Ұ. Б. Смаилова



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата05.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471765
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Сөйлеуді дам2

Сергіту сәті. 
 
Ақ қоян-ау, ақ қоян 
Ұйқыңнан тұрсаңшы, 
Бетіңді жусаңшы. 
Айнаға қарасаңшы, 


24 
Әй-әй, көйлек кисеңші! 
2. «Не жоқ?» дидактикалық ойыны (киімдердің суреттерімен). 
Киімдерді тізіп қояды, жоқ киімді табады. Көздерін жұмдырады, біреуін алып қояды. 
Көру, есте сақтау қабілеттерін дамытады. 
3. Рефлексия. 
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылайды. 
– Жуыну үшін қандай заттар керек? 
– Қандай киімдерді білесіңдер? т.б. 
Балалардың қамқорлығын бағалайды. Сұрақтарға жауап беріп үйренеді. 
Киімдердің аттарын атап үйренеді. Жуынуға қажетті заттарды біледі. 
 
№ 13 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Коммуникация. 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Киім дүкені. 
Мақсаты:
Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. 
Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту. 
Міндеттері: 
а) Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету.
ә) Бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
б) Ұқыптылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже: 
жасайды: киімді сипаттай алуды; 
түсінеді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды
қолданады: 2–3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрауды. 
Көрнекіліктер: жазғы және қысқы киімдер бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері. 
Сөздік жұмыс: киім. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 
1.Ұйымдастырушылық кезең. 
Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады. 
– Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол! Балалар педагогтің көмегімен жақсы 
сөздер айтады. 
 
2.Негізгі кезең. 
Суретке көңіл аударып, жазғы және қысқы киімдерді атайды.
Мысалы: көйлек, туфли, пальто, малақай т.б. 
– Балалар, кәне, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы. 
– Айдана, сенің үстіңде қандай киімдер бар? 
– Дулат, сенде қандай киімдер бар? Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса 
айтуға тырысады. 
Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады. 
«Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып алып берулерін өтінеді. Балалар дүкенге 
келіп: 
Мен мына киімді аламын, – деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не 
себепті алғанын, және түстері туралы әңгімелейді. Балаларды сұраққа жауап беруге, 
әңгімелесуге тартады. 
– Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым – қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі 


25 
әдемі. 
– Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым – ұл бала. т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет