Зиянды әдеттер және олардың алдын алу


Қазақстанда 2009 ж. 9 қазанынан бастап



бет3/4
Дата01.10.2022
өлшемі22.24 Kb.
#461743
1   2   3   4
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу

Қазақстанда 2009 ж. 9 қазанынан бастап қоғамдық жерлерде шылым шегуге, ішімдікті 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға және қолдануға тыйым салу туралы Заң енгізілді. Заңға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, мұражайларда, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, көрме және спорт залдарында, бұқаралық демалу орындары бар басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтар мен дискотекаларда шылым шегуге тыйым салынған. Сонымен қатар, үйдің кіре берісінде және жұмыс орны болып табылатын бөлмелерде шылым шегуге болмайды. Әуежайлар мен вокзалдар ғимараттарында арнайы белгіленген орындарда ғана шегуге болады. Сондай-ақ, Заң 18 жасқа толмаған жастарға шылым бұйымдарын сатуға тыйым салуды да алдын ала қарастырған. Шылым бұйымының сипаттамасы туралы жалған ақпарат үшін жауапқа тарту енгізілген.
Нашақорлық – организм қызметінің бұзылуына әкелетін есірткілерге еңсерілмейтін құмарлықпен сипатталатын ауру.
Жастарды есірткіге үйрету ХХІ ғасырдың өзекті және ауыр шешілетін мәселесі болып табылады. 2000 жылы әлемде шығарылған апиынның жалпы көлемі 6600 тоннаны құрады. «Алтын жарты ай» елдері — Ауғанстан, Пәкістан, Иран – жер бетінде апиынды көкнәрдың ең ірі ошақтары. Егер 1988 жылы Ауғанстанда 2100 тонна шығарылса, онда 1998 жылы 2000-4600 тонна болды. Интерпол деректері бойынша, осы есірткілердің 65 % астамы Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан транзитпен тасымалданады. Есірткі заттарының белгілі бір бөлігі осы елдердің ішінде қолдану үшін қалады.
Трафик жолында Қазақстан да тұр. Біздің елімізде нашақор балаларды есепке алу жиі жүргізіледі. Мамандар нашақорлардың саны туралы кез келген ақпаратты нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін 10-ға көбейту керек деп белгілейді. Бұл — XXI ғасырдың нағыз жұқпалы дерті.
БДҰ деректері бойынша, әлемде 500 миллионнан астам адам есірткі қолданады. Қазақстанда ҚР ӘМ нашақорлыққа және нашақорлық бизнесіне қарсы күресу бойынша Комитетінің бастамасымен ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің Республикалық нашақорлықтың медицина-әлеуметтік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу орталығының сарапшыларымен жүргізілген көп деңгейлі зерттеулерінің деректері бойынша 254 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Әрбір оныншы қылмыс есірткіні пайдаланумен байланысты. Қарағанды облысы бойынша нашақорлық дертімен есепке алынғандардың саны 25 мыңға жуық, соның ішінде 5 мыңға жуығы – нашақорлықпен, 200 жуығы уланумен және 18 мыңға жуығы маскүнемдік дертіне шалдыққандар.
Нашақорлардың құрамында еркектер көп (85 %). Нашақорлық дертіне шалдыққан әйелдердің саны 4 мыңға жуық, соның ішінде 700 адам есірткі пайдаланады. Сонымен қатар, әйелдер арасында кейінгі жылдарда нашақорлық қарқынды дамып келе жатыр.
Толық көлемде седативті ұйқы дәрісін және басқа ынталандырғыштарды, кофеинді, галлюциногендерді және ұшқын ерітінділерді пайдаланатын аурулар анықталмайды.
Есірткі заттарын қолдануға еліктеушілік жасөспірімдердің және тіпті балалардың арасында жиі болады. Сонымен, жасөспірімдерден әлеуметтік сұрақ-жауап алу, жоғары мектеп оқушыларының 12 % есірткі қолданатынын, ал әрбір бесінші мектеп оқушысы ең болмағанда бір рет қолданып көргенін көрсетті.
Аймағымыздың негізгі мәселесі есірткіні іштей енгізумен байланысты ВИЧ-инфекцияларының өсуі.
Кейінгі жылдарда мемлекеттік емдеу-алдын алу мекемелеріне баратын тұлғалардың саны көбейді (жылына 800-ға адам жуық).
Облыстың Мемлекеттік нашақорлық қызметі келесі ірі нашақорлық диспансерлерімен ұсынылған: облыстық нашақорлық орталығы, облыстық балалар психоневрологиялық бірлестігі және қалалық наркодиспансерлер, олар Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында орналасқан. Сонымен қатар, күштеп емдеу үшін облыстың наркологиялық кабинеттермен және мекемелермен көмек көрсетіледі.
Нашақорлық – бұл қорқынышты зат. Ол өлтірілген жандармен және өлгендердің қанымен өтелген алтын, анасының құрсағында жарымжан болған және дүниеге келгеннен кейін шарасыз азап шегуге душар болған балалар. Миллиондаған әкелер мен аналардың, отбасылық жұптардың қайғы-қасыреті, құлдыраған отбасылар, талап етілмеген таланттар, берілген сезімдер, сынған тағдырлар. Шприц немесе таблетканы көргенде ғана жанатын мағынасыз көздер. Бұл жансызданған, сезімсіз және азғындық жандар, олардың тіршілік етуінің маңызы улы дәріні іздеуде. Бұл жанталаса қалшылдаған күйдегі «сүйек сарқырауы» — есірткілік аштықтың қиналған күйі, ми, жүрек, бауыр, барлық ішкі органдардың күрделі бұзылуы, инфекциялық және жұқпалы соз аурулары. Бұл СПИД, аурулардың ішіндегі ең қауіптісі, себебі ол басқа аурулардың алдында организмді қарусыздандырады. Бұл дене және жан қиналысын бір минуттік жеңілдету үшін жасалған ауыр қылмыстар, өзін-өзі өлтірудің жиі себебі.
Жақында ғана нашақорлық туралы хабар бізге басқа елдерден жеткен болатын. Енді ол бізге келді және эпидемия заңы бойынша таралуда, күннен күнге өзінің өлім қанатының астына қаншама жастардың жанын әкетуде.
Нашақорлық ежелгі грек сөзінен аударғанда «тоқтау», «әрекетсіздік», «керең болып қалу» дегенді білдіреді. Есірткілер жанға батарлық жаман аурумен (рак және т.б.) ауыратындарға дәрі ретінде ауырғанын басу үшін арналған. Бірақ, есірткілердің әсері зұлым: организм оларға тез үйренеді және жаңа мөлшерін талап етеді. Сонымен қатар, адам оларға тәуелді бола бастайды, бұл құмардан құтыла алмайды. Есірткіге үйренген организм қабылдауды қайталауды қатты қажет етеді, адам неше түрлі әрекетке барады — өтірік айтуға, ұрлыққа және тіпті адам өлтіруге дейін, бар болғаны есірткіге қол жеткізу. Есірткі, мейірімсіз жендет, жанға қонған шайтан сияқты, «Тона, өлтір, кезекті мөлшерін тап, оны қабылда, әйтпесе мен сені қорқынышты азапқа саламын» деп талап етеді. Нашақор укол жасаған немесе таблетка қабылдаған кезде, ол жеңілденген күйге бөленеді, бірақ осы қысқа уақыт жеңілдену ішінде «сүйек сарқырауы» пайда болады. Міне, нашақорды былай сипаттайды: «Кеуіп қалған адам аурухананың торланған терезелері бар бөлмесінің бірінде төсекте сенделіп жатыр. Оның денесі конвульсияда соқты және құрыса бастады, ірі тер тамшыларымен жабылды. Кейде азапты, қалшылдаған құсық құсу белгілері берілді. Науқас жылап, балағаттап, жалынды, жабайы дауыспен айқайлады: «Құтқарыңдар! Өліп барамын! Дәрігер укол! Қарғыс атсын! Құрт, ақ құрттар мені жеп барады! Құрттарды алып кетіңдер»!
Бұл нашақор. Сіз оның орнында болғыңыз келеді ме?
Есірткілерге және оны қолдануға қатысты бірнеше мифтер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет