$$$ 1 с экономикалық теория нені оқытпайды



бет1/6
Дата14.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#135147
  1   2   3   4   5   6
$$$ 1 С

Экономикалық теория нені оқытпайды:

А. қоғамдық материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында адамдардың өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудағы қарым-қатынас;

В. игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату және тұтыну процесінде құралатын өндірістік қатынастар;

С. қоғамдағы топтар, таптар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік-саяси қатынастар;

D. ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдар арасындағы қарым-қатынас;

Е. ақша-тауар қатынастары.


$$$ 2 А

Экономикалық теорияны зерттеу әдістерінің бірі:

А. индукция

В. реакция;

С. практикалық

D. реттеу;

Е. қайта бөлу.


$$$ 3 Е

Әлемдік экономиканың заңдары мен тәртібін оқытатын :

А. макроэкономика

В. саясиэкономия

С. микроэкономика

D. мезоэкономика

Е. мегаэкономика


$$$ 4 D

Меншік тұлғаларына /субъектілеріне/ қайсысы жатпайды:

А. жеке тұлға;

В. заң тұлғалары;

С. мемлекеттік ұйымдар;

D. ғимараттар;

Е. ұжымдар.


$$$ 5 А

Позитивті экономикалық теория оқытады:

A) "не бар".

B) "не болуы қажет".

C) экономикалық дамудағы оң тенденциялар.

D) бағалаушылық пікірлер.

E) гармоникалық қатынастар.


$$$ 6 D

Төмендегі көрсетілгеннің қайсысы макроэкономика пәні зерттеуіне жатпайды:

A) инфляция.

B) мемлекеттің салық саясаты.

C) жұмыссыздық.

D) берілген фирманың сату көлемі.

E) өнеркәсіптік циклдар теориясы.



$$$ 7 С

Тауарлы өндірістің алғы шарты болып табылады:

А. адам қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру;

В. артық өнім өндірісі;

С. қоғамдық еңбек бөлінісі;

D. сату үшін өндіріс;

Е. ақша жүйесі.


$$$ 8 D

Hарық қызметіне жатады:

А. экономикалық бостандық;

В. меншік құқығы;

С. бәсеке;

D. өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандыру;

Е. экономиканың оқшаулануы.


$$$ 9 А

Студенттер экономикалық теорияны зерттейді, онда олармен мына қызмет орындалады:

А. танымдық;

В. практикалық;

С. болжамдық;

D. бақылау;

Е. реттеушілік.


$$$ 10 В

Барлық экономикалық жүйеде кездесетін негізгі проблема - бұл:

А. инвестиция;

В. ресурстардың шектеулігі;

С. қажеттілік;

D. технология;

Е. бөлу.
$$$ 11 В



Қоғамдық өндірістің фазаларының соңғысы қайсысы болып табылады:

А. өндіру;

В. тұтыну;

С. айырбас;

D. бөлу;

Е. дұрыс жауап жоқ.


$$$ 12 С

Нарықтық инфрақұрылымға не жатпайды:

А. жарнамалық қызмет;

В. биржалар;

С. өндірістік кәсіпорындар;

D. аудиторлық фирмалар;

Е. көтерме және бөлшек сауда.


$$$ 13 D

Абстрактылы еңбек дегеніміз:

А. қол еңбегі;

В. адам еңбегінің жалпы жұмсалуы сипаты;

С. басқарушылар еңбегі;

D. құрал-жабдықтар көмегімен жасалған еңбек;

Е. дұрыс жауап жоқ.


$$$ 14 С

Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауарға жатады:

А. автобус;

В. кітапхана;

С. көше бағдаршамы;

D. футболка;

Е. зоопарк.


$$$ 15 В

Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауарға жатпайды:

А. асфальтталған жол;

В. футболка;

С. көше бағдаршамы ;

D. кітапхана;

Е. дамбы.


$$$ 16 Е

Нарық элементтеріне не жатпайды:

А. ұсыныс;

В. бәсеке;

С. баға;


D. сұраныс;

Е. рента.


$$$ 17 В

Нарық элементтеріне не жатады:

А. еңбек;

В. бәсеке;

С. пайыз;

D. пайда;

Е. инфляция.



$$$ 19 С

Ақшаның атқаратын қызметтеріне қайсысы жатады:

А. коллекция ретінде жинау;

В. пайданы өлшеу құралы;

С. құн өлшемі;

D. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;

Е. баю құралы.


$$$ 20 С

Нарық секторларына қайсысы жатады:

А. дүкен ;

В. аукциондар;

С. мемлекет;

D. биржалар;

Е. делдалдар.


$$$ 21 А

Қай экономикалық көрсеткiш халықтың өмiрiнiң деңгейiн көрсетедi ?

А. жан басына шаққандағы ұлттық табыс ;

В. қоғамдық жиынтық өнiм ;

С. ұлттық табыс;

D. жалпы iшкi өнiм;

Е. жалпы ұлттық өнiм;


$$$ 22 Е

Студенттер үшiн оқудың балама құндылығын не көрсетедi:

А) стипендия мөлшерi ;

В) мемлекеттiң оқытуға жұмсайтын шығындары ;

С) оқулыққа жұмсайтын шығын ;

D) ата-аналарының шығыны ;

Е) оқуды тастап жұмыс iстегенде алатын жоғарғы еңбек ақы;


$$$ 23 С

Тауардың мәні:

А. пайдалы игіліктер;

В. адам қажетін өтейтін өнім;

С. сату, тұтыну және айырбас үшін өндірілген өнім;

D. тұтыну құны мен құн бірлігі;

Е. А, D жауаптары.


$$$ 24 Е

Еңбек заттарына не жатады:

А. шикізат, материалдар;

В. жартылай фабрикаттар;

С. энергия құралдары;

D. тасымал құралдары;

Е. С, D жауаптары.


$$$ 25 В

Өтпелі кезең экономикасының заңдылықтарының біріне не жатпайды:

А. бағаны либерализациялау (ырықтандыру);

В. бағаға орталықтан қатаң бақылау орнату;

С. жеке кәсіпорындарды мемлекет иелігіне алу;

D. экспорт пайдасына қарай импортты шектеу;

Е. отандық өндірістің өсуі.


$$$ 26 E

Экономикалық жүйе типтеріне жатпайды:

A. аралас

B. дәстүрлі

C. нарықтық

D. жоспарлы

E. капиталистік.


$$$ 27 А

Төмендегілердің қайсысы әлеуметтік тиімділікті сипаттамайды:

А. өндіріс көлемінің ұлғаюы;

В. еңбек жағдайын жақсарту және мазмұнын арттыру;

С. бос уақытты көбейту;

D. дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын арттыру;

Е. өмір сүру сапасын жақсарту.


$$$ 28 А

Экономикалық жүйеде баға мен жұмыссыздықтың жалпы деңгейі қай

курста оқытылады:

А. макроэкономикада;

В. микроэкономикада;

С. менеджментте;

D. халықаралық қаржыда;

Е. маркетингте.


$$$ 29 C

Экономикалық теорияда ең алғаш қалыптасқан ғылыми мектеп:

А. Маржинализм


В. Институционализм


С. Меркантелизм

D. Кейнстік

Е. Неолиберализм.
$$$ 30 С

Экономикалық теорияның қай әдісі кездейсоқ, уақытша жағдайларға көңіл аудармастан, экономикалық құбылыстардың тұрақты, типтес, сипатты белгілерін анықтауға мүмкіндік береді:

А. дедукция;

В. талдау;

С. ғылыми абстракция;

D. математикалық модельдеу;

Е. эксперимент (сынақ) жасау.


$$$ 31 В

Әрбір экономикалық жүйеде фундаментальды "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Төмендегі мәселелердің қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:

А. толық жұмысбастылық деңгейіне қалай қол жеткізуге болады?

В. нені және қанша мөлшерде өндіру керек?

С. инфляциядан қалай құтылуға болады?

D. экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?

Е. жиынтық сұраныс қандай болуы керек.


$$$ 32 D

Экономикалық теория нақты экономикалық саясатты және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жасауда қандай қызмет атқарады:

А. танымдық;

В. ақпараттық;

С. білім берушілік;

D. практикалық;

Е. экономикалық жаңаша бейнесін қалыптастыру бойынша.


$$$ 33 С

Микроэкономикалық зерттеуге төмендегілердің қайсысы жатады:

А. барлық экономика масштабындағы өндіріс;

В. жалпы баға деңгейі;

С. қант өндіру және оның бағасының динамикасы;

D. шаруашылықтағы жұмыс істейтіндер саны;

Е. белгілі-бір мемлекеттегі жұмыссыздық проблемасы.


$$$ 34 А

Экономикалық заңдар нені көрсетеді:

А.экономикалық процестер мен құбылыстардың арасындағы қажетті, жаппай, тұрақты қайталанып отыратын себеп-салдарлы байланыстарды;

В. мемлекет саясатының нәтижесін;

С.шаруашылық процесіндегі жеке себеп-салдарлы тәуелділіктерді;

D. шаруашылық процестеріндегі кейде қайталанып отыратын немесе кездейсоқ байланыстарды.
$$$ 35 D

Классикалық саяси экономияның негізін қалаушы, еңбек құны теориясын жасаған кім:

А. Джон Мейнард Кейнс;

В. Милтон Фридмен;

С. Франсуа Кенэ;

D. Адам Смит;

Е. Альфред Маршалл.



$$$ 36 В

Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:

А. шаруашылық өндіруге тиісті екі тауардың нақты санын;

В. қолда бар ресурстардың санына сәйкес тауарлар комбинациясының баламасын;

С. екі тауарды өндірудің ең жақсы мүмкін комбинациясын;

D. игіліктің шектік пайдалылығының кему жағдайын;

E. еңбек өнімділігінің кему заңы жағдайын.


$$$ 37 С

Жекешелендірудің әдістерінің бірі:

А. Интенсификация


В. Ұлттандыру


С. Аукциондық сату

D. Жоспарлау

Е. Дұрыс жауаптары жоқ
$$$ 38 Е

"Нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген проблемалар төмендегілердің қайсысына қатысты қолданылады:

А. тек қана әкімшілдік-командалық жүйеге;

В. тек нарықтық экономикаға;

С. тек дамушы экономикаға;

D. тек нашар дамыған экономикаға;

Е. экономикалық жүйелердің барлығына.


$$$ 39 А

Нарықтық экономиканың принципі:

А. баға белгілеудегі (тағайындаудағы) еркіндік;

В. экономиканы тұтас бір орталықтан жоспарлау;

С. көптеген тауарлар мен қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеу;

D. жеке секторға қарағанда экономиканың мемлекеттік секторының басым болуы;

Е. тауар өндірушілердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы.


$$$ 40 А

"Меншік" экономикалық категориясының негізгі бір элементіне не жатады:

А. иелік ету;

В. тіркелу;

С. жабдықтау;

D. баю;

Е. көбейту.


$$$ 41 В

Мемлекеттік меншік объектілері мен мүліктерін жеке немесе жеке - ұжымдық меншікке беру процесі қалай деп аталады:

А. ұлттандыру (национализациялау);

В. жекешелендіру;

С. конверсиялау (әскери кәсіпорындарды бейбіт мақсаттағы өнім өндіруге бағыттау);

D. диверсификациялау;

Е. трансферт.


$$$ 42 D

Облигация қай нарық түрінің элементі болып табылады:
А) капиталдар нарығы;
В) тауар және қызмет көрсетулер нарығы;
С) жылжымайтын мүлік нарығы;
D) бағалы қағаздар нарығы;
Е) активтер нарығы.
$$$ 43 А

Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің артуына ықпал етпейді:

А. жұмысшылардың санын арттыру;

В. технологиялық өзгерістер;

С. жұмысшылардың білімі мен біліктілік деңгейі;

D. өндіріс масштабы эффектісі;

Е. еңбек ақы жағдайы мен деңгейі.


$$$ 44 A

Тауардың екі қасиеті:

А. қажеттілікті қанағаттандыруы және айырбасталатындығы (сатып алынатындығы - сатылатындығы);

В. сапалылығының болуы және кез келген тұтынуды қанағаттандыруы;

С. Тауар өндірушінің табысын арттыру және оның шығындарын үнемдеу;

D. нарық субъектілерінің оған қол жеткізе алатындығы және бұқаралық көлемде өндірілуі;

Е. саны және сапасы.


$$$ 45 С

Төмендегілердің қайсысы нарықтық экономиканы сипаттамайды:

А. бәсекелестік;

В. тауарлар мен қызметтерге еркін баға белгілеу;

С. тауарлар мен қазметтер өндіруді бір орталықтан жоспарлау;

D. тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;

Е. жеке меншік.


$$$ 46 А

Нарықтық экономиканың міндетті шартына, принциптерінің біріне не жатады:

А. экономикалық бостандық;

В. директивті жоспарлау;

С. бағаға әкімшілдік бақылау;

D. "көлеңкелі" экономиканың орын алуы;

Е. бәсекелестіктің болмауы.


$$$ 47 Е

Ақшаның атқаратын қызметтері:

А. баю құралы;

В. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;

С. құн өлшемі;

D. төлем құралы;

Е. "С" және "D" жауаптары дұрыс.


$$$ 48 С

Қоғамдық өндірістің негізгі сатылары

А. тұтыну, өндіру;

В. өлшеу, есептеу;

С. өндіріс, бөлу, айырбастау, тұтыну;

D. бөлу, көру,өлшеу, есептеу;

Е. өндіріс, бөлу, өлшеу, өндіру.


$$$ 49 В

Қазіргі ақшаның түрі:

А. вексель;

В. чектік депозит;

С. акция;

D. облигация;

Е. алтын.


$$$ 50 C

Төмендегі нарықтық экономика салаларының қайсысы әдетте мемлекеттік секторға жатады:

А. қоғамдық транспорт;

В. тұрмыс қажеттіліктерін өндіру;

С. Ауыл шаруашылығы;

D. бөлшек сауда;

Е. киім және аяқ киім өндіру.


$$$ 51 B

"Өндіріс факторлары" терминінің дұрыс анықтамасын таңдаңыз:

A. өндіріс факторлары - бұл материалдық және еңбек ресурстарының жиынтығы.

B. өндіріс факторлары – бұл экономикалық игіліктерді өндіру үшін қолданылатын ресурстар.

C. өндіріс факторлары – бұл өндірістік шығындар.

D. өндіріс факторлары – бұл табиғи ресурстар.

E. өндіріс факторлары - бұл тек еңбек ресурстары.



$$$ 52 С

Нарық секторларына не жатады:

А. фирма, делдалдылық, аудиторлар;

В. мемлекет, биржалар, аукциондар;

С. үй шаруашылығы, фирма, мемлекет;

D. тек мемлекет;

Е. делдалдар, биржалар,үй шаруашылығы.


$$$ 53 А

Ақша дегеніміз:

А. басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін жалпы эквивалент;

В. материалдық мәні жоқ құн көрсеткіші;

С. төлем құралы;

D. өз құны жоқ есеп бірлігі;

Е. алтын.


$$$ 54 В

Экономикалық конъюктураға әсер ететін факторлар:

А. циклді, қуаңшылдық, бірқалыпты;

В. циклді, циклді емес, кездейсоқ;

С. уақытша, мерзімділік;

D. экономикалық, географиялық, демографиялық;

Е. барлығы дұрыс.


$$$ 55 В

Фундаментальды экономикалық "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Бұл мәселелелердің қайсысы тек қана макроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:

А. не өндіріледі?

В. қандай инфляция деңгейімен біз кездесеміз?

С. қанша тауарлар мен қызметтер өндіріледі?

D. тауарлар мен қызметтерді кім өндіреді?

Е. қалай өндіру.


$$$ 56 D

Экономикалық мәселелер кейде нарықтық механизмнің көмегімен, кейде үкіметтің араласуы негізінде шешілетін болса, онда бұл:

А. әміршілдік;

В. нарықтық;

С. натуралды;

D. аралас;

Е. дәстүрлі.


$$$ 57 В

Экономикалық теория пәнінің толық, нақты анықтамасын көрсетіңіз :

А. адамдардың өндіргіш күштерге қатынасын оқытады;

В. адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды зерттейді;

С. ол - адамдардың қоғамға қатынасы

D. қоғамдық өндірістегі адамдар арасындағы қатынастарды қарастырады;

Е. ақша және банк жүйесін оқытады.


$$$ 58 В

Жекешелендіру - ол:

А. меншік объектілерін бұрынғы иелеріне беру процесі;

В. мемлекеттік меншіктегі объектілерді жеке меншікке беру процесі;

С. өндірісті шоғырландыру процесі;

D. кәсіпорындарды национализациялау процесі;

Е. А, С жауаптары дұрыс.


$$$ 59 А

Тауар мен өнімдерді өткізу сипаты бойынша нарықтар бөлінеді:

А. көтерме, бөлшек;

В. жергілікті, ұлттық;

С. еңбек нарығы, шикізат нарығы;

D. еркін, монополистік;

Е. өнеркәсіптік, мұнай.


$$$ 60 С

Қазіргі кездегі экономикалық ілімдерге сәйкес негізгі өндіріс факторларын атаңыз:

А. жер, пайда, жалақы, капитал;

В. еңбек, рента, кәсіпкерлік, жер;

С. жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет;

D. ақша, пайыз, пайда, капитал;

Е. жалақы, рента дивиденд.


$$$ 61 D

Ақшаның атқаратын қызметін атаңыз:

А. зерттеу құралы;

В. алдау құралы;

С. бай болу құралы;

D. төлем құралы;

Е. реттеу құралы.



$$$ 62 В

Нарықтық экономикада негізгі меншік түрлері қандай:

А. жеке және қоғамдық;

В. жеке және мемлекеттік;

С. акционерлік және кооперативтік;

D. аралас және кооперативтік;

Е. жеке және акционерлік.


$$$ 63 А

Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың басты сұрағына қайсысы жатпайды:

А. өндірісті неден бастау керек;

В. қалай өндіру керек;

С. не өндіру керек;

D. кім үшін өндіру керек;

Е. В, С, Д жауаптары дұрыс.


$$$ 64 В

Нарықтық экономикаға тән емес:

А. бәсекелестік;

В. орталықтан жоспарлау;

С. еркін бағаның құрылуы;

D. тауар өндірушілердің экономикалық жекеленуі;

Е. белгілі кәсіппен шұғылдану.


$$$ 65 С

Ақшаның қызметіне қайсы жатпайды:

А. айналым құралы;

В. құн өлшемі;

С. бартерлік келісімдерді жүзеге асыру құралы;

D. төлем құралы;

Е. дүниежүзілік ақша ретінде.


$$$ 66 С

Қай мектеп өкілдері байлықтың көзі ауыл шаруашылығында, еңбек пен жердің одағы нәтижесінде деп білген:

А. классикалық саяси экономия;

В. меркантелистер;

С. физиократтар;

D. маржиналистер;

Е. кейнсиандықтар.


$$$ 67 E

Әкімшілдік-әміршілдік экономикада тұрақты тапшылық болып не табылады:

A. ақша.


B. ресурстар.

C. жер.


D. интеллектуалды тауарлар.

E. тауар және қызмет көрсетулер.


$$$ 68 В

Тауар өндірушілер үшін әкімшілдікпен салыстырғанда экономикалық реттегіштің артықшылығын неден көруге болады:

А. тандау еркіндігін шектейтіндігінен;

В. қосымша ынтаны тудыратындығынан;

С. тауарөндірушілер әрекетіне тікелей ықпал ететіндігінен;

D. тауарөндірушілердің әрекетін саясатқа тәуелді ететіндігінен;

Е. әрқашан да әлдеқайда тиімді болып табылатындығынан.


$$$ 69 А

Еңбек өнімділігі қандай қатынас арқылы өлшенеді:

А. өндірілген өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытындағы сағат санына;

В. капитал шығынының еңбек шығынына;

С. капитал шығынының өндірілген өнімнің нақты көлеміне;

D. жұмыс уақытындағы сағат санының өндірілген өнімнің нақты көлеміне;

Е. жұмыс уақытының нақты көлемінің жұмыс уақытының жоспарланатын көлеміне.


$$$ 70 В

Экономикалық тиімділік қалай анықталады:

А. өндіріс шығындары/ өндіріс нәтижесі;

В. өндіріс нәтижесі / өндіріс шығындары;

С. өндіріс шығындары +өндіріс нәтижелері;

D. өндіріс нәтижелері - өндіріс шығындары;

Е. өндіріс шығындарының оның нәтижелеріне проценттік қатынасы.


$$$ 71 А

Нарықтық экономикада ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулілік проблемасы немен түсіндіріледі:

А. қолда бар ресурстардың мүмкіндігіне қарамастан тұтынудың үнемі артып отыратындығымен;

В. ресурстарды пайдаланудың шектеулілігімен;

С. ресурстардың жетіспеушілігімен (тапшылығымен);

D. ресурстардың сарқылатындығымен (таусылатындағымен);

Е. барлық адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүмкін еместігі.


$$$ 72 С

Қазіргі кезеңдегі әйгілі концепциялардың бірі:

А. Командитті-әкімшілдік жүйе


В. Дәстүрлі экономикалық жүйе


С. Аралас экономикалық жүйе

D. Еркін нарықтық жүйе

Е. Натуралды шаруашылық
$$$ 73 D

Интенсивтіліктің өнімділіктен айырмашылығы:

А. Техникалық прогреспен байланысты


В. Жұмысшылар мамандығымен байланысты


С. Өндіріс процессін ұйымдастыруда жаңа әдістерді енгізумен байлансты

D. Еңбек өндірісінің жылдамдылығы және ауырлығымен байланысты

Е. А және В жауаптары дұрыс
$$$ 74 С

Альтернативті құн-бұл:

А. Өзара алмастырғыш тауарлардың құны


В. Өзара толықтырғыш тауарлардың құны


С. Ресурстар шектеулігіне байланысты және бір ғана бағытта пайдаланғандықтан ала алмаған тиімділіктің құны

D. Өте жоғарғы құндылықты тауар

Е. Өте төмен құндылықты тауар
$$$ 75 В

Өндіргіш күш неден тұрады:

А. сұраныс және ұсыныс;

В. жұмыс күші және құрал жабдық;

С. жұмысбастылық және жұмыссыздық;

D. сан және сапа;

Е. пайыз және пайда.


$$$ 76 Е

Құрал жабдықтар неден тұрады:

А. сұраныс және ұсыныс;

В. пайыз және пайда;

С. жұмысбастылық және жұмыссыздық;

D. еңбектің сан және сапа;

Е. еңбек заты және еңбек құралы.


$$$ 77 A

Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығында бiр өнiм түрi өндiрiсiнiң өсуi сәйкесiнше сипатталады:

A. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң кемуiмен


B. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң өсуiмен

C. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң тұрақты көлемiмен

D. көрсетiлген варианттардың кез келгенi болуы мүмкiн

E. дұрыс жауап жоқ.


$$$ 78 B

Экономикалық жүйе келесі сұрақтарды шешеді:

  1. не, қайда, кім үшін өндіру қажет

  2. не, қалай, кім үшін өндіру қажет

  3. қашан, неге, қайда және кім үшін

  4. жұмыссыздық пен инфляция себептері қандай

  5. кім және не үшін.


$$$ 79 D

Меншiктiң экономикалық мәнiн қандай қос- ұғым ашады :

А. мәнi-көрiнiсi ;

В. негiзi –құрылым ;

С.себебi-салдары ;

D.иемдену- бөлу ;

Е. Зат-тұлға



$$$ 80 В

Тепе-теңдік баға дегеніміз:

А. кезкелген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;

В. нарықтағы сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңестірілген баға;

С. үкімет тарапынан белгіленетін баға;

D. жоғарыдағының барлығы дұрыс;

Е. монополист қоятын баға.



$$$ 81 А

Монополиялық бәсеке нарығына төмендегiлердiң қайсысын жатқызуға болады:

А. сабын, шампунь, тiс пастасы нарықтары ;

В. алтын нарықтары ;

С. энергетика нарығы ;

D. автомобиль нарығы ;

Е .шикiзат тауарлары нарығы ;


$$$ 82 А

Егер тауарға сұраныс пен ұсыныс қатар өссе, онда:

А. баға өседі;

В. тауарлардың жалпы саны көбейеді;

С. баға тұрақты болып қалады;

D. қоғамның әл-ауқаты жақсарады;

Е. баға деңгейі төмендейді.


$$$ 83 Е

Төмендегі факторлардың қайсысы ұсынысқа әсер етеді:

А. сатылатын заттың бағасы;

В. өндіріс ресурстарының бағасы;

С. технология дәрежесі.

D. тұтынушылардың бюджеті;

Е. В,С жауаптары дұрыс.


$$$ 84 D

Қандай да бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады:

А. монополия;

В. олигополия;

С. таза бәсеке;

D. монопсония;

Е. олигопсония.


$$$ 85 Е

Таза бәсеке ұғымы қамтиды:

А. тауар өндірушілердің көп болуы;

В. стандартталған өнімді;

С. ақпаратқа жеңіл қол жеткізу;

D. нарыққа еркін ену және шығуды;

Е. барлық жауап дұрыс;


$$$ 86 D

Монополиялық бәсеке - бұл нарықтық құрылым, онда әрекет етеді:

А. саны көп емес бәсекелесуші фирмалар;

В. тек қана бір сатушы (фирма) мен көптеген сатып алушылар;

С. стандартталған өнімдерді өндіретін көптеген бәсекелесуші фирмалар;

D. дифференциалданған өнім ұсынатын көп сатушылар мен көптеген сатып алушылар;

Е. бір текті өнім өндіретін көптеген бәсекелесуші фирмалар.



$$$ 87 D

Төмендегі факторлардың қайсысы сұраныспен салыстырғанда тауарлар ұсынысына жақын:

А. сатып алушылар саны;

В. тұтынушылардың талап-талғамдары, ұйғарымдары;

С. тұтынушылардың табысы;

D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;

Е. алмастырушы - тауарларға бағалар.


$$$ 88 Е

Адамдардың белгілі зат үшін ақша төлеуге деген қабілеттілігі мен ықыласын қай термин көрсетеді:

А. керектілік;

В. арман;

С. қажеттілік;

D. шешім;

Е. сұраным.


$$$ 89 С

Икемді сұраныстың көрсеткіші:

А. Ed = 0,8;

B. Ed = 1;

C. Ed = 3,3;

D. Ed = 0;

E. Ed = 0,09.


$$$ 90 В

Егер тауар бағасы сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысу нүктесінен төмен болатын болса, онда не пайда болады:

А. артықшылық

В. тапшылық;

С. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі;

D. сұраныс мен ұсыныс көлемінің артуы;

Е. нарықтық тепе-теңдік.


$$$ 91 C

Қандай фактордың өзгеруі сұраныс қисығының орнынан жылжуын талап етпейді:

А. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;

В. толықтыратын тауарларға баға;

С. тауар бағасы;

D. тұтынушылардың сандары мен жастары;

Е. сатып алушылардың табыстары.


$$$ 92 А

Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы білдіреді:

А. тік сызықты;

В. көлбеу сызықты;

С. қисық сызықты;

D. доға тәрізді сызықты;

Е. дұрыс жауап жоқ.


$$$ 93 D

Ұсынымның икемділігін қай қатынас білдіреді:

А. Бағаның өзгеруі, % / Ұсынылған тауар санының өзгеруі, %;

В. Бағаның өзгеруі, % / Сатылатын тауар санының өзгеруі, %;

С. Бағаның өзгеруі + тауар санының өзгеруі;

D. Ұсынылған тауар санының өзгеруі, % / Бағаның өзгеруі, %;

Е. Бағаның өзгеруі -тауар санының өзгеруі;.


$$$ 94 В

Олигополия-бұл:

А. бір ғана фирманың нарықты қамсыздандыруы;

В. Үш-төрт фирманың нарықты қамсыздандыруы;

С. көп фирманың нарықты қамсыздандыруы;

D. мемлекеттің нарықты қамсыздандыруы;

Е. бірнеше фирманың тұтынуы.


$$$ 95 А

Бәсеке деңгейіне қарай нарық келесіге бөлінеді:

А. жетілген және жетілмеген

В. бөлшек, көтерме;

С. ұлттық, жергілікті;

D. аймақтық, әлемдік;

Е. қаржы және бағалы қағаздар.


$$$ 96 В

Нарықтық сұранысқа әсер етпейтін факторды көрсетіңіз:

А. сатып алушылардың саны;

В. ресурстарға баға;

С. өзара байланысты тауарларға баға;

D. тұтынушылардың табыстары;

Е. тұтынушылар талғамы.


$$$ 97 Е

Монополистік бәсекенің сипатты белгілері:

А. салаға енудің салыстырмалы еркіндігі бар;

В. сатушылар саны аз емес;

С. өнім дифференциалданған;

D. сатып алушылар саны көп;

Е. барлығы.


$$$ 98 Е

Төмендегі факторлардың қайсысы ұсынысқа әсер етеді:

А. сатылатын заттың бағасы;

В. өндіріс факторларының бағасы;

С. технология дәрежесі.

D. салық мөлшері;

Е. барлық жауаптар дұрыс.


$$$ 99 А

Таза монополия ұғымын сипаттайды:

А. бір ғана сатушы фирма;

В. нарыққа ену еркіндігі;

С. өнім дифференциясына жол жоқ;

D. бағаға бақылау жүргізілмейді;

Е. тек А және В жауаптары дұрыс .


$$$ 100 С

Жетілмеген бәсеке құрылымы:

А. монополия, жетілген бәсеке;

В. таза бәсеке, олигополия;

С. олигополия, монополия;

D. монопсония, жетілген бәсеке;

Е. А, В жауаптары.


$$$ 101 D

Графикте қандай сұраныс бейнеленген:

А. өте икемді

В. бірлік икемділікті;

С. икемсіз;

D. икемді;

Е. өте икемсіз.


$$$ 102 В

Сұраныстың бағалық икемділігін қай қатынас көрсетеді:

А. бағаның өзгеруі, %/сату көлемінің өзгеруі, %;

В. сатып алу көлемінің өзгеруі, %/бағаның өзгеруі, %;

С. ұсыныс көлемінің сұраныс көлеміне қатынасы;

D. ұсынылған тауар санының өзгеруі, %/бағаның өзгеруі, %;

Е. А, С жауаптары дұрыс.


$$$ 103 С

Тауарлы шаруашылықты ұйымдастырудың алғышартына не жатады:

А. адамдардың қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру;

В. артық өнім өндіру;

С. қоғамдық еңбек бөлінісі;

D. сату үшін өндіру;

Е. ақша жүйесінің болуы.


$$$ 104 С

Сұраныс заңы тауарға сұраныс мөлшерінің оған деген нарықтың бағасының қандай тәуелділігін көрсетеді:

А. тура пропорциональды тәуелділікті;

В. артып отыратын;

С. кері пропорциональды тәуелділік;

D. тура тәуелділікті;

Е. бағаның жоғары болуына сәйкес, сұраныс көлемінің де үлкен болуы.


$$$ 105 D

Тауар бағасының 5 %-ға төмендеуінің нәтижесінде бұл тауарды сатып алу көлемі 2 % өсті, бұл жағдайда сұраныс:

А. жеке икемділік сұранысы;

В. абсолютті икемділік сұранысы;

С. икемді сұраныс;

D. икемсіз сұраныс;

Е. сұраққа жауап беру мүмкін емес.


$$$ 106 С

Сұраныс заңы ұйғарады, ол бойынша:

А. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;

В. егер тұтынушылардың табыстары өсетін болса, олар әдетте тауарларды көп сатып алады;

С. тауар бағасы төмендеген кезде жоспарланған сатып алу заттарының көлемі өседі;

D. сұраныс қисығы әдетте оңды иілген болады;

Е. тұтынушының ұйғарымының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемі де өзгереді.


$$$ 107 С

Нарықта көрсетілген және сәйкесінше ақшалай қаржылармен қамтамасыз етілген қажеттілік көріну формасы-бұл:

А. бәсеке;

В. ұсыныс заңы;

С. сұраныс;

D. ұсыныс;

Е. баға.
$$$ 108 D



Жетілген бәсеке жағдайында фирма әдетте:

А. нарықты жаулап алу үшін бәсекенің қандай да болмасын нысандарын пайдаланады;

В. бәсеке күресінде өзі қалаған бағаны орнықтыруға қол жеткізеді;

С. азғана бәсекелестер саны жағдайында жұмыс істейді;

D. нарықтық бағаның құрылуына ықпал етпейді;

Е. бәсекелесін "жеңу" үшін бағаны төмендету.


$$$ 109 С

Төмендегі келтірілгендердің қайсысы нарық инфрақұрылымына жатпайды:

А. банктер;

В. жәрмеңкелер;

С. бала бақшалар;

D. валюталық биржалар;

Е. тауар биржасы.


$$$ 110 С

Қай капитал өз құнын өндірген өнімге бірте-бірте ауыстырып отырады:

А. айналмалы;

В. өзгермелі;

С. негізгі;

D. тікелей;

Е. жанама.


$$$ 111 C

Нарықтық бағаның үлкен өзгерісі сұраныс мөлшерінің сәл ғана өзгерісіне әкелсе, бұл қандай сұраныс:

А. икемді ұсыныс;

В. икемді сұраныс;

С. икемсіз сұраныс;

D. икемсіз ұсыныс;

Е. бірлікті сұраныс.


$$$ 112 В

Алмастырылатын тауарларға қандай тауарлар жатады:

А. фотоаппарат пен бензин;

В. сары май мен маргарин майы;

С. сиыр еті мен ұн өнімдері;

D. ұялы телефон және видео камера;

Е. теледидар және видеоплейер.


$$$ 113 С

Толықтырылатын тауарларға қандай тауарлар жатады:

А. телевизор және комьютер;

В. сары май мен маргарин майы;

С. автомобиль мен бензин;

D. ұялы телефон және радио телефон;

Е. сиыр еті мен ұн өнімдері.


$$$ 114 А

Икемсіз сұраныстың көрсеткіші:

А. Ed = 0,7;

B. Ed = 1;

C. Ed = 3,3;

D. Ed = 5;

E. Ed = 2,09.


$$$ 115 В

Бірлік икемді сұраныстың көрсеткіші:

А. Ed = 0,8;

B. Ed = 1;

C. Ed = 3,3;

D. Ed = 0;

E. Ed = 0,09.


$$$ 116 С

Сұраныс заңы қандай байланыстың кері тәуелділігін білдіреді:

А. сатып алушылар саны мен сатушылар саны;

В. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;

С. баға мен көлемі;

D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;

Е. алмастырушы және толықтырушы тауарлар бағасы.


$$$ 117 Е

Сұраныс факторларына жататындар:

A. берілген тауардың бағасы

В. берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауарлардың бағасы
C. дотация
D. табыс көлемі
E. а, b және d жауаптары.
$$$ 118 С

Төмендегі факторлардың қайсысы ұсыныс көлеміне әсер етпейді:

A. сатылатын заттың бағасы


B. өндіріс факторларының бағасы
C. табыс көлемі
D. салық мөлшері
E. технология дәрежесі.
$$$ 119 С

Егер жеке сұраныстар туралы мәліметтер берілген болса, нарықтық сұраныс қалай табылады:

  1. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес табыстарды қосу

  2. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес келетін бағаларды қосу арқылы

С. белгілі бір бағаға сәйкес келетін сұраныстардың көлемін қосу арқылы
D. кез келген тұтынушының ең көп сұраныс көлемі арқылы
E. жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.
$$$ 120 D

Ұсыныс заңы қандай тәуелділікті білдіреді:

А. сатып алынатын тауар мөлшерінің бағадан тура тәуелділігі

В. сатып алынатын тауар мөлшері мен оның бағасы арасындағы кері тәуелділік

С. бағаның тауар сапасынан тура тәуелділігі

D. ұсынылатын өнім көлемі мен оның бағасы арасындағы тура тәуелділік

Е. ұсынылатын өнім көлемі мен оның бағасы арасындағы кері тәуелділік.


$$$ 121 D

Нарықтық ортада тауарлар тапшылығы болу үшін:

  1. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болуы қажет

  2. тауарды сату бағасы теңдестік бағадан төмен болуы қажет

  3. тауарды сату бағасы теңдестік бағасынан жоғары болуы қажет

  4. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен көп болуы қажет

  5. сұраныс бағасы ұсыныс бағасына тең болуы қажет.



$$$ 122 С

Игiлiкке сұраныс баға бойынша икемсiз, егер сұраныстың бағалық икемдiлiгi:

A. 2 - ден үлкен болса;


B. 1 - ден артық, 2 - ден кем болса;

C. 1 - ден кем болса;

D. 0 - ден кем болса;

Е. 1 - ге тең болса.


$$$ 123 Е

Егер бағаның 18%-ға дейін азаюы, ұсыныс көлемін 18%-ға дейін төмендетсе, онда берілген ұсыныс:

А. өте икемсіз

В. икемсіз

С. өте икемді

D. икемді

Е. бірлік икемді.


$$$ 124 А

Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі төмендегілердің қайсысын сипаттайды:

А. тепе- теңдік көлем мен тепе-теңдік бағаны

В. тапшылықты

С. артықшылықты

D. жоғарғы деңгейдегі өнім шығаруды

Е. жоғарғы деңгейдегі бағаны.


$$$ 125 В

Х және У тауары бар. Қиылысқан бағалық икемділігі Еху= -3. Бұл білдіреді, яғни:

A. Х және У тәуелсіз тауарлар;

B. Х және У өзара толықтыратын тауарлар;

C. Х және У өзара алмастырылатын тауарлар;

D. Х және У күнделікті қолданылатын тауарлар;

E. жеткілікті ақпарат берілмеген.


$$$ 126 В

Компьютерге ұсыныс қисығының солға-жоғары орнын ауыстыруын қалай түсіндіруге болады?

A. жаңа технологияны енгізумен;

B. ресурстарға бағаның өсуімен;

C. дотация енгізумен;

D. өндірушілер саны көбеюімен;

Е. барлығы дұрыс.


$$$ 127 А

Ақшаның қандай қызметi баға ұғымын бiлдiредi :

A. Құн өлшемi ;

B. қор жинау құралы ;

C. әлемдiк ақша ;

D. төлем құралы ;

Е. айналым құралы .


$$$ 128 D

Бағаның 2 есеге төмендеуi, сұраныс көлемiнiң 2 есеге артуына әкелдi.Икемдiлiк қандай болады:

А. |Е|=0;

В. |E||>1;

С. |E|<1;

D. |E|=1;

Е. E=-.
$$$ 129 В



Егер тауардың бағасы өзгергенде жалпы кiрiс өзгермесе, онда сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi:

А) 1-ден жоғары

В) 1-ге тең

С) 0-ге тең

D) 1-ден төмен

Е) 0-дан жоғары.


$$$ 130 А

Тауарды сапасы төмен тауар деп санауға болады, егер:

А) сұраныстың табыс бойынша икемдiлiгi –1-ге тең

В) сұраныстың бағалық икемдiлiгi –4-ке тең

С) сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi-2-ге тең

D) сұраныстың табыс бойынша икемдiлiгi 1,3-ке тең

Е) сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi 1,4-ке тең.


$$$ 131 В

Велосипедке сұраныс қисығы келесі түрде берілген Qd = 600-2p мұнда – айына сұраным көлем, P – баға, тг., велосипедтердің ұсыныс қисығы Qs = 300+4р. Товардың тепе-теңдік бағасы, көлемі қандай?

A. Q = 380, P = 2

B. Q = 500, P = 50

C. Q = 450, P = 75

D. Q = 600, P = 50

Е. Q = 350, P = 45.


$$$ 132 А

Таза монополия нарығында қанша өндiрушi болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет