Компьютер арқылы тез арада іздеу және керек құжатты табу мүмкіндігін арттыру үшін ұйым дастырылған деректер мен ақпараттар жиынтығы.
Мысалы, «Мектеп» деректер базасы мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар туралы барлық деректерді: әр қайсысының тегі, аты, телефон нөмірі және т.б. сақтайды. «Кітапхана» деректер базасында кітаптар туралы барлық деректер бар: кітап атауы, авторы, жарияланған жылы және т.б. деректер.
Деректер базасы құрылымына байланысты: реляциялық, иерархиялық және желілік деп бөлінеді.
Реляциялық ДБ
Нақты қатынастар мен байланысты кесте немесе бір неше кесте, кесте жолдары жазбалар және бағандар деректер базасының өрістері. Реляциялық деректер базасында кестелер реттелген және байланысқан деректер жиынтығы болып табылады.
Иерархиялық ДБ
Алдыңғы элементтердің тәуелділігін есепке ала отырып құрылған база. Онда жоғарғы деңгейдегі элементтердің (тораптардың) әрқайсысы төменгі деңгейдегі бір немесе бірнеше тораппен байланысты болуы мүмкін.
Желілік ДБ
Өзінің құрылымы бойынша аса күрделі және тораптар арасындағы еркін байланыстары бар деректер базасының графикалық моделі. Деректер базасының иерархиялық және желілік модельдерінің негізгі ұғымдарына: элемент (торап), деңгей, байланыс жатады.
Деректер базасы Excel, Oracle, SQL, DataBase және т.б. программаларда жасалады.
Сұрақтарға жауап берейік:
Деректер базасын күнделікті өмірде қолданамыз ба?
Деректер базасын басқару жүйелерінің мақсаты қандай?
Деректер базасының негізгі модельдері мен функцияларын атаңдар.
Деректер базасын басқару жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтыңдар.
Деректер базасының құрылымын қысқаша сипаттаңдар.
Дәптерге орындайық
Өмірден деректер базасының әр түрлі үлгілерін келтіріңдер.
ДБ нысандарына байланысты сөзжұмбақ немесе басқатырғыш құрастырыңдар: кесте, форма, сұраныстар, есептер.
Деректер базасын құру үшін өздеріңе қызықты тақырыпта деректерді дайындаңдар.
MS Excel программасында болашақ ДБ құрылымын құрастырыңдар.
Компьютерде орындайық:
Шығармашылық тапсырма:
Интернеттен материалдарды пайдалана отырып, демонстрациялық слайд дайындаңдар.
Үй тапсырмасы: