«зоопсихология» ПӘні бойынша



бет4/4
Дата30.06.2016
өлшемі426 Kb.
#167133
1   2   3   4


Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективтік құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінікті бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі жоғарғы даму туралы пікір, материяның ерекшелігі.

Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуі бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен ажырамайтын жеке бастамалар. Дамудағы байланыс жасай отыра, олар өз заңдары бойынша дамиды. Дамудың әрбір сатысында идеалды психикамен біріктіріледі.

Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды.

Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық, органикалық қосылулардан, қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері пайда болды. Олар биологиялық эвалюция ықпалы арқасында, көбею, генетикалық, жүре пайда болған ерекшеліктер, тұқым қуалау арқылы өзгерістер мен қалыптасулар пайда болды.

Тіршілік иелерінің эвалюциялық өзін-өзі жетілдіру арқылы органимздерде ерекшеліктер пайда болады, органның дамуы, тәртіпті, қайта жаңғыртуды басқарды. Бұл жүйке жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сапа, рефлексия пайда болды.



Нерв жүйесі функциясының құрылысының жақсаруы психика дамуының қайнар көзі болды. Бұл процестің механизміне: организмнің жаңа ерекшеліктерге ие болуы, олардың өзгеруіне байланысты жаңа органдардың өзгерістері, генотиптегі өзгерістер: өмір сүруге қажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердің ортақ бейімделуі жатады.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Организм күтпеген өзгертуге әсер тигізеді. Дүниенің бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны жақсырақ бағалай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне қоршаған объективті өмір әсер еттті.

Психика дамуының екінші стадиясын анықтау қоршаған орта туралы хабарлама алу мінездемесінің әдістерінен тұрады. Бірінші стадияға сенсорлы әдіс, екіншіге – перцептивті әдіс тән.

Біріншіден жануарлар адаптациясының деңгейі мен қалыптасуын, жан-жануарлар психикасының даму дәрежесін анықтайды. Қолда бар ғылыми материал жан-жануарлардың психикасының және даму стадияларын көрсетеді. Бұл стадиялар қоршаған орта туралы хабарламаны алу деңгейі, әдістерімен ерекшеленеді. Бірінші жағдайда – түйсіктердің бөліктер деңгейі, екіншісіне заттық қабылдау.

Екіншіден, жан-жануардың психикасының ең жоғарғы даму деңгейі - затты қабылдау стадиясында. Жануардың қарапайым интелектісі туралы хабар береді. Жануарлардың тәртібінің ерекшелігі, биологиялық қателікті өтеу, қанағаттандыру.

Балалар ойынының бірігу белгісі осы өмірде пайдалану, әсіресе маймылдарда көрінеді. Топта ойынсыз қарым-қатынас жүзеге аспайтынын, приматтарды зерттеген С.Л. Уанберн мен И.Де. Воре айтып кеткен. Жас маймылдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді мұнда, Уанберн мен Де Воре бойынша ересек өмір әрекетінің формалары мен жаттығуын үйренеді.

Ойын кезінде жануар қоршаған ортаның объектілері туралы түрлі информацияға байды. Бұл эволюция процесіндегі жиналған тәжірибені өмірдің нақты шарттарына қолдана отырып нақтылауға, толықтыруға мүмкіндік береді.

Ойын манипуляциясы өзіне зерттеу компонентін қосады. Жануар қоршаған айналасы, сыртқы объектердің «биологиялық белгілерімен» ғана танысады.

Қозғалыс қабілеттіліктерінің дамуы әрқашан қоршаған ортаны зерттеумен байланысты. Мұндай жағдайда ойында әрекеттік моторлы және сенсорлы көрінісі дамиды.

Постнатальды онтогенездің басында тума тану бағдар үшін және индивидуалдық тәжірибе жинау үшін қызмет етеді.

Ойын кезеңінде тума компоненттер негізі ойын белсенділігімен бірігеді және интеллективті негіз құрайды.

Ойынға дейінгі компоненттердің ойын кезеңінде ауысу сыртқы ортаны таңдаумен жүреді.

Онтогенез кезінде дамып келе жатқан жануарлардың танымдық іс-әрекеттері күрделенеді, ұядан шыққаннан кейінгі танымдық функциялары өзгереді.

Ойын формаларының көп-бейнелілігінде жануарлардың жалпы қозғалмалылығы біріктіріледі. Ойын белсенділігі басқа категориядарда дамиды. Ең алдымен қимыл сенсорлы координациясы және жалпы функциялық қабілеттері (шапшаңдық, тездік, реактивтілік, күй және т.б.) дамиды. Сол уақытта қорректенудің функционалдық өрісіндегі арнайы әрекет элементтері жаттықтырылады. Ойынға дейінгі әрекеттің элемент комбинациясы, нәтижесінде инстинтивті әрекеттің жоғары деңгейдегі көрінісі қалыптасады.

Жануарлардың ойын арқылы даму стадиясын А.Н. Леонтьев, кейіннен зоопсихологиялық жаңалықтар негізінен К.Э. Фараби дамытады. Бұл концепцияда екі стадиялы. Бірінші элементарлы сенсорлы психика стадиясы – ол екі деңгейлі жоғарғы және төменгі. Екінші перцептивті психика стадиясы - үш деңгейден тұрады: төменгі, жоғарғы, ең жоғарғы.
15-ші дәріс

Тақырыбы: Адам сөйлеуінің пайда болуының биологиялық алғы шарттары

Сұрақтар:

1.Үйірлі қоғамдастық құрудың негігі құралдары

2..Жануарлар қарым қатынасы.

3.Адам сөйлеуінің пайда болуы.

4. Антропоидтер интеллектісі мен адам санасының айырмашылықтары
Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эвалюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның сапалы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар:


  • адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп салдармен байланысы жоқ (кейбір жағдайда адам биологиялық қажеттікке мойынсынбай, қарсы шығады).

  • Адам саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстракттық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысқа бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет қылығына бағыт таңдайды.

  • Жануар әрекет-қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық тәжірибені игеру-үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. Адам иелегінде әрекет-қылық тәсілдері өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи-қоғамдық іс-әрекетін игеруден.

Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

  1. тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты;

  2. өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

  3. еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;

  4. тілдік қатынастың пайда болуы.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі: ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау ұқыбына ие. Қарудың болашақта қолдануын болжай алуға да байланысты, яғни сапалы іс-әрекеттік бірінші формасы. Қару дайындаушы адамның әрекет-қылығы күрделі сипатқа ие болды: тікелей қажеттік қанағаттандыруға бағыталған әрекет ішінен мағынасы болшақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.

Адамның күрделі құрылған саналы әрекеттік қалыптасуына себепші болған екінші шарт-тілдің туындауы. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объеттер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер (символ, код) жүйесін айтамыз. Тілдің шығу негізі адамның қоғамдық еңбек қатынастарымен байланысты.

Ақпараттардың алғашқы белгілері: интонациялар, ишаралар және қарапайым дыбыстар. Дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дербестігіне жетті.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:



  • қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты есте бекіту мен адамның ішкі жн-дүние бейнелерін түзге жәрдлемдесті;

  • тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылдаушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Тіл тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана келтірген бойлаудың формасына айналады;

  • Т.п.болуы психикалық дамудың түбегейлі жаңа типі өрістеуіне ықпал ету; тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.

Тіл адамның саналы іс-әрекетінің бар саласына қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтереді. Сана тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барлық психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Сана – психиканы біріктіруші ең жоғарғы өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Психиканың эволюциясы жануарлар әлемінің эволюцияның жалпы процесінің жартысын құрайды және бұл процестің заңдылықтарымен орындалған.

Қимыл-қозғалыс (алғаш рет локомация, ал кейін манипулирование) психика эвалюциясының шешуші факторы болып табылады. Ал басқа жағынан қарағанда психиканың прогрессивті дамуынсыз жануарлардың қозғалыстық белсенділігі жетілмеуші еді, және де биологиялық адекватты қозғалыстық реакцияларды шығармаушы еді, және мүмкін емес еді. Психика сыртқы ортаның біздің жүйкеге тітіркенеуі барлық организмдерге тән. А.Н.Леонтьев (1972 ж) «тірі материаның психикаға дейінгі деңгейін ортаның өмірлік қажетті жағдайларын бейнелеу қабілеттілігінен тұрады» - деді. Осы қабілетті тітіркену деп атаған. Эвалюция даму барысында тітіркенушіліктің жаңа формасы сезгіштік пайда болады.

Жануарлар психикасын тәртіптен бөлек қарастыруға болмайды. Егер психика олардың ішкі дүниесі болса, тәртіп осы тәртіп әрекетінің сыртқы жиынтығы. Негізінен ол қимыл-қозғалыс белсенділігінен көрінеді. Қимыл-қозғалысы неғұрлым белсенді болған сайын оның психикасының дамуы жоғарлайды. Барлық психикалық құбылыстардың пайда болуының бірінші себебі: тәртіп, яғни ол қоршаған ортамен байланыс жасайды.

Жануарлар психикасы мен олардың тәртібінен арнайы ғылым жануарлар психологиясы (Фараби 1993 ж.) айналысады.

Психиканың күрделенуі жүйке жүйесінің эволюциясының дамуымен байланысты.

А.Н. Леонтьев және кейіннен Фабри зоопсихологиялық жаңалықтар негізінен жануарлар тәртібінің негізгі даму стадияларын дамытты. Бұл концепцияда 2 стадия:


  1. Элементарлы сенсорлы психика стадиясы ол 2 деңгейде: 1) жоғары; 2)екінші.

  2. Перцептивті психика стадиясы ол ең жоғарғы; төменгі, жоғарғы, деңгейлерінен тұрады.


3.Семинар сабақтарының сұрақтары:


  1. Зоопсихология ғылымы туралы түсінік.

  2. Зоопсихология жануарлар психикасы жайлы ғылым.Ғылымдар жүйесіндегі орны. Негізгі салалары.Ғылымның маңызы.

  3. Жануарлар психикалық әрекеті. Психика және эволюция.

  4. Жануарлар мінез –құлқын реттейтін қарапайым түрлер.Таксистер, олардың функциялары. Тропизм. Жануарлар психикасының даму деңгейлері.

  5. Инстинктивті әрекеттің құрылымы мен факторлары. Инстинктер. Инстинктивті мінез – құлықтың бірліктері.

  6. Инстинктивті мінез – құлықтың негігі функциясы. Инстинктивті мінез – құлықтың ішкі және сыртқы фактолары. Инстинктивті мінез – құлықтың құрылымы.

  7. Үйрету процесінің психолгиялық ерекшеліктері.Үйрету түрлерінің клссификациясы: ассоциативті және неассоциативті.

  8. Когнитивті процестер. Үйретудің әдістері мен түрлері.

  9. Жануарлар психикасының сенсорлық түрі. Психиканың қарапайым сенсорлық сатысының сипаттамасы.

  10. Жануарлар психикасының қарапайым деңгейінің дамуы.

  11. Жануарлардың перцептивті психикасы. Перцептивті психика деңгейінің сипаттамаысы.

  12. Жүйке – жүйесінің құрлымы мен ерекшеліктері. Сенсорлық қабілеттері мен сезім органдары.Перцептивті психиканың өкілдері. Мінез –құлықтың жоғарғы формалары.

  13. Жануарлар психикалық әрекетінің онтогенезде дамуы. Психикалық әрекеттің пренатальды және натальды кезеңдерде дамуы.

  14. Мінез – құлық пен психиканың онтогензі. Омыртқалылардың онтогенезі.Жануарлар мінез құлқына әсерететің себептер.

  15. Психиканың ювенильді кезеңде дамуы. Жануарлардың ойын белсенділігі. Жануарлар ойының теориясы. Ойын компоненттері.Фабри сипаттамасы бойынша ойын түрлері.


4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.



Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.



Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

  1. Психиканың әлемдегі басқа құбылыстардан айырмашылығы.

  2. Жүйке – жүйесі және психика дамуындағы ролі мен жетілуі.

  3. Жануарлар психикасы дамуының негігі кезеңдері.

  4. Инстинктивті мінез – құлық және үйрету.

  5. Адамдардағы психикалық қарапайым және жоғарғы функциялар.

  6. Психика мен қарапайым мінез – құлықтың қалыптасуы.

  7. Эмбриогенездік мінез – құлықтың тұқым қуалаушылық негізі.


5.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ

Студенттердің өз бетінше жұмысы – көп күш жігер жұмсауды қажет ететін жұмыстың түрі. СӨЖ – арнаны уақыт ішінде оқытушының тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындайтын жұмыстары. СӨЖ үшін белгілі дәрежеде студенттің ақыл-ойы, күш-жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. СӨЖ-ның түрлері мен типтері, классификациясы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде бұрыннана қалыптасқан. Жоғары мектептің қазіргі дидактикасы СӨЖ-ның төмендегідей классификациясын тиімді деп есептейді



  • Үлгі бойынша өз бетінше жұмыс;

  • Сындарлы-вариативті (конструктивно-вариативный) өз бетінше жұмыс;

  • Эвристикалық өз бетінше жұмыс;

  • Ізденушілік өз бетінше жұмыс;

өз бетінше іздену студентке ғылыми көзқарасының қалыптасуына және шығармашылық кәсіптік қабілеттің дамуына негіз салады.

Студенттердің өз бетінше жұмысының түрлеріне:



  • Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс;

  • Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білу

  • Коллоквиумда, семинарда өз көзқарастарын ауызша айта білу;

  • әр пәннің ерекшелігіне сай негізгі ұғымдарды таба білу және қорытынды жасай білу

  • конспект, шығарма, мәнжазба, баяндама,аннотация жазу;

  • жаттығулар орындау, кестені толтыру, сызбалар сызу

  • тезис, жоспар құру, ауызша пікір айту жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет