Дайындаған: Парух Арайлы Женисбаева Акзер Арыстанғалиқызы Аяулым Ғалымжанова Гүлдана
Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл.
Көркем тіл, образды сөздерді білу тек жазушылар үшін ғана керек емес, әрбір сауатты адамның бәріне керекті, өйткені әрбір адам өзінің ой-сезімін басқаларға білдіру үшін барынша көркем сөздерді қолдануға тырысады. Ол – табиғи нәрсе, сондықтан оны түсіну, білу әр адамның өзі үшін керек.
Екінші, көркем тілдерді білу көркем шығармалардың жақсы, жаман жақтарын жыға танып, терең түсіне білу деген сөз.
Үшінші, әдебиетті оқытушы, зерттеушілер үшін де көркем тілдердің жасалу, даму жолдарын, ерекшеліктерін терең түсініп, жақсы білуі керек. Сайып келгенде, әдебиеттің көптеген теориялық мәселелері – жазушылардың көркем тілді қандай дәрежеде біліп, қалай меңгерулеріне тіреледі.
Синоним (грекше – synonymos – мәндес сөздер). Мысалы: рахым, қайыр, жақсылық; іс, қызмет, жұмыс, қимыл, амал, әрекет; ұрысу, қағысу. төбелесу, шабысу, айқасу, шайқасу, жандасу; жалқау, аяншақ, жан аяғыш, кержалқау, т.б. Бұлардың бір-біріне мағыналары жақын, бірақ аз да болса, мәндері жағынан өзгешеліктері бар. Махамбет ханға айтқан бір сөзінде былай дейді:
Мен кескекті ердің сойымын!
Кескілеспей бір басылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар, намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша,
Тартынбай сөйлер асылмын!..
Омоним (грекше – hamos – бір түрлі және onyma – есім). «Ер» деп атқа салып мінетін ерді де, «ер» деп батырды да, «ер» деп «маған еріп жүр!» тағы басқа мағынасында да қолданылады. Сол сықылды, ерік, жем, нан, аң, тер, қан, жар, шал, таба, сал, сор, тал дегендер де омонимге жатады. Мұндай сөздер тілде өте көп.
Архаизм (грекше – archaios – мәңгі, ескі). Ағасың ақылың артық асқармен тең,
Асылдың арқар ұранды тіреуі сен.
. . . . . . . . . . . . . .
Артында аламанның біреуі мен.
Осы үзіндідегі «арқар ұранды», «аламан» дегендер, архаизмге жатады.
Эпитет (грекше – epitheton – қосымша). Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздердің бір түрін эпитет дейді.
Мысал үшін бірнеше үзінділер келтірелік:
Сұр бұлыт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
(Абай)
Жұп-жұмыр жұмысшының білегі бар,
Тап-таза таптық ойы, тілегі бар,
Қып-қызыл Ленин туы бір қолында,
Бір қолда балға, орақ, күрегі бар.
(Асқар)
Эпитетті қолданғанда, жазушылар жай қолдана салмайды, белгілі мақсатпен қолданады. Жазушының қолданған эпитеттері, суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетеді.
Лахути, сал көзіңді, жайнады бақ,
Ол бақта жайқалып тұр гүл, қызғалдақ,
Жұпар иіс, бой балқытып, ойды тербеп,
Күміс шық жалтырайды маржандай-ақ.
(Жамбыл)
Мысалы: Қызыл ту, қызыл әскер, шұбар төс, т.б.
Ерегіскен дұшпанға,
Қызыл сырлы жебе едім.
(Махамбет)
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды,
Көп оғыньң ішінен
Сұр жебе деген оқ алды
Эпитет болатын көбіне сын есім (ақшыл бұлт, ащы дауыс, Қызыл ту). Кейбір зат есімдер: (күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз), есімше, көсемше етістіістер: (қайнаған күн, жайнаған күн, гүлденіп, аймалап), көбіне осылар сықылды затты анықтайтын сөздер болады
Бір жолда бір ғана емес, бірнеше эпитеттер қатар келсе, оны эпитеттің күрделі эпитет не эпитеттің ұлғайған түрі дейміз. Мысалы:
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Достарыңызбен бөлісу: |