119 Медузаның жүйке жүйесі:
A) Жоқ.
B) Диффузия типі.
C) Түтікшелі.
D) Ганглийі жоқ.
E) Бағана түрінде.
120. Гидраның ас қорытуы:
A) Жасушаішілік.
B) Қуыстық.
C) Қуыстық, жасушаішілік.
D) Асқазаны бар.
E) Ішегі бар.
121. Гидраның атпа жасушаларының шоғырланған жерлері:
A) Ауыз төңірегінде.
B) Аузы, қармалауышында.
C) Аузы, табанында.
D) Бүкіл денесінде.
E) Энтодермасында.
122. Гидраның жыныс жасушалары неден түзіледі?
A) Эктодермадан.
B) Энтодермадан.
C) Ішек қуысынан.
D) Аналық жасушалар – сыртқы, аталық – ішкі қабаттан.
E) Түзілмейді.
123. Гидраның қорегі:
A) Майда су омыртқасыздармен.
B) Балдырлармен.
C) Су өсімдіктерінің эпидермисін қырады.
D) Барлығымен қоректенеді.
E) Өсімдіктермен.
124. Қоректену тәсіліне қарай медузалар:
A) Жыртқыштар.
B) Қорек таңдамайтындар.
C) Фильтр сүзгі жолымен.
D) Автотрофты жолмен.
E) Паразиттер.
125. Атпа жасушалар өз қызметін атқарған соң:
A) Өледі, атпа жасушаларының саны азаяды.
B) Жасуша атпа жіпшелерді өзіне тартып, сақталады.
C) Өледі, жаңа атпа жасушалары аралық жасушалардан қайта түзіледі.
D) Тірі қалады.
E) Жасуша саны өзгеріссіз қалады.
126. Қандай даму ерекшеліктері тек қана буынаяқтыларға тән?
A) Дернәсілсіз даму.
B) Даму барысында көлемінің немесе бойының біртіндеп ұлғаюы.
C) Жәндіктер тек түлеу кезінде ғана өседі.
D) Жануарлар хитинді жабынының болуына байланысты өспейді.
E) Қуыршақтану сатысы болмайды.
128. Буынаяқтылардың қайсысының екі жұп мұртшасы бар (ұзын және қысқа) және ауыз мүшесі жоғарғы және төменгі жақтан тұрады?
A) Бунақденелілердің.
B) Шаянтәрізділердің.
C) Өрмекшітәрізділердің.
D) Кенелердің.
E) Жарғаққанаттылардың.
129. Буынаяқтылардың қайсысында тіршілік әрекетінің нәтижесінде қанда еріген зиянды өнімдерді ағзадан бөліп шығаратын жасыл бездері бар?
A) Өрмекшілерде.
B) Бунақденелілерде.
C) Шаяндарда.
D) Кенелерде.
E) Қоңыздарда.
130. Шаянтәрізділерге қандай тыныс алу мүшесі тән?
A) Өкпе.
B) Мантия.
C) Желбезектер.
D) Артқы ішек.
E) Қысқаштар.
131. Ұсақ шаянтәрізділердің су қоймаларындағы атқаратын ролі.
A) Суды ластанудан сақтайды.
B) Балықтарға жабысып күн көреді.
C) Балық шабақтарына қорек болады.
D) Балық шабақтарын жеп, зиян келтіреді.
E) Өлі өсімдік қалдықтарын ыдыратады.
132. Қандай буынаяқтылар адам үшін қауіпті?
A) Таңқышаян, шаян
B) Кресті өрмекші.
C) Қарақұрт, тарантул, құршаян.
D) Жайлым кенесі.
E) Зауза.
133. Өрмекшітәрізділердің қайсысы энцефалит ауруын тудырады?
A) Қыршаян.
B) Тайга кенесі.
C) Қотыр қышыма кенесі.
D) Кішкене қызыл өрмек кенесі.
E) Жайылым кенесі.
134. Қандай буынаяқтылар өсімдік сөлін сорып, ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіреді?
A) Құршаян.
B) Жайылым кенесі.
C) Қотыр қышыма кенесі.
D) Кішкене қызыл өрмек кенесі.
E) Қырықаяқ.
135. Буынаяқтылардың қайсысы қотыр ауруын туғызады?
A) Құршаян.
B) Жайылым кенесі.
C) Қотыр қышыма кенесі.
D) Кішкене қызыл өрмек кенесі.
E) Тайга кенесі.
136. Қандай буынаяқтылар мүйізді ірі қараның, жылқының, түйенің қан ауруларын тасымалдаушысы болып есептеледі?
A) Өрмекшілер.
B) Жайылым кенелері.
C) Құршаяндар.
D) Шаянтәрізділер.
E) Тайга кенесі.
137. Зауза қоңыздың бас құрылысы қай типке жатады?
A) Баскөкірек екі бөлімнен тұрады: бас және көкірек, бас бөлімінде өткір бізі екі жұп жүзікше мұртшасы және көзі болады.
B) Бас бөлімінде бір жұп бунақталған мұртшасы, күрделі көзі және ауыз мүшесінің құрылысы: үстіңгі және астыңғы ерін, жоғарғы және төменгі жақ.
C) Баскөкірегі мұртшасыз, екі жұп ауыз мүшесі бар, төрт жұп көзі болады.
D) Басы нашар дамыған.
E) Күрделі көзі, жұмсақ тұмсық, жалағыш ауыз мүшесі болады.
138. Бунақденелердің қайсыларының қатты алдыңғы қанаттары және жарғақ артқы қанаттары болады?
A) Шыбындардың.
B) Көбелектердің.
C) Қоңыздардың.
D) Бал арасы мен соналардың.
E) Оқыралардың.
139. Бунақденелілер қалай тыныс алады?
A) Құрсағын біресе жиырып, біресе созудың нәтижесінде демтүтіктегі ауа жаңарады.
B) Аяғында орналасқан өкпе қапшығы арқылы.
C) Аяқтарында орналасқан желбезектері арқылы.
D) Бүкіл дене жамылғысы арқылы тыныс алады.
E) Өкпе арқылы.
140. Қан тамырлар жүйесінің қай типі бунақденелілерге тән?
A) Қан тамырлар жүйесі болмайды.
B) Ашық типті.
C) Жабық типті.
D) Капиллярлы.
E) Қан тамырлар жүйесі тіршілік барысында өзгеріп отырады.
141. Шыбынды басқа бунақденелілерден қалай ажыратуға болады?
A) Екі жұп мөлдірлеу жарғақ қанаттары болады.
B) Алдыңғы жұп қанаты жарғақ, жақсы жетілген, артқы қанаты өзгеріп ызылдауыққа айналған.
C) Бір жұп қанаттары қатқыл, екінші жұп қанаттары жарғақ.
D) Бір жұп қанаттары жартылай жарғақ, екінші қанаттары жарғақ.
E) Қанатсыз.
142. Қансорғыш қосқанаттылардың ауыз мүшелері қай типті?
A) Кеміргіш.
B) Тесіп – сорғышң.
C) Сорғыш.
D) Астыңғы еріні ұстағыш.
E) Ауыз аппараты жалағыш.
143. Бунақденелілердің бүркеніш реңі дегеніміз не?
A) Ерекше мінез-қылығы.
B) Қоректенудің ерекше түрі.
C) Жануарлар түсінің қоршаған ортаға ұқсас болып келуі.
D) Даму типі.
E) Қауіп төндіру.
144. Қанаттары арқылы көбелекті басқа бунақденелілерден қалай ажыратуға болады?
A) Екі жұп қанаттары болады.
B) Екі жұп қанаттарының біреуі редукцияға ұшыраған.
C) Бір жұп қанаттары қатқыл, екінші жұп қанаттары жарғақ.
D) Қанаттары ұсақ қабыршақтармен қапталған.
E) Қанаттары болмайды.
145. Бунақденелілердің қаны қандай қызмет атқарады?
A) Оттегін тасымалдайды.
B) Қоректік заттарды тасымалдайды.
C) Көмірқышқыл газын сіңіреді.
D) Кез-келген заттарды тасымалдайды.
E) Тыныс алу қызметіне қатысады.
146. Энтомология нені зерттейді?
A) Балықтарды.
B) Бунақденелілерді.
C) Талшықтыларды.
D) Өрмекші тәрізділерді.
E) Бауыраяқтыларды.
147. Зауза қоңызы қандай мүшесімен тыныс алады?
A) Өкпемен.
B) Желбезек арқылы.
C) Кеңірдек арқылы.
D) Өкпемен және кеңірдектер арқылы.
E) Мантия қуысы арқылы.
148. Шаянның бунақты аяқтарының қайсысы өте ірі қысқашқа айналған?
A) Жоғарғы жақ.
B) Төменгі жақ.
C) Жақаяқтары.
D) Көкірегінде орналасқан бір жұп аяғы.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
149. Шаянның қандай аяқтарының түрі өзгеріп, ауыз мүшесіне айналған?
A) Бас аяқтары.
B) Көкірек аяқтары.
C) Құрсақ аяқтары.
D) Құйрық аяқтары.
E) Қысқыш аяқтары.
150. Шаянның көкірегіндегі бунақты аяқтары қандай қызмет атқарады?
A) Жемін ұнтақтайды.
B) Жүретін қызмет атқарады.
C) Жүзу қызметін атқарады.
D) Жүргіш.
E) Көбеюге қатысады.
151. Безгек (малярия) плазмодиясының тіршілік циклінде кім негізгі иесі болып табылады?
A) Адам.
B) Маса.
C) Шіркей.
D) Жылқы.
E) Моллюска.
152. Кенелер қандай класқа жатады?
A) Бунақденелілерге.
B) Шаян тәрізділерге.
C) Өрмекші тәрізділерге.
D) Қосжақтаулыларға.
E) Бауыраяқтыларға.
153. Өзен шаянының есту мүшесі бола ма?
A) Болады, қысқа мұртшаларының төменгі жағында орналасады.
B) Болмайды.
C) Болады, бүкіл денесіне жайылып орналасады.
D) Болмайды, кейде есту мүшесінің қызметін қармалағаштары атқарады.
E) Болады, ол күрделі мозайкалық көздер.
154. Насекомдардың шала түрленіп дамуы неше сатыдан тұрады?
A) 1.
B) 2.
C) 3.
D) 4.
E) 5.
155. Қандай құрттардың мезодермасы дененің және ішектің бұлшық ет қабырғасын дененің қуысын құрайды?
A) Кірпікшелі құрттардың.
B) Таспа құрттардың.
C) Буылтық құрттардың.
D) Жұмыр құрттардың.
E) Сорғыш құрттардың.
156. Адам үшін қауіпті, улы буынаяқтылар:
A) Қоңыз, шыбын.
B) Шаян.
C) Шаршылы өрмекші.
D) Қарақұрт, бүйі, қыршаян.
E) Жайылымдық кене.
157. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі:
A) Дене жамылғысы.
B) Желбезек.
C) Өкпе.
D) Демтүтік.
E) Майлы дене.
158. Желілілердің (хордалылардың) барлық өкілдері үшін ортақ белгі:
A) Омыртқа жотасы.
B) Сүйекті қаңқа.
C) Желінің болуы.
D) Жүзбеқанат.
E) Бір қабатты жабынның болуы.
159. Буынаяқтылардың денесі немен қапталған:
A) Терімен.
B) Бақамшақпен.
C) Кутикуламен.
D) Хитинмен.
E) Эктодермамен.
160. Буынаяқтылардың денесі:
A) Бәрі бунақты.
B) Аяқтары бунақты, денесі бунақталған.
C) Құрсағы бунақты.
D) Аяғы, құрсағы бунақты.
E) Басы бунақты.
161. Буынаяқтылардың аяғы:
A) 3-тен 5-ке дейін жұп.
B) 3-тен 150-ге дейін жұп.
C) 3-тен 10-12-ге дейін жұп.
D) Аяғы жоқ.
E) 3-тен аз болуы мүмкін.
162. Қыршаян қай класс өкілі?
A) Шаянтәрізділер.
B) Өрмекшітәрізділер.
C) Бунақденелілер.
D) Буынаяқтылар.
E) Көпаяқтылар.
163. Шаянның нашар жетлген сезім мүшесі:
A) Есту.
B) Тепе-теңдік.
C) Иіс сезу.
D) Дәм сезу.
E) Бүйір сызығы.
164. Шаян ұрпағының дамитын орны:
A) Аналық ағзасының ішінде.
B) Су өсімдігінде.
C) Балық денесінде.
D) Аналық құрсақ аяқтарында.
E) Ұяда.
165. Өрмекші тәрізділер немен тыныс алады?
A) Желбезек.
B) Өкпе, демтүтік.
C) Демтүтік.
D) Тері.
E) Альвеол.
166. Өрмекшітәрізділерге жататыны:
A) Биттер.
B) Бүрге.
C) Шегіртке.
D) Кене.
E) Дафния.
167. Тайга кенесі адамға энцефалит жұқтыруы мүмкін, себебі:
A) Осы ауру қоздырғышын тасымалдаушы.
B) Осы ауру қоздырғышы.
C) Адам мен жануар қанында болады.
D) Адам қанында болады.
E) Ағаштарда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |