Бірінші рейтинг бақылау
№
|
Тақырыбы
|
Апта реті
|
Ұпай саны
|
Бақылау түрі
|
1
|
Буынаяќтылар типі (Arthropoda)
Жалпы сипаттама
|
1-апта
|
|
бақылау сұрақтары
|
2
|
Желбезек тыныстыладың систематикасы
|
2-апта
|
3 б
|
Тест,
|
3
|
Шаятәрізділер класының көптүрлілігі
|
3-апта
|
3 б
|
бақылау сұрақтары,
|
4
|
Насекомдар класының систематикасы
|
4-апта
|
4 б
|
Реферат
|
5
|
Насекомдардың ауыз аппарат құрылысы ерекшілігі. Ауыз аппараттары, олардың пайда болуы және типтері
|
5-апта
|
3 б
|
Тест
|
6
|
Насекомдардың тері жамылғысының құрылғысы
|
6-апта
|
4 б
|
Глассарий
|
7
|
Насекомдардың көбеюі және дамуы
|
7-апта
|
5 б
|
Коллоквиум
|
Қорытынды;30 балл
ОБСӨЖ 22 балл
Лабороториялық 8 балл
Екінші рейтинг бақылау
№
|
Тақырыбы
|
Апта реті
|
Ұпай саны
|
Бақылау түрі
|
1
|
Н Насекомдардың бүркніш реңі және мимикрия
|
8-апта
|
3 б
|
Глассарий
|
2
|
Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі практикалық маңызы
|
9-апта
|
3 б
|
бақылау
сұрақтары
|
3
|
Бақалшақтылар тип тармағының жалпы сипаттамасы
|
10-апта
|
3 б
|
бақылау
сұрақтары
|
4
|
Бауыраяқтылар класының құрылысының физиологиясы
|
11-апта
|
3 б
|
Тест,
|
5
|
Моллюскалар типі өкілдерінің өзіне тән ерекшеліктері
|
12-апта
|
4 б
|
бақылау
сұрақтары
|
6
|
Хелицералылар тип тармағының систематикасы
|
13-апта
|
3 б
|
бақылау
сұрақтары
|
7
|
Паганофоралар типінің құрылысы мен физиологиясы
|
14-апта
|
3 б
|
Коллоквиум
|
Қорытынды;30 балл
ОБСӨЖ 22 балл
Лабороториялық 8 балл
ОБСӨЖ №1
Тақырыбы:Буынаяќтылар типі (Arthropoda)
Жоспар:
1. Буынаяқтыларға жалпы сипаттама
2.Буынаяқтылардың құрылысы.
3.Буынаяқтылардың дамуы.
Буынаяқтылар екі жақта симметриялы және сегменттелген. Олардың буын-буын болып келетін қол аяқтары да метамериялы орналасқан. Буынаяқтылардың сегменттері үш бөлімге бөлінеді: бас, көкірек және құрсақ. Бұлшық еттері көлденең салалы жолақ. Орталық нерв жүйесі алғашында жұп болып, баспалдақ кейіптес келеді. Қан жүру жүйесі ашық, қан жүректің жиырылуы арқылы жүреді, ал жүректің өзі дорзаль түрде (ішектердің үстінде) орналасады және өзінің жұбынан келген кіру саңлаулары – остиялары болады. Зәр шығару органдары есебінде ішектермен байланысқан Мальпиги тамырлары мен орта ішектің оларға ұқсас қосалқылары бар. Буынаяқтылар дара жыныстылар.
Жалпы құрылысы. Буынаяқтылардың ата-тегі буылтық құрттар болып есептелінеді, олармен буынаяқтыларды байланыстыратындар мыналар: бұлардың екеуініңде денелерін кутикула жауып тұрады, сегменттелген, жүру үшін арнаулы органдары болады және ішкі органдарының жүйелерінің орналасу жағынан да ұқсас келген жеке органдарының құрылысы жағынан да ұқсастығы бар.
Сырт жамылғысы: Буынаяқтылардың сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетканың қабатынан тұрады. Кутикула хитин деп аталатын заттан құралады. Буынаяқтылардың кутикуласы тек жамылғы болып қана қоймайды, сонымен бірге сыртқы скелеті ( қаңқасы ) болып та саналадады, оған бұлшықеттер жабысып бекиді.
Денесінің сыртқы бөлшектенуі: Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім құрайды – бас, көкірек және құрсақ, бірақ денесінің жіктелуі түрліше болуы мүмкін: құрсағы көкірегінен айрықша бөлініп тұрмауы мүмкін (көпаяқтыларда), екінші жағынан, денесінің бөлімдері екінші кезекте бір-бірімен тұтасып кетуі мүмкін.
Аяқ-қолдары. Буынаяқтылардың аяқ-қолдары өз сегментіне қозғалмалы түрде жанасқан және бір-бірімен буын-буындалып мүшеленген, мұндай бөлшектеніп жіктелген аяқ-қолдар күрделірек қозғалыстар жасай алады. Буынаяқтылардың жеке топтарының өздеріне тән пішінде біткен және олардың өздеріне лайық түрде жіктелген аяқ – қолдары болады.
Бұлшық еттері. Бунаяқтылардың бұлшық еттер тек бөлек-бөлек мышица тіндеріне бөлінген. Сонымен бірге бұынаяқтылардың бұлшыеті көлденең салалы жолақ, міне сондықтан ол тез жиырыла алады.
Нерв жүйесі. Буынаяқтыларының орталық нерв жүйесінің құрылысы өзінің алғашқы түрінде ол жұп болып келіп, гиподерманың (сыртқы жамылғының ) ішкі жағындағы дененің құрсағының бойымен бір-бірімен жарыса – паралель жатқан, екі стволдан құралады. Дененің әрбір сегментіне келгенде ствол жуандайды, нерв түйіні пайда болады. Ұзына бойлық стволдың бірінен кейін бірі жатқан екі түйінді жалғастыратын бөлімі коннективалар деп, көлденең жатқан белдеушелер – комиссуралар деп аталады. Коннективалардың алдыңғы жақтағы жұбы өңештің алдыңғы бөлімін екі жағынан бірдей орап алады, сонда түйіндердің бірнеше жұбы жұбы ішектердің ішінде жатады да, орталық нерв жүйесінің басқа қалған бөлімдері – ішектердің астында жатады. Түйіндердің бірінші жұбы жұтқыншақ үсті түйіндері , яки ми деп, ал ішектер астындағы түйіндер - құрсақ тізбегі деп аталады.
Орталық нерв жүйесінен шеттік нервтер кетеді, олар сыртқы теріге, бұлшықеттергежәне сезім органдарына таралады, бұлардың барлығыда сыртқы жамылғыментығыз байланыста жатады. Ал ішкі органдар мысалы: ішек және қосалқылары, қан жүру жүйесі, тыныс алу органдары вицеральдық немесе симпатикалық деп аталатын ерекше нерв жүйесі арқылы нерв қозуын алады. Симпатикалық жүйе нерв түйіндерінен құралады.
Сезім органдары. Буынаяқтылардың сезім органдары тітіркендіруді қабылдайтын гиподермалық клеткадан құралған. Бұл клетка бір жағынан хитиннен пайда болған бір мүшемен байланысты болады да екінші жағынан – нерв талшықтары арқылы орталық нерв жүйесімен байланысты болады. Буынаяқтылардың көру органдарын екі ктигорияға бөледі: күрделі яки фасеткалы көздер ғана өздігінен көре алатын сыртқы заттардың пішіндерін және қозғалысын қабылдай алатын органдар деп есептеледі. Жай көздер тек жарықты сезетін органдар деп қана саналады.
органдарына мыналар жатады: 1) ортаңғы ішектің не артқы ішектің мальпиги түтігі деп аталатын, түтік тәрізді тұйық өсіндісі; 2)бастың не көкіректің аяқ-қолдарының түп жағы мен байланысты бездері антенналық, максиллярлық және коксальдық.
Өніп-өсу органдары. Буынаяқтылар әдетте дара жынысты болады, тек сушаян тәрізділердің біраздарында ғана гермафродитизм кездеседі. Ішкі жыныс органдары – аталық без, аналық без, аналық және олардың жолдары – аталықтарында да, аналықтарында да дененің ішінде ұқсас орындарда жатады. Жыныс өзектерімен қосалқы мүшелер байланысты. Олар: аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық қабылдағышы.
Аталықта көбінесе шағылыс аппараты болады, ол кейде өте күрделі келеді және оның құрамына сыртқы жыныс тесігінің айналасына біткен өсімдіктер жүйесімен әдетте, жыныс тесікті болатын есік кіреді. Аналығы жұмыртқаларын қатты жерлерге салатындығына байланысты, кейде оның күрделі құрылған жұмыртқа салғышы болады. Буынаяқтылардың көбінің сыртқы жыныс аппараты жыныс аяқшалары - гоноподалар деп аталады.
Ішкі жыныс аппараты алғашында жұп, егер аталық без немесе аналық без жұп болмаса без жұп болмаса без жұп бездің қосылуынан пайда болады.
Дамуы. Буынаяқтылардың эмбриондық дамуы өте түрліше болып келеді. Әдетте буынаяқтылардың жұмыртқасы сары уызға бай болады, міне осыған байланысты, бөліну беткейлік болады, бөлінуден шыққан бластодерма, сары уызбен толы бластоцельді қоршап жатады.
Постэмбриональдық өсу дәуірінде личинкалық фазалардан өтпейтін тікелей өсуді (эпиморфоз) және личинкалық фазалардан өтетін – метаморфозды көруге болады. Эмбриональдық және постэмбриональдық дамудың ұзақтығы өте өзгеріп отырады.
Бақылау сұрақтары:
1.Буынаяқтылар систематикасы.
2.Жалпы дене ќұрылысының ерекшілігі.
3.Сырт жамылѓысы жєне денесініњ сыртќы бұлшектенуі.
4.Аяќ-ќолдары мен бұлшыќ еттерінің қызметі.
5.Нерв жүйесі жєне сезім органдарының ерекшілігі.
6.Ас ќорыту жєне ќан айналу жүйелері
7.Тыныс алу жєне зєр шыѓару органдары.
ОБСӨЖ №2
Тақырыбы: Желбезек тыныстыладың систематикасы
Бақылау сұрақтары:
Желбезек тыныстылардың жалпы құрылысы
Желбезек тыныстылардың дамуы
Ас ќорыту жєне ќан айналу жүйелері
Тыныс алу жєне зєр шыѓару органдары.
ОБСӨЖ №3
Тақырыбы: Шаятәрізділер класының көптүрлілігі
1. Қыршаян қай класс өкілі?
A) Шаянтәрізділер.
B) Өрмекшітәрізділер.
C) Бунақденелілер.
D) Буынаяқтылар.
E) Көпаяқтылар.
2. Шаянның нашар жетлген сезім мүшесі:
A) Есту.
B) Тепе-теңдік.
C) Иіс сезу.
D) Дәм сезу.
E) Бүйір сызығы.
3. Шаян ұрпағының дамитын орны:
A) Аналық ағзасының ішінде.
B) Су өсімдігінде.
C) Балық денесінде.
D) Аналық құрсақ аяқтарында.
E) Ұяда.
4. Өзен шаянының есту мүшесі бола ма?
A) Болады, қысқа мұртшаларының төменгі жағында орналасады.
B) Болмайды.
C) Болады, бүкіл денесіне жайылып орналасады.
D) Болмайды, кейде есту мүшесінің қызметін қармалағаштары атқарады.
E) Болады, ол күрделі мозайкалық көздер.
5. Шаянның бунақты аяқтарының қайсысы өте ірі қысқашқа айналған?
A) Жоғарғы жақ.
B) Төменгі жақ.
C) Жақаяқтары.
D) Көкірегінде орналасқан бір жұп аяғы.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
6. Шаянның қандай аяқтарының түрі өзгеріп, ауыз мүшесіне айналған?
A) Бас аяқтары.
B) Көкірек аяқтары.
C) Құрсақ аяқтары.
D) Құйрық аяқтары.
E) Қысқыш аяқтары.
7. Шаянның көкірегіндегі бунақты аяқтары қандай қызмет атқарады?
A) Жемін ұнтақтайды.
B) Жүретін қызмет атқарады.
C) Жүзу қызметін атқарады.
D) Жүргіш.
E) Көбеюге қатысады.
ОБСӨЖ №4
Тақырыбы: Насекомдар класының систематикасы
Бақылау сұрақтары.
Насекомдардың тіршілік циклы.
Насекомдардың жалпы құрылысы
Насекомдардың дамуы
ОБСӨЖ №5
Тақырыбы: Насекомдардың ауыз аппарат құрылысы ерекшілігі. Ауыз аппараттары, олардың пайда болуы және типтері
Жоспар:
1.Насекомдар отрядына сипаттама
2.Насекомдардың құрылысы
Насекомдардың зеріттелген белгілі түрлерінің саны барлық басқа жануарлардың белгілі түрлерінің санынан көп ¾ миллион шамасында. Көп насикомдар жүздеп, кейде мыңдап жұмыртқа салады. Сонымен бірге, көп насекомдар бір жылдың ішінде бірнеше ұрпақ береді. Насекомдардың денесі әдетте айқын үш бөлімге бөлінеді: басы, көкірегі, құрсағы. Басы кеудесінен анық бунақталып бөлек тұрады және алты сегменттен құралады: Бірінші сегментте (acron, немесе протоцеребральдық сегмент) екі күрделі көзбен үш жай көзі болады: Екінші сегментте бір талды екі мұрт болады (дейтоцеребральдық сегмент): Ал үшінші сегментте қосалқылар (басқа мүшелер) болмайды (тритоцеребральдық сегмент): Төртінші сегментте бір буынды жоғарғы жақ аппараты болады (мандибульарлық сегмент), бесіншіде – төменгі жақ аппаратының бірінші жұбы (макселлярлық сегмент), алтыншыда – төменгі жақ аппаратының, төменгі ерін болып бірігіп кеткен, екінші жұбы жатады (лабиальдық сегмент).
Құрсағы әдетте 10-сегменттен құралады: сегменттерінің саны 11-12 болуы да немесе алтыға дейін азаюы да мүмкін. Құрсақтың үш жағы мен буын-буын болған екі қосалқы – церк байланста жатады. Аналығының жыныс тесігі әдетте құрсағының сегізінші сегментінде, аталығыніңкі – тоғызыншы сегментінде болады. Аналығының жұмыртқа салғышқа айналған жыныстық аяқтары құрсағының сегізінші және тоғызыншы сегментінен шығады. Ал аталығында жыныс қосалқылары тоғызыншы сегментпен байланысты.
Реферат
Насекомдарға жалпы сипаттама
Насекомдардың тіршілік әрекеті
Насекомдардың дамуы
Насекомдардың құрылысы
ОБСӨЖ №6
Тақырыбы: Насекомдардың тері жамылғысының құрылғысы
Глоссарий
Насеком
Хитин
Кутикула
Циста
ОБСӨЖ №7
Тақырыбы: Насекомдардың көбеюі және дамуы
Коллоквиум
Жоспар:
-
Бал арасының тіршілік әрекеті
-
Дамуы
Биологиясы. Бал арасы семьясының тіршілік әрекеті оқтын – оқтын өзгерістерге ұшырап тұрады. Оның тіршілік әрекеті жыл маусымына байланысты көктемде барынша көп өніп -өсе бастайды. Ал жаздың басталуымен семьяның өніп - өсуі ара ойнағы басталады, міне осыдан кейін аралар бал және гүл тозаңдарын жинай бастайды. Күзге қарай бал аз жинала бастаған кезде, өніп - өсу де кемиді, жұмысшы аралардың едәуір бөлігі өліп қалады, ұядан аталық аралардың барлығын да шығарып жібереді. Қысқа қарсы тек жұмысшы аралардың жастары мен аналық ара ғана қалады, аналық ара жұмыртқа салуды уақытша тоқтатады, бірақ қыстың аяғына таман, ара ұяларын қыстатып қойған үйде тағы бір жұмыртқа сала бастауы мүмкін.
Көне ұяда жас аналық арамен қалған семьяның келешекте өніп - өсуі үшін, ұрпақ бері үшін жас аналық араны ұрықтандыру керек. Ол үшін ара ұядан ұшып шығады, міне сол кезде әуде ұшып жүргенде аталық арамен шағылысады, бұл шағылысуға тек бір ғана аталық ара қатысады.
Маусымдық жұмыстардың қызу кезінде 1-2 айға қана созылатын өзінің өмірінің ішінде жұмысшы аралар бір жұмыстан бір жұмысқа көшіп отырады. Уақытына қарай бірінші болып келетін жұмыс – аналық ара ұя салатын ұяшықтарды тазалау және жас араларды жылыту. Келешекте жас жұмысшы аралар балапан араларды тамақтандырады, мұнда алғашқы кезде ересектеу балапан, араларды тамақтандырады да, кейін сүт беретін жұтқыншақ бездері күшейген кезде, аса жастау балапан араларды тамақтандыратын боладыү. Екінші маусымда жұмысшы аралар бал жинаушы аралардан балды қабылдап алатын болады. Сонымен бірге олар ұядағы керексіз заттарды шығарып отырады, күзетте тұрады және т.с.с. бұл ұшпайтын аралар тап осы кезде ең алғаш ұшуға әрекет жасайды. Бал жинау үшін бірінші рет ұшатын кезінің мерзімі оншалықты дәл белгіленген емес: ол мерзім имаго шықансын 11-34 күннен кейін келуі мүмкін.
Жұмысшы араларға кеңінен жүргізілген тәжірибелер мен байқаулар олардың псехикалық әрекетінің едәуір дамығандығын көрсетеді: мәселен, Фриштың жасаған тәжірибесінен бал арасы нәрсенің реңін, иісін айыра алатындығы және заттардың бейнесін ажырата алатындығы дәлелденді. Жұмысшы араларды түрлі реңге, иіске және пішінге үйретіп, Фриш тәжірибелер жасады. Жұмысшы араның психикалық әрекетін сипаттау үшін, әсіресе, оның бірінші ұшуының ерекше мәні бар, осы алғашқы ұшуы кезінде ол бірте – бірте ұяның айналасындағы жағдайлармен танысады, сірә, мұнда ол заттардың пішіндерін есіне ұстап қалатын болуы керек. Мұндай ұшу жолы сол аймақпен танысуына байланысты ұзара береді.
Коллоквиум
Насекомдардың жалпы құрылысы
Бал арсының тіршілік әрекеті
Насекомдардың даму кезеңдері.
ОБСӨЖ №8
Тақырыбы: Насекомдардың бүркніш реңі және мимикрия
Глоссарий
Насеком
Бүркеніш рең
Мимикрия
ОБСӨЖ №9
Тақырыбы: Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі практикалық маңызы
Жоспар:
1 Бал арасының адам өміріндегі маңызы
2.Бал арасының сыртқы құрылысы
Бал арасы – адам асырап өсіретін аралардың арасындағы ең көп тараған түрі (Европа, Солтүстік Америка, Азияның және Африканың біраз бөлігі). Сыртқы құрылысының ерекшеліктеріне және инстинкт (соқыр сезім) ерекшеліктеріне қарай араның бұл түрінің өзін бірнеше түр тармағына (тұқымға) бөледі.
Бал арасына жататын жарғақ қанаттылар (Hymenoptera) өздерінің дене құрылысының барлық бөлімдерінің арнаулы бір іске бейімделгендігі жағынан үлекен айырмашылығы бар: басы да, көкірек, құрсақ, жақ аппараты, көкірек аяқтары, құрсақ қосалқылары да бәрі бір іске маманданған. Apis тұқымдасы жарғақ қанаттылардың ең жоғарғы дәрежедегі өкілдерінің қатарына жатады, өйіткені бұлардың дене бөлімдерінің бір нәрсеге бейімделуі жоғары сатыға жеткен Жоғары сатыға жеткен жарғақ қанаттыларға жатады: бұлар қауымды формалардың ішіндегі ең бір күрделі формасын құрайды. Бал арасы қауымында яки бал арасы семьясында үш каста (фаза) болады: аналық ара, аталық аралар және жұмысшы аралар (жақсы жетілмеген аналық аралар).
Сыртқы құрылысы. Бал арасының басы, мойныны бунақталып, кеудесіне айқын бөлектеніп тұрады және қай жағына болса да еркін бұрывлады. Жұмысшы араның басын алдыңғы жағынан қарағанда жұмыртқа сиқты сопақтау болып көрінеді, ауызы төмен қарай жатады және ұшында ұзын тұмсығы болады. Басының жоғары жақ екі шекесінде үлкен күрделі көздері жатады, ал жай көздері үшеу болады және тастөбенің нақ ортасына бітеді. Маңдайда күрделі көздердің төменгі шетінің тұсында тұрған қос мұртының негізгі бөлімі өте ұзын бір буын болады, мұртың қысқа 11 буыннан түзілетін қалған жағы мұрттың негізгі бөлімімен жалғасқанда иін (бұрыш) құрайды. Жұмысшы араның басымен салыстырғанда аналық араның басы кішілеу келеді және тұмсығы едәуір қысқа болады. Аталық араның басы аналық араның басынан да, жұмысшы араның басынанда ірілеу келеді. Себебі – орасан үлкен күрделі көздері, жәй көздерді ілгері ысырып жіберіп, бастың төбесін басып кетеді. Жоғарғы жақ аппараттарының атқартын қызметі басқа жұмысшы араларда бұлар – сотылар жасағанда балауыздарға ұя пішінін беретін мүшелер болады, аталық аралармен аналық араларда – бітіліп тұрған ұя көздерін тесіп шығу үшін керек болады. Бал арасының төменгі аппараты сұйық тамақ ішуге арналған аппарат, сондықтан бұның төменгі жақ аппаратымен төменгі еріннің дистальдық бөлімдері бірігіп бітіп, сонан түтік пайда болады.
Бал арасының көкірек бөлімінің екі негізгі ерекшелігі: 1) көкірек бөлімі құрсақтың бірінші сегментімен бірігіп, құрсақтың басқа қалған жағынан анық көрінетін бунақ арқылы бөлектеніп тұрады, міне осының себебінен және бастанда бөлектені тұрғандықтан көкірек бөлімінің пішіні шар тәрізді болады. 2) ортаңғы көкіректік алдыңғы көкіректік пен артқы көкіректікке қарағада едәуір үлкен, мұның себебі – алдыңғы қанаттардың артқы қанаттардан күшті болуына және ұшу мускулатурасы ортаңғы көкіректікте жатқандығына байланысты. Артқы және алдыңғы қанаттар жарғақ қанаттылар болып келеді. Артқы қанаттар алдыңғы қанаттардан едәуір кіші.
Бал арасының аяқтары бүкіл денесінің үстіндегі тозаңдарды жинап алады. Бұл қызметті істеу үшін балтырында және табанының бірінші буынтығында ұзын яки кішкене қылтықтардан құралған аппараты болады. Табандардың бірінші буыны осы жаңа қызметке байланысты аздап жалпайған және ұзарған. Алдыңғы аяқтары тозаңды бас пен кеуденің ілгері аяқ бөлімінен жинайды да, ортаңғы аяқтары – кеудесінің ортаңғы бөлігінен артқы аяқтар – құрсақтан жинайды. Тозаң жиналатын аппарат тек жұмысшы арада ғана бар. Аналық арада бұл аппарат шала дамыған.
Бақылау сұрақтары:
Насекомдарға жалпы сипаттама
Бал арасының дамуы
Насекомдардың практикалык маңызы
Насекомдардың адам өміріндегі маңызы
ОБСӨЖ №10
Тақырыбы: Бақалшақтылар тип тармағының жалпы сипаттамасы
Бақылау сұрақтары.
Бақалшақтылар тип тармағына жалпы сипаттама
Бақалшақ тип тармағының даму тарихы
Ас қорыту жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Зәр шығару жүйесі
ОБСӨЖ №11
Тақырыбы: Бауыраяқтылар класының құрылысының физиологиясы
Жоспар:
1.Бауыраяқтылар класына сипаттама
2.Бауыраяқтылар класының құрылысы
Бауыраяќтылар класы - теңіздерде, кейбіреуі тоѓандар мен ќұрлыќта тіршілік ететін, жұмсаќ денесін баќалшаќ ќаптаѓан, тұлѓасы бүкіл ауыр жаѓын ќамтитын жєндіктер бауыраяќтылар немесе ұлулар класына жатады. Аяќ бөлігі баќалшаќтың астынѓы бµлігін толтырып, дененіњ сол бµлігімен жүретін болѓандыќтан, б±лар бауыраяќтылар д.а. Бұлардыњ 90 мыњѓа жуыќ түрлері белгілі. ұлкен тоспалу тіршілігі жєне сыртќы ќұрылысы – суы тұщы тоѓандарда тұрќы – 70 млм дейін жететін үлкен ұлудың су түбінде жайлап жылжып бара жатќанын көруге болады. Оныњ денесініњ алдыњѓы бөлігінде 2 ќармалауышы жєне бір жұп көзі болады. Тоспа ұлудыњ тұлѓасын баќалшаќ ќаптайды, баќалшаќтыњ кең аузынан бүкіл бауырын алып жататын аяѓы байќалады. Баќалшаќ төрт-бес бұратылып, ұшы ұшкірленіп бітеді. Тоспаұлудың баќалшаѓы мүйіз тектес заттан түзіледі. үлкен ұлудыњ денесі бас, тұлѓа жєне аяќтан ќұралады да, бірінен-бірі айќын бөлінбейді. Аяѓы бүкіл ќұрсаќ бөлігін ќамтитындыќтан, үлкен тоспаұлу бауыраяќты былќылдаќденелі жєндік д.а. ұлудың басындаѓы ќармалауыштардыњ түбін ала екі кµзі болады жєне бас пен жалѓасќан тұлѓаның алдыњѓы жаѓында ерекше ќатпар-шапанша тұлѓаны ќаптап жатады. Ал ұлудыњ денесі мен шапанша аралыѓындаѓы бос орын шапанша ќуысы д.а. Бастыњ астыњѓы жаѓынан ұлудыњ аузы көрінеді. Тоспа ұлулар – өте ќомаѓай жєндіктер, олар негізінен алѓанда өсімдіктекті азыќпен ќоректенеді. үлкен тоспаұлудыњ асќорыту мүшесі ауыздан басталып, жұтќыншаќќа, µњешке жєне ќарынѓа жалѓасады. Ќорегін ќорытуда бауырдыњ атќаратын ыќпалы зор, одан ќарынѓа асќорыту сµлі бµлінеді. Ќарын ішекке жалѓасады да ќоректіњ ќорытылуы ішекте аяќталып, ќорытылмаѓан ќалдыѓы аналь тесігі арќылы сыртќа шыѓарылады. ұлудың ж±тќыншаѓында, тіл д.а. астыњѓы бөлігін ала саќ тісшелер - үккі болады. Тоспаұлу үккілері арќылы су µсімдіктерініњ сабаќтарындаѓы жұмсаќ ұлпаларды ќырып жейді. ‡лкен тоспа±лу µкпемен тыныс алады, сондыќтан єлсін-єлі су бетіне шыѓып, тыныс тесігі арќылы µкпесіне ауа толтырып алады. үлкен тоспаұлудыњ жүрегі екі бµліктен т±рады, олар ќұлаќша, ќарынша д.а. Жүрек екі бµлігін кезек-кезек жиыру арќылы ірі ќантамырлар мен ќанды айдайды да, одан соњ ќылтамырларѓа бөлініп, мүшелер аралыѓына таралады. Бұл ќанайналымныњ ашыќ жүйесі д.а. үлкен ұлудың едєуір күрделі ќ±рылысты бүйрегі бар, сол б‰йрек арќылы үткен ќан улы заттардан арылып, бүйректегі сүзінді аналл тесігініњ жанындаѓы тесік арќылы сыртќа шыѓарылады. үлкен тоспаұлу – гермафродит жєндік, жыныс жасушасынан жұмыртќа жасушасы мен сперматозоид бµледі де, айќаспалы тєсілмен ұрыќтанады. Тоспаұлу су µсімдіктерініњ сабаѓына жұмыртќалап, жұмыртќадан жетілген жас тоспа±лушалар өрбиді.
Тест сұрақтары:
1. Бауыр аяқты моллюскалар немен қоректенеді?
A) Өсімдікпен.
B) Планктондармен.
C) Насекомдардың личинкаларымен.
D) Су жәндіктерімен.
E) Құрттармен.
2. Буынаяқтылардың денесі немен қапталған:
A) Терімен.
B) Бақамшақпен.
C) Кутикуламен.
D) Хитинмен.
E) Эктодермамен.
3. Буынаяқтылардың денесі:
A) Бәрі бунақты.
B) Аяқтары бунақты, денесі бунақталған.
C) Құрсағы бунақты.
D) Аяғы, құрсағы бунақты.
E) Басы бунақты.
4. Буынаяқтылардың аяғы:
A) 3-тен 5-ке дейін жұп.
B) 3-тен 150-ге дейін жұп.
C) 3-тен 10-12-ге дейін жұп.
D) Аяғы жоқ.
E) 3-тен аз болуы мүмкін
ОБСӨЖ №12
Тақырыбы: Моллюскалар типі өкілдерінің өзіне тән ерекшеліктері
Тест сұрақтары:
1. Қай моллюска ағаштарды, кемелерді, теңіз порттарының жағасындағы құрылыстарды бүлдіреді?
A) Мидия.
B) Кеме құрты.
C) Устрица.
D) Жалаңаш шырыштар.
E) Сегізаяқ.
2. Қай моллюска ауылшаруашылық өсімдіктеріне зиянын тигізеді?
A) Тоспа ұлуы.
B) Айқұлақ.
C) Жалаңаш шырыштар.
D) Теңіз меруерті.
E) Кальмар.
3. Қай моллюскаларды тамаққа пайдаланып, тіпті теңізде арнайы “плантацияда” өсіреді?
A) Тоспа ұлуларын.
B) Жалаңаш шырыштыларды.
C) Кеме құрттарын.
D) Мидия мен устрицаларды.
E) Сегізаяқтар.
4. Мына келтірілген мысалдардан жалпақ құрттарға қандай белгілер тән?
A) Радиальді симметрия.
B) Тұйықталып біткен асқорыту жүйесі.
C) Аналь тесігі.
D) Қан айналым жүйесі.
E) Сорғыштары болмайды.
5. Жалпақ құрттарға қандай белгілер тән?
A) Радиальді симметрия.
B) Аналь тесігі.
C) Паренхима.
D) Қан айналым жүйесі.
E) Жасыл бездің болуы
ОБСӨЖ №13
Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағының систематикасы
Жоспар:
1.Жалпы сипаттама
2.Жалпы дене ќұрылысы
3.Сырт жамылѓысы жєне денесінің сыртќы бөлшектенуі.
Жалпы сипаттама. Буынаяқтылар типі жануарлардың ең көп түрлі болып келетін типі, мұндай алуан түрлілігі, олардың тіршілік жағдайларының түрліше болып келетіндігімен байланысты, жануарлар тіршілік ететін қандай жағдай болса да, ол жерде, сөзсіз, буынаяқтылар кездеседі, атмосфераны, түрлі сулардың беттері мен олардың ішін, топырақ беттері мен оның арасын, қарлы жерлер мен мәңгі тұздарды буынаяқтылар жайлаған. Буынаяқтылардың арасында өз бетінше күн көретіндерімен қатар, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері де бар. Буынаяқтыларға сушаян тәрізділер көпаяқтылар және насекомдар жатады.
Буынаяқтылар екі жақта симметриялы және сегменттелген. Олардың буын-буын болып келетін қол аяқтары да метамериялы орналасқан. Буынаяқтылардың сегменттері үш бөлімге бөлінеді: бас, көкірек және құрсақ. Бұлшық еттері көлденең салалы жолақ. Орталық нерв жүйесі алғашында жұп болып, баспалдақ кейіптес келеді. Қан жүру жүйесі ашық, қан жүректің жиырылуы арқылы жүреді, ал жүректің өзі дорзаль түрде (ішектердің үстінде) орналасады және өзінің жұбынан келген кіру саңлаулары – остиялары болады. Зәр шығару органдары есебінде ішектермен байланысқан Мальпиги тамырлары мен орта ішектің оларға ұқсас қосалқылары бар. Буынаяқтылар дара жыныстылар.
Жалпы құрылысы. Буынаяқтылардың ата-тегі буылтық құрттар болып есептелінеді, олармен буынаяқтыларды байланыстыратындар мыналар: бұлардың екеуініңде денелерін кутикула жауып тұрады, сегменттелген, жүру үшін арнаулы органдары болады және ішкі органдарының жүйелерінің орналасу жағынан да ұқсас келген жеке органдарының құрылысы жағынан да ұқсастығы бар.
Сырт жамылғысы: Буынаяқтылардың сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетканың қабатынан тұрады. Кутикула хитин деп аталатын заттан құралады. Буынаяқтылардың кутикуласы тек жамылғы болып қана қоймайды, сонымен бірге сыртқы скелеті ( қаңқасы ) болып та саналадады, оған бұлшықеттер жабысып бекиді.
Денесінің сыртқы бөлшектенуі: Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім құрайды – бас, көкірек және құрсақ, бірақ денесінің жіктелуі түрліше болуы мүмкін: құрсағы көкірегінен айрықша бөлініп тұрмауы мүмкін (көпаяқтыларда), екінші жағынан, денесінің бөлімдері екінші кезекте бір-бірімен тұтасып кетуі мүмкін.
Аяқ-қолдары. Буынаяқтылардың аяқ-қолдары өз сегментіне қозғалмалы түрде жанасқан және бір-бірімен буын-буындалып мүшеленген, мұндай бөлшектеніп жіктелген аяқ-қолдар күрделірек қозғалыстар жасай алады. Буынаяқтылардың жеке топтарының өздеріне тән пішінде біткен және олардың өздеріне лайық түрде жіктелген аяқ – қолдары болады.
Бұлшық еттері. Бунаяқтылардың бұлшық еттер тек бөлек-бөлек мышица тіндеріне бөлінген. Сонымен бірге бұынаяқтылардың бұлшыеті көлденең салалы жолақ, міне сондықтан ол тез жиырыла алады.
Нерв жүйесі. Буынаяқтыларының орталық нерв жүйесінің құрылысы өзінің алғашқы түрінде ол жұп болып келіп, гиподерманың (сыртқы жамылғының ) ішкі жағындағы дененің құрсағының бойымен бір-бірімен жарыса – паралель жатқан, екі стволдан құралады. Дененің әрбір сегментіне келгенде ствол жуандайды, нерв түйіні пайда болады. Ұзына бойлық стволдың бірінен кейін бірі жатқан екі түйінді жалғастыратын бөлімі коннективалар деп, көлденең жатқан белдеушелер – комиссуралар деп аталады. Коннективалардың алдыңғы жақтағы жұбы өңештің алдыңғы бөлімін екі жағынан бірдей орап алады, сонда түйіндердің бірнеше жұбы жұбы ішектердің ішінде жатады да, орталық нерв жүйесінің басқа қалған бөлімдері – ішектердің астында жатады. Түйіндердің бірінші жұбы жұтқыншақ үсті түйіндері , яки ми деп, ал ішектер астындағы түйіндер - құрсақ тізбегі деп аталады.
Орталық нерв жүйесінен шеттік нервтер кетеді, олар сыртқы теріге, бұлшықеттергежәне сезім органдарына таралады, бұлардың барлығыда сыртқы жамылғыментығыз байланыста жатады. Ал ішкі органдар мысалы: ішек және қосалқылары, қан жүру жүйесі, тыныс алу органдары вицеральдық немесе симпатикалық деп аталатын ерекше нерв жүйесі арқылы нерв қозуын алады. Симпатикалық жүйе нерв түйіндерінен құралады.
Сезім органдары. Буынаяқтылардың сезім органдары тітіркендіруді қабылдайтын гиподермалық клеткадан құралған. Бұл клетка бір жағынан хитиннен пайда болған бір мүшемен байланысты болады да екінші жағынан – нерв талшықтары арқылы орталық нерв жүйесімен байланысты болады. Буынаяқтылардың көру органдарын екі ктигорияға бөледі: күрделі яки фасеткалы көздер ғана өздігінен көре алатын сыртқы заттардың пішіндерін және қозғалысын қабылдай алатын органдар деп есептеледі. Жай көздер тек жарықты сезетін органдар деп қана саналады.
органдарына мыналар жатады: 1) ортаңғы ішектің не артқы ішектің мальпиги түтігі деп аталатын, түтік тәрізді тұйық өсіндісі; 2)бастың не көкіректің аяқ-қолдарының түп жағы мен байланысты бездері антенналық, максиллярлық және коксальдық.
Өніп-өсу органдары. Буынаяқтылар әдетте дара жынысты болады, тек сушаян тәрізділердің біраздарында ғана гермафродитизм кездеседі. Ішкі жыныс органдары – аталық без, аналық без, аналық және олардың жолдары – аталықтарында да, аналықтарында да дененің ішінде ұқсас орындарда жатады. Жыныс өзектерімен қосалқы мүшелер байланысты. Олар: аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық қабылдағышы.
Аталықта көбінесе шағылыс аппараты болады, ол кейде өте күрделі келеді және оның құрамына сыртқы жыныс тесігінің айналасына біткен өсімдіктер жүйесімен әдетте, жыныс тесікті болатын есік кіреді. Аналығы жұмыртқаларын қатты жерлерге салатындығына байланысты, кейде оның күрделі құрылған жұмыртқа салғышы болады. Буынаяқтылардың көбінің сыртқы жыныс аппараты жыныс аяқшалары - гоноподалар деп аталады.
Ішкі жыныс аппараты алғашында жұп, егер аталық без немесе аналық без жұп болмаса без жұп болмаса без жұп бездің қосылуынан пайда болады.
Дамуы. Буынаяқтылардың эмбриондық дамуы өте түрліше болып келеді. Әдетте буынаяқтылардың жұмыртқасы сары уызға бай болады, міне осыған байланысты, бөліну беткейлік болады, бөлінуден шыққан бластодерма, сары уызбен толы бластоцельді қоршап жатады.
Постэмбриональдық өсу дәуірінде личинкалық фазалардан өтпейтін тікелей өсуді (эпиморфоз) және личинкалық фазалардан өтетін – метаморфозды көруге болады. Эмбриональдық және постэмбриональдық дамудың ұзақтығы өте өзгеріп отырады.
Бақылау сұрақтары:
1.Буынаяқтылар систематикасы.
2.Жалпы дене ќұрылысының ерекшілігі.
3.Сырт жамылѓысы жєне денесініњ сыртќы бµлшектенуі.
4.Аяќ-ќолдары мен бұлшыќ еттерінің қызметі.
5.Нерв жүйесі жєне сезім органдарының ерекшілігі.
6.Ас ќорыту жєне ќан айналу жүйелері
7.Тыныс алу жєне зєр шыѓару органдары.
ОБСӨЖ №14
Тақырыбы: Паганофоралар типінің құрылысы мен физиологиясы
Коллоквиум
Паганофоролар типіне жалпы сипаттама
Паганофоралар типінің құрылысы
Паганофоралар типінің тіршілік циклы
Паганофора типінің дамуы
Паганофора типінің физиологиясы
ОБСӨЖ №15
Тақырыбы: Тікентерілер экологиясы мен таралуы
1.Жалпы сипаттама.
2.Классификациясы
3.Тікентерілілердің шаруашылық маңызы
4.Кәдімгі теңіз жұлдызы (Asterias rubens) класс өкілі
Сипаттама. Теңізде ғана тіршілік ететін жануарлар ересек күйінде құрылысы, көбінесе, сәулелі семметриялы болады. Личинка кезінде екі жақты симметрия айқын көрінеді, сондықтан ересектердің сәулелі семметриясы, қозғалыссыз не аз қозғалыс жасау тіршілік жағдайына көшуге байланысты, екіншірет пайда болған симметрия деп саналуы керек. Көп формаларда ішкі мезодермалық скелет жақсы жетілген, бұл жеке известі элементтерден құралған, кейде бұл элементтер тұтас сауытқа айналады. Дене қуысы екінші рет пайда болған – целомдық жақсы жетілген қуыс. Көбінесе қозғалыс қызметін атқаратын ерекше сутамыр яки амбулчкральді жүйесі болады.
Қазіргі уақытта тікентерілілердің 5 мың шамалы түрлері белгілі. Тікентерілілер өте ертеден келе жатқан жануарлар тобы, скелеті (қаңқасы) жақсы жетілгендіктен қазба күйінде көп табылады.
Тікентерілілердің шаруашылық маңызы шамалы. Олардың кейбіреулері тамақ – ас үшін пайдаланылады, көбі кейбір кәсіптік маңызы бар балықтарға, мысалы камбала сияқты балықтарға тамақ болады.
Классификациясы. Қазіргі уақытта тіршілік ететін тікентерілілер 5 класқа бөлінеді.
I – класс. Теңіз жұлдыздары. (Asteroidea)
II – класс. Жыланқұйрықтылар яғни офиуралар (Orhiuroidea)
III – класс. Теңіз лилиясы. (Crinoidea)
IV - класс. Теңіз кірпілері. (Echinoidea).
V – класс. Теңіз қиярлары яғни голотуриялар. (Holothuroidea)
Сипаттамасы. Тікентерілілер типінің барлық белгілерін өте жақсы көрсететін негізгі класс. Бұл жануарлардың ересектерінің сыртынан қарағанда да және ішкі органдарының орналасу тәртібінде де сәулелі семметрия, ал, личинкаларында бипинарлы – екі жақты семметрия айқын көрінеді. Скелет известі таяқшалардан құралған, олар көбінесе жануарлардың төменгі жағында болады. Абулякральді жүйесі жақсы жетілген, бұл көбінесе қозғалу үшін керек
Кәдімгі теңіз жұлдызы (Asterias rubens) класс өкілі.
Сыртқы түрі. Жануардың денесі орталық бөлімі не диск және одан тарайтын бес сәуледен құралады. Төменгі яғни оральді жағынан жоғары не аборальді жағынан оңай айыруға болады. Оральді жағының ортасында ауыз тесігі, ал сәулелерді бойлап өтетін қуыстарда амбулякральді жүйенің ақырғы жағы болып саналатын ұшында сорғыштары бар амбулякральді кішкене аяқтар болады. Аборальді жағында амбурякральді жүйенің бас жағы - мадрепоралық пластинка, артқы тесік және жыныс бездерінің тесігі бар.
Ішкі құрылысы. Скелет известі пластинкалардан құралған пластинкалар бірнеше қатарлар болып ораль жағында және біразы сәулелердің бойында орналасқан. Сәуленің ортаңғы сызығы бойында амбулякральді пластинканың қос қатарлы қабаты келеді. Бұлар ойық сызат құрады. Бұл пластинкалардың арасында амбулякральды аяқшалар шығады.
Мускулатура едәуір жақсы жетілген, мұның себебі скелеттің жөнді жетілмеуінен жұлдыздың сәулелері жоғары қарй да төмен қарай да иіле алады.
Сәулелілерді иетін әрбір сәулені бойлай жүретін және аборальді жағының ортасынан барып қосылатын үш бұлшық ет таспалары. Мұнан басқа бір жұптың, бір тізбектің амбулякральді пластинкаларын сәйкес пластинкаларды алды – артынан байланыстыратын және амбулякральді пластинкаларды амбулякральді пластинкалармен байланыстыратын бұлшықеттер бар. Бұлшық еттердің мұндай жүйесі теңіз жұлдыздарының сәулелі қозғалмалы өтеді.
Дене қуысы не целом. Терінің, скелет элементтерінің және мускулатураның астында сәулелілерге кіретін кең дене қуысы болады. Дене қуысы алдымен бастапқы ішектің екі жағында бір жұп бастама сияқты болып, құрыла бастайды.
Мұнай былай өсу кезінде бұлардың әрқайсысы үшке бөлінеді. Артқы екі участкесінен целом, сол жақ ортадағы участкеден (гидроцель) амбулякральді жүйе құрылады. Оң жақ орта участке редукцияға ұшырайды, алдыңғы екеуінен псевдогемльді жүйенің бір бөлімі ось комплексі құрылады. Дене қуысында амеба тәрізді көптеген клеткалары бар сұйық зат болады және дене қуысының ішін кірпікті эпителялар жауып жатады.
Амбулякральді не су тамырлы жүйенің құрылысы сәуле симметриялы және оның денесі орталық бөлім мен сәулелерде жатқан радиальді тармақтардан құралады. Денесінің ортасында өңешті қоршап жатқан дөңгелек канал бар. Осы каналдан әрбір сәулеге радиальді каналдар және тасты каналдар тарайды
Амбулякральді жүйенің негізгі қызметі қозғалыс әрекеті, мұны ол амбулякральді аяқшалар арқылы жүзеге асырады. Мадрепоралық пластинка арқылы амбулякральді жүйеге су толады. Аяқшалар созылып барып өзінің сорғыштармен бір нәрсеге жабысады, соннан соң жиырылып жұлдыздың денесін соған қарай жылжытады.
Псевдогемальді жүйе де амбулякральді жүйе сиқты целомның бір бөлшегі. Ол амбулякральді жүйенің дөңгелек каналынан сыртқа өтетін өңештің айналасындағы қос дөңгелектен, олардан сәулелерге таралатын радиальді каналдардан және дененің ауыз жағынан артқы жағына қарай түтік сияқты болып жыныс бездеріне бұтақ бертін осьтік комплектерінен құралады. Осьтік комплекстің ішінде тас канал және қан айналыс жүйесінің осьтік органы болады.
Қан айналыс жүйесі де сәуле симетриялы псевдогемальді жүйенің қоршауларының ішінде. Дөңгелек канал дененің аборальді жағындағы сол сиқты каналдарымен осьтік органыен жалғасады. Ол осьтік комплекстің ішінене өтетін көптеген қан тамырлары бар қосу ұлпадан (ткань) құралған . Қан айналыс жүйесін толтыратын сұйық затта ешқандай пегмент болмайды және ол тыныс әрекеттерін атқармайды.
Асқорту жүйесі. Бұл жүйе табылған ірі қоректерді ішіне қарай тартуға қабілетті өте созылғыш дөңгелек ауыздан басталады. Қысқа өңеш дененің орталық жағын түгел алып жатқан көлемді жұқа қабырғалы қарынға барып қосылады. Қарын ауыз арқылы сыртқа айналып шығып өзінің демін басып алады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тікентерілердің жалпы сипаттамасы.
2 Тікентерілердің классификациясы
3.Тікентерілілердің шаруашылық маңызы
4.Кәдімгі теңіз жұлдызы (Asterias rubens) класс өкілі
5. Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі.
Әдебиеттер:
1.К.Э. Дєуітбаева Омыртќасыздар зоологиясы Алматы Ќазаќ университеті 1999.
2. Догель В.А Зоология без позвоночных М. 1981
3.Натальи В.В Зоология без позвоночных М. Просвещение 1975
4.Фролова Э.Н Щербина Т.В. Практикум по зоологий без позвоночных М. Выс.Школа 1962
5.Беи-Биенко Г.Я. Общая энтомология М.Выс. Школа 1980
6.Яхонтов В.В Экология насекомых. М. 1964.
7. Тілменбаев.А. Энтомология.
8.Жизнь животных под ред. З. Зенькевича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М. Просвешение.
9.Ажиева Г.И. Досполова С.К. Омыртќасыз зоология пєні бойынша лабараториялыќ сабаќтардыњ методологиялыќ н±сќау
10.К Түсіпова. Омыртќасыздар зоологиясы Алматы 2004.
“Зоология” пәнінен тест сұрақтары:
1. Қарапайымдылардың жануарлар дүниесіндегі орны?
А) бір клеткалы деңгейіндегі жануарлар;
В) екі қабатты деңгейіндегі жануарлар;
С) үш қабатты деңгейіндегі жануарлар;
Д) билатерияльды симетриялы жануарлар;
Е) целомды жануарлар;
2Қарапайымдыларды зерттейтін ғылым?
А) гельминтолгия
В) протозоология
С) арахнология
Д) энтомология
Е) ихтиология
3. Қарапайымдылар клеткасының көп клеткалы жануарлар клеткасынан
айырмашылығы?
А) эукариотты клеткалар;
В) мембрана, цитоплазма, органоидтары болады;
С) физиология жағынан бір организм, организмдерге тән барлық
қызыметттерді атқарады: қоректену , зәр шығару, жылжу т.б;
Д) митоз жолымен бөлінеді;
Е) цистаға айналады;
-
Омыртқасыз жануарлардың омыртқалы жануарлардың негізгі айырмашылығы неде?
А) хорда дамыған ;
В) нерв тізбегі құрсақ жағында орналасқан;
С) нерв тізбегі арқа жағында орналасқан;
Д) екі қан айналу щеңбері болады;
Е) денесі қауырсындармен қапталған;
-
Қарапайымдыларға тән басты белгі?
А) ас қорыту системасы жоқ ;
В) клетка деңгейіндегі жануарлар;
С) денесі өте кішкентай;
Д) колониялы жануарлар;
Е) көпклеткалы жануарлар;
-
Sarcomastigophora типіне қандай кластар жатады?
А) Sarcodina;
В) Sporozoa;
С) Masticophora;
Д) Chidosporidia;
Е) microsporidia;
-
Мына келтірілген қарапайымдылардың өкілдері қай отрядқа жатады?
А) кәдімгі амеба; A-testaceae
В) трипаносома; Б-phytomonadina
С) вльвокс; В-kinetoplastida
Д) инфузория туфелька; Г- amoebina
Е) арцелла; Д-hymenostomata
-
Кәдімгі амеба қай жерде тіршілік етеді?
А) тұщы су қоймалары;
В) тұзды суларда;
С) адамның ішегінде;
Д) өсімдіктердің сабағында;
Е) жануарлардың денесінде;
-
Фораминифералардың сауытты амебалардан айырмашылығы неде?
А) жалаңаш денелі;
В) талшықты денелі;
С) кірпікшелі денелі;
Д) денесі бір камералы сауытпен қаптплған;
Е) денесі көп камералы сауытпен қапталған;
-
Жасыл эвгленаға қандай қоектену тән?
А) аутотрофты
В) гетеротрофты
С) миксотрофты
Д) паразитті
Е) сапрофитті
11. Dinobrion sertulara қай отрядқа жатады?
А) Hypermasticina
В) choanoflacellata
С) euclenoiedea
Д) chrysomonadina
Е) dinoflacellata
12. Мысалға келтірілген қарапйымдылардың отрядтарына қайсысында
колониальды формалары кезедеседі?
А) kinetoplastida
В) choanofjagellata
С) polymastigina
Д) phytomonadina
Е) dinoflagellata
13. Вольвокс құрлысының типін атаңыздар?
А) плазмодия
В) сомателла
С) монотомиялық колония
Д) палинтомиялық колония
Е) ценобий
14. Саркодина класының қай отрядында паразиттік тіршілік ететін түрлері
кезедеседі?
А) амебалар отрядында
В) қабыршақты амебалар
С) фораминифералар отрядында
Д) насселерия отрядында
Е) акантария отрядында
15. Губкалардың ішекқуыстылардан негізгі айырмашылығы
А) денесі эктодерма және эндодерма қабаттарынан құралған
В) мезоглея қабатында көптеген клеткалар орналасады
С) бүршіктену арқылы жыныссыз жолмен дамиды
Д) қорек затын қуыстың ішінде қорытады
Е) қорек затын клетканың ішінде қорытады
16. Губкаларға қандай морфологиялық формалар тән?
А) аскон
В) сикон
С) амфибластула
Д) геммула
Е) лейкон
17. Губкалардың парагастральдық қуысын қандай клеткалар астарлап
жатады?
А) колленциттер
В) амебоциттер
С) склеробласталар
Д) хоаноциттер
Е) пороциттер
18. Губкалар типіне қандай нерв жүйесі тән?
А) дифузды нерв жүйесі
В) шашыраңқы түйінді
С) ортогон
Д) ганглионарлы метамерлі
Е) нерв жүйесі жоқ
19. Губкалардың личинкасы қалай аталады?
А) трохофора
В) планула
С) паренхимула
Д) велигер
Е) глохидия
20. Склеобластер қандай қызымет атқарады?
А) ас қорту
В) зәр шығару
С) тірек
Д) қорғалу
Е) тасымалдау
21. Ішекқуыстылар деп неге атайды?
А) ішектері қуыс болады
В) ішектері болмайды
С) ішек қуысында ас қортылады
Д) пора тесіктері болады
Е) ішегінде целом қуысы болады
22. Ішекқуыстыларға қандай ас қорыту процесі тән?
А) ас клетканың ішінде қортылады
В) ас қуыстың ішінде қорытылады
С) ас ішектің ішінде қорытылады
Д) ас клетканың және қуыстың ішінде қорытылады
23.Синфонфорлар қайда мекендейді ?
А) жер бетіндегі тұщы су қоймаларында;
В) солтүстік теніздерде;
С) жылы теңіздерде;
Д) жер астындағы су қоймаларыда;
Е) ыстық гейзер суларында.
24. Метагенез дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |