Зерттеудің көкейкестілігі



бет13/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Дип парасат

Ойлау өнерінің шарықтау шегі – студенттердің тұжырымдамалық пайымын өркендету. Бұл – ойлау өнерінің төртінші заңдылығы. Тұжырымдама жүйесі бүтіндік, бейтараптылық, құралымдық, иерархиялық, ақпарат көзі сияқты ұсақ бөліктерден тұрады.
Ұлттық тәрбие мәйегінің ерекшелігі – тектілік зауал (карма), яғни қарғыс алған тұқым, әулет, адам дегенді білдіреді. Сол себепті өштесу, кек алу, зұлымдық жасау және т.б. көлеңкелі іс-әрекеттерден аулақ болуға қатысты философиялық тұжырымдар басымдық мәнде екені аңғарылады. Ұлттық тәрбиенің қазақи болмысы оң жақтағы іс-әрекет, яғни жақсылық, ізгілік, мейірімділік, табандылық, айбарлылық, айқындылық, бастамашылдық, тәуекелдік және т.б. оңтайлы үдерістер адамға бақ-құт әкеледі деген тұжырым құру басымдықта болуы көзделеді.
Индикатор – оқыту үдерісін алдын-ала білім мазмұнының проектісіне салу тұрғысында іске асады.
Аталып өткен тұжырымдарымызды анықтаудың индикаторы:
1. Адамның мәдени деңгейіндегі танымның жүйелілігі:
- жеке әлемдік көзқарас;
- жалпы көзқарас; парадигма
- кәсіптік көзқарас.
2. Өзінің пәніне байланысты ғылыми деңгейін арттырудың танымдық, маңызын үзбей дамыту жүйесінің амалдары:
- пәннің заңдылықтарын қоғам заңдылықтарымен ұштастыру;
- жеке ұжымдық таным қабілеттері;
- өздігінен танымдық деңгейліктерді шыңдау.
Екіншісінің индикаторы:
Өндірістік жағдайларға оқытудың міндетті білім мөлшерлерін ыңғайлау:
- идеологиялық; мемлекет көздеген құжаттар
- құқықтық; мемлекеттік тұрғыдағы заңдылық
- моральдық-этикалық; кәсіби құзыреттілік тұрғыдағы
- саяси; білім саясаты, білім заңы
- ғылыми; негіз, әдіснамасы
- өнер (мәдени); ойлау өнерінің бағдары
- діни. Ішкі дүниетаным, экстремизмнен
аулақ ұстау
Yшінші индикаторы:
- салыстыру;
- дәлелдеу; ойлау өнерінің әрекеттестіктегі
- шығармашылық; қолданылатын өнімді әдістер
- рефлексиялау.
Төртінші индикаторы:
Басқарудың өзi-өзін дамыту жолдары:
- өздігінен жұмыс icтey мөлшерін, шапшаңдығын зерттеу;
- жуық уақыт аралығындағы өз-өзін дамыту құрылымын жобалау;
- өздігінен құрылған жұмысты өмірде пайдалану, бағдарлама жасау;
- рефлексиялау.
Бесінші индикатор:
Өз-өзін басқару үдерісінің өнімді тәсілдері:
- даму деңгейін зерделеу;
- даму деңгейін жобалау;
- оны жүзеге асыру бағдарламасы;
- рефлексиялау.
Міне, жоғары оқу ғылыми жұмысының жеке студенттердің тұлғалық сипатын өркендетуге бағдар берер жолдары жоғарыдағы талаптармен жүзеге асады. Бұдан кейін ұжымдық ілгерілеу жүйесін қамтамасыз етерлік кеңістіктің сипатын айқындайды. Ол мынандай жүйеге құрылады:
- ұжымдағы студенттердің мәдени деңгейін айқындайтын қабілет-қажеттіліктерін өркендетудің амал-тәсілдері.
I. Олардың жалпы қажеттілігі мен қабілеттерінің, мәдени деңгейінің дамуындағы көріністері:
- ұжымдық мақсатты дамытудың жүйесі;
- ұжымдық бағдарламаның даму құрылымы;
- ұжымдық ойлау әрекетін дамытудың маңызы;
- ұжымдық рефлексиялауды дамытудың жолдары.
Осыдан студенттердің мынандай жеке ойлау әрекетін ұйымдастырудың жүйесі шығады:
- жеке студенттің мақсатын үнемі дамыту;
- жеке студенттің пән арқылы меңгерген өзінше топшылауы мен бағдарын дамыту;
- жеке студенттің қабілетін дамыту;
- жеке студенттің қажетін дамыту.
Студенттердің ойлау өнерінің қажеттілігіне сәйкес жүйе құру – ойлау өнерінің бесінші заңдылығы.
Сөйтіп, студенттердің ойлау өнерінің әрекетін танымдық деңгейліктерін үздіксіз үнемі артып отырылуына, олардың өзін үнемі дамытуына басшылық жасалады. Бұрын тоталитарлық басқару жүйесі тексерудің негізінде құрылса, жаңаша басқару әр адамның қабілетін ескере отырып, бойындағы бар қабілет пен қажеттіліктерін өздігінше дамыта отырып, іскерлігін шыңдай түсуге бағыт береді. Аталып өткен жүйенің бірлігі – екінші қағиданы құрайды.
Технология жүйесінде студенттер диагностиканы оқу қызметі мен бағытына негіздеп жүргізеді. Қандай тәсілмен көздеген мақсатты жүзеге асыруға болады? Miнe осындай сұраққа жауапты ол екі тәсілмен шешеді:
- айқын жүйелілікпен (қағидалар мен деңгейліктері ашылады, олардың өзара байланыстары) бұл тәсілді педагогика ілімінде Блум еңбегінде оны таксономия дейді;
- мақсатты өте анық ережемен, түсініктемемен сипаттау.
Мұндай әрекеттегі жүйе әр студенттің білім мазмұнынан ең маңыздысын тepiп алуына, танымын терендетуіне, алғашқы мақсаттың кезеңдерін жіктеуіне, болашақтағы жұмысын айшықтауына бағдар жасайды. Нәтижесінде әр студент өзінің қабілеті мен қажет мөлшерін шығарып алып, қандай білім көлемін меңгергенін саналы түрде білетін болады. Бұл студенттерді өз-өзіне сын көзбен қарауға, әділдік әрекеттері күннен-күнге өрлей түсуіне мүмкіндік бермек.
Ойлау әрекетін дамыту технологиясы Жүсіпбек Аймауытов [7,с. 153-155] пен Мағжан Жұмабаев [114] еңбектерінде көрсетілген.
Басқаруды екі түрлі мәнде ұйымдастыруға болады:
- студенттің танымдылық (когнитив) деңгейін экспериментальді әдіс (тест, компьютер).
- эмоциялық деңгей (аффекті).
Студенттермен қарым-қатынаста оқытушы мынандай етістіктерді қолданады: талда, жинақта, сарала, ең маңыздысын жүйеле, қажеттісін меңгер, өзіңше сипатта (интерпретировать), бағала, есіңе, жадыңа сақта, қайта құр, қолдан, өзіңше баянда т.б. келтірілген етістіктер жалпы мақсаттардың ұжымдық ойлау әрекетін жүзеге асыруға ықпал етеді.
Ал керісінше, жеке мақсат, жеке ойлау әрекетін ұйымдастыратын етістіктер мыналар: біл, әрекеттен, ойлан, түрлі жолдарын қарастыр, түрін өзгерт, дұрыс құр, алдын алып әңгімеле, өзекті мәселені ажырат, қайшылықты бөліп ал, қарапайым жолмен баянда, жүйеле, жүйесін бұз, түйсін, меңгер т.б.
Әрине, әр студенттің шығармашылық өзіне тән дарыны болмаса, оны мың жерден дұрыс басқарғанмен, ешбір нәтижеге жетпесі түсінікті. Бірақ студенттің бойындағы өзіне тән қадір-қасиетін құндай білуіне, оны одан әрі дамыта алуына басшылық жасау қарым-қатынасы мүлдем басқа. Біздің келтіріп отырған сипаттамамыз – екіншісі.
Жалпы ортақ үндестік болмайынша, оқытудың жалпы, ортақ мақсат-мұратына жету мүмкін емес.
Жинақтау жұмысын төмендегіше жүйелеуге болады.
- сыртқы жағдайларға сипаттама, рефлексиялау;
- жуықта болатын нәтижелер, оған жеткізер мақсат пен мазмұн, әдіс тәсілдер мен құралдар, технологиялар;
- мақсаттың бағасын, салмағын шығарар белгі мен әдістердің белді-белді түрлері.
Басқарудың ғылыми құрылымын пәнді пішіндеудің негізінде қарастырған:
- жүйе (пән); мақсат – міндет – қайшылық – мазмұн – рефлексия
- межесі; білім мазмұнының ауқымы, көлемі
- қасиеті; заңдылықтары мен ережелері
- көpceткiшi; белгісі, нышандары
- әдісі. өнімді вербальді емес әдістер.
Ең бастысы адам мен дүниені байланыстыратын барлық ғылым салаларына ортақ заңдылықтар мен қағидаларды сұрыптауды негізге алған. Ол үшін әр пәннің ішкі заңдылықтарының нeгiзгi тipeк нүктелерін ipiктеген.
Жоғары оқу орнының ұжымы мұның бәрін әр пәннің ішкі заңдары мен ережелерінен іздейді. Оның жалпы жүйесі былай болып келеді:
- дидактикалық білім мазмұны, оқыту мазмұны;
- табиғилық студенттің табиғи бейімін ескеру;
- қоғамдық білімнің әлеуметтік қажеттілігі;
- логикалық ойлау, пайымдау, бағамдау, парасаттау;
- математикалық есептеу, қорытынды шығару;
- тілдік кәсіби бейіміне қарай тілдік қоры, құрамы.
Қорыта келгенде, жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары жұмысын басқарудың ғылыми жүйесі алға ілгерілеу кеңістігінің сипатына икемделе құрылуына жоғарыдағы әрекеттестік жұмысты ұйымдастыру тиімді.
Студенттер өз ісін мақсаттылықпен жүргізу үшін жаттығу тапсырмаларын береді. Соның біреуін мысал ретінде келтіріп өтейік:
Дидактиканың өзекті мәселесі туралы қандай ой-тұжырым бар?
Оқыту мазмұны жөнінде нені еске сақтау керек?
Жоғары оқу орны қандай талаптар жүйесінде құрылуы қажет?
Бүгінгі жоғары оқу орны түрлерінің маңызы бар ма?
Кәсіптік білімнің бepepi не?
Құзыреттілікті қалай анықтаймыз?
Қандай құжаттар арқылы оқытудың мазмұны айқындалады?
Оқу жоспарының ерекшелігі неде?
Әр бағдарламаның соңғы нәтижеге жеткізер мүмкіндігі бар ма?
Қалаған бip оқулыққа талдау жасай аласыз ба?
Бүгiнгi білім заңының мәні, алатын орны қандай?
Осы жаттығу арқылы окытушылардың танымдық деңгейлiктepiнe баға беріліп, шығармашылық, шебер, орта дәрежедегі оқытушылық жұмыстың құрылымы жинақталып, ол жоғары оқу орны құжаттарының негізіне айналды.
Бүгінде ойлау өнерінің ілгерілеуіне оқулықтардағы ұсынылып отырған білім мазмұны модульдерге жүйеленіп, блоктарға жіктелуі әлі де болсын ойдағыдай емес. Міне, осындай көкейкесті мәселені шешудің бір амалы модульдік блоктарын құрау болып табылады. Бұл ойлау өнерінің алтыншы заңдылығы.
Жалпы ұжымның жұмысы төмендегідей блоктарға жіктеледі:
I. Дидактика нысанасының жүйесі;
- білім мазмұнының жүйeci;
- оқу жоспары, тұжырымдама, жарғы, заңы, бағдарлама, оқулықтар, қосымша әдicтeмeлiк нұсқаулар т.б.
- білім мазмұнының өлшемдері;
- әр пәннің iшкi мазмұны ішкі құрылым-жүйенің өзіне тән ерекшелігі.
II. Оқу барысының маңызы:
- жалпы оқу барысының сипаттамасы;
- таным, ойлау әрекетінің әдіснамалық негiзi;
- студенттердің ақыл, ой-парасат деңгейінің ілгерілеу ағымы;
- оқытудың мазмұны мен iшкi - сыртқы қозғаушы күші;
- оқу барысының талдамасы;
- оқыту сарыны.
III. Оқытудың заңдылықтары, қағидалары, epежeci:
- оқытудың заңдылығы;
- оқытудың принциптері мен epeкшeлiктepi;
- оқытудың мазмұны мен негіздеу қағидалары.
IV. Оқытудың әдіснамасы:

  • талдау, жинақтау, силлогизм

  • Феноменін табу, жалқылау, жалпылау

  • оқулықпен жұмыс

  • көрнекілік әдici: байқау (интеактивтік тақта)

  • көру (интериоризация)

- тәжipибeшiлiк: жаттығу
оқу-тәржімелік
шығармашылық
- оқыту әдicтepi мен технологиялары нәтижеге бағдарлау:
1. - алгоритмге түcipy (ретін)
- оқытудың бағдарламалау тәсілі.
2. Студенттердің оқу әрекетіндегі шығармашылық құлшынысын ояту.
- коммуникативтік құралдарынан кажетін жинау;
- әдістері, технологияларды саралау.
IV. Студенттермен жүргізілетін оқыту әдістерге ұйымдастырудың түрлері:
1. Оқытудың өрлеу динамикасының траекториясы.
2. Сабақтың үлгісі және проектісі.
3. Саяхат сабағы.
4. Нақтылы заттарға сүйену сабағы.
5. Сабақтың тиімділігін арттырудың жолдары:
- симпозиум, сұқбат, іскерлік ойыны;
- әсемдік пен қызығу сезімін ояту.
6. Үйге берілетін тапсырманы ұйымдастыру.
7. Қосымша сабақ өтудің әдісі.
8. Оқытушының сабаққа әзірлігі.
Қорыта айтқанда, әр оқытушы-профессор басқаруды нәтижеге бағдарлаудың сұрыптап алғанын аңғарғандаймыз.
Жоғары оқу орнын басқарудың баяндылығы өзіне ыңғайланған мемлекеттік қалыпқа негізделе құрылған құжаттарына тікелей байланысты. Сол ceбeптi жоғары оқу орнының басқару iciнe қажетті құжаттардың құрылым-жүйесіне тоқталып өткен артық болмас.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орны мәртебесінің мазмұнына, талабына сай келерлік өреден шығудың бірден-бір жолы - әр студенттің жан дүниесінің құлқын (cyбъeктiciн) зерделей, зерттей отырып, оның ыңғай-біліктілігін, қабілетін, icкepлігін ілгерілетуді жүзеге асыру.
Жалпы білім берудің қалыптық жүйесін ескергенмен, әр оқу орнының өзіндік ic-әрекетінің құрылымына қарай ерекшелігі бар.
Қалыптасып қалған кәсіптік дәстүрлермен бүгінгі қарым-қатынас барысында кездесетін қарысып қалған қиыншылықтар мен қайшылықтарды шеше қою оңай ic емес. Олай болса, жоғары оқу орнының негізгі атқарар мақсаты не? Ол - өлшеп-пiшyre мұршаны келтірмейтін, кездейсоқ сәттердегі әртүрлі шытырман жағдайларын (ситуациялардың) шиеленіп қалған түйінін шешерлік кәсіби шеберлік пен өнерді меңгеру, яғни үнeмi өзгеріп отыратын ic-әрекеттерге ғылымның жаңа теориялық тәжірибешілік жетістіктерін орынды қолдана білу. Мұндай тұлғалық, даралық қасиеттерге жету тек ойлау әрекетін танымдық (когнитив) пен ішкі, сыртқы қозғаушы күштердің өрлеу үйлесімінің қызметіне негіздей құрылып, әр студенттің (индивид) өз-өзіне сынмен қарауды дағдыға айналдырып, іскерлігін дамытып, шығармашылық қабілетін үнемі, үздіксіз толықтыруға бағыт беру барысында жүзеге асары сөзсіз. Жұмыстың мұндай жүйесі әр студенттің назардан тыс қалмауына мүмкіндік туғызады. Олай болса, барлық ғылыми салаларының мазмұны арқылы әр студенттің ойлау әрекетінің шама-шарқына сәйкес оқытудың өрлеу, ілгерілеу жүйесіне бағындырыла құрылады.
Әр семестр сайын талдау-жинақтау, жалқылау-жалпылау, ізденіс мәселені зерттеу тәрізді әдістермен жоғары оқу орнының жалпы ғылым салаларына дәріс беріп жүрген оқытушылардың оқыту барысындағы iс-әрекеттерінің сипаты рет-ретімен баяндалып отырады. Жоғары оқу орнының оқу ісіндегі қол жеткен жақсы жетістіктерді өркендету үшін оның ғылыми бағдары мынадай мәселені шешуді ұйғарды:
Оқытудың ұтымды технологияларын пайдалану - студенттің тұлғалық болмысын дамыту құралы. Жалпы жоғары оқу орны жоғарыда таңдап алған мәселесін барлық ғылым салаларының мазмұндары арқылы шешуді көздейді.
а) әдебиет, тарих, тіл пәндері арқылы әр студенттің әлемдік деңгейдің (иерархия) кісілік, адамилық өренің дамуы үшін діңгек болар интеллектуалдық шыңын (кульминация) өзіне мұрат (идеал) ете білу қабілеттерін арттыруға пайдалану;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілінде және ұлтаралық тіл - орыс тілінде еркін сөйлеу;
- әлемдік интеллектуалды меңгеру мақсатында шет тілдерінің лексикалық минимумын білу;
- өзінің әрекетінде кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану;
ә) математика-экономика, жаратылыстану-әлеуметтану арқылы әр студенттің бойында қоғамдық даму процестеріне еліміздің дәулетін байыту үшін математика ілімінің және есептеу техникасын меңгеруге ғылыми көзқарасты өркендете білу, оларды әлеуметтік-экономикалық саясатты оқып-үйренуге баулу, мемлекеттік құрылыстың заңдылықтарын, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, жалпы заң негіздерін білу, білім туралы заңын игеру, мұның бәpi әp студенттің әлемдік деңгейдің кісілік, адамилық өренін дамуы үшін діңгек болары әлемдік өpicтің интеллектуалдық шыңын өзіне мұрат ете білу қабілеттерін шыңдауға пайдалану.
б) дене шынықтыру саласында:
- салауатты өмip салтын игеру;
- студенттердің жасына сәйкес физиологиялық ерекшеліктерін білу;
- спорттың барлық түрлерінен нормативтерді білу.
Жоғары оқу орны мәртебесімен білім беретін оқу орнының мақсаты, міндеттері мен қызметі.
Жоғары оқу орнының көкейкесті мәселелерін шешу үшін педагогтық ұжымның алға қойған мақсаты: әpбip пән айналымдарының әдістемелік сұхбатында, ғылыми кеңестерінде кісіліктің, адамилықтың, тұлғалықтың даму желісіне бағдарлайтын, әр студенттің ойлау әрекетін толықтырып отыруға мүмкіндік болатын, соңғы нәтижелерде қол жеткізетін технологияларды диагностика негізінде меңгеру.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жоғары оқу орны төмендегідей міндеттерді оқыту-тәрбиелеу ic-әрекетінің тipeктepi деп есептейді: (диагностика жүргізудегі қажетті міндеттері мен қызметі)
- әр студенттің өздігінен біліктілігінің құрылымын дамыту барысындағы ойлау, парасаттау мөлшерінің өciп отыруы, тереңдей түcyi;
- әр студенттің ic-әрекетін жобалау үлкен жүйелердің кіші жүйелерінің іштей сабақтастығының себеп-салдарын ажырата, салыстыра меңгерудегі аналитикалық (сарапшылық) қызметі (неліктен?) қалай? (бағындырыла құруы бұл білімнің тұтас, саналы, бірізділікпен қабылдануын қамтамасыз етеді) жүйеленуі;
- әр студенттің ic-әрекеттерін жобалауы меңгерген біліктілігін ойлау жүйесінің тапқырлығына сүйенуі; [115];
- әр студенттің іс-әрекеттегі жобалауы меңгерген біліктілігін ойлау жүйесінің өміршеңдігіне құрылуы;
- әр студенттің ic-әрекеттегі жобалауы меңгерген біліктілігін ойлау жүйесінің дәлдігіне, дәлелін таба білу шеберлігіне дағдылануы.
Жоғарыда берілген жоғары оқу орнының ғылыми алқасында белгіленген көкейкесті мәселесінің мақсаты мен міндеттерінің қол жеткізер табыстары мыналар:
- жоғары оқу орнында жүргізілетін барлық пәндер адам тағдырының тұрмыс-тіршілігіне қызмет етеді, әр студент өзінің қажетіне, қабілетіне қарай біліктілігі мен ізгілігін өркендетеді;
- әр студент вербальды әдістен арылып, өзінің ойлау әрекетінің күннен-күнге дами түcyiнe түрткі жасайды;
- әр студент уақыт пен кеңістік талабына сәйкес биоәлеуметтік өpicтepiн дамытуға мүмкіндік алады;
- әр студент пәндердің айналымдағы ғылыми негіздердің детермендігін табуға талпынады;
- әр студенттің өздігінен іздену-зерттеу ic-әрекетінде жинақтаған білімін ойша шығарып, тәжірибеде қолдануын ширатады;
- әр студент рухани жан, ұждан тазалығының рухани қорегін айнала қоршаған кеңістіктен алуына дағдыланады.
- әр студент білім алу үдерісінде өзіне қажетті әрекетті мақсатты, мазмұнды, әдіс-құралдарды, даму қарқыны, өз-өзін бақылау әдетін саналы меңгереді, оны өзінің тәсіліне айналдырады [31, 38-39 б.].
Ұжымды ойлау әрекеті: әрекет-мақсат-мазмұн-әдіс-құрал-даму (адам, қоғам) рефлексия.
- әр студент өзінің алған білім мөлшерін пішіндейді, үлгiлeйдi, салыстыру, қорыту, көз алдына ойша жобалау іскерліктері шыңдалады;
- әр студенттің алған білімі өмip сүру ортасына ыңғайлану өpicтepiнe қызмет етеді, нәтижесінде биоәлеуметтік жүйеде өз-өзін дамыту барысында білімнің қабілеттеріне қарай қажетті белгілері, оның көздері (источники), механизмі, заңдары, нәтижелері әр блок түйінделген сайын айқындалып отырады;
- әр ғылым саласындағы ұсақ жүйелердің тұтастықта қайталана отырып, бірте-бірте күрделену принципі дидактикалық бірліктерді шоғырландыру нәтижесінде (ДБШ технологиясы) жүзеге асады.
Ұлттық тәрбие мазмұнын дамытудың ғылыми негіздері:
- дүниеге ғылым негіздерінің білім жүйесімен қарау (шоғырландыру);
- жаңа ақпараттарды өздігінен дұрыс қабылдап, әділ бағалауына, құндылықты өз тәжірибесіне сұрыптап ала білуіне, дереу шешім табуына бағыттау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет