Зерттеудің көкейкестілігі



бет11/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Дип парасат

Қорытынды бөлімде: зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары түйінделді, эксперименттік іс-тәжірибелер негізінде студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыруды жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.


1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫСТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Ойлау өнерінің алғашқы басқыштарының Еуропа елдерінде қаланғаны белгілі. Педагогика тарихы кешегі Кеңестік дәуірде пролетариат диктатурасының пайымымен Еуропа, Америка секілді мемлекеттердің идеологиясын цензурадан өткізіп, бірталай еңбектерге өз көзқарастарын бірінші орынға қою тұрғысында құрылған. Сондықтан Англия, Франция, Германия, Чехия және т.б. елдерден шыққан зерттеушілердің еңбектері буржуазиялық сыңайда бағаланғаны байқалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан кеңістігіндегі парадигмамен, жаңа философиялық көзқараспен зерделесек, аталып өткен мемлекеттердің зерттеушілері қай қоғамға болмасын өшпейтін рухани құндылықтар қалдырғаны аңғарылды.
Бүгінгі күнге дейін Англияның Оксфорд университеті – әлемдік деңгейде көшбасында келе жатқан оқу орны. Оның негізі ойлау өнерінің алғашқы ұғымы ақыл екеніне ғылыми зерттеу жасаған Джон Локтың атқарған рөлі ерекше.
XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел ретінде танылды.
Джон Локк (1632-1704) 1658 жылдан бастап, Оксфорд университетінде дәріс оқыды. Оған Бэкон мен Декарт шығармаларының үлкен әсері болды [56].
Ол таным қисынын зерттеп, «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе (1690) атты деген негізгі философиялық еңбегінде елестетулер мен идеялардың адам тумысынан емес, санамызға түйсік сезімі арқылы пайда болатынын дәлелдеп, дуалистік мұратты көздеді. Екі дүниенің сырын ашуға бағдар құрады. Себебі оның бейнесі жарық түсуімен басқаша көрінеді деген түйін жасайды. Адамның көру шегі микроқұрылымдарды қамти алмайды деген ой-пікір айтады. Объективтік дүние біздің санамызда елестеуі ақиқат - шындық бола алмайды деп пікір түзеді. Локк мектепте білім алуға қарсы келіп, отбасында аристократиялық білім меңгерудің жақтаушысы болды. Тұжырымдап айтсақ, Локк ойлау әрекетінің жинақтау, топшылау, деректермен дәлелдеу, қорыту, бейнелеу, нысананың тұтастығын сақтайтын кіші бөліктерін байланыстыру сияқты әдіскерлік іс-қимылдарға мән берген.
Қарап отырсақ, бүгінгі даму бағдарына қозғаушы күш боларлық педагогикалық технологиялардың негізі қаланды деп қабылдаған жөн. Олай болса, ойлану деңгейі, өнері жайлы пікірлердің тууына сонау XVII ғасырда негіз қаланған.
Француз елінде қоғамда білім беру мәселесі 3 сословияға бөлінді: 1) рухани; 2) дворяндық; 3) шаруалар. Бұндай сословияға жіктелу себебі әлеуметтік жағдай адам санасына, ойлау деңгейіне әсер етеді дегенді меңзейді.
Буржуазиялық идеология өз шығармаларында корольдік үкіметті де, феодалдық көзқарасты да, діншіл әдет-ғұрыптарды да батыл әшкереледі.
XVIII ғ. 1751 жылынан Дени Дидро редакциясымен «Француз энциклопедиясы» шыға бастады. Ақыл-ой әрекетін дамыту басымдық рольде болды. Кеңестік дәуірде біздер аталған педагогикалық тұжырымдарды тап қайшылығы сыңайында қабылдадық. Сол себепті аталған еңбектер бұрмаланып түсіндірілді.
Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) «Адам, оның ақыл-ой қабілеттері мен тәрбиесі туралы» еңбегінде адамдар дүниеге келгенде бірден тең рухани қабілеттілікпен туады деді. Оқыту және ойлаудан гөрі тәрбиенің басымдығын мойындады [57].
Француз жазушысы Жан-Жак Руссо (1712-1778) «Эмиль немесе тәрбие туралы» деген романында ақыл-ой еңбегіне ерекше көңіл бөлді. Ол табиғаттану ғылымына арнап, алғаш рет әдістемелік оқу құралын құрастырды [58].
Руссо ойлаудың негізін баланың дербес іс-әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқағыштығын дамыту бағдарына байланысты деп дәлелдеді. Эмильдің сабақтарын табиғат аясында өтуді орынды деп тапты. Әйелдер жайлы «Табиғи жағдайға» тәуелді болғандықтан, оларға білім беру қажетсіз деген тұжырымға келген. Табиғатта өтілген сабақ балалардың ойлау мүмкіндігін жоғары көтереді деп есептейді. Бертіндегі табиғатқа саяхат сабақ өтуге бұл тірек болды.
Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1877) еңбектерінде оқу мен еңбекті ұйымдастыру негізгі рольде болды [59]. «Гертруда балаларын қалай оқытады», «Аналар кітабы», «Бақылау азбукасы» т. б. еңбектерінде Песталоцций бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды. Әдістер балалардың ойлау деңгейіне түрткі болар нысан. Оның өнімдісін саралауға қажеттілігі туады деген түйін жасайды.
Әдістерден бөліп алып қарағаны – жалпылау, бақылау, ойлау. Әдістерді жіктегенде «түйсік», «қабылдау», «сезім» сияқты психологиялық қасиеттерді қосақтап айтуға, біріктіріп қарастыруға ұмтылды. Әдістердің балалар түсінігіне сәйкесіп келуін басымдықта алған. Бүгінгіге де бұл ой пайдалы.
Білім ретпен беріліп, бұрынғы дағдылар жүйесін дамытуға бағдар жасау керек деп ой түйеді. Ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деп есептеген.
Аталған талданған еңбектерден әдістеменің тамырларын іздесек, ойлау әрекеті мен қабылдау әдістерінің тұтас жүйесінің ретін аңғарамыз. Жекелеген әдістер жайлы түсінік, ғылыми тұжырым – ертеден пайда болғанының дәйегі мен дәлелі. Ойлау жеке тұлғаның жеке мүмкіндіктеріне қатысты өркендейтіні жайлы тұғырлы пікір айтылған.
Иоганн Гербарт (1776–1841) – Германия перзенті. «Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика» (1806), «Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар» (1831) еңбектерінде тұңғыш рет педагогика ілімінің жүйесі салынды [60]. Мұнда дүниенің шексіздігі, оның мәңгілік сападағы қасиеті, абсолюттік мазмұндардан тұратыны жайлы баяндалады. Адамның дүние танымындағы елестеу мен түсініктер алдамшы деген қорытынды жасайды. Бұл пікірдің шындыққа жанасымдылығы қабылдау деңгейліктердің әртүрлілігімен түсіндіріледі.
Тәрбиені білімнің негізі деп қарастыра отырып, ізгілік пен жақсылықты тәрбиенің субстанциясы ретінде алған. Оқыту саласын алдымен ізгілік пен жақсылыққа негіздейді де, құралы ретінде оқуды жекелеп көрсеткен.
Иоганн Гербартта да білім жеке алынбай, тәрбиенің бір саласы ретінде берілген.
Педагогика тарихында аталған зерттеушілер мен педагогика ғылымына катысты өздерінің қол таңбалары мен мәдени мұраларын ағарту саласында өшпестей қалдырған әлемдік тұлғалардың әдістемеге қатысты негізгі ой-тұжырымдарына тоқталып өттік. Ойлау өнері жайлы сүбелі ғылыми пікірлер мен тұжырымдарды бөліп алу қиын екенін аңғардық. Десек те, «ақыл-ой» ұғымдары барлық ойшылдардың еңбектерінде қамтылған. Ол әдістеме түрінде ұсынылған.
Педагогика тарихында екі көрнекті тұлға бар. Оның бірі чехтың педагогі – Ян Амос Коменский (1592–1670). Ол XVI–XVII ғасыр аралығында жаңа педагогиканың негізін қалады [61].
Ян Амос Коменскийдің өмірі қиын-қыстау жағдайда өтті. Мұның өзі оның ғылыми болжамдар мен жаңалықтар ашуына тікелей қатысы бар десек қателеспейміз. Соның ішінде сабақ жүйесі, құрылымы, уақыт межесі Ян Амос Каменскийдің педагогикаға енгізген үлесімен байланысты.
1620 жылы басқыншылармен күресте жеңіске ұшырауына байланысты Ұлы педагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ел үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылды.
Отанынан айрылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Ол 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулық жазды. Бұл орайда, жаһандық суретші Леонардо да Винчидің Италиядан Францияға қашып келіп, Шамбор атты корольды паналағаны сияқты оқиғаны байқаймыз.
Коменскийдің атын әлемге мәшһүр еткен әрине, «Ұлы Дидактика» (1632) атты еңбегі. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі, жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері жан-жақты зерттелді. 1641-1654 жылдар аралығында ол арнайы шақырумен Англияда, Швецияда, Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту әдістемесін жазумен айналысты.
«Әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы мен «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары» т.б. еңбектері жарық көрді.
Оқу мен тәрбиелеу танымын ақиқаттың бір саласы - логика, оның көзі діни сапа деген бағытты ұстанды. Табиғат - жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі. Бұл көзді реттеу, иемдену үшін табиғат тілін білу керек деп түсінеді. Ол үшін білім қажеттігін ерекше атап көрсетті. «Жер-Ана» ұғымының басымдық мәні де аталған еңбекте ерекше орын алған.
Ойлау іс-әрекетінің педагогикалық үдерісте жетекшілік рөлін алғаш түбегейлі зерттеген, оған арнайы тоқталған – Ян Амос Коменский. Педагогтың «Ұлы дидактика» айдарымен жарық көрген еңбегінің негізгі мұраты білім мен тәрбиені демократиялық мүддеге бағындыра меңгерту деген ұғымды білдіреді.
Адамның шығу тегіне қабілетінің бағыныштылығы жайлы Ж. Аймауытов ерекше мән берген: «Тегіне тарту (атавизм). Әрбір сезімнің сыртқа шығуында атадан қалған мұра көп. Ашу кернеген кісі қайтеді? Аяғымен жер тебінеді, қайта-қайта түкірігін жұтынады, түкірінеді, қырылдайды, керіледі, ақырады, бажылдайды, жұдырығын түйеді... Адамның осы қылығын ызаланған маймылдың қылығымен салыстырсақ, маймылдың көп мінезі адамда да бар болып шығады».
«Тарту» деген сөздің төркіні «Шығу тегі» деген ұғыммен тамырлас келеді. Ж. Аймауытов адамның психологиясында атавизмнің табы нышан беретініне тоқталып өткен. Осы сапаның соқыр сезімге ұласып, саңылау сезімдеріне үлкен кедергі екеніне ерекше мән берген. Соқыр сезімнің өзі –ойлау іс-әрекетіне үлкен кедергі. Ал соқыр сезімнің бастауы – айуандық іс-әрекеттер. Олай болса, Ж. Аймауытов ойлау іс-әрекеті айуандық деңгейді ысырады деген пікір айтады [7,с. 80-82].
Ойлау өнерінің мақсаты – адамның өз басындағы атавизмнен қалған ізгілікті іс-әрекетке қайшы қылықтарды бойдан қуа білетін, өзінің періштелігін үнемі сақтайтын, оған қисындық үлгі ретінде бабалардың данышпандық пәлсапалық дүниетанымын бағалайтын, өзінің прагматикалық іскерлігіне айналдыратын адамды сомдау. Оны үлгі ретінде ұсыну. Аталған мақсат-мүддеге сәйкес келмейтін субъектінің ақыл-ой жайлы мән айтуға құқысы жоқ екеніне Ж. Аймауытов орынды тоқталған.
Интеллект деген сөзді түрлі мағынада қолдануға болады. Бірінші, қарапайым сөзде, адам жөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде колданылады. Екінші, әркім оны өзінше түсініп, адамдар өзара үнемі айтысқа түскенде айтатын мағынасында қолданылған. «Бұл өзі парасат теріске шығарған кезде айтылады. Интеллект сөзінің үшінші мағынасы Аристотельдің «Дәлелдеме» деген трактатында айтылған. Төртінші мағынасы тағы да сол Аристотельдің «Этика» деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Бесінші – «Жан туралы» трактатында. Алтыншысы «Метафизикада» айтылған.
1) Ал енді қарапайым сөзде қолданылатын, ол өзі парасатты адам дейтін кездегі мағынасына келсек, мұны интеллекция актісі деп түсіндіреді. Сонымен, қосымша мысал ретінде кейде оны (адамды) парасатты деп атайды, ал кейде оны бұлай атаудан тартынып қалады дегенді білдіреді. Олар былай дейді: «парасаттыға сенім керек», ал олардың пікірінше, сенім дегеніміз қайырымдылық. Олар парасатты деп қайырымды адамды, жақсылыққа жақсылық асық, жамандықтан қашық адамды айтады. Бұл тұжырымнан ойлау өнерінің өзі парасатқа бағынбаса, білімді адам зұлым болып шығады дегенді аңғартады.
Потенциалды интеллект бұл өзі әлдебір жан, жанның бір бөлшегі, жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде бар заттардың парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлде бір сүрең. Заттық емес бұл формалар потенциалды интеллект формаға айналу үшін ғана өздерінің өмір сүруі тәуелді болып отырған тірек көздерден дерексіздік туады. Солардың субстанцияларынан абстракцияланған формаларына айналған формалар интеллекцияның танып білетін объектілері болып табылады. Бұлардың аты интеллект деген сөзден шыққан, өйткені дүниеде бар заттардың формаларын абстракциялағанда, олардың өздері сол заттардың формаларына айналған. Сөйтіп, 1) потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Егерде сіз әлдебір денелі материяны, мысалы, бір кесек балауыз алсаңыз, оған таңба түсірілсе, түсірілгенде ол таңба оның сырт жағы мен тереңдігін алып жатса және форма субстанцияны қамтып жатса, қамтығанда субстанция формаға тарап, түгелдей сол формаға айналатын болса және сонда бұл парықта заттардың формаларының қалай пайда болғанын түсінуге жақындайсыз. Өйткені парық форма үшін бейнебір субстанциясы өз бойына сыйдырушы болып табылады, бірақ денелі материядан айырмасы ол форманы өзінің тереңімен емес, тек бір қырынан қабылдайды.
Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдағыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады. Алғашқы тірегінен бұрын бұлар интеллекцияның әлеуетті нысандары болып еді ғой, ал субстанциясынан айрылып, олар актуальды объектілерге айналды, өйткені ескі түрі мен жаңа түрі қайшылықта болады. Сонымен, бұл парық интеллегенцияның актуальды нысаны арқылы актуальды интеллектіге айналады. Демек, интеллекцияның пайымдалғыш актуальды нысаны мен актуальды интеллект, сайып келгенде, бір нәрсе. Сөйтіп, біздің сөздеріміз тек мынаны ғана: (парық) интеллекцияның пайымдалғыш нысанының өзі соның формаларына айналғандығын, өйткені бұл нысандар формамен бара-бар болғанын білдіреді. Демек, актуальды танушы (парық) мен 2) актуальды интеллект және интеллекцияның актуальды зерде жетерлік нысаны - бұлар бір нәрсе. Олай болса, өзгеріске түскен нысанды тану үшін ойдың оған сәйкестілігі қажет дегенді аңғарамыз.
«Жан туралы» трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағанда актуальды интеллект болып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын. Потенциялда болатын парықты актуальды интеллектіге айналдыратын және интеллекцияның пайымдалғыш потенциалды объектілерін тиісті актуальды бейнеге айналдыратын да осы. Олай болса, алғашқыдан айрылған бейненің соңғысы ғана актуальді интеллекцияға ауысады.
Актуальды интеллектінің потенциальды интеллектіге қатысы күннің көзге, қараңғы уақытта тек потенциалды жанары болатын көзге қатынасы сияқты. Қараңғылық дегеннің өзі әрі потенциядағы мөлдірлік те, әрі сонымен бірге актуальды мөлдір еместік қой; ал мөлдірлік дегеніміз қарама-қарсы тұрған жарық көзінен түскен жарық. Жарық көз жанарында, ауада, сол сияқты бір нәрседе жүзеге асқан кезде, сол кезде көз жарықты қабылдаған бойда ол актуальды көрген жанарға айналады, сондай-ақ, түстер де актуальды көрінгіш түстерге айналады. Ол ол ма, біз көздің актуальды көреген болуы жарық пен мөлдірлік көз жанарына актуальды жүзеге асқандықтан емес, көз актуальды мөлдірлікті қабылдап, көздің өзі де көрінетін нәрселердің формаларына ие болды және тек осының нәтижесінде ғана актуальды көргіш болды. Жоғарыда актуальды интеллекцияның әлеуеттіге ауысуы жайлы әл-Фарабидің пікірі – бүгінгі таңға дейін ғылыми негіз.
Біз белгіліден белгісізге қарай жүретін болғандықтан, ал өзіндік кемелді болмыс біз үшін белгісіздеу болмыс болғандықтан, басқаша ол туралы біліміміз мейлінше мардымсыз болғандықтан, актуальды интеллектіде бар нәрселердің тәртібі осы нәрселер үшін әрекетшіл ингеллектіде белгіленген тәртіпке қарамастан қарсы болуы қажет. Әрекетшіл интеллект дүниеде бар нәрселердің ішінен алдымен ең жетілгендерін таниды, ал материялық формалар әрекетшіл интеллектіде материядан абстракцияланған формалар болып табылады. Мұның себебі олардың бұрын субстанцияда болып, кейін абстракцияланғандығынан емес, олардың әрқашан да осы күйде болып келгендігінен деп түсіндіреді данышпан әл-Фараби..
Ойлау өнерінің интеллекциялық әрекет әдісі біреу, ол – жинау. Интеллект - жинау әдісімен келетін сапа. Олай болса, Әбу Насыр Әл-Фараби әлемдегі бірінші ұстаз Аристотельдің ғылыми тұжырымына тоқталса, ойлаудың пәлсапалық анықтамасын, рухани шығу тарихын біздер түркі жұртының ғана мақтанышы емес, әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабиден іздеуіміз орынды құбылыс.
Әбу Насыр Әл-Фараби «интеллект» ұғымына пәлсапалық тұжырым жасап, оның ішінара бөліктерге жіктеліп кету себептерін ашқан. Оған қысқаша интерпретация жасасақ, мынандай түйіндер шығады:
- әлеуетті интеллект – формаларды жүзеге асыратын субстанция;
- актуальды интеллект – тек осы форма жөнінде актуалды, қайшылықты шешу;
- әрекетшіл интеллект – іс-әрекеттегі интеллект;
- жүре келе дарыған интеллект бірінші материядан бірте-бірте өрлеп, нәрселердің (иерархиясы) аяқталатын шегі бірінші материя және материя болып табылады. Уақыт пен кеңістіктегі жиналған интеллект. Уақыт озған сайын интеллект өрлеу үстінде болады [1, 64 б.].
Қорыта келгенде, атаулы тұрғыда педагогика ғылымына арнаулы еңбек сіңірген XVII ғасырдың батыс ойшылдары мен Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі ойлау өнерінің парасатты негізде келу тұсын жеке қарастыруымыздың басты себебі оның қажеттілігін ескердік:
1) неліктен біздер алдымен Еуропа кейін Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерін зерделедік. Оның басты себебі, сан ғасырлар бойы ойлау өнеріне үлес қосқандар Еуропа өкілдерінен басталғаны жайлы таптаурын пікір қаклыптасты, біздер соны ескердік;
2) Жоғарыдағыларды қорыта келгенде, біздер «парасатты ойлау» ұғымын Әбу Насыр әл-Фараби еңбегіне незідеп алдық.
Д. Финн қарапайым адамдар технологияны жай ғана аппаратура жиынтығы немесе оқу материалдары деп санайды. Бұл одан да кең ауқымда. Бұл ұғымның, әдісі, бұл материалдар, адамдар, мекемелер, модельдер және «адам-машина» түріндегі жүйелер, пікірлер бейнесі ретінде қарастырған.
П. Д. Митчелл [62] жүзден аса деректерді талдау нәтижесінде педагогикалық технология бұл әлеуетті және өзгешелік нәтижелеріне жету үшін ресурстарды бөлу және педагогикалық жүйелер ұйымының барлық аспектілерімен байланысы бар зерттеу және тәжірибе саласы білімдену жүйесі шеңберінде деп түсіндіреді.
ЮНЕСКО, ауқымды тәсілді ұсынады, – педагогикалық технологиялар бұл білімденудің аса тиімді формасына жету үшін жүйелі жоспарлау әдісі, барлық оқыту үдерісін бағалау және қолану және білімін адамдық және техникалық ресурстардың және олардың арасындағы өзара байланысын есепке алу жолымен игеру деп есептейді.
Е.А. Леванова [63]. Педагогикалық технология – бар жағдайдың нәтижеге қатысты диагностикасын қамтамасыз ететін амал, тәсілдер, тану-тәртіп, әрекет тапсырмаларының құрылымдық жиынтығын реттейді деген түсінік береді.
Педагогикалық технология – оқыту мен тәрбиенің нақты жолдарын зерттейтін, қағидалар мен реттеуші әдістер жүйесі, оқу және тәрбиеде қолданылады, оқыту мен тәрбиелеудің нақты үдерістік ғылыми сапалығына қызмет ету мүмкіндігі іспетті деп түсіндіріледі.
Қарап отырғанымыздай, аталған педагогикалық технология жайлы тұжырымдар жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру тұрғысында білім беру технологиясы жайлы түйінді ой-пікір жоқтың қасы екенін байқаймыз. Себебі педагогикалық технология жалпы ұжымға арналған. Ал білім берудің жаңа технологиясы дегенде біздер студенттердің ойлау өнерінің жаңа ұстанымда бағдарлану үдерісін оқытушы-профессорлар құрамының алдын-ала проектілеу тұрғысында іске асыруы дегенді алға тартамыз.
Инновация (лат. сөзі innovus – жаңаша) дегенді білдіреді. Көптеген түсіндірме сөздіктерде инновацияның басты көрсеткіші, білім беру жүйесінде қалыптасқан дәстүрлі және жалпы тәжірибенің басынан бастап прогрессивті дамуы болатыны жайлы пікір айтылады. Негізінде жаңа білім беру технологиясында әр студенттің жеке мүмкіндігіндегі қабылдау әдісі, немесе перцептивті және ұқсас ойларды бір түйінге түйістіру әдісі, апперсепселі үдерістерді ескеріп, соған сәйкес деңгейліктерге тапсырмалар құрастыру мәселесін шешетін жағдайды қарастырады.
Қазіргі кезде дамыған, өркениетті елдердің ұстанымы жалпы адамзаттың басына қауіп төндірмеудің амалына ғылым мен білімді тиімді пайдалану екені түсінікті.
XX ғасырдың құндылықтары мен дүниетанымына жаңа философиялық пайыммен, парадигмамен қарағанда, адамдардың білімі, ғылыми ізденімпаздығы мен ізгі тілегі ғана бірден-бір маңызды ресурстар болып табылатыны белгілі болды. Оларсыз бейбітшілік, гумандық сипат пен адамзаттың құқықтары мен негізгі бас бостандықтары ешқандай озықтық, ілгерішіл қарқында орнықпайтыны айқын бола бастады. Мұндай сүбелі де салиқалы мәні бар қасиеттерді дамытуда ғылым мен білімнің атқарар орны ерекше. Оқытудың білім мазмұны жүйесін біртұтастық қағидаға алу заңдылығын жобалау амалының нәтижелі іске ықпалы зор екені байқалды.
Оқытудың бұл нысанасы ғылымның басқа салаларындай уақыт пен кеңістік, қоғамдық мүдде мен құндылықтардың сапасы ұдайы ауысып отырған сайын жаңарып, кей тұстарда құрылымы түбірімен қайтадан өзгеріске ұшырайтыны кеңестік дәуірдің күйреуімен дәлелденді. Жаңа жүйені құру үшін алдымен өткенге сараптама жасаудың маңызын оқыту заңына негіздеген жағдайда тығырықтан шығудың бір амалы табылмақ.
Сараптама материалының жаңа ғылым мен білімге негіз болуы үшін әдіснамалық жүйе жасау жолдарын меңгеруде мамандық иесі ынталылық танытпақ. Мұнымен бірге жаңа ғылым мен білімнің бұрынғыдан айырмашылығын ажыратып берерлік өлшемдіктерді іріктеп алу мақсатын ұстанбақ. Бұл іс-әрекет жүзеге асқан уақытта оның алыс болашаққа негіз боларлық құрылымы мен тұжырымын сұрыптап алмақ. Ұдайы үзіліссіздік білім мен ғылым меңгертудің заңдылығын алдымен халықтың деңгейіне, одан кейін көршілес ТМД елдерінің ұстанымына, соңында ғаламдық, әлемдік иерархия мәресіне үндестіру мақсаттылықтың басымдық бағыты екені ескерілмек.
Оқытудың білім мазмұны тұрғысындағы біртұтас жүйесі жоғары оқу орнындағы барлық ғылым мен білім бағыттарын бір орталыққа шоғырландырып, модернизация талабын шешуге ықпалын тигізеді. Нәтижесінде, программаға, проблемаға, модульге ыңғайлап оқытудың рейтинг және мониторинг жүйесін пәндердің ішкі қағидалары мен заңдарын ашу мүддесіне сай құрылуына қозғаушы күш болмақ. Өзекті мәселенің көкейкестілігінен жоғары оқу орнында оқытудың мазмұндық біртұтас жүйесін құрудың қажеттілігі туып отыр. Бүгінгі таңда біздің халқымыздың болашағын өркениетті елдердің санатына бағдарлаудың бір тізгіні - жоғары оқу орны. Үш мыңыншы ғасырдың алыс болашағына жаңашыл субъектіні ізгілік нұрында ғылым негіздерімен дамыту – басты мақсат. Осы мақсатты жүзеге асыруда қоғамымызда кезек күттірмейтін, тез арада шешімін табуға тиісті ғылыми мәселелерде қайшылық туып отыр. Ол – таптаурын болған оқулықтар мен тәжірибелік істе студенттер санасына жаттанды ұғым болып қалыптасып қалған жаттанды түсініктерді парасатты ой құруға бейімдеу. Парасатты ойлау негізіндегі тұжырымды студент өздігінен құруының нәтижелілігін қамтамасыз етер жоғары деңгейге ұмтылдырудың нысандарын айқындау болып табылады.
Ойлау өнерінің тұжырымы болу үшін педагогиканың философиялық негізінің парадигмасы әр пән ғылымының тірегіне айналуы міндетті.
Егер бұндай концептуалды ұстаным нәтижелі болсын десек, білім мазмұнының өзі жоғары мектепте біртұтас дүниетанымға бағытталуы көзделеді. Бұл тұжырымды жүзеге асырудың бүгінде ғылыми тірегі арнайы зерттеуді қажет етеді және бұл ұстанымның компоненттерін әр түрлі қырынан зерделейтін ғылыми еңбектер керек. Егер генезисіне көз жүгіртсек, мынандай ой-түйіннің жиынына көзіміз жетеді:
- дүниетаным сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес;
- ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді;
- түйсік дегеніміз адал жетекші ой және зейін, сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.
- білім тиянақтылығы теорияның негізіне құрылады. Ойлау өнерінің көкейкестілігін айқындап отыратын «Жақыннан алысқа», «Белгіліден белгісізге», «Нақтылықтан дерексіздікке», «Жеңілден ауырға» секілді қағидаларды жіктеп, олардың бір - бірінен ерекшеленетін белгілерін сипаттап, ережелерін құрады.
Ойлау өнерінің қағидаларын, заңдылықтарын жеке қарастырған, дамымалы оқыту жүйесін зерттеген – В. В. Давыдов [64], Д. В. Эльконин [65], педагогикалық психология жайлы ілім жасаған ғалымдар – О. С. Анисимов [66], Ф. Н. Гоноболин [67], В. П. Беспалько [68], Н. В. Кузьмина [69].
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін құрып, оқытудың проблемалық жүйесін айқындап берген бір топ ғалымдардың еңбегі ерекше, олар: А. М. Матюшкин [70], М. И. Махмутов [71], Ю. М. Колягин [72], соның ішінде, жоғары мектеп нысанасына қатысты жүргізгендер: С. И. Архангельский [17], А. А. Вербицкий [73], В. П. Беспалько [68,с. 42-43] және т.б.
Оқытудың теориясы мен әдістерін және модульдеудің үлгісін айқындап берген бір топ ғалымдар: С. Рубинштейн [12,с. 47], Д. Эльконин [65,с. 36], Б. Ананьев [74], А. Вербицкий [73,с. 63], Е. Семенова [75] және т.б.
Оқытудың міндеттерін белгілегендер: С. Л. Рубинштейн [12], А. Н. Леонтьев [15,с. 35-36], Г. Балл [76], Ю. М. Колягин [72,с. 38], Л. М. Фридман [77].
Оқытудың білім мазмұнындағы құрамдық бірліктерін шоғырландыруды ұсынған ғалым - П. М. Эрдниев [78].
Жоғары мектепте жаңашыл ұстанымдағы әдіснамалық негіздің педагогикалық біртұтас жүйесін қарастырған ғалымдар: В. П. Беспалько [68,с.57], Л. Клемберг [79], З. Кил [80], В. В. Краевский [81,с. 91], Н. В. Кузьмина [69,с. 38], Т. С. Садықов [23, с. 86], А. Е. Әбілқасымова [24,с. 106] және т.б.
Әдіснамалық, әдістемелік зерттеулерде ойлау іс-әрекетін және философиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үдерісінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина [82], А. Усова [83], С. Шапоринский [84]. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген амалдарын бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:
- арнайы;
- жалпы логикалық білімдер.
В. А. Крутецкий [85] ойлау қабілетін дамытуды екі категорияға жіктейді:
1) жинақталған білімдер қоры;
2) білім алуға қажетті ойлау операциясын меңгеру.
Қазақстан Республикасында оқытудың алға тартар платформасын жасауда ізгіліксіз ғылымды меңгерудің нәтижесіздігі дәлелденді. Оған көптеген ғалымдар зерделі зерттеулер жүргізді. Жеке-жеке саралап айтсақ, А. Ш. Абдраман [86] жоғары техникалық оқу орнында болашақ инженердің моделін ғаламдық құпияны ашуға, зерделеуге ынталану өзін Басқарып Тұрған Құдірет ісіне бағыну заңдылығының негізінде жүзеге асуы жайлы Құран Кәрімнен үзінді келтіру сапасында ой түйеді.
«Ғылымның ғарышты пайдалануы жер қойнауындағы кейбір құбылыстардың космос арқылы анықталуы осыдан және бұл Құран Кәрімде айтылған Жер – ғарыштың біртұтастығының дәлелі», - дейді зерттеуші.
Автор бұндай түйінге келуіне себепші болған зерттеулерге сілтеме жасайды, олар: П. К. Анохин [87], Д. Н. Унадзе [88] және т.б. еңбектері.
Гүл Құмашқызы Нұрғалиева [89] тұлғаны құндылыққа бағдарлаудың психологиялық, педагогикалық негіздері жүйесінің тұжырымын құрып берген. Бұл мәселені мемлекеттік тұрғыда зерделеп, стратегиялық шешілімнің міндеттерін былайша жіктейді:
- тұғырнамалы, халқына қызмет етерлік мықты президенттік мемлекет құрылуы;
- жеке адамның құндылыққа құрылған бағалы бағдарламасының әрбір үдерістің нәтижелілігіне бейімделуі;
- жеке адамды әлеуметтік өмірге араластырудың көкейкестілігін шешуі;
- кез-келген мамандықты өзінің табиғи мүмкіндігіне қарай таңдауға төселуі;
- іс-әрекеттің түрлерін туғызатын, жүйе жасайтын интеграцияның мәнін дәлелдеуі.
Оқытудың әдіснамалық біліктілігін ілгерілетудің заңдылығын И. Я. Лернер [90], Б. И. Коротяев [91], П. И. Пидкасистый [92] секілді ғалымдардың тұжырымдарына негіздеп, өзінің ұстаным-тұғырнамасын алыс болашаққа ыңғайлы келерлік студенттердің моделін сомдауға бағыттайды.
Аталған іс-әрекеттердің бәрі тек оқыту қызметінде өзін-өзі бақылауды үздіксіз дамытудың нәтижесі екеніне Л. И. Рувинскийдің [93] еңбегіндегі негіздемелерге сілтеме жасау арқылы дербес жаңа тұжырым-түйін құрайды.
Сол секілді Хорлан Рахимбек [94], Досымхан Рахимбек [95], Талғат Сабыржанұлы Сабыров [96] және т.б. оқыту үдерісінің жүйесін құрып берді. Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде пәннің ішкі заңдылықтарына орай дербес жүйесі бар екенін айқындайды. Аталған еңбектерде білімнің заңдылықтары, құрылғылары, тұжырымдары әр түрлі бағытта болғанымен, нысананың сарыны мен мазмұнынан шығатынын ескерген жөн. Ол үшін өтілетін нысананы талдау, жинақтау, қарастыратын теориялық негізін сұрыптау, саралау, жалқылау және т.б. ойлау іс-әрекетінің танымдық қызметін жүзеге асыруға ерекше назар аударылған.
Басымы нақты пәндер және жоғары оқу орнынан гөрі мектепке қатысты оның жүйесі зерттеудің негізгі нысанасы болып келеді. Гуманитарлық бағыттың әдеби нысанына қатысты еңбек сирек кездеседі.
Бүгінгі таңда ғылыми еңбектердегі оқытудың біртұтас жүйесіне қатысы бар пайымдар талданып, жаңа тұжырым сараланды.
Педагогикалық бейімге орталықтанған жүйесін зерттегендер – Д. Дьюи [97], Т. Кершенштейнер [98], В. Лай [99]. Бұлар – XX ғасырдағы педагогикалық істің реформалық теориясын жасаған ғалымдар.
Жаңа жүйеге ыңғайланған модульдің авторлары – П. Гальперин [14], Л. Занков [100], В. Давыдов [64,с. 78], К. Роджерс [101], Дж. Брунер [102], ресейлік 80-жылдардағы жаңашыл педагогтар.
Бұл модульдердің қайсысы «озық», «басыңқы» деген сараптамалық сарындағы заңды сұрақ өз-өзінен туары сөзсіз. Оған жауап былай болып жинақталып беріледі:
- педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульде студент қызметі басыңқы, былайша айтқанда, студенттің оқу ғылыми (егер ол қабілет бар болса) қызметін ұйымдастыру басты рөльде;
- жаңа жүйеге ыңғайланған модульде аталған екі үдерістің басын қосып қарастыру басым.
Нәтижесі – бір нүктеге келіп тоқтамай, толассыз үнемі үзіліссіз даму әрекетіне бейімдеу. Соның ішінде, ұлттық, жалпы әлемдік психология негізіне құрылған когнитивті психология (Дж. Брунер), ассоциативті, перцетивті, түйістеу деңгейліктері дамыған тұлғаны сомдау.
Ал осы аталған қабілет шығармашыл ойлау мүмкіндіктері тек ізгілікті педагогиканың (К. Роджерс) тіректік нысанында өрбуі қамтылады.
Жаңа жүйеге ыңғайланған модульде қандай ой-түйіндердің қабаттары кездеседі? Олар мыналар:
- программалап оқыту, проблемалы амал қарастыру, дамымалы өрлеу кеңістіктің жүйесін туғызу, үлгілеу (П. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов және т.б.);
- педагогикалық ынтымақтастық топтар (Ш. Амонашвили [103], Т. Гончарова [104], Я. С. Турбовской [105], М. Н. Скаткин [106] және т.б.);
- педагогикалық технологиялар (К. Вазина [107], А. С. Границкая [108] және т.б.).
Оқыту – қарым-қатынас үдерісі. Мұның нәтижесі – басқару танымының қалыптасуы, ал басқару танымының қалыптасу үдерісінде негізгі маңызды мәселе – тарихи-қоғамдық тәжірибе жинақтай білу шеберлігі. Тұлғаның даралық сипатын нақтылы ойлау пайымы оқыту дәрежесін жоғары басқышқа бағдарлайды.
Оқыту - педагогика ғылымының категориясы. Үдеріс - оқыту жүйесінің өзгерісі, бірінің басын жинақтай алғанда, ол - біртұтас іс-қимыл, нысана, әрекет. Мұның формуласын кезінде В. П. Беспалько былай бенелеген [68,с. 56-57]:
Айқындап айтсақ, Оқыту – қабылдау, перцептивтік үдеріс; С - студенттердің оқу үдерісіндегі ұстанымы, жұмысының сарыны ОА- орындалым алгоритмі (студенттің біліктілік танымының әрекеті); БА - басқару алгоритмі (оқыту үдерісін оқытушының басқаруы).
Оқыту үдерісі әр түрлі деңгейлікте жүзеге асқандықтан, бір айналым жүйесінде тұйықталып отырады. Педагогтық істе ойлау өнерінің өркендеу мақсатын бір айналым мәресінде айқындап отыруды назарда ұстаған жөн. Оның өзі екі топтың төңірегіндегі мақсатты көздейді:
- біліктілік – ғылым негіздерін барлық студенттердің қабылдауы, белгілі бір білікті меңгеруі, сол бағытта олардың икем, дағдысының дамытылуы, тәні мен жанының ғылымнан нәр алуы, рухының қуат нұрына бөленуі, еңбек майданына араласуға дайын болуы, кәсіптік мамандыққа ширауы;
- ізгілікті тәлім – адамгершілігі жағынан жоғары, жан-жақты дамыған дара тұлғалы, ғылыми дүниетанымы бар, гумандық бағыттағы, шығармашылығы ұшқыр, әлеуметтік орны салиқалы студент. Аталған екі мақсаттың іштей қатыстық өлшемі – алғашқысының екіншіге тәуелді болып келуі, бұл – жоғары оқу орнының жүйесі.
Ең бастысы – біліктілік, адал, ізгі азамат тәрбиелеу, кірпияз, іскер, өздігінен біліктілігі мен ғылыми дүниетанымын дамыта алатын, адами қасиетін өмірде кәдеге жарататын субъектіні сомдау.
Басқа екі көрсеткішті оқыту нәтижесі, ол - оқу үдерісінің соңғы табыстарын айқындаудың құралдары және оның біртұтас жүйесінің динамикасы.
Оқыту индикаторы жайлы бірталай мәселелер туындайды. Олар мыналар: Ол қандай жүйе? Қандай белгілері бар? Қандай бөліктерден тұрады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін алдымен оқыту үдерісінің өзіндік табиғатын түсінген дұрыс.
Оқыту үдерісін жүйе ретінде мінездеу үшін оның өзгертілім динамикасын іштей қадағалау орынды. Оның құрам бөліктерінің өзгерістерге ұшырау үдерісін байқау абзал. Мұның бәрі дерлік белгілері арқылы нышан береді. Айтылған жүйе - жай жүйе емес. Ол ерекше жүйе - әрекеттестік, синергетика жүйесі.
Оқытудың жүйе құрастырушы үдерісі оқу материалын меңгертудің мақсаты болып табылады, оған студент қызметі және нәтиже кірігіп біртұтас жүйесін бернелейді. Мұның өзгерістілігі мен динамикасын бағдарлайтын механизм - басқарудың амал-тәсілдері.
Бұнда оқытудың оқу материалдары сұрыпталып жинақталады, оқыту әдістері топтастырылады, оның құралдары айқындалады (қатысым құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық-матрицалы құралдар, ғылыми-монографиялар, интернеттік жүйе ақпараты және т.б.), оқыту әрекеттестігінің түрлері ұйымдастырылады (ойындар: симпозиум, іскерлік әрекет, ассоциация және т.б.).
Оқыту құралдарының өзара іліктестігі және басқа үдерістермен байланысы мағынаны ажыратудың бөліктерінің басын құрастырады. Мұнда толық үндестік, сарындастық жүзеге асады. Бұлардың бәрі тұтас дүниеге айналғанда, нәтижеге жетудің нық одақтық, ынтымақтастық педагогикасының маңызын анықтап береді.
Білім мазмұнының біртұтас үдерісінің негізгі көзі кіріктірілу қасиеті мен жалпы үлкен мақсаты ізгіліктің бағытына бағынады.
Білім мазмұны нысананында оқыту үдерісі әрекеттестік, қызмет құбылысы ретінде қарастырылады:
- әрбір әрекет, оқытушы-студент қызметінің Sit - жағдайларын зерделеп, оқыту мақсатын құрастырады және оны студент қабылдау әдісі, перцептивті дәрежеде толысып кемелденіп отырады;
- жұмысты жоспарлайды, бағдарламасы үнемі өзгерістермен, жаңалықтармен модернизация мүддесіне сәйкестендіріледі, оқыту мазмұны сұрыпталады, мақсаттың нәтижені көздейтін құралдары іріктеледі, әрбір жаңа фрагмент - көріністер түрлі-түрлі тәсілдерге жіктеліп, әр студенттің перцептивті, апперсепселі қабылдау әлеміне үндеседі. Әр тұлғаның интериоризациясын, ішкі бақылау қабілетін іске қосады:
- оқыту операцияларының орындалым қарқыны мен ұтымдылығын бағамдайды, оқытушы мен студенттің оқыту одағының ынтымақтастығын ұштайды (өздігінен дербес жұмыс, жекеше жұмыс, оқылған жаңа дәрістердегі берілген нұсқанамалардың ауқымын қосымша материалдармен толықтырады);
- қайталаным әрекеттестігінің ізденісті-зерттеу пайымына ұласуы, материалдардың маңыздылығын меңгерудегі жұмыстың байқалымы мен өзгеріс динамикасы арқылы бақылау іске асады;
- оқыту нәтижесіне мониторинг деңгейіндегі бағалау, талдау және жинақтау жүйеленеді;
- аудиториядан тыс жұмыстарды өткізу көзделеді.
Оқыту ұғымындағы әрекет оның белгілерімен тығыз байланысты. Белгілі әрекеттің шеңбері мен орындалым бағытын танытады. Оқытудың маңыздылығының белгілерін сипаттайды. Оқытудың біртұтас жүйесі оқытудың үш функциясын білдіреді: біліми - ғылыми, өрлеу жүйесіндегі дамымалы және ізгілікті тәлім.
Біліми-ғылыми белгісі – студенттің біліктілік қабілетін ғылыми негізде кемелдендірудің кепілі. Осы бағытта студенттің икем, дағдысы ширатылады. Ішкі бақылауы кемелденіп, өзінің өнімді еңбегін шығармашыл бағамға жеткізетін рухы қуат пен күшке толығып отырады.
Мұндай студенттер шаршап-шалдығудың орнына құлпыра, жандана, рухтана, шабыттана, нұрлана түседі. Педагогикада біліктілік түсінісу деңгейінде ажарланады. Жиған білігі мен ғылымының ең ұтымдысын жадына бернелеп орнықтырады, тұрақтандырады. Ол қажет болса, жұлма жадының нәтижесінде қайыра айтып береді.
Ғылым жетістіктерін дәйектілік дәрежесінде жіктеп, ұғымдарға түсініктемелер беріп, теориялық пайым жасап, заңдылықтар мен қағидаларды фактілерге сүйене дәлелдей алады. Меңгерген ұғым – түсініктері мен тұжырым-пайымдарын реттейтін ішкі бақылауы кемелденген (интериоризация) ғалымдардың қорытынды пайымдарымен өзінің ой-мүддесімен қабысады, біліми-ғылыми ілімді жүйелі де ауқымды тұрғыда жинақтай алады, өзінің іс-қимылын саналы деңгейде жүзеге асырады. Негізгі ғылым салаларынан аталған ынтымақтастық оқыту қажеттіліктерін фундаментальды мағлұмнамалармен қанағаттандырады. Берілген және айқындалған жүйе үнемі тәртіптеліп, реттеліп (алгоритмге түсіп), оқытылатын материалдардың көлемін, шартын, біліктілік пен ғылыми қабілеттілігін, құрайтын іскерлігін алдын ала Sіt - жағдайларға үйлестіріп отыруға ықпалын тигізеді. «Үйлестіру» ұғымы унификациялау дегенді аңғартады.
Оқытудың бұл үдерісі оқытудың даму белестерін айқындауға мүмкіндік жасайды. Дамушылық үдерісі барлық бағыттар арқылы жүзеге асады: тілін дамытады, сөз өнерін ыңғайына қарай ширатады, ойлау қабілетін деңгейлік сапада макроиерархия дәрежесіне бағыттайды, ішкі суретке салар ой сезімдерін әдейі іске қосу сенсорлы, мұның өзін аффектілі қалыпта жүзеге асыруды көздейді. Студенттердің психологиясын табиғи жағдайында қалдырмай, дәріс үдерісінде экспериментальды байқау амалдарымен ішкі болмысына оңтайлы, жағымды ықпал етеді. Студенттің даралық болмысы үнемі өзгерісті бағытқа ынталы болып келеді. Сезімі мен еркіне қажеттілігін жіктеп, оқыту сарынын ажыратады. Дамымалы үдерістің белгісі біліктілік пен ғылыми және дамушылықты ішінара байланысты деңгейде қарастырудағы қайшылықтарды жинақтап, оның шешімін педагогиканың философиялық негізіндегі психологиялық мәселелерінен табады.
«Психологияның ең маңызды заңдылығы оқытудың дамуын жүзеге асыру» - деген Л. С. Выготский [13,с. 82-83]. Оқытудың даму үдерісін жүзеге асыру оқу үдерісінің мазмұны арқылы жүреді, ол оқыту әрекеті болады. Ал тұлғалық сипат тек психология тұрғысында, мұның бәрі ынтымақтастық одақ қоғамдастығында біртұтас жүйе құрайды.
Кезінде, 60-жылдары, Л. В. Занков жас ұландар үшін оқытудың дамымалы жүйесін құрған [100,с. 92]. Оның басты қағидалары: оқытудың мазмұнын сұрыптауы, қабылдауға бағытталған әдіс-тәсілдері, тілі, ойлауы, шығармашылық қабілеті, қосымша материалдарды орындау барысындағы көкейкестілікті табуы, қайшылықты шешуі. Бұл тұжырымға үндестікте келетін Д. Б. Элькониннің [65,с. 48], В. В. Давыдовтың [64,с. 73], Н. А. Менчинскаяның [109] ілімдері. Аталған зерттеу еңбектердің табыстары ойлау өнерінің нысанасына ерекше құнды нәтиже әкелді:
- ойлау әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы (П. А. Гальперин);
- проблемалы оқытудың әдістері (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер);
- танымдық ойлау белсенділігін арттырудың тәсілі және т.б.;
- қандай ғылым саласы болса да, оның біліми-ғылыми аспектісінен бөліп алмаушылықтың амалы т.б. Мұнан басқа, тәрбиелілік мәні бар. Тәрбиелік мән сол қарастырылатын нысананың ішінен шығады. Оқыту мен оқу үдерісінде осы тәлімнің ізгілікті пішінін жинақтап алуға ерекше көңіл бөлінеді. Оның парадигмасы заманның өзгерісіне орай құбылып отырады. Тәрбие мен біліктілік арасында заңды байланыс бар. Мұның өзі оқыту және даму үдерісі сияқты жұптық сапаның көрсеткішінен тұрады.
«Басқару» деген сөздің мағынасы - оқытушы - профессураның студенттерге белгілі бір ғылым саласындағы бағдарламалық ықпал жасауы. Аталған сөздің мағынасында студент қабылдаған біліми-ғылыми нысаналарына тек түзетулер енгізу дәрежесінде емес, олардың ішкі болмысының ғылым көздеген бағдарына үндесіп отыруына бағыт беру. Атап айтсақ, әр студенттің ойлау пайымының қалыптасып қалған құрылым жүйесіне ғылыми ықпал жасау. Мұның өзі сол меңгерген ғылымының өз басына ізгілікті нұсқада пайдасының болуы деген сөз. Сөйтіп, ол өзінің ойлау пайымын басқаратын дәрежеге жетеді. Сонымен бірге оның әр түрлі іс-қимыл-әрекетін өзінің сапалы ойлау қабілетімен басқарады. Сөйтіп, ғылыми жетістігінің ішінен өзіне тиесілі өнімді меншіктеуге дағдыланады. Бұрынғы көздеген мақсаттарына ешкімнің көмегінсіз өзі түзетулер енгізіп, өзінің ғылыми еңбегіне диагностиканы аналитикалы дәрежеде құрастырып, ісінің өнімділік деңгейін үнемі шығарып отыруға ниеттенеді. Ең ұтымды әрекетке, сыртқы құбылыстарды өзінің ішкі ғылыми пайымымен үйлестіріп отыратын машыққа қолы жетеді.
Оқытушы-профессураның басқару үдерісі – студенттердің ғылыми ойлау әрекетін белсенділік және саналылық деңгейге бағыттау. Бұны жүзеге асыру үшін оқыту міндеттерін негіздеу, олардың дербес білімін - ғылымын өздігінен ілгерілете алуына қолайлы жағдай туғызу. Негізгісін таба білуіне ұтымды нұсқаулар беру, ғылым жиюға құмарлық, құштарлық сезімдерін ояту, жауапкершілік пен парыз міндетін түсінуіне бағыт жасау көзделеді.
Оқытушы-профессураның әрбір дәрісінен кейін студенттің ғылыми жұмысын ұйымдастыру үдерісінде жағымды өзгерістер болуы заңды. Оның тұлғалық болмысы да осы үдеріске сәйкеседі. Тұлғалық болмысқа студентті бағдарлау – оқытудың нақтылы жағдайының мақсат-мүддесін саралау. Екшелген мақсат-мүдде типтік міндеттердің қосындысынан тұрады. Аталған міндет-мүдделерді сұрыптап алмау нұсқалы оқытуға қол жеткізбей, оның жетістіктеріне иемендену уақыты ұзақ мерзімге созылады. Бұл - нарықтық қоғамның сұранымынан қалыс қалу. Нәтижесінде, педагогтық бақылау толыққанды үдерісте жүрмейді.
Қорыта айтқанда, студенттерді бір нысананы меңгертуге бағыттап отыру үдерісі жетімсіз, оқыту мазмұнын өзінше, дербес ізденісте өзін-өзі басқару әрекетінің механизмін дұрыс білу іс-қимылында меңгертуге нұсқау жасалуы ұтымды нәтижеге бағыттайды.
Студенттерге білім меңгерту біліктіліктің ғылыми танымын жіктеу үдерісінде жүзеге асады. Біліктіліктің ғылыми танымын оқытушы-профессура оқу үдерісін біліктілік – ғылыми нысананың бағынатын заңдылықтарына негіздейді. Аталған бағытты жүзеге асыру үдерісінде көпқырлы іс-әрекеттік тұжырымдар екшеледі, мұның өзі оның мазмұнына бағынбайды. Соңғы нәтиже студенттің қабілеті мен іскерлік, дағдысының кәсіптік ыңғайға ширауымен бағамдалады, сөйтіп, прагматикалық дағды қалыптаса бастайды.
Берілген пайымның ұтымды тұстары даяр білімді қайталаным әдісіне салудан сақтайды деп ұққан жөн. Мұнан біліктілік пен ғылым жаңалықтарының жетекшілік рөлде болуын бақаймыз. Нәтижесінде, студент өзінің қолынан іс келетініне сенеді. Алға ұмтылысының карқынын шамалайды. Аталған, жиған ғылыми жетістіктерін бұрынғы банк қоймасына «жүйелеп, екшеп» жинақтайды. Әрбір көтерілген ғылыми-біліми басқыштарының тұстарын айқындап, өзінің төл ісіне назар аударып, қолынан келер мәселесін жеке топтастыруға ниеттенеді.
Оқытудың танымдық әрекетінің негізгі бөліктеріне назар аударалық:
- оқылатын, меңгерілетін пәнді ауызша тыңдау, оқу, конспектілеу, реферат жазу, бақылау жазу т.б. Мұның бәрі дерлік оқытудың нәтижелі болуына басты әрекет;
- студенттің әрекеті, міндет-мүддені шешудің әдіс-амалдары, оқу әрекеті арқылы теорияны меңгерудің тәжірибелік маңызы, көрсеткіштердің құрылым - жүйесі, санатты бағам жасау қабілеті, үлгімен орындай алу машығы, типтік тапсырмалар мен мәтіндердегі мәнді деген мәселелер мен көркемдік құралдырының автор көздеген мәреге жуықтығын шығару шеберлігі, оған талдау-жинақтауы, біртектес ұғымдарды жеке топтастыруы, аталған нысаналарды алгоритмдеуі, осындай нысаналарды талдай білуге жаттығуы, моторико-автомат дәрежесінде ширауы;
- студенттің жиған ғылыми білігінің ақиқатқа жуықтығы, ортаға қажеттілігі, нарықтық сұранымға үндестігі, болашақтағы мүмкіндігі және өзін-өзі бақылай алатын қасиеті. Бұл жүйеде студенттердің іс-қимылы мен ойлау әрекетін ұйымдастыру сәті оқушылардан бөлек. Студенттердің білік пен ғылым жию әрекетіне фундаментальді ғылым негіздері жетекшілік жасайды. Оның өзі жоғары оқу орнының ғылыми-техникалық негіздерден тұратын мүмкіндігіне қатысты. Жаңа ғылымды меңгеру – ғылым мен техниканың тікелей жетістіктерінен туындайтын нысана.
Студенттің ғылыми-біліми деңгейін фундаментальді негіздеріне қарап бағалаймыз және ол өзінің теориялық білігін өмірде қолдана алу іскерлігімен ерекшеленуге тиіс. Сөйтіп, кәсіпкерлік іске араласпай тұрып, кәсіпті меңгергендігін таныта білетін машыққа жетуі - басты әрекет.
И.Е. Конфедератов [110] жоғары оқу орнында танымдық әрекетті, құбылыстарды қабылдаудың әдістері ретінде ұсынады. Меңгерген ғылымын саналы түрде сұрыптай білетін, тәжірибеде жоғары деңгейде қолдана алатын, жоғары көрсеткіштерге жоба мен болжамды нақтылы пішімдейтін студенттер - оқытудың танымдық әрекетінің нәтижесіне жеткендер. Бұл бағытта Ю. К. Бабанский [111] - 80-жылдары өз тарапынан ғылымға үлес қосқан ғалымның бірі. Оның жіктемесінен интеллектуальдық қабілет студенттің ғылыми жұмысын ұйымдастыру сарынына ықпалын тигізеді деген түйінді кездестіреміз. Соның ішінде, жиған ақпараттарын аудармай қабылдау, еске сақтаудағы рационализм, негізгісін бөліп алу, танымдық өзекті мәселелерді шешуге міндет-мүдделерді топтастыру, жаттығу жұмыстарын орыңдау, өзіне өзінің бақылау жасау сияқты әрекеттеріне назар аударады.
Оқытудың танымдық әрекетінің негізгі операциясы Ю. К. Бабанскийдің пайымында, студенттің нысанадан ең белді, маңызды, басты мәселені бөліп алу әрекеті. Бұл ұстанымды Б. Ананьев дамыта түседі. Аталған ғылым жию әрекетін кең ауқымда қарқынды леппен ұйымдастыра білу машығына көңіл бөледі. Егер бұндай танымдық деңгей қалыптасса, мамандығына сәйкес арнаулы қабілеттіліктері мен біліктілігін, ғылыми деңгейін өсіру үдерісі қарқынды тұрғыда өрлейді деп зерделеген [74,с. 56-57].
Шын мәнінде, жоғары оқу орнында ғылымның өзі ойлау өнері негізінде құрылып отыруын қадалағаса, оның теориялық, әдіснамалық, интеллектісін дамыту қабілеттілік өз-өзінен болатын әрекет демекпіз. Мұндай дағдылар ширатылып отырылса, алған біліктілігі мен ғылыми қорын студент өзінше, дұрыстық негізінде, жинақтайтын дәрежеде жетіледі.
Оқытудың басқа бағыттарындағыдай мұнда мақсат пен мүддені анықтау, оның жүзеге асуы үшін міндеттерін жіктеу бірінші орында тұратыны даусыз. Әрине, мақсат пен мүдде, міндеттер кез-келген меңгерілетін нысаналарға даяр берілмейтіні шындық. Олай болса, бір кездегі үлгімен берілген мақсат-мүддеге, міндеттерге қарап, студент жаңа нысаналарға өзінше шығармашыл деңгейде құрастыруды дағдыға айналдыруы көзделеді. Егер мақсат-мүдде, міндеттер айқын анықталса, нәтижеге жетудің жолы да қысқармақ.
Басты мақсат - берілген мәтінді дұрыс ұғу, оны талдай білу, автордың мұратын дәлдеп дәйектеу. Мұндай әрекеттер студенттерге табандылық, байыппен қараушылық, сабырлылық, түбегейлі білік жиюға бағыттылық әкелмек.
Оқыту теориясын таңдау үдерісінде мыналарды назарға ұстаған абзал:
- мамандарды сапалы деңгейде әзірлеудің мақсат - міндетін жіктеу;
- мамандықтың қоғамдағы орнын айқындау, оның мүмкіндігін пайымдау, мәртебелі тұстарын жіктеу, жаңа тұжырымдардың қоғамға қайшылығын шығару, педагогтық ұжымдағы көлеңкелі тұстарды жинақтап, оған қайшылықта келмесі үшін және өзінің озықтық мұратын іске асыруы үшін жұмысты ыңғайлап отыратын кәсіпкер ұстаздарды даярлау.
Студент жоғары оқу орнында бұлжымайтын біліми - ғылыми деңгейде қалмай, оқытылым тұрғысында жаңа пайда болған инновация мен технологияларды дербес меңгере алатын ұстанымда болуын қамтамасыз ету - ең көкейкесті мәселе.
Ойлау өнеріне барлық оқытуға қатысы бар маңызды нысаналар жатады. Былайша айтқанда, оқытудың бәрі үдерістілік пәні болып есептеледі. Оқыту процесінің мазмұны (біртұтас жүйесімен), әдістері, құралдары, оны ұйымдастыру тәсілі, аталған жүйе - құрылымның мақсатқа бағынуы сияқты іс - қимылдың алгоритмінен тұрады. Пәннің бір саласына жоғары оқу орнының біртұтас жүйесінің іс - әрекеті жатады.
Сол сияқты басқа да білім беру үдерісін іске асыратын оқу орындарының қызметтері пәннің нысанасы болып саналады. Пәннің ішкі құрылымын алдымен оқытылымның бағдарламалық мазмұны, оқытушылармен және студенттермен жұмыс, ұйымдастыру ісі, әлеуметтік үдерістердің түрлері мен жағдайларын қарастыру іс -қимылын құрайды. Әркім өзінің пәнін зерделей отырып, білімнің өзіне тән қасиеті мен танымдық белгілерін анықтап, оның нәтижеге бағдарлануын қадағалайды. Жүргізетін пәнін әрбір оқытушы-профессор жан-жақты қарастырып, не ғылыми жаңалық ашып, не сол бар ақпаратты жеткізушілік қызметін атқарады. Алдыңғы субъекті зерттеу ісін алға жылжытушы, сұраным өресіне сай болып келсе, кейінгісі тек қайталаным деңгейімен тұйықталған оқытушы. Міне, пәнін меңгеретін қасиеттерді осындай сапалармен сырттай бағалауға мүмкіндіктер бар. Десек те, сырттай диагностика жасамай, пәннің жаңалықтарын жоғары оқу орнының басшылары алдын ала топтастырып, оның көрінісінің пән жүргізуші субъектіде кездесу, кездеспеуін нақты рейтинг жүйесімен мониторингке шығарып отыруы көзделеді. Әсіресе, берілетін пәннің ішкі бөліктерін жүйелеп, блоктарға сығылыстырып, ғылыми негізге салып, сандық және сапалық бірліктерді тізбелеп жинақтауға машықтануы – ең басты әрекет. Мұндай әрекеті бар жерде жоғары оқу орнында пәні - құрылым - жүйесі, оқытылым мазмұны, қозғаушы күші, әдіс-амалдары, түрлері және аталған бөліктердің қосындысының студенттерге тиімді әсері, олардың мамандық алу үдерісіндегі тұлғалық болмысының қалыптасуына ықпалының зор екені даусыз.
Егер жоғары оқу орнында негізгі талаптары мақсаттылық пен орындау дұрыс жолға қойылса, ондай жағдайда болашақ мамандық иелерінде қоғамның заңдары мен қағидаларына, саяси ағымына, нарықтық сұранымына сәйкес келерлік көрсеткіштер болатыны сөзсіз. Мұнымен бірге оларда әдіснамалық шеберлігі, адамдарды ізгілікті бағамда басқара алуы, оларға жағымды тәлімді дарытушылық қабілеті, техниканы қолдануы, білім берудің жаңа технологияларын меңгеруі, ғылыми жетістіктерді өзінің пәніне негіздейтін шығармашылығы өркендеп отыратыны заңды.
Аталған іс-қимыл индикаторы – белгілі бір модульдің тұтас нысанасы. Пәнінің негізгі теориялық бағдарламасын іс-тәжірибеде қолдану мақсатында сараптама алаңын өзінің ынта-ықыласымен жүргізіп, белгілі өлшемдіктерді құрастыруға тиіс. Мұның өзінде ұтымды тұстарға ерекше мән беру – басты әрекет.
Оқыту үдерісінің екі функциясын еске алғысы келмейтін педагог жалпы педагогика ілімінің мәртебесін түсіріп қоймай, өздерінің болашаққа жолдарын жапты деп есептеген жөн. Бұл әрекет сыртқы ортаға қажет емес, оны әріптестеріне демонстрация жасау үшін қолданбайды, керісінше, бұл әрбір оқытушы-профессордың күнделікті тәртібіне сіңісті болып кеткен қызмет, іс-қимыл деп қабылдаған абзал. Өмірде кез-келген ғалым танымдық қасиетінен айырылса, утилитарлы функцияны атқара алмайтынын дәлелдеп келеді. Әлемдегі ақиқат шындыққа бәрінің бағынышты болып келетін заңдылықтарын ашпай, ғылыми аспектінің тәжірибеде тигізер пайдасы жоқ демекпіз.
Қорыта айтсақ, жоғары оқу орнында парасатты ойлау өнерінің атқарар міндеті бір пәннің ауқымындағы адамға қатысы жоқ ғылым мен білімнің студент өміріне пайдасыздығын дәлелдеу биігінен көрінетіні.
Оқытудың теориялық негіздері прагматика сапасына ауысса, дамудың шыңы, қабілеттіліктің биігі креативтік тұжырымға келетіні жайлы бағдар беріледі.
Мұндай тұжырымға келудің басты себебі ғаламдық, халықтық педагогика кеңістігіне сараптама жасау үдерісінде сараланып, дәйектілікпен талданады. Сол секілді жалғасы болып келетін педагогикалық технологияларға тұжырым, түйіндер сараланады. Сөйтіп прагматикалық көріністің нәтижелері сапасында беріледі.
Қорытынды пайымына тоқталып өтсек, мынандай жаңа тұжырымдарды жіктеп өтуге болады:
- жаңа философиялық, парадигмалық эквивалентін ұлттық, ғаламдық, ментальдық кеңістікте құра білу іскерлігі мен бақылау, интериоризация қабілетін ширату үдерісінде құруға бағыттайды;
- әрбір пәннің ішкі, өзіне арнаулы заңдылығы мен қағидасы макроүдерістің құрылым-жүйесінің кіші компонеттерінен тұратынына көз жеткізеді;
- зерттеудің сараптама объектісіне айналған қазақ әдебиетінің, қазақ тілінің, (филологиялық аспекті), химия-физиканың, астрология мен психология, педагогика, философия т. б. пән негіздерінің біліми-ғылыми сарынынан бір нүктеге түйістірер, адамның өзін-өзі тануына, басқа субъектіні тануына, зерделеп-зерттеуіне бағдар жасамауының үлкен тауқымет ретінде қабылданып, Адам жанының, рухының Күннің Нұрынан жеті сипатта (Ментальді деңгейден жеті планетадан жеті ультра сәуледен) өзіне рухани қуат алу өнерінің дамуы. Ментальді қабатқа бағыттайтын қозғаушы күштің көзін табуға ұмтылуын қадағалайтын механизмді құруға талпынады. Нәтижесінде, адам өзінің көз алдындағы құбылыстарды қабылдаудың төменгі қабат екенін ұғып, дерексіз, ассоциативті құбылыстар мен үдерістерді түйістіре, Жерден сүйіспеншілікті, Оттан көрегендікті, сәуегейлікті, жұрт естімейтін құндылықты қабылдаушылықты, Судан түйсінушілікті, Ауадан - сезімталдықты қабылдап, жеті қабат Аспан әлемінің (Марс – Меркурий – Жер), ғарышты, ментальді деңгейліктерінен рухын аспандатарлық, өмірге құлшыныстылықты оятады.
Ж. Аймауытов шығармаларындағы оқу үдерісінің философиясын табудың амалдары психология ілімінің негізінде талдау - жинақтау, жалқылау - жалпылау сапасында бернеленеді. Оқыту десек, міндетті түрде оның пәнін, нысанын табу мәселесі бірінші әрекет екендігін дәлелдеуге бет алдық [7,с. 126-127].
Мұнымен бірге «перцептив» пен «апперсепсе» деген ұғымдарды енгізген, зерттеген Ж. Аймауытов екені ескеріледі. Біздер осы еңбектердің бәрін дерлік зерттеудің тірегі ретінде пайдалануды, Ізгілікті жанның құрылымын сомдауды ұсынамыз. Негізгі зерттеу пәні оқыту болғандықтан, тәрбиенің зерттелімін әдебиеттер тізімін ұсыну дәрежесімен шектелеміз. Бірақ, ол еңбектерге сүйеністің бар екені жұмыстың сарынынан аңғарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет