Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы « __ » _________
№ _______ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 12 қазандағы
№ 1061 қаулысымен бекітілген
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі»
акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы
Мазмұны
-
Кіріспе
-
Ағымдағы жағдайды талдау
-
Ішкі ортаны талдау
-
Сыртқы ортаны талдау
-
Холдингтің миссиясы және пайымдауы
-
Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, шешуші көрсеткіштері және күтілетін нәтижелер.
-
Стратегиялық бағыты: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамытуды қамтамасыз ету, шешуші көрсеткіштер және күтілетін нәтижелер.
-
Стратегиялық бағыты: «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту негізінде мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға қолдау көрсету, шешуші көрсеткіштер және күтілетін нәтижелер.
-
Стратегиялық бағыты: АКТ-саладағы адам капиталын дамыту, шешуші көрсеткіштер және күтілетін нәтижелер.
-
Стратегиялық бағыты: Холдинг компаниялары тобын корпоративтік басқаруды жетілдіру, шешуші көрсеткіштер және күтілетін нәтижелер.
1. Кіріспе
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг) «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес құрылды.
Холдингтің мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
Холдингтің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Холдинг қызметін қаржыландыру жарғылық капитал қаражаты мен акциялар пакеті Холдингтің меншігіндегі акционерлік қоғамдардың дивидендтері есебінен құрылатын кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де кірістер арқылы жүзеге асырылады.
Холдинг қызметінің негізгі мәні акциялар пакеті Холдингтің акциялар төлеміне берілген заңды тұлғаларды (бұдан әрі – ЕТҰ, компаниялар тобы) тиімді басқару болып табылады. Холдингті құрудың мақсаттары:
инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеті мен экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту;
инфокоммуникациялық саладағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру болып табылады.
Холдингтің компаниялар тобына мынадай заңды тұлғалар кіреді:
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы;
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы;
«Ұлттық процессингтік орталық» акционерлік қоғамы;
«Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Перспективті технологиялар корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту қоры» корпоративтік қоры.
Осы құжат Холдингтің 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын білдіреді және ұзақ мерзімді кезеңде Холдингтің дамуының стратегиялық басымдықтарын айқындайтын негізін қалаушы құжат болып табылады.
Стратегия Холдинг менеджментімен перспективалық даму бағыттарын пайымдауға, Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұсынылған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына негізделді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына, «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына, «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөнінде 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпаратты Қазақстан -2020» мемлекеттік бағдарламасына және 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес әзірленді.
Холдинг қызметінің 2011-2020 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарына (стратегиялық карта) сәйкестігі осы Стратегияға № 1-қосымшада берілген.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Ішкі ортаны талдау
Компаниялардың портфелі. Басқаруға берілген компаниялар қызметтің әлеуетті бағыттары бойынша қызметтің әр түрлеріне, сондай-ақ «электрондық үкімет», бірыңғай көлік ортасы сияқты ірі ауқымды жобаларды іске асырудағы тәжірибелерге ие. Холдингтің ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) саласын дамыту бойынша бастамашылықтары салалық мемлекеттік орган тарапынан қолдау табады.
Жедел қызмет. Холдинг активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету және АКТ-саладағы қызметті жүзеге асыратын ЕТҰ-ның корпоративтік мәдениетін басқару арқылы Қазақстан Республикасында АКТ-ны дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
Холдинг компанияларының тобы АКТ-саласын дамыту және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызмет бағыттары бойынша іс-шараларды іске асырады. ЕТҰ қызметінің күшті жағы АКТ-саласын дамыту бойынша машықталған тәжірибесінің, сондай-ақ қалыптастырылған инфрақұрылымының болуы болып табылады.
ЕТҰ және Холдинг қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы енгізілген бизнес-процестерді өзектендіруді талап ететін бизнес-процестерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл Холдинг компанияларының тобы қызметінің жедел нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалғыз акционердің, жоғары мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, Холдинг Басқармасының тапсырмаларын орындауды жүйелі мониторингілеу үшін, Қазақстан Республикасындағы «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі іс-шараларды орындау үшін Холдингтің компаниялар тобында еншілес ұйымдардың есептілікті ұсынуының бекітілген Кестесінің негізінде қызмет ететін бақылау жүйесі енгізілген.
Холдингтің компаниялар тобы АКТ саласының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында қаржылық, өндірістік және инфрақұрылымдық ресурстарды шоғырландыру бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыруда.
Қаржылық жағдай. Холдингтің қаржылық тұрақтылығы қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігінің оң көрсеткіштерімен расталады. Жалпы, таза табыстың шоғырланған нәтижесі 2011 жылдың қорытындысы бойынша 877 млн.теңгені, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 408 млн.теңгені, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылғы таза табыстың артуы 46%, 2009 жылғы таза табыс 426 млн.теңгені құрады.
Холдингтің компаниялар тобында айқындылықтың, теңгерімділік пен тиімділіктің жалпы принциптеріне негізделген бюджеттеу жүйесі қызмет етеді.
Стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың тиімді жүйесі үшін Холдингте және компаниялар тобында стратегиялық жоспарлау құжаттарын қалыптастыру, атап айтқанда 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын және 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта стратегиялық жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру, оның ішінде даму стратегиясын іске асыру аспабы ретінде Холдингтің компаниялар тобында теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі арқылы стратегиялық құжаттарды іске асыру процесін бақылау жүргізілуде.
Корпоративтік басқару. Компанияның ішінде басқару процестерін жақсарту, барлық процестердің айқындылығын арттыру, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін сапа менеджменті жүйесі әзірленді және енгізілді, сондай-ақ Холдингте және еншілес ұйымдарда тәуекел-менеджменті институты қалыптастырылды.
Холдинг қызметінің барлық аспектілері бойынша және Жалғыз акционермен және Холдингтің компаниялар тобымен өзара іс-қимыл жасау саласында қолданыстағы бизнес-процестерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Холдингте қызметшілерді басқарудың тиімді жүйесін құруға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған адам ресурстарын басқарудың стратегиясы жұмыс істейді.
Холдинг штатында кәсіптік және бәсекеге қабілетті адам ресурстарының болуы Елбасы қойған міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Холдингтің компаниялар тобында қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесі енгізілді.
Қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалаудың бірыңғай саясатын енгізу, сондай-ақ Холдинг қызметкерлерінің жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу және оның жоғары сапасын ұстап тұруға деген материалдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында қызметтің шешуші көрсеткіштерін орындау негізіндегі бағалау жүйесі әзірленді және енгізілді. Аталған жүйе нәтижелілікті, жеделдікті, міндеттерді орындаудың мерзімін сақтауды қоса алғанда, алға қойған міндеттер мен мақсаттарды іске асыру қорытындысы бойынша қызметкердің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Холдингтің компаниялар тобы бойынша персоналды іріктеу, жалдау және бейімдеу процесі жетілдірілген.
Іске асырылып отырған кадр саясаты ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандардың жетіспеушілігіне қатысты проблемаларды шешуге және жинақталған тәжірибені сақтап қалуға бағытталған.
2.2. Сыртқы ортаны талдау
Инфокоммуникация саласына сыртқы орта факторларының ықпалы. Инфокоммуникация саласына, саяси, құқықтық және экономикалық факторларды қоса алғанда, Холдингтің қызметіне ықпал етуі мүмкін бірқатар жаһандық факторлар әсерін тигізеді.
Саяси және құқықтық факторлар. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларға сұраныс пен ұсынысты дамыту, жалпы АКТ секторы үшін және электрондық коммерция, ақпараттық қауіпсіздік және электрондық цифрлық қолтаңба сияқты жекелеген бағыттар үшін заңнамалық нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуінен бәсеңдейді. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасында АКТ-ны дамытуға қатысты бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың болуы бүгінгі күні аталған секторға назардың жоғары деңгейде екенін білдіреді.
Салаға қолданылатын ең маңызды құжаттардың қатарына «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы және 2010 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы жатады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республиксының АКТ саласында елеулі жетістіктер белгіленді, олар туралы жоғары халықаралық рейтингтер куәландырады.
Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметтің» дамуы Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының жоғары бағасын алды. БҰҰ-ның «электрондық үкіметке» жаһандық дайындық бойынша жыл сайынғы рейтингісінің деректеріне сәйкес Қазақстан әлемдік рейтингте 2010 жылғы 46-орыннан 2011 жылы 38-орынға көтерілді. Азия аумағында 2011 жылы Қазақстан аталған көрсеткіш бойынша Малайзиядан (8-орын) және Сауд Арабиясынан (9-орын) озып өтіп, 7-орынды иеленді. Орталық Азия елдерінің арасында біздің республика бірінші орынды алып отыр. «Электрондық Үкіметтің» даму индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын онлайн қызметтер индексі бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшылар тізімінің соңында 14-орынға орналасты.
БҰҰ есептілігінде сондай-ақ межелері заңдардың, ережелердің, қызметтер туралы ақпараттың қол жетімділігін бағалайтын, азаматтар мен үкіметтің арасындағы өзара әрекетті, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын айқындайтын е-қатысу индексінің нәтижелері де көрсетілген.
Аталған рейтингте Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда, 2-орынды Сингапурмен бөлісе отырып, 16-тармаққа көтерілді. Одан әрі рейтингте Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Австралия, Эстония және Германия сияқты елдер көрсетілген.
Қорытындылай келе, келесіні ескеру қажет. АКТ саласы ҚР экономикасының анағұрлым әлеуетті және жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру еліміздің әлемдегі анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдердің қатарына енуі үшін ақпараттық-технологиялық сипаттағы алғышарттар құруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды құруға ұлттық экономиканың көтерілуінің, қоғамның іскери және зияткерлік белсенділігі артуының, елдің халықаралық қоғамдағы беделі нығаюының аса маңызды факторы ретінде қарау қажет.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы бизнестің инфрақұрылымын құру, елге инвестициялар тартуға жағымды шарттар жасау, халықтың жұмысбастылығы мәселесін шешу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту үшін қажетті шарт болып табылады.
Экономикалық факторлар. Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар саласы ұлттық экономикасының қарқынды дамып жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Жалпы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы деректері бойынша елдің ЖІӨ-гі АКТ секторының үлесі 3,4% құрады. 2012 жылғы 1 жартыжылдық бойынша АКТ саласындағы АТ-нарығының көлемі 188 млрд.теңгені құрады, 2011 жылы өткен жылмен салыстырғанда 9% (19 млрд. тг) артты.
ІТ-нарық құрылымында үш ірі секторды бөліп көрсетуге болады: АТ-жабдықтарды өндіру секторы, бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және АТ-қызметтер секторы. Секторлардың 2011 жылғы көлемдері келесі көрсеткіштерді құрады:
-
АТ-қызметтер секторының көлемі 37,7 млрд. теңгені құрады, 2011 жылы өткен жылмен салыстырғанда 36% (23 млрд.тг) артты;
-
Бағдарламалық қамтамасыз ету секторының көлемі - 5,7 млрд. теңгені құрады, бұл ретте 2011 жылы сектордың көлемі 2010 жылмен салыстырғанда1,8% (234 млн.тг) төмендеді;
-
АТ-жабдықтар секторының көлемі 144,4 млрд.теңгені құрады, бұл ретте 2011 жылы сектордың көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 2,6% (3,7 млрд.тг) төмендеді.
Қазіргі заманғы қоғам өмірінде АКТ маңызды орынды иеленеді. Көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысымен қатар, әлеуметтік саладағы, ғылым мен білім, мәдениет және адамдардың тіршілік ету саласындағы қатынастарды трансформациялаушы, АКТ-ны дамыту мен тарату беретін салмақты артықшылықтарды толықтай түсінді. Осы мәнінде, АКТ ақпараттық қоғамды құру құралдарының бірі ретінде қызмет етеді.
Ақпараттық қоғам – бұл индустрияландырудан кейінгі қоғамның тұжырымдамасы, өндірістің негізгі өнімі ақпарат пен білім болып табылатын өркениетті дамытудың жаңа тарихи фазасы. Осындай қоғамның технологиялық негіздемесі индустриялық емес, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар болады.
3. Холдингтің миссиясы және пайымдауы
Холдингтің миссиясы: Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды және бәсекеге қабілетті АКТ саласын қалыптастыруға қолдау көрсету.
Холдингтің пайымдауы: «Зерде» Холдингі» АҚ АКТ-саласын дамыту үшін қажетті аспаптар жинағына ие дамыту институты болады.
«Зерде» Холдингі» АҚ «электрондық үкіметтің» жетекші әзірлеушісіне айналады.
4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметтің негізгі нәтижелері және күтілетін нәтижелер
4.1. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамытуды қамтамасыз ету стратегиялық бағыты
Мақсаты: АКТ саласын дамытудың базалық институттарын құру.
Міндеттері:
-
Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және АКТ саласындағы стандарттау бойынша нормативтік құжаттама базасын қалыптастыру;
-
Инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту;
-
Қазақстандық қамтылуды дамыту мақсатында АКТ саласын талдау және мониторингілеу;
-
Салалық АКТ өнімдер мен сервистерді, соның ішінде электрондық қызметтерді жалпыға мәлімдеу;
-
2020 жылға қарай үш технологиялық паркін құру.
Қызметтің негізгі көрсеткіштері:
-
АКТ саласының физикалық көлемінің индексін қамтамасыз ету – 2020 жылға қарай 110 %-ға дейін;
-
Сыртқы қаржыландыру тартылған жобалардың саны – 2020 жылға қарай – 15 жоба;
-
2020 жылға қарай үш технологиялық паркін құру.
Күтілетін нәтижелер:
Осы бағыт бойынша міндеттерді орындау нәтижесінде, 2020 жылға қарай АКТ бойынша негізгі талаптар, қағидалар мен нормалар анықталатын болады. Өз кезегінде АКТ-саланың қажетті қазіргі заманғы және өзекті нормативтік құқықтық базасын қалыптастыру арқылы қызметтің түрлі саласын дамыту деңгейіне сәйкес жұмыстар, қызметтер мен өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі артады.
Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерцияны дамыту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы АКТ нарығының жергілікті мазмұны мен құрылымын дамытудың халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізу негізінде қазақстандық қамтылу үлесін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Қосымша салалық статистиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
Мақсатты технологиялық бағдарламалар шеңберінде АКТ саласында сыни технологияларды дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, науқанды қаржыландыру шеңберінде стартап жобаларының әзірлеушілеріне қолдау көрсету және АКТ саласындағы кейіннен сырттан қаржыландыру тартылатын қызмет көрсетудің және өнімдердің баламасын құру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Технологиялық парктерді құру шеңберінде АКТ-кластер және 2 өңірлік АТ-парктері пайдалануға беріледі, кәсіптік АКТ-қауымдастықты (конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді) дамытуды қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды, қазақстандық және шетел тұтынушыларын отандық АТ-өнімдер туралы ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жүргізілді.
4.2. «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту базасында мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек көрсету стратегиялық бағыты
Мақсаты: 2020 жылға «электрондық үкіметті» дамыту индексі бойынша Қазақстан Республикасының орнын алғашқы 25 елдің қатарынан көруді қамтамасыз ету.
Міндеттері:
-
Мемлекеттік «бұлтты» платформаны (G-cloud) пайдалану арқылы мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың аутсорсингтік үлгісін енгізу;
-
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын (бұдан әрі – МО БКО) дамыту;
-
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-
Халыққа және заңды тұлғаларға электрондық мемлекеттік қызметтер ұсынуды қамтамасыз ету.
-
«Ұтқыр үкіметті» дамытуды қамтамасыз ету.
Қызметтің негізгі көрсеткіштері:
1. Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге 100 %-дық көшіруді қамтамасыз ету;
2. Аутсорсингтік ақпараттандыру үлгісі шеңберіндегі мемлекеттік органдарға арналған іске асырылған АКТ-сервистердің жалпы саны 2020 жылға қарай – 15 сервис;
3. МО БКО-на жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аудандық деңгейге дейінгі аумақтық бөлімшелерін 2015 жылға қарай 100%-дық қосу.
Күтілетін нәтижелер:
Екінші стратегиялық бағыт мақсаттарына қол жеткізу нәтижесі мемлекеттік органдардың халықпен және бизнеспен диалог алаңы ретінде қызмет ететін «электрондық үкімет» инфрақұрылымын жалпы пайдалануы болып табылады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды барлық деңгейде пайдалануы бақылау мәселелеріндегі реттеуді қамтамасыз етеді, бизнес-процестер мен деректердің қайталануын болдырмайды, нәтижесінде бюджет қаражатының шығындарын қысқартуға және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында, электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету және оларды одан әрі автоматтандыру бойынша бизнес-процестерді қысқарту мен жеңілдетуге байланысты жұмыстарды жүргізу шеңберінде, мемлекеттік «бұлтты» платформаны (G-Cloud) пайдалануға негізделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттандырудың аутсорсингтік үлгісін іске асыру жүзеге асырылатын болады.
Аутсорсингтік үлгі қатысушылары ҚР Үкіметі, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган, АК-инфрақұрылым операторы, мемлекеттік техникалық қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері болып табылады.
Аутсорсингтік үлгіні іске асыру үшін мемлекеттік органдар АК-инфрақұрылымына талдау жүргізілетін болады.
Аутсорсингтік үлгінің бірінші кезеңін енгізу ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің пилоттық аймағы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Үлгіні пилоттық аймақта іске асыру қорытындысы бойынша нормативтік құқықтық заңнама жақсартылады және нормативтік-әдіснамалық құжаттар әзірленеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес, 2015 жылға қарай МО БКО-на өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар және олардың аудандық деңгейге дейінгі аумақтық бөлімшелері 100% қосылатын болады.
Сондай-ақ электрондық мемлекеттік сатып алулар жүйесінің тұрақты қызмет етуі қамтамасыз етіледі.
«Электрондық үкіметті» дамытудың келесі сатысы, нәтижесінде мобильді арналары арқылы халыққа кешендік сервис/қызмет ұсыну арқылы мемлекеттің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту болып табылатын «Мобильді үкіметті» дамыту болып табылады.
-
АКТ-саладағы адам капиталын дамыту стратегиялық бағыты
Мақсаты: Халық пен бизнестің ақпараттық қоғамға көшу дайындығы.
Міндеттері:
-
Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға көмек көрсету;
-
Жоғары және орта-техникалық білім саласындағы мамандарды даярлау және біліктілік деңгейін арттыруға көмек көрсету.
Қызметтің негізгі көрсеткіштері:
-
2020 жылға қарай халықтың 80%-ға дейінгі компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;
-
2014 жылға қарай ақпарат коммуникациялары жобалары бойынша екі өңірде қолданыстағы білім ұйымдары негізінде екі оқу орталығын құру;
-
2020 жылға қарай 2500-ден астам халықаралық стандарттағы iCarnegie сертификатын беру.
Күтілетін нәтижелер:
Осы бағыт шеңберінде жоғары және орта-техникалық білім саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде үш сатылы тиімді білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту жүзеге асырылатын болады: бакалавриат-магистратура-докторантура, бұл оқыту сапасын айтарлықтай арттыруға және тиісінше, Қазақстан Республикасының білім нарығында ұсынылатын оқу бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін және сұранысын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ақпараттық қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретіндегі адам капиталын дамыту үшін Қазақстанда келесі шаралар іске асырылатын болады:
- оның АКТ жұмысында пайдаланылатын қажетті білім деңгейіне дейінгі сол немесе басқа саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын арттырудың мамандандырылған курстарын ашу;
- компьютерлік сауаттылықтың негізгі дағдылары бойынша курстар өткізу және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу;
- АКТ саласындағы біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеу;
- АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарды жасау;
- АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
-
Холдинг компаниясы тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру стратегиялық бағыты
Мақсаты: Холдинг компаниясы тобы қызметі тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
-
Холдинг компаниясы тобының бизнес-үлгісін жетілдіру;
-
Адам ресурстарын басқару жүйесін дамыту;
-
Холдинг компаниясы тобының беделін арттыру.
Қызметтің негізгі көрсеткіштері:
-
Шоғырланған табыстылық;
-
Шоғырланған еңбек өнімділігі.
Күтілетін нәтижелер:
Осы бағыт бойынша мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде Холдингтің қаржы-шаруашылық қызметі жоғары тиімді және шығынсыз болады, компания тобының табыстылығы, қаржылық есебінің және қаражат шығынын бақылау айқындылығы қамтамасыз етіледі.
Директорлар кеңесі, ішкі аудит, тәуекелді басқару, инвестициялау жүйесі, жалдауды және персоналды таңдауды оңтайландыру қызметі жетілдіріліп, қаржы-шаруашылық қызметі оңтайландырылып, сатып алу жүйесі жетілдіріледі.
Сондай-ақ осы бағыт шеңберінде Холдинг компаниясы тобының бренді белгілі бола бастайды.
«Зерде» Холдингі» АҚ
даму стратегиясына
№ 1-қосымша
«Зерде» Холдингі» АҚ қызметі негізгі көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарына (стратегиялық карта) сәйкестігі
2030 стратегиясы
|
2020
стратегиясы
|
ЖИИД МБ
|
«Ақпаратты Қазақстан 2020» МБ
|
ҚР Президентінің Жолдауы
2012 жыл
|
ККМ
стратегиялық жоспары
|
«Зерде» Холдингі» АҚ даму стратегиясы
|
Ақпараттық технологиялар басқа түрлерімен салыстырғанда,көп мөлшерде бизнестің, экспорттық қызметтің және экономиканы орталықсыздандыруға ықпалын тигізеді. Олар ұлттық экономиканы ықпалдастырды және өңір шеңберін кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады.
Денсаулық сақтау және білім беру саласы үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғапу, жақсарту үшін ақпараттық технологиялардың маңызы зор.
Оңай қол жетімді және толығымен әрекет ететін тағы бір жағымды сәттердің бірі телекоммуникациялық кепілдік болып табылады, халықтың барлығы жолдың нашар жағдайына, жекелеген өңірлердің алыстығына және жолаушылар тасымалының жоғары тарифіне қарамастан, ақпаратқа қол жеткізе алатын болады.
|
2020 жылға қарай: халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған қазіргі заманғы жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген телекоммуникация инфрақұрылымы қалыптасты, халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 60%-ға дейін өсті.
2015 жылға қарай:
салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға дейін жеткізілген және Қазақстан Республикасындағы АКТ дамуына септігін тигізетін құқықтық негіз қалыптасты, халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 40%-ға дейін өсті; «электрондық үкімет» және «электрондық әкімдіктер» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің кемінде 50%-ы электрондық түрге көшті.
|
«Болашақ экономика» секторларын дамыту. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар. Негізгі міндет
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бәсекелік экспортқа бейімделген ұлттық секторын қалыптастыру.
Мақсатты индикаторлар
2008 жылғы деңгейге нақты бейнеде 2015 жылға қарай ақпарат пен байланыс саласында жалпы қосылған құнды 77 %-ға арттыру.
Ақпараттық коммуникациялармен қамтамасыз ету. Негізгі міндет
Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту.
Нысаналы индикаторлар
1. Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін 52%-ға дейін арттыру.
2. Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге 100 % көшіруді қамтамасыз ету.
|
Мақсатты индикаторлар:
-
Қазақстан Дүниежүзілік банктің DoingBusiness рейтингінде 2020 жылы алғашқы 35 елдің тізімінде болуы тиіс;
-
«электрондық үкімет» индексі «БҰҰ әдістемесі бойынша) 2020 жылы алғашқы 25 елдің қатарында болуы тиіс;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның Қазақстан Республикасы үй шаруашылығындағы қол жетімдігі – 100 %;
4) Ғаламтор желісін пайдаланушылардың саны 2020 жылы – 75 %;
5) Қазақстан халқын эфирлі цифрлық телерадиохабармен қамту – 95 %;
6) ақпараттық-коммуникациялық сектордың (бұдан әрі – АКТ) елдің ІЖӨ үлесі - 4 %;
7) денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100 %;
8) бірыңғай ұлттық білім беру жүйесіне қосылған ғылым-білім беру мекемелерінің үлесі – 100 %;
9) компьютерлік сауаттылық деңгейі – 80 %;
-
Қазақстанда тіркелген БАҚ жалпы санына электрондық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) үлесі – 100 %;
-
Тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық ғаламтор-дүкендер айналымының және электрондық төленетін қызметтердің үлесі – 40 %;
-
Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі – 50 %;
-
Дәстүрлі түрде алынғандардың жалпы санына қатысты көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі - 80 %.
-
Обепсеп
|
Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негізгі аспектісі және мемлекеттік органдар қызметіне деген азаматтардың сенімділігін арттыру.
2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 %, соның ішінде лицензияның барлық түрлері тек электрондық түрде ғана ұсынылуы тиіс.
2013 жылдан бастап, барынша сұраныстағы рұқсат құжаттарын қазақстандықтар мемлекеттен электрондық түрде немесе ХҚКО арқылы алуы тиіс.
Сондай-ақ халықтың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде түрлі ынталандырушы бағдарламалар есебінен арттыру қажет.
Тоғызыншы. Индустриалдық-инновациялық жобалар.
Индустриалдық-инновациялық даму шеңберіндегі әлеуметтік маңызы бар жобалар шексіз.
Үкіметке инновациялық кластерлер инфрақұрылымын дамытудың қажетті құралдарын қарауды тапсырамын.
|
Стратегиялық бағыт шеңберінде. 3. АКТ қызметін, өнімін және инфрақұрылымын, мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған қазіргі заманғы технологияларға негізделген инновацияларды дамыту.
АКТ секторының ЖІӨ үлесі 2015 жылға қарай - 3,8 %.
Үндестірілген стандарттардың саны АКТ саласындағы стандарттардың жалпы санынан 2015 жылға қарай 76;
АКТ саласындағы әзірленіп жатқан стандарттардың саны 2015 жылға қарай – 79;
АКТ саласындағы әзірленіп жатқан НҚА саны 2012 жылға қарай– 8;
IT-нарықтың жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтылу үлесі 2015 жылға қарай – 35%;
IT-қызметтегі қазақстандық қамтылу үлесі 2015 жылға қарай – 85%;
Қорап (лицензиялық) БҚ көлеміндегі қазақстандық қамтылу үлесі 2015 жылға қарай – 17%;
IT-жабдық сектторындағы қазақстандық қамтылу үлесі 2015 жылға қарай – 11%;
ХАТУ-гі ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны 2014 жылға қарай - 4 жұмыс.
Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2015 жылға қарай – 56%;
Стратегиялық бағыт шеңберінде 4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін, техникалық сүйемелдеуді, мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерін жетілдіру, соның ішінде Кеден одағы ақпараттық инфрақұрылымын дамытуға арналған жағдайлар мен механизмдерді құру.
Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің жалпы санынан электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылға қарай – 100%;
Электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылға қарай - 70%;
Берілетін лицензиялардың жалпы санынан электрондық түрде берілетін лицензиялар үлесі 2015 жылға қарай – 100%.
|
1-бағыттағы ҚНК «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамытуды қамтамасыз ету»:
-
2020 жылға қарай № 34 «Ақпараттық технологиялар» техникалық комитетімен 160 стандартты/сараптаманы стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және/немесе сараптама жүргізу;
-
сыртқы қаржыландыру тартылған жобалардың саны – 2020 жылға қарай – 15 жоба;
-
технологиялық парктерді құру 2020 жылға қарай – 3.
2-бағыттағы ҚНК «Электрондық үкіметті әрі қарайғы дамыту негізінде мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек көрсету»:
-
Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге 100 %-дық көшіруді қамтамасыз ету;
-
Аутсорсингтік ақпараттандыру үлгісі шеңберінде мемлекеттік органдарға арналған іске асырылған АКТ жалпы саны 2020 жылға қарай – 15 сервис;
3. МО БТО-на жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аудандық деңгейге дейінгі аумақтық бөлімшелерін 2015 жылға қарай 100%-қосу.
3-бағыттағы ҚНК «АКТ саласындағы адам капиталын дамыту»:
-
Халықтың сауаттылық деңгейін 2020 жылға қарай 80%-ға дейін арттыру;
-
2014 жылы ақпараттық коммуникациялық жобалар бойынша қолданыстағы білім беру ұйымдары негізінде екі оқу орталығын құру;
-
2020 жылға қарай 2500-ден астам халықаралық стандарттағы iCarnegie сертификатын беру.
4-бағыттағы ҚНК «Холдинг компаниясы тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру»:
-
Шоғырланған табыстылық;
-
Шоғырланған еңбек өнімділігі.
|
«Зерде» Холдингі» АҚ
даму стратегиясына 2-қосымша
«Зерде» Холдингі» АҚ
қызмет негізгі көрсеткіштерінің 2011-2020 жылдарға арналған тізімі (бұдан әрі - ҚНК)
1 «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды институционалдық қамтамасыз ету» стратегиялық бағыты
|
ҚНК
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
АКТ саласының физикалық көлемінің индексі, %
|
-
|
108
|
108
|
109
|
108
|
109
|
110
|
110
|
110
|
110
|
Сырттан қаржыландыру тартқан жобалардың саны, жобалар
|
-
|
-
|
-
|
1
|
1
|
2
|
2
|
3
|
3
|
3
|
Технологиялық паркттер құру
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
1
|
1
|
2 «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту негізінде мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек көрсету» стратегиялық бағыты
|
ҚНК
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
Электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер үлесі,%
|
-
|
60
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Аутсорсингтік ақпараттандыру үлгісі, сервистер шеңберінде МО арналған іске асырылған ақпараттық технологиялардың саны
|
-
|
7
|
9
|
10
|
12
|
12
|
14
|
14
|
15
|
15
|
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің жалпы саны, %
|
-
|
-
|
25
|
60
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
3 «АКТ-саласындағы адам капиталын дамыту» стратегиялық бағыты
|
ҚНК
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру, %
|
-
|
50
|
52
|
54
|
56
|
60
|
65
|
70
|
75
|
80
|
Ақпараттық коммуникация жобалары бойынша қолданыстағы білім беру ұйымдары негізінде екі өңірде оқу орталықтарын құру, бірлік.
|
-
|
-
|
-
|
2
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Халықаралық стандарттағы iCarnegie сертификаттарын беру, бірлік.
|
-
|
-
|
290
|
300
|
310
|
350
|
370
|
400
|
430
|
480
|
5 «Холдинг» компаниясы тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру» стратегиялық бағыты
|
ҚНК
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
Шоғырланған табыстылық,%
|
3
|
3
|
4
|
4
|
4
|
5
|
5
|
5
|
6
|
6
|
Шоғырланған еңбек өнімділігі, мың теңге
|
-
|
4786
|
4834
|
4882
|
4931
|
4980
|
5030
|
5080
|
5131
|
5183
|
Достарыңызбен бөлісу: |