Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет127/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

..._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5.3-тақырып. ЕБҚ білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері мен модуль/пән бойынша жеке оқу бағдарламасы
Арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін техникалық және кәсіптік білімге қолжетімділік деңгейін арттыру;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар үшін техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың техникалық және кәсіптік білім алуы, оларды әлеуметтендіру және бейімдеу үшін қажетті оқу орындарында арнайы оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендер құру;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке білім беру траекториясын қалыптастыру мүмкіндігі;
- оқу орындарында толерантты әлеуметтік-мәдени орта қалыптастыру.
Арнайы оқу бағдарламаларының құрылымы. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін техникалық және кәсіптік білім берудің арнайы оқу бағдарламаларының құрылымы мыналарды қамтиды:
1) білім алушылардың дайындық деңгейі;
2) оқу жоспары;
3) оқу бағдарламасы.
Білім алушылардың дайындық деңгейі. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды айқындау базалық және кәсіптік құзыреттерді, сондай-ақ осы құзыреттерді қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдерді анықтауды көздейді.
Activity 5.5 ЕБҚ бар студентке білім беру мазмұны мен оқытуды ұйымдастыруды анықтайтын жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) құрастыру тәжірибесі.
1.1 Білім мазмұнын және студенттің инклюзивті білім алуын ұйымдастыруды анықтайтын жеке оқу жоспары мен бағдарламасын жасаңыз.
Мамандық: __________________
Топ: ______________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет