Ұ.Б. Смаилова
СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
бойынша бірінші кіші топ (2–3 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және
ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2018
3
Түсінік хат
«Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға
сәйкес дайындалды:
1.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және
мектепалды даярлық білім берудің
жаңа әдіснамалық негізін анықтайды;
2.
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің
2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
3.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (
Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499
бұйрығымен бекіген).
Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік
саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
Балабақша тәрбиесінде болу 2–3 жастағы баланың жаңа дағдылар мен әдеттерге
жаттығуына, қарым-қатынас пен әрекеттесудің түрлі тәсілдерін үйренуіне ықпал етеді.
Бұл тәрбиешілердің, ересектердің, ата-аналардың балаға деген ерекше көңіл бөлуі арқылы
жүзеге асады. 2–3 жастағы баланың балабақшаға бейімделу кезеңінде эмоциялық көмек
көрсету, қызықты,
мазмұнды іс-әрекетке тарту, баланың қызығушылығын тудыратын
жағдайлар ойын түрінде ұйымдастырылады.
Осы кезде 2–3 жастағы балалардың сөздік қорын толықтыруға арналған жұмыстар
жүргізіледі, яғни сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге,
сөйлеу тәртібін қолдана
білуге, тәрбиеші қойған сұрақты түсініп, толық жауап беруге, диалог түрінде сөйлесуге
үйретіледі.
Педагог екі жастағы баланың таныс адамдарын, заттарын білдіретін түсінікті сөздерінің
қорын кеңейту мақсатында балалармен эмоциялық тілдік қарым-қатынас жасай отырып,
бүкіл режимдік және тұрмыстық жағдайларды пайдалануға тырысады.
Сөйлеуді дамыту
оқу қызметі үнемі басқа оқу қызметтерімен жүйелі байланыстырыла жүргізілгенде ғана оң
нәтиже береді. Ұйымдастырылған оқу қызметі мен басқа да жұмыс түрлері баланы
шаршатпайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай етіп белгілі
уақыт мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметінде
балаларды жалықтырмау, қызығушылығы мен белсенділігін
төмендетіп алмай
тапсырмаларды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті тілмен жеткізудің де маңызы
зор.
Коммуникация білім беру саласы:
• Сөйлеуді дамыту;
• Көркем әдебиет бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы жүзеге асады.
Бұл әдістемелік нұсқауда бірінші кіші топтың сөйлеуді дамыту оқу қызметінің
жоспарлары мемлекеттік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы»
бойынша
құрастырылды.
Кейбір
тақырыптар
баланың
жас
ерекшеліктеріне қарай өзгертілді. Баланың белгілі бір дағдыны, икемділіктер мен
әрекеттерді меңгеру шамасына қарай баланың даралық
қасиеттері мен білікті даму
ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеші бұл оқу қызметтерін күрделендіре, толықтыра алады.