ca, Cr, Co, Fe, Zn


1,1-2,0 *10-8


6.

Тұма суы (500км)

Сублимациялық, экстракциялау, ион алмасу


AI,Cd, Cu, Cr, Fe, ,Mn,Ni


0,9-1,21 *104


7.

Минералды ауыз су

Микроқоспаларды бөлу , сүзу, тұндыру.


,Mo,Zn,,Pb,Ni


0,01-1,2*10 -4


8

.Ауыз суы(40км)

Сорбция әдісі


Cd, , Pb, Bi,


0,05-0,3*10-4


9.

Ертіс суы

Тұнбаға түсіру


Mn,Zn,Sn,Pb,


V, Ba, Sr, Cr


0,23-2,0*10-2


10.

.Құдықтан

концентрлеу


, Cu, Fe,Pb


0,005-1,0*10


Ақаба сулар ---деп өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылғын, сондай-ақ бір лас аймақ оның ішінде елді мекен арқылы өткен су.


Қазіргі уақытта қоршаған ортадағы ластаушы заттардың МШК көмегімен су сапасын білуге болады.Су үшін 960 химиялық қосылыстардың МШК бекітілген.Ауыз , табиғи, тоқтау, ағынды, ақаба сулар үшін судың стандарты болады. 1. Санитарлы
2. Жалпы санитарлы
3. Органолептикалық
Судың мөлшері стандырт бойынша 0,25мг/л (1категория), 0,75 мг/л (2 категория),ал иіс қарқындылығына байланысты 5 балдық жүйе бойынша бағалайды. Ауыз су үшін 20-60 температурада, 2 балдан аспау керек.Су құбырларындағы ауыз су температурасы да қатаң қадағаланады. (рН=6,5-8,5) . Енді әр типтегі табиғи суларға экологиялық баға берсек , мына диограммада судың ластанған мөлшерін
Тұма суы---31
Сары-ағаш суы-35
Құдық суы(40км)-38
Шетіндегі құдық суы-40
Краннан-45
Ертіс суын (киров аймағы)-79
Ертіс суын (тері зауытты)-93
Ертіс суын ішуге қолдануға болмайды .Суъектілеріне көптеп көңіл бөліп әрқашан тазартулар жүргізіп отыру қажет . Судың ластануларының алдын алу шараларын және әдістерін білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет