Жұмыстың мақсаты: Жиналған азықтар мен тірі өсімдіктерде паразиттік тршілік ететін саңырауқұлақтармен танысу; кейбір саңырауқұлақтардың мицелийлерінің суретін салу; саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтардың улылығын анықтау әдістерімен танысу; саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды зарарсыздандыру және қолдану әдістерін зерттеу және азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалуының алдын алу шараларымен танысу.
Дұрыс сақтамағанда және жаңбырлы ауа райында азықтар жиі саңырауқұлақтармен және микроб флорасымен зақымдалуға ұшырайды. Мұнда су тиген немесе кептірілмеген азықтардың өздігінен қызуы барысында бактериялардың саны бірте-бірте азаяды, ал саңырауқұлақтардың саны, керісінше, артатындығы маңызды дерек болып табылады. Қатты азықтарда әсіресе шөпте табылып жатқан саңырауқұлақтардың көпшілігі улы, ал олардың кейбіреуі – патогенді. Мұндай азықтар көбінесе малдардың жапай ауыр ауруы себебімен және өлімінің себебі болып табылады. Саңырауқұлақ және микрофлорамен зақымдалған азықтардың зиянды қасиеттері саңырауқұлақтар бөлетін улағыш заттардың түзілуімен, азықтың қоректік заттарының ыдырау өнімдерінің қорлануымен, сонымен қатар саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің азықпен және ауамен ағзаға түсу барысында жануарлардың ұлпалары мен мүшелерінде паразиттік тіршілік етуге қабілеттілігіне байланысты. Зиянды саңырауқұлақтардың ағзаға әсер ету механизміне тәуелді олар микоздар және микотоксикоздарға бөлінеді.
Микоздар – бұл мал ағзасына түскен саңырауқұлақтардың оның ұлпасы мен мүшелерінде өсіп - өніп, көбейіп, сондай - ақ жергілікті механикалық және жалпы улағыш әсерін көрсететін аурулар (актиномикоз, кандидомикоз, бұзаутаз).
Микотоксикоздар – әртүрлі улы саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды жеу нәтижесінде туатын аурулар. Олар токсиндер бөледі, бірақ ұлпаларда паразиттік тіршілік етпейді. Азықтарда қолданғанда жануарларда токсикоз тудыратын микотоксиндердің жинақталуы жүреді (эрготизм, фузариотоксикоз, стахиботриотоксикоз және т.б.). Микоздар мен микотоксикоздардың айырмашылық қасиеттерін кестеден қараңыз.
Көбінесе азықтарда кездесетін саңырауқұлақтарды шартты түрде екі негізгі топқа бөледі – егістік саңырауқұлақтары мен сақтау зеңдері. Біріншіге дәнде өсімдіктің вегетация кезеңінде енуге және дамуға қабілетті түрлерді жатқызады. Олардың ылғалдылық деңгейіне қоятын талаптары өте жоғары болып табылады– 20-25%.
45-кесте – Микоздар мен микотоксикоздардың айырма қасиеттері
Көрсеткіштер
|
микоздар
|
микотоксикоздар
|
Этиология
Инкубациялық кезеңі
Таралуы
Зақымдалу
Ауруды жою
|
Саңырауқұлақтар токсиндер бөледі, ұлпалар мен мүшелерде өсіп өніп, көбейеді
Ұзақ
Жаппай (барлық мал басы)
Бар
Емдеу
|
Саңырауқұлақтар токсиндер бөледі, бірақ өздері ұлпаларда тоғышарлық етпейді
Қысқа
Жаппай (жануарлар тобы)
Жоқ
Зақымдалған азықпен азықтандыруды тоқтату
|
Екінші топты Aspergillus және Penicillium туысының топырақта болатын, тек кейбір жағдайларда вегетациялық өсімдіктерде болатын, бірақ дәндердің сақталатын бөлігіне тән саңырауқұлақтар құрайды. Бұл саңырауқұлақтар дәннің сақтау кезіндегі ылғалдылығы – 13-18 % төмен ылғалдылықта дами алады, бірақ мұнда саңырауқұлақтардың ылғалы өнімнің ылғалдылығынан біршама жоғары болады. Зең саңырауқұлақтарының споралары табиғатта кең тараған (топырақ, су, ауа, азық). Қолайлы жағдайларда (температура 5-150 С және ылғалдылық 18-30 %) азықтарда жіп тәрізді, өрмек тәрізді, мақта тәрізді жабындар (ақ, сұр, қара, қызғылт, жасыл және басқа түсті) түзіп дамиды.
5.6.1 Тірі өсімдіктерде тоғышарлық ететін саңыпауқұлақтарды анықтау
Тат саңырауқұлақтары көпшілік астықтұқымдастарды және басқа бірқатар өсімдіктерді зақымдайды. Тат саңырауқұлақтарымен өсімдіктің жер үсті бөлігі зақымданады: оларда қызыл, қара және сары дақтар мен жолақтар пайда болады, мұнда тат саңырауқұлағымен зақымдалған жерлердегі жолақтар кетірілген тәрізді және бүтін емес болып көрінеді. Қарпайым көзбен немесе ұлғайтқыш әйнектің көмегімен тат саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтық өсімдіктерді қарағанда нүктелер мен жолақтар көрінеді. Тат саңырауқұлақтары жануарларда ауыр аурулар туғызатын патогенді саңырауқұлақтарға жатады. Тат саңырауқұлақтарымен зақымдалған өсімдіктермен улану жасыл массамен де, сабан және шөппен де қоректендіргенде байқалады.
Қаракүйе әртүрлі өсімдіктерді зақымдайды, оларда қарайып кеткен масақтар мен сыпыртқылар түзіледі. Бұл өсімдіктердің тұқымы жағымсыз тұздалған балық иісті қара массаға айналады.
Қаракүйенің болуын төмендегідей анықтайды. Аздаған мөлшерде шөп алып, оны алақанда ысқылайды. Қолда қара шаңның пайда болуы шөптің қастауышпен зақымдалғандығының белгісі. Шөп үлгісінде қара күйенің болуын микроскоп көмегімен анықтауға болады. Шөп сынамасын жылтыр бетті қағазға сілкиді. Түскен шаңды жинайды да, оның аздаған мөлшерін заттық шыныға су немесе глицерин тамшысына салып, жабын шынысымен жауып, кіші ұлғайтқышпен қарайды. Препаратта қаракүйеге тән спораларды табуға болады. Қаракүйенің рұқсат етілетін мөлшері 0,06 %.
46-кесте – Азықтардың өсуі барысында саңырауқұлақтармен зақымдалуы
Көрсеткіштер
|
Тат саңырауқұлақтары
|
Қаракүйе
|
Қастауыш
|
Клавицепспали-токсикоз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Табылуы
|
Тат түсті дақтар мен жолақтар (бүкіл өсімдік бойында қоңыр)
|
Жағымсыз балық иісті қарайған масақтар мен сыпыртқылар
|
Тұқым орынына іші ақ, күңгірт сиякөк түсті мүйізшелер өсіп шығады
|
Масақтарында тамыздың басында мүйізшелер түзіледі
|
Зақымдалуы
|
Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері
|
Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері
|
Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері
|
Көбірек жылқылар, ірі қара мал, басқалары аздаған
|
Белгілері
|
Сілекей ағу, бас жақ қабынады, іш өту, көбінесе қан аралас, жүрісі қиралаңдаған, артық аяқтарының салдануы
|
Сілекейі, жас ағу, іш өту, жөтел, қарашық ұлғаюы, түсіктер
|
Түсіктер, шеткі мүшелердің ганренасы
|
Қиралаңдаған жүріс
|
46 кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Алдын алу
|
Зақымданған азықтарды сілтілермен зарарсыздандырып беру
|
Буаз малдарға бермеу, қатты зақымдалған азықты жою, тұқымдарды гранозанмен өңдеу
|
Буаз малдарға бермеу, аз мөлшерде зақымдалған азықты бордақыланатын малға шектеп беру
|
Зақымдалған азықты рационнан алып тастау
|
Қастауыш бидай, қара бидай, сұлы, қылтанақсыз арпабас, түлкіқұйырық, қоңырбас сияқты өсімдіктерді зақымдайды. Тұқымның орнында мұндай өсімдіктердің масағында сырты күңгірт сиякөк, ал іші ақ үлкен мүйізшелер өсіп шығады. Қастауышта эрготоксин, эрготамин, эргометрин алкалиодтары бар.
Зертханада шөптің сынамасы немесе үлгісін ақ қағаз бетіне қағады, түскен ұсақ бөлшектерді скальпелмен жинайды. Олардың арасында күңгірт қаракөк түсті қастауыш склеродияларын кездестіруге болады. Ұнды азықтарда, сонымен қатар шөп ұнында қастауыш барлығын келесі әдіспен анықтауға болады: сыйымдылығы 100 мл болатын 10 г зерттелетін азыққа 70 %-дық спирт және 5 %-дық тұз қышқылының қоспасын құяды, су моншасында жарты сағат қыздырып, азықты суытады. Қастауыш болса, сұйық әлсіз қызғылт түске боялады. Бұл сынаманың көмегімен 0,03-0,04 % мөлшердегі қастауышты табуға болады. Қастауышпен уланудың алдын алу үшін 0,2 % мөлшерден жоғары қастауышы бар ұн қауіпті болып саналатындығын және азыққа шекті мөлшерде жіберілетіндігін (тек буаз малдарға емес) ескеру қажет. Құрамында көп мөлшерде жас аналық мүйізшелері бар дән қалдықтары мен ұнды малдарға беруге болмайды. Құрама жемдегі қастауыштың рұқсат етілетін мөлшері
0,05 % дейін.
5.6.2 Жиналған азықтарда тоғышарлық ететін саңырауқұлақтарды анықтау
Саңырауқұлақпен зақымданған азықтың түсі күңгірттеу, иісі жағымсыз, шоқты желімденген кесектерден тұрады. Азықтарды Aspergillus, Penicillium, Mucor, Fusarium және басқа туыстардың саңырауқұлақтары жиі зақымдайды. Саңырауқұлақтармен қоса, азықтарда әдетте азықтарды ыдырататын әртүрлі қышқылға төзімді бактериялар мен коккалар өсіп өнеді.
Азықтарды тексергенде вегетация кезеңінде азықтық өсімдіктерде тоғышарлық ететін саңырауқұлақтардың, ең алдымен қастауыштың болуына назар аударады. Азықты сақтау кезеңінде саңырауқұлақтардың дамуы айқын білінетін ошақтылықпен ерекшеленеді. Ошақтар жатып қалған қабаттарға, күңгірттенген, қоңырайған ұяға немесе көбінесе арнайы зең иісі бар, шаңдауыт, қара, жасыл, сұр немесе басқа түсті саңырауқұлақ (зең) жабыны бар қабаттамалар түрінде болады.
Fusarium туысының саңырауқұлақтары. Олар вегетациялық та, өсіп келе жатқан дәнді астық тұқымдастарда да дами береді. Олардың өсуі үшін қолайлы шарттар кептірілмеген дәнді немесе егістікте қыстайтын өсімдіктерді нашар сақтағанда туады. Саңырауқұлақтар токсиндері жылуға және химиялық заттарға төзімді. Олар өз улылығын жылдар бойы сақтайды. Бұл туыстың ең бір улы саңырауқұлақтары Fusarium Sporotrichiella болып табылады.
Органолептикалық тұрғыдан Fusarium туысының зең саңырауқұлақтарымен зақымдалған дән нәзік, күңгірт, ақ, қызғылт-ақ немесе кейде біршама биік болатын қызылдау жабынмен көмкерілген болады. Микроскоппен жабын қырындысын дистильденген су тамшысында зерттегенде мицелийдің тізбек тәрізді, бұтақталған немесе қарапайым конидияларға айналатын жіпшелерін көруге болады. Конидийдің ұшында және айналасында сопақша, дөңгелек, ұршық тәрізді, орақ тәрізді немесе басқа пішінді макроконидийлер орналасқан болады.
Stachybotris alternans саңырауқұлағы. Бұл саңырауқұлақтарға зерттегенде олардың дамуы үшін аса қолайлы шарттар сабанда, шөпте 5-30 0С температурада және 25-70 % ылғалдылықта туатындығын ескеру қажет. Сондықтан, қарайған жерлерден, су тиген жерлерден әрқайсысы 20-30 г болатын 10 сынама алады да әрбір сынаманы жеке қағазға орайды.
Бұл саңырауқұлақ тұтас сабанда немесе түйіндерінде ғана жеңіл алынатын қара жабын түзеді. Бірақ қара жабын жануарларға қауіпсіз басқа саңырауқұлақтар дамығанда да жиі түзіледі. Микроскоппен зерттегенде көбінесе түйіндерде кездесетін сұр күйелі жабынмен көмкерілген жеке шөп талдарын алады. Ұлғайтқыш әйнекпен қарағанда ол күйені еске түсіретін қара ұсақ ұнтақ түрінде көрінеді. Қолмен жеңіл сүртіледі. Бұл жабынның аздаған мөлшерін скальпельмен немесе инемен заттық шыныдағы су тамшысына қырып алып, жабын шынысымен жауып, микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқышымен зерттейді. Мұнда сегменттелген мицелийдің түссіз жіпшелерін (гифалар) көруге болады. Мицелий массасынан қысқа, кейде жасыл-зәйтүн түске боялған конидийлерді көруге болады. Олардың ұшында өлшемі ұзынынан 8-12 мкм және ені 6-8 мкм болатын жетілген эллипс пішінді 6 дан 8 ге дейін күңгірт-қоңыр конидийлерді біріктіретін розетка түріндегі жапырақ тәрізді өсінділер – стеригмалар байқалады. Жетіліп түсіп қалған конидийлердің орнына жаңалары дамиды, кейде стеригмаларсыз конидийлерді көруге болады.
Dendrodochium toxicum саңырауқұлағы . Бұл улылығы жоғары саңырауқұлақ сабан бұзылуының көзге көрінетін белгілерін бермеуі мүмкін. Сабан сапалы сияқты болады. Бұл саңырауқұлақтың дамуы үшін қолайлы шарттар: 25 0 С температура, 50 % ылғалдылық, бидай, қара бидай, арпа мен сұлының үгіндісі мен сабан субстраты болып табылады. Органолептикалық зерттегенде саңырауқұлақтың сабақ ішінде дамуына байланысты сабан сыртынан қалыпты болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шөпті сындырғанда немесе саңырауқұлақпен зақымдалған үгіндіде ақ, бөлек аумақтарда орналасқан жабынды табады. Микроскоп арқылы зерттегенде заттық шыныдағы су тамшысына қыру әдісімен алынған жабынның (мицелийдің) аздаған бөлшегін салады. Мұнда ағаш тәрізді бұтақталған, тығыз қабат етіп орналастырылған конидийлер мен дәл сондай түссіз ұсақ ұштары үшкірленген конидийлер байқалады. Бұл саңырауқұлақ бөлетін токсиндер, жоғары температура мен химиялық заттарға төзімді, сондықтан зақымдалған азық залалсыздандыруға жатпайды, оны жарамсыз деп таниды.
Penicillium туысының саңырауқұлақтары. Олардың саны шамамен 900 түрге жетеді. Бұл туыстың дамуы үшін қолайлы жағдайлар – оттегі жеткіліксіз болғандағы азықтардың біршама жоғары (22-35 0 С) температурасы және жоғары (18-30 %) ылғалдылығы. Олардың арасында улы және патогенді қасиеттері бар өкілдері кездеседі, бірақ көпшілік саңырауқұлақтар сапрофиттер. Азықтарда бұл туыстың саңырауқұлақтары аспергилл және мукор саңырауқұлақтарымен бірге өседі.
Органолептикалық пеницилл саңырауқұлақтарының азықтарды өсуінің сыртқы түрі төмен орналасқан көкшіл жасыл реңді зең басумен сипатталады. Микроскоппен зерттегенде түссіз немесе ашық түске боялған мицелий жіпшелері байқалады. Олардан стеригмалармен аяқталатын тік немесе өрлегіш конидийлер шығады. Соңғылары бір-, екі- немесе үш қабатты орналасады да, өзгеше құрылған шашақтардың қалыптасуына әкеледі. Оның ұштық бұтақталуларында конидийлер тізбегі орналасады. Әртүрлі типті шашақтар кездеседі. Конидийлері дөңгелек немесе сопақша пішінді және көпшілігі жасылдау түсті.
Aspergillium, Penicillium, Mucor туысының саңырауқұлақтары – сапрофиттер, өлі субстраттарда өскенде улы қасиеттерге ие болады және жануарлар мен құстардың ағзасында тоғышарлық етуге қабілетті, яғни патогенді (микоз қоздырушылары) болып табылады. Aspergillium туысының саңырауқұлақтары (Aspergillium fumigatus, Aspergillium flavus, Aspergillium niger жиі кездеседі). Органолептикалық зақымдалған азықтарда түтін тәрізді, қара сарғыштау, үлпек немесе төмен орналасқан зең жабыны байқалады. Бұл жабындардың қырындысын микроскоппен қарағанда көп клеткалы перделі мицелийлерді анықтайды. Саңырауқұлақтың кейбір түрлерінде ауалық мицелийі қалың қабырғалы жасуша-аяқшалар түрінде көрінеді. Олардан перпендикулярлы бағытта тік тұратын бұтақтар – ұштары томпиған болашақ конидийлер шығады. Аспергиллдердің басқа түрлерінде конидийлердің негізінде тірек аяқшасы болмайды. Кеңеюлердің бетінде өсінділер – стеригмалар түзіледі. Аспергиллдер түріне байланысты стеригмалар бір немесе екі қатарға орналасуы мүмкін. Стеригмалардың үшкір ұшынан конидий спораларының радиальды ұзын тізбектері шығады. Стеригмалары мен конидий тізбектері бар томпақ бас деп аталады.
Оның пішіні суы ағып жатқан су сепкішке ұқсайды. Осыдан Aspergillium туысының зең саңырауқұлақтарының “су сепкіш зең” деген атауы шыққан. Конидийлердің көпшілігі түссіз немесе боялған, шар тәрізді, жұқа немесе сәл қалыңдаған қабықты.
Mucor туысының саңырауқұлақтары . Органолептикалық Mucor туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтарда үлпек күңгірт-сұр немесе қара борпылдақ киіз тәрізді, желімденген шоқтары мен жағымсыз иісті кесектері бар жабын түрінде байқалады. Микроскоппен зең кесегі бар препаратты зерттегенде бөлшектенбеген бұтақталған мицелийді табады, одан тік тұратын конидийлер шығады (спорангийлер). Ұшында шар тәрізді спорангийлер орналасады. Спорангий қабығы жырылғанда көптеген шар тәрізді, тегіс, түссіз немесе әлсіз боялған споралар шашылады.
5.6.3 Азықтың улылығын анықтау әдістері
Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтың улылығын сезімтал зертханалық жануарларға жегізу арқылы, тері сынамасын қою арқылы анықтайды.
Тері сынамасы әдісі зерттелетін азықтың эфирлік немесе спирттік сығындысын терісі пигменттелмеген ересек қоянның жалаңаштанған терісіне апликация жасау арқылы жүргізіледі. Әдістің мәні микогенді текті улы заттардың қоян терісіне дерманекротикалық әсеріне негізделген зерттеу жүргізу болып табылады.
Сынама қоятын күні қоянның мықын, жауырын немесе бүйірінің 6 х 6 см болатын тері алаңының түк жабынын мұқият қырқады (толық жалаңаштанғанша). Теріні зақымдауды болдырмайды. Сынауды жүргізу үшін пигменттелген тері, сондай ақ түлеу белгілері бар тері жарамсыз. Бір қоянда бірмезгілде төрттен көп емес сынама қоюға рұқсат етіледі. Сынаманы қою үшін қояндарды алдыңғы зерттеулердің нәтижелері теріс болған жағдайда ғана қайталап қолдануға болады.
47-кесте – Азықтардың сақтау барысында саңырауқұлақтармен зақымдалуы
Ауру
|
Фузарио-токсикоз
|
Стахиботрио-токсикоз
|
Дендродо-токсикоз
|
Пеницилло-токсикоз
|
Аспергилио-токсикоз
|
Фикомикоз
|
Саңырауқұлақ атауы
|
Fusarium roseum
|
Stachybotris alternans
|
Dendrodochium toxicum
|
Penicillus linfs
|
Aspergillus fumigatus
|
Mucor racemosus
|
Улану
|
жылқы, ірі қара, қой, шошқа, құс
|
жылқы
|
жылқы, қой
|
барлық ауылшаруашылық малдары
|
барлық ауылшаруашылық малдары
|
жиірек жылқы, барлық ауылшаруашылық малдары
|
Ауру белгілері
|
асқорыту жолының бұзылуы, жүйке құбылыстары, қозғалыс қиындауы
|
бас ісуі, шаршау, асқорыту жолының бұзылуы,
|
көзге көрінетін клиникасыз жылдам өлу
|
шөлдеу, іш өту, құсу, жиі дефекация, тыныс алу жиілеуі
|
асқорыту жолы мен орталық жүйке жүйесі зақымдалуы, өткір байқалатын жүйке бұзылыстары, түсіктер
|
ішкі мүшелердің сөл түйіндерінде гранулемалар түзілуі
|
Алдын алу
|
Дәнді 80- 900 С темпе-ратурада 2-3 сағат қыздыру
|
Зақымдалған сабанды азыққа, төсенішке қолданбау
|
Рационнан шығару, төсенішке қолданбау
|
Рационнан шығару
|
Рационнан шығару
|
Рационнан шығару, төсенішке қолданбау
|
Қоянның қырқылған тері алаңына сығындының жартысын сәл үйкеп шыны қалақшамен жағады, сығындының екінші жартысын қайталап жағу үшін келесі күнге қалдырады. Жалаңаштанған тері алаңының аздаған бөлігін бақылау үшін сығынды жақпай бос қалдырады. Егер сығынды екі жаққанға жетпесе, оны алдын ала жалпы көлемі 1 г кем болмайтындай етіп сұйылтады. Теріге жағылған сығындыны жалап қоймауы үшін қоянның мойынына 3 тәуліктен кейін шешілетін жаға тағады.
Реакцияны бақылауды сығындыны қайталап жаққаннан кейін келесі күні бастап, азықтың улулық дәрежесіне байланысты 3-5 тәулік бойы жалғастырады.
Зерттелетін азықтардың улылығын сығындының жағылу орынында қабыну үрдісінің болуына қарай анықтайды. Азықтан немесе саңырауқұлақтар өсіндісінен (S. alternans, F. sporotrichiella, D. toxicum, Aspergillus) жасалған сығындыны жаққаннан кейін дамитын реакцияны үрдістің тереңдігі және сипаты бойынша төрт дәрежеге бөледі.
I дәреже – қызару, терінің сезімталдығы артуы, түлеу; улылығы өте әлсіз азықтар мен саңырауқұлақ өсінділері туғызады;
II дәреже – терінің қызаруы, ауырсынуы, терінің аздап қалыңдауы, ұсақ, бірлі жарым тары дәніндей немесе одан да кіші сарғыш көпіршіктер, түлеу (улылығы әлсіз азықтар мен саңырауқұлақ өсінділері туғызады);
III дәреже – қызару, қатты қалыңдау, ауырсыну, терінің қатпарлануы, бүкіл өңделген бетте сарғыш көпіршіктер, беткі құрғақ өліеттену, кейде жаралар, тұтас жіңішке қабыршақ (улы азықтар мен саңырауқұлақ өсінділері шарттайды);
IV дәреже – қызару, сығындыны жағу ошағының төменгі шекарасында көлемді білік түрінде шығып тұратын күшті ісіну, тері асты өзегін де қамтитын терең құрғақ өліеттену, көбінесе ұзақ жазылмайтын жаралар түзілуі, тұтас, қалың қабыршақ.
Улы емес азық – қабыну реакциясы жоқ. Сығындыны жаққаннан кейін 2 тәуліктен артық сақталмайтын, тері түлеуінсіз қызару болуына рұқсат етіледі.
Улылығы әлсіз азық – Сығындыны жаққаннан кейін 2-3 тәулік бойы сақталатын, терінің түлеуімен аяқталатын гиперемия, немесе қызару, ауырсыну, кейіннен жеке қабыршақтар түзетін терінің аздап қалыңдауымен байқалатын ісіну. Бұл азық арнайы өңдеуге жатады.
Улы азық – өткір гиперемия, ауырсыну, қатпарлану, терінің қатты қалыңдауымен жүретін ісік, алаңның бүкіл бетінде жаралар, кейіннен тұтас қабыршақ пайда болады. Мұндай азық қолдануға жарамсыз. Сығындыны қайталап жағудан кейін 24-72 сағатта оң реакция береді.
Тетрахимена пириформис инфузорияларына биосынама қою арқылы азықтың улылығын анықтау. Әдіс зерттелетін сынамадан негізінен микогенді текті улы заттарды экстракциялап, кейіннен бұл фракциялардың сулы ертінділерімен тетрахимена пириформис инфузорияларына әсер етуге негізделген.
Азықтың әрбір сынамасын зерттеуді 3 рет жүргізеді. Антибиотиктерге арналған үш флаконға 1 см3 сығынды енгізеді, оған 0,1 см3 3-5 тәуліктік тетрахимена пириформис инфузорияларының өсіндісін қосып, бөлме температурасында қалдырады.
30 және 60 минуттан кейін биосынама эффектін пастер пипеткасымен алынған тамшыдан заттық шыныға салып микроскоптың ұлғайтқышымен (х7 – х10) тамшының бүкіл көлемі мен қабаттарын қарайды. Зерттелетін сынамаларда тірі және өлген инфузорияларды санайды, бұл азықтың улылық дәрежесіне байланысты болады. Байқауды бақылау фоны – пептон ортасында жүргізеді, мұндағы барлық инфузориялар тірі қалуы керек. Инфузориялар өлп қалса, бақылауды жаңа орта мен өсіндіде қайталайды.
Азықтың улылық дәрежесін сынақ басталуынан 30 және 60 минут өткенде тірі инфузориялардың саны бойынша анықтайды: улы емес азық – 60 минут бойы бақылағанда инфузорияларда өлім мен ешбір морфологиялық өзгерістер жүрмейді; улылығы әлсіз азық – 60 минут бойы бақылағанда инфузорияларда морфологиялық өзгерістер және жартылай өлім жітім (25 тен 30 %); улы азық – 60 минут бойы бақылағанда барлық инфузориялардың өлуі байқалады.
Тауық сырғаларында сынама жасау. 1:2 немесе 1:3 қатынасындағы спирттік-эфирлік сығындылар даярлайды. Содан кейін сығындыны сұйылтады: 0,5 мл сығындыға 4,5 мл стерильді бейтарап балық майын немесе күнбағыс майын қосады. Араласқан майлы сығындыны тауықтың бір сырғасына 0,1-0,2 мл мөлшерінде енгізеді, екінші сырғасына сапалы екендігі белгілі азық сығындысын немесе майды енгізеді. Улы азық сығындысын енгізген жерде қабыну, ісіну, қан құйылу тіпті өліеттенуді байқауға болады. Сырғаның қалыңдығын кутиметрмен өлшеуге болады. Реакцияны бағалауды өзгеру барлығына қарай жүргізеді. Егер сырғаның диффузды ісінуі 4-24 сағатта басталса, қалыңдығы 8 мм және одан көп болса, екінші күні ісіктің ортасында қан құйылу пайда болып, кейіннен өліеттену дамыса– реакция жіті оң деп саналады. Диффузды сырға ісігі 24 сағаттан кейін пайда болса, оның қалыңдығы 5-8 мм жетсе, ал қан құйылуы мен өліеттену дамымаса – реакция оң. Егер 24 сағатта тек сырғаның шектеулі ісік пада болса, ал оның қалыңдығы 4 мм көп болмаса, реакция теріс деп есептеледі.
Улылық пен токсигенділікті балапандарда анықтау. Азық сынамасын келсапта шприцтың қалың инесінен бөлшектері еркін өтетіндей етіп түйеді. Азықтың бір бөлігін химиялық стаканға көшіріп, қаймақ консистенциясына дейін сумен езеді. Шприцпен 1-3 мл суспензияны алып, тәжірибелік топтың апталық жастағы балапандарға (5 бас) құрсағына енгізеді. Екінші тәжірибелік топтың балапандарына (5 бас) сол мүшелеріне алдын ала 20-30 минут бойы қайнатылған немесе автоклавталған суытылған азық суспензиясын енгізеді. Бақылау тобының балапандарына қайнатылған судың сәйкес мөлшерін енгізеді. Әрбір балапанды жеке торға салады, суды шектеусіз береді, бірақ 1-2 тәулікке жем бермейді, осы кезде құстардың жалпы жағдайын байқайды. Өлім оқиғаларын зерттелетін азық енгізілген балапандардың жалпы санына пайызбен көрсетеді. Әрбір 20 % өлімді балл бойынша бағалайды: 100 %-ды өлім (5 балл) – азық өте улы, 80 % (4 балл) – азық жоғары улылықта, 60 % (3 балл) – азық улы, 40 % (2 балл) – азық орташа улы, 20 % (1 балл) – азық төмен улылықта.
Зертханалық тышқандарға сынама жасау. Құрама және басқа азықтардың улылығын тышқандарға 0,5 мл сығындыны тері астына немесе қарынға зонд немесе доғал инелі шприцпен енгізу арқылы анықтауға болады. Мұнда тышқандардың бақылау тобына 0,5 мл бейтарап май (күнбағыс майы, балық майы) енгізеді. Өте улы азықтардың сығындысынан тышқандар 6-48 сағат аралығында өледі. Әлсіз улы азықтардың сығындысы өлім туғызбайды, бірақ оларды енгізу орынында қабыну реакциясы, некроз байқалады.
Гуппи балықтарына сынама жасау. Балықтарда дәнді фураждардың (құрама жемнен басқа) улылығын анықтауға болады. Дән сынамасын (50 г) зертханалық диірменде әбден ұсақтайды, үйкелген қақпақты колбаға (500 мл) ауыстырады да 10 мл ацетон құяды. Экстрактілеуді Сокслет аппаратында 2 сағат бойы сілкілеу кезінде жүргізеді, сығындыны қағаз фильтр арқылы фарфор табақшаға сүзеді де су моншасында (50-600 С) сорғыш астында буландырады. Құрғақ қалдығын 5 мл ацетонда ерітеді де шыны колбаға ауыстырады, оған 500 мл аквариум суын құяды. Колбаға 5 гуппи балығын орналастырып, оларды 24 сағат бойы бақылайды, нәтижелерді 1, 2, 4, 8, 12 және 24 сағат сайын тіркейді. Егер азық улы болмаса, бір тәулікте бір балық қана өледі (20 % дейін), улылығы өте әлсіз болса 12-24 сағатта 2-3 балық (40-60 %), әлсіз улылықта –4-8 сағаттан кейін 4 балық (80 %), улы болса–2-4 сағаттан кейін 5 балық (100 %), өте улы болса 1 сағатта 5 балық (100 %) өледі. Бақылау ретінде үш тәулік бойы балықтар тірі қалатын 1 %-ды ацетон ертіндісі алынады.
5.6.4 Микотоксикологиялық зерттеу. Ұнды, дәнді азықтардан саңырауқұлақтарды алғашқы бөліп алу үшін әдетте Чапектің агарлы ортасын қолданады, ал қатаң азықтардан саңырауқұлақтарды бөліп алу үшін Петри табақшаларына Чапек агарына ылғалды камераларға себу әдісін қолданады. Петри табақшаларын себінділерімен стерильді қағазға орайды, термостатқа салады, өсіреді де 22-250 С температурада 7-10 тәулік ұстайды. Саңырауқұлақтардың өсуі мен спора түзуі 3 тәулікте байқала бастайды, бірақ саңырауқұлақтарды түрге ажырату үшін өсірудің көбірек уақыты: 5-7 тәулік қажет. Ұнды азықтарда себуден кейінгі колонияларды санауды 2-3 тәулікте бастайды. Есептеуді жеңілдету үшін табақшаның түбін карандашпен секторларға жұмсартып бөледі немесе Вольфлюгельдің санау камерасын қолданады.
Саңырауқұлақтарды микроскопиялық зерттеу ең алдымен тікелей табақшаларда, микроскоптың кіші ұлғайтқышын қолданып жүргізіледі. Мұнда жеміс денелерінің склероциттерінің мицелиальды тарамдарын, спорангийлерінің құрылысы мен бұтақталу сипатын көруге болады. Содан кейін саңырауқұлақ морфологиясын бөлшектеп зерттеу үшін препараттар дайындайды. Саңырауқұлақ бөлшектерін түріне байланысты колониялардың әртүрлі жерлерінен: колонияның ескі бөліктерінде ортасынан, жас колонияларда – шетінен алады. Заттық шыныға бекітетін сұйықтың тамшысын жағады. Содан кейін инемен абайлап, саңырауқұлақ мицелийінің аздаған мөлшерін зақымдап алмауға тырысып, басқа инемен ұқыптап сыпырып, сұйықтық тамшысына енгізеді. Препаратты жабын шынысымен жабады. Микроскоптың кіші (х8, х10), содан кейін үлкен (х40,х90) ұлғайтқышымен препараттарды зерттейді, макроскопиялық кілті бар арнайы анықтағыштарды қолдана отырып саңырауқұлақтарды түрге дейін ажыратады.
5.6.5 Биосынама. Микологиялық зерттеулер барысында арасында бір саңырауқұлақ түрі улы саңырауқұлақтардың болуы анықталса, ал зертханалық зерттеу әдістері оң нәтиже бермеген жағдайда диагнозды нақтылаудың жалғыз әдісі ретінде қолданады. Мұндай азықтың улылығын анықтау үшін оны сапалы азықпен қатар екі жануарлар тобына (топта жануар саны үш бастан кем болмауы керек) береді. Биосынаманы қойғанда мал топтарын оқшаулап ұстау қажет. Бақылау тобына сапалы екендігі белгілі азықты береді. Күнделікті желінген азықтың мөлшерін есептеп, клиникалық бақылаулар жүргізеді. Биосынаманы қойғанда егер зақымдалған азықты тәжірибелік жануарларға аш қарынға, яғни 5-6-сағаттық аш ұстаудан кейін берсе, токсикоз жылдам байқалатындығын ескеру қажет. Суды шектеусіз береді. Егер зерттелетін азықты берген жануарлар ауырып қалса немесе азықтан бас тартса, ал бақылау тобының жануарлары өздерін қалыпты ұстаса, биосынама оң деп есептеледі. Улы саңырауқұлақтармен уланғанда биосынаманың оң көрсеткіштері деп: тәбеті төмендеуін, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуын, қозғалыс координациясының бұзылуын, дірілді, жабығу немесе қозуды, түсік тастауды, асқорыту жолының бұзылуын, тісін шықырлатуды, ауыз уылуын, шошқаларда құсуды, сондай ақ температура көтерілуін санайды. Өткір улы азықтар клиникалық белгілері байқалуынсыз тәжірибелік жануарлардың өлімін туғызуы мүмкін. Азықтың улылық дәрежесін биосынама нәтижелерін кестемен салыстырып бағалауға болады.
48-кесте – Зерттелетін азықтың улылық дәрежесін бағалау
Азықтың улылық дәрежесі
|
Өлген малдар
(5 бастық топта)
|
Өлген уақыты, сағат
|
саны
|
%
|
улы емес
|
1 көп емес
|
20
|
24 дейін
|
әлсіз улы
|
5
|
100
|
10-24
|
улы
|
5
|
100
|
1-10
|
5.6.6 Қатаң азықты залалсыздандыру әдістері
Азықты күйдіргіш натриймен (каустикалық тұзбен) өңдеу.
100 кг туралған азыққа 1,5 кг 300 л суда сұйылтылған (күйдіргіш натрийдің 0,5 % сулы ертіндісі алынады) техникалық күйдіргіш натрийді жұмсайды. Сілті ертіндісін қара темірден жасалған ыдыста (түсті металл, мырышталған темір жарамсыз) дайындайды. Сілтіні алдымен аздаған мөлшерлі суға езіп, содан кейін қажетті 300 мл көлемге жеткізеді (күйіп қалудан сақтану үшін қорғаныш құралдарын қолданады). Тураманы ыдысқа салып, ертінді құйып, мұқият араластырады, ертіндіге толығымен батырып, бір тәулік бойы ұстайды, содан кейін ертіндіден шығарып, ағаш қалқаларға жайып, 24 сағат ұстайды. Осыдан кейін сабанды жумай ақ бере беруге болады. Сиырларға 30 кг дейін, 1 жастан асқан жас малдарға –15 кг, қойларға – 3 кг дейін.
Азықты кальцийленген содамен өңдеу. 100 кг қатаң азыққа 15 кг сода, 1кг ас тұзы мен 300 л су шығындайды. Ертіндіні бөшкелерде дайындайды, онда үлестеп азықты салады, өңделген азықты цементтелген шұңқырға алып, 24 сағат ұстайды, осыдан кейін жумастан дәл жоғарыдағыдай мөлшерде (күйдіргіш натрий тәрізді) азыққа қосады. Ертіндіні бірнеше қайтара қолдануға болады.
Азықты аммиакпен өңдеу. Сұйылтылған аммакпен өңдеу техникасы төмендегідей жүргізіледі: шөмеле немесе маяны мелиоративті матадан жасалған жапқышпен немесе полиэтилен пленкамен жабады. Матаның шеті маядан 1,5-2 см алыс тұруы қажет: оларды топырақ, құм қабатымен герметикалы болуы үшін бастырады. Сұйылтылған аммиакпен өңдеуді арнайы қайнатушы автокөліктермен жүргізеді: В-3502, 3БА-2 немесе АВА-0,5. Сұйылтылған аммиакты 1 т азыққа 30 кг есептеп қосады. Сұйылтылған аммиакты ық жағынан металл «инесі» бар диаметрі 30-50 мм, ұзындығы 3,5 м құбырдан жасалған иілгіш шланг арқылы енгізеді. «Инені» маяға әрбір 4-5 м сайын 2-2,5 м тереңдікке, түбінен 1-1,5 м биіктікте салады. Аммиакты баяу жібереді, 20-тонналық маяны 1-1,5 сағат бойы өңдейді. Аммиакты жіберу аяқталғаннан кейін пленканың етегін түсіреді де, 10 күнге дейін, суық кезеңде (250 С дейінгі t) – 12 күн герметизациялайды. Осыдан кейін жабынды шешіп, 3-5 күн бойы азықты реакцияға түспеген аммиакпен желдеткеннен кейін, азық азықтандыруға дайын болады.
Азықты аммиак суымен өңдеу. Аммиакпен өңдегендегі тәрізді техникалық шарттарды қажет етеді. Бұл үшін 20-25 % аммиагы бар синтетикалық аммиак суын қолданады. 1 т азыққа 25 %-ды концентрациялы аммиак суының 120 л, 20 %-ды – 150 және 17,5 %-ды – 170 л енгізу қажет. Маяны жапқышпен герметикалық жауып, аммиак суын цистернадан шамамен 1 атм жұмыс қысымымен жібереді. Өңделген азықты жабын астында 10-15 күнге қалдырады. Содан кейін жапқышты шешіп, маяны аммиак иісі кеткенше желдетіп, ірі қара малға және 6- айлық жастан асқан жас малдарға береді.
Сөндірілмеген әкпен өңдеу. Сөндірілмеген әкпен Фузариум туысынан басқа әртүрлі саңырауқұлақтармен зақымдалған улылығы I және II дәрежелі сабан мен шөпті өңдейді. 100 кг қатаң азыққа (турама) 3 кг сөндірілмеген әк немесе 50 % судан тұратын 9 кг әк қамырын немесе 1 кг ас тұзымен араластырылған 4,5 кг әк жұмсайды. Әкті бөшкелерде аздаған мөлшердегі сумен сұйылтады, содан кейін араластырғанда оған тағы 250-300 л су құяды да алынған әк сүтін күбіге немесе тығыз қағылған жәшікке құйып, оған тураманы толық әрі біркелкі шыланатындай етіп орналастырады. Оны 5-10 минуттан кейін алып, ағаш қалқаға жаяды. Содан кейін, тураманың келесі үлесін өңдейді, ертіндіні толық қолданып біткенше осылай жасайды. Ылғалданған сабанды (шөпті) 24 сағат ұстайды. Осылайша өңделген тураманы бірден ірі қара малдың жас төліне тәулігіне– 4-6 кг, ересек қойларға – 1-2 кг береді.
5.6.7 Концентрлі азықтарды залалсыздандыру әдістері
Дәнді кальцийленген содамен залалсыздандыру. Төмендегіге негізделген. Кальцийленген соданы біртіндеп жылы суға толығымен ерігенше қосады, ертінді концентрациясын 4 % дейін жеткізеді. Даярланған ертіндімен дәнді ыдыстарда орналасқан немесе егер олар болмағанда алаңда мұздатылуын болдырмай шылайды. Содан кейін дәнді кептіргіш агрегаттарда жылу ұстағыштың 180-2000 С температурасында кептіреді. 100 кг дәнге 4% кальцийленген соданың 8 л ертіндісін жұмсайды. Фузариумнан басқа Аспергилиус, Пеницилиум, Мукор, Альтернария, Ризопус және басқа туыстың саңырауқұлақтарымен зақымдалғанда қолданады. Сақтау мерзімі шектелмейді.
Дәнді 4 % натрий (калий) пиросульфиты ертіндісімен өңдеу. Натрий (калий) пиросульфитінің 4% ертіндісін даярлап, онымен дәнді 8 л 100 кг есептеп, шылайды да 48 сағат мұздауды болдырмайтын температурада ұстайды. Содан кейін дәнді кептіргіш агрегаттарда жылу ұстағыштың 180-2000С температурасында кептіреді. Калцийленген содамен өңдеу көрсетілген саңырауқұлақтарда қолданылады.
Еріткіштермен жұмыс істегенде сақтану қажет (противогаз бен қолғап кию қажет), себебі пиросульфитті суға еріткенде тыныс жолдарының және көздің кілегейлі қабығына күшті тітіркендіргіш әсер көрсететін күкіртті газ түзіледі. Өңделген дәнді 30 күннен артық сақтауға тыйым салынады.
Дәнді 10 % натрий пиросульфиті ертіндісімен өңдеу. Фузариум саңырауқұлақтарымен I және II дәрежеде зақымдалған дән үшін 100 кг салмағына 10% натрий пиросульфиті 8 л ертіндісі жұмсалады, шыланған дәнді 48 сағат ұстап, АВМ 180-2000 С дейінгі температурада кептіреді.
Дәнді натрий пиросульфиті ұнтағымен өңдеу. Натрий пиросульфитін дәнге салмағы бойынша 1,5 % мөлшерде қосады, механикалық араластырғышта, тасымал ленталарында немесе қолмен күрекпен мұқият араластырады. Өңделген дәнді ыдыста немесе алаңда 30 күн бойы ұстайды да, содан кейін малды азықтандыруға концентрлі азықтың 30 % мөлшерінде рұқсат етеді. Мұндай дәнмен азықтандырудың және сақтаудың ұзақтығы 30 күннен көп болмауы қажет.
Дәнді жоғары температурамен өңдеу. Фузариум туысының саңырауқұлақтарымен зақымдалудан басқа, әлсіз улы дән фуражы жіберіледі. Өңдеуді АВМ, СБ, СЗПВ-2 маркалы кептіргіш агрегаттарда жылу ұстағыштың 3000 С температурасында және 10-12 минут экспозициямен жүргізеді.
Автоклав арқылы өңдеу. Азықты 1:1 қатынасында сумен шылап, 1,5 атмосферада 1 сағат бойы автоклавтайды.
Қайнату арқылы өңдеу. Азыққа 1:4 қатынасында су құйып қазанда су қайнағаннан кейін 1 сағат бойы қайнатады.
Бу арқылы өңдеу. Азықтарды азық булағышта немесе басқа ыдыстарда 1000 С температурада 2 сағат бойы 0,1 %-ды кальцийленген сода ертіндісінде булайды.
5.6.8 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды пайдалану
Азықтық құралдардың зерттелген саңырауқұлақтармен зақымдалуы байқалса, олардың зақымдалу және улылық дәрежесін анықтайды. Егер азықтар 10 % артық зең саңырауқұлақтарымен зақымдалса (шірік иісті қарайған, зең басқан алаңдар), олар сулауға және булауға жатпайды, себебі мұнда улы саңырауқұлақтар одан сайын қауырт дамып, улы заттар жиналады. Улы фузариялармен, аспергиллдермен және басқа саңырауқұлақтармен зақымдалған және биосынама бойынша (қоян терісіндегі қабыну реакциясының III және IV дәрежесі) улылығы күшті қатаң азықтар фураждық мақсатқа жарамайды. Саңырауқұлақтармен зақымданған бірінші және екінші дәрежелі улылықты қатаң азықтарды (фузариумнан басқа) сөндірілмеген әкпен, ал Fusarium туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықты– кальцийленген содамен өңдеуге болады. Улы емес немесе биосынама бойынша әлсіз улы азықтарды мұқият сұрыптайды. Саңырауқұлақтарымен зақымдалған алаңдарды жойғаннан кейін азықты ірі қара малдың бордақыдағы тобына сапалы азыққа қатаң азықтардың нормасынан 25 % аспайтын мөлшерде қышқыл азықтар немесе олардың сілтіленуі (қышқылы кету) болмаса қосып береді. Мұндай азықтарды сақтауға тыйым салынады.
Dendrodochium toxicum және Fusarium улы саңырауқұлақтарымен зақымдалған қатаң азықтарды фураждық мақсатта қолдануға тыйым салынады, оларды азық және төсеніш ретінде жояды. Stachylobotrus alternaus туысы саңырауқұлағымен зақымданған азықтарды тек қана қайтадан улылыққа зерттегенде теріс нәтиже алынса, залалсыздандырып қолданады. Aspergillus, Penicillium, Mucor, Rhisopus туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтарды қатаң азық нормасының 25 % мөлшерінде өңдеп, кептіріп лактациядағы және буаз аналықтардан басқа ірі және ұсақ мүйізді малдарға береді. Заласыздандырғаннан кейін шектеусіз азықтандырады. Төсеніш ретінде жас төлдерге және құстарға Aspergillius fumigatus саңырауқұлақтарымен зақымдалған шөп пен сабанды қолдануға болмайды.
Улылығы үшінші және төртінші дәрежелі дәнді қандай да болмасын саңырауқұлақтармен зақымдалуына байланыссыз азықтық мақсатқа пайдалануға тыйым салынады. Бұзылуы үшінші дәрежелі дәнді технкалық мақсаттарға (шрот өндіру үшін) пайдаланады, бұзылудың төртінші дәрежесінде– жояды (өртейді немесе жерге көмеді). Споротрихинелла және Фузариумграминепрум секциясы өкілдерінен басқа Фузариум туысының улы саңырауқұлақтарымен зақымдалған әлсіз улы дәнді (қоян терісіндегі қабыну реакциясының бірінші және екінші дәрежесі) бордақыдағы ірі қара малға сапалы азықпен концентраттардың нормасынан 25 % аспайтын мөлшерде қосып 10- күндік үзіліспен береді. Мұндай дәнді бірмезгілде қышқыл азықтармен беруге тыйым салынады. Шошқалар, жылқылар мен құстарға бірінші және екінші дәрежелі улылықты дәнді тек қана залалсыздандырып, кептіргеннен кейін қолдануға болады. Залалсыздандырылған дәнді асыл тұқымды, жоғары өнімді, буаз малдар рационына қосуға болмайды, тек бордақыдағы малдарға береді. Өндірістік типті шаруашылықтықтарда кез келген дәрежелі улылықтағы және бұзылған дәнді пайдалануға қатаң тыйым салынады.
I және II дәрежелі бұзылған дәнді азықтық мақсатқа малдәрігерлік зертханада оның малдарға қауіпсіздігі жөнінде қортынды алғаннан кейін ғана тұтынуға болады. I дәрежелі бұзылған улы емес дәнді құрама жем өндіруге пайдалануға болады. Aspergillius fumigatus саңырауқұлағымен зақымдалған дәннен құстарға арналған құрама жем жасауға тыйым салынады.
5.6.9 Азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалудан сақтандыру шаралары
Қатаң азықтарды саңырауқұлақтармен зақымдалудан сақтандыру. Қатаң азықтарды дұрыс жинау, даярлау және сақтау– олардың жоғары санитарлық сапасының кепілі.
Қатаң азықтар құрғақ ауа райында және мүмкін болатын қысқа мерзімде шабу және азықтандыру арасына (2-3 күн) уақыт салып, жиналады.
Жаңбырлы ауа райында жиналып, кептірілмеген шөп жылдам қызып, бұзылады. Сондықтан, кептіруге жағдай болмаса, жасыл массаны сүрлемдейді немесе пішендейді.
Шөп пен сабанды сүйретіп жинауға болмайды, себебі шаңмен қоса, оларға улы саңырауқұлақтардың споралары түседі.
Қатаң азықтарды маяларда сақтау керек. Олар биік жерде тығыз, біркелкі маяланып, жоғарғы жағы түспейтіндей етіп бүйірлері тегістеліп, полиэтилен пленкамен жабылуы қажет.
Сақтаудың ең жақсы әдісі– сарай немесе жабын астында.
Шөп пен сабанды даярлаудың ең дұрыс әдісі – түктерге жинау.
Егер сақтау барысында зақымдалу ошақтары мен азықтың өздігінен қызуы байқалса, оларды қайтадан өңдеп, кептіріп және бұзылған жерлерін жою қажет.
Концентрлі азықтарды саңырауқұлақтермен зақымданудан сақтандыру. Дәнді дақылдарды желдету жақсы жолға қойылған қоймаларда 100 С температурада сақтайды. Бұзылмау үшін дәнді 13-14% ылғалдылықта сақтау керек.
Қамбаны дән салу алдында дезинфекциялап, желдетеді: дезинфекция үшін 1 м3 бөлмеге 15-20 мл есебінен формалинмен аэрозольды өңдеу әдісін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |