007 Шынарбек Нұржұлдыз



Дата25.04.2024
өлшемі399.89 Kb.
#499810
007 Шынарбек Нұржұлдыз 2


007 Шынарбек Нұржұлдыз
Суппозиторийлер - официналды дәрілік түр. МФ X басылымы бойынша, суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын немесе еритін ,дене қуысына енгізуге арналған дозаланған дәрі түрі. Дене қуысының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты
Суппозиторийлерге тиісті сыртқы көрініс пен көлем беріледі. Ректальды, вагиналды және таяқшалы суппозиторийлерді ажыратады.

• ректальді суппозиторийлер тік – ішекке енгізу үшін қолданылады.Цилиндр немесе сигара түрінде болады. Үшін салмағы 1 ден 4,0г аралығында, максималды диаметрі 1,5 см.Егер салмағы көрсетілмесе, онда суппозиторий салмағы 3,0 г.балаларға арналған суппозиторийлер салмағы 0,5-ден 1,5 г аралығында болу керек.
• вагинальді суппозиторийлер– қынапқа; тіл тәрізді-pessaria,шар
тәрізді-globuli,жұмыртқа тәрізді-ovula болуы мумкін. салмағы 1,5нан 6,0 г аралығында, егер суппозиторий салмағы көрсетілмесе онда 4,0 г салмақта дайындалады
• таяқшалар – несеп жолына және басқа да тар қуыстарға енгізуге арналған.Ұшы үшкірленіп келген цилиндр формалы,диаметрі 0,20,5см,салмағы 0,5-1,0г аралығында болады.
Суппозиторийлер салмағының үлкен маңызы бар, себебі суппозиторий енгізілген мүшенің кілегей қабығының барлық бетін сұйықтық жабуы керек, сол кезде ғана препараттың сіңірілуі тегіс және бірдей болады.
Суппозиторийлердің дәрілік түр ретінде артықшылықтары:
Дәрілік заттар тез сіңіріледі, бұл қасиетімен суппозиторилермен бәсекелесе алады, қолдану қарапайымдылығы; дозалануы дәл; дәрілік заттар асқазан – ішек трактісіне, бауыр барьеріне (кедергісіне) енбей-ақ әсер көрсетеді; тасымалдауы, сақталуы қолайлы
Кемшіліктері
Технологиялық процестің қиындығы,суппозиторий дйындауға қолданылатын көмекші заттарды,негізінде олардың жергілікті немесе жалпы әсері бойынша таңдап алу қиындығы.
Суппозиторийлер өндірісі
Суппозиторийлерді илеу, престеу, құю әдістерімен дайындайды. Өндіріс жағдайында суппозиторийлерді құю әдісімен алады
Суппозиторийлерді жасаудың технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады:
1.негізді дайындау
⁠ 2. дәрілік заттарды негізге енгізу
3. қалыптау
4. ⁠стандарттау
5. суппозиторийлерді бөлшектеу және орамдау
Суппозиторий дайындалу технологиясы:

Суппозиторийлерді стандартта ,



  • Массасының біркелкілігі

  • Геометриялық форма сына сәйкестігі

  • Суппозиторийлердің қаттылығы

  • Орташа массы және орташа массадан ауытқуы

  • Балқу температурасы - липофильді үшін

  • Толық деформациялану уақыты

  • Еру уақыты - гидрофильді үшін

  • Дәрілік заттардың сандық мөлшері

  • Дозалаудың біркелкілігі

Орамдау және безендіру. Суппозиторийлерді пішінді ұяшықты қаптамаларда автоматы түрде безендіріледі. Пішінді ұяшықтар жасаллоды: Алюминий фольгасы- глицеринді негіздерге арналған Пластикалық қапшықтар- липофильді негіздерге арналған
СУППОЗИТОРИЙЛЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССІ 3 ТҮРЛІ ӘДІСПЕН ДАЙЫНДАЛАДЫ.

  • ҚОЛМЕН ИЛЕУ ӘДІСІ

  • ҚАЛЫПҚА ҚҰЮ ӘДІСІ

  • ПРЕСТЕУ ӘДІСІ

СУППОЗИТОРИЙЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • тік ішектің сфинктерінің кедергісінен оңай өтуі үшін бөлме температурасында жеткілікті түрде қатты болуы керек;

  • суппозиторийлердің балқу температурасы дене температурасынан жоғары болмауы керек;

  • суппозиторийлердің балқуы немесе еруі белгілі уақыт ішінде, препараттың белгілі фармакологиялық әсеріне байланысты 3-15 минутта жүруі керек;

  • суппозиторий балқығаннан кейін түзілген сұйықтық, ағза сұйықтығымен араласуы керек, осы мақсатта суппозиторийлік массаға БАЗ қосылад;

  • суппозиторийлер дәрілік затты оңай босатуы және кілегей қабатта тітіркендіргіш әсер көрсетпеуі керек;

  • жақсы сақталуы, яғни тұрақты болуы керек



Өндірістің аппаратуралық схемасы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет