|
0,25 генцианвиолет ерітіндісі интерферон ерітіндісі
|
Дата | 20.05.2022 | өлшемі | 70.4 Kb. | | #458412 |
| 260 ЛД 2021 педиатрия каз
Баланың жасын анықтаңыз, егер ол жеке буындарды айтса, есімін білсе, ойыншықтарды қолынан қолына ауыстырса, ішінен арқасына бұрылса, отырғызған кезде өз бетімен отыра алса.
6 ай
5 ай
4 ай
8 ай
7 ай
Баланы 8 күн қадағалау кезінде, ауыз қуысының шырышты қабатында ақ дақтар анықталды, жалпы жағдайы бұзылмаған. Жергілікті ем жүргізу үшін, мына жағдайда қандай препарат қолданылады?
0,25 % генцианвиолет ерітіндісі
интерферон ерітіндісі
1 % фурацилин ерітіндісі
3 % сутегі тотығы ерітіндісі
токоферол ерітіндісі
Ауру баланы кешенді емдеудің интеграцияланған тәсіліндегі үшінші дәйекті қадамы болып табылады:
Емді анықтау
Жалпы қауіп – қатер факторын бағалау
Кеңес беру
Анықталған белгілер бойынша классификациялау
Келесі бақылау
Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып табылады:
Ынталандыру арқылы ғана қозғалады
Бала белсенді қозғалады
Дене қызуы 36,6°
Тыныс жиілігі минутына 40 р
Тері жамылғысы қызғылт
7 айлық балаға шақыру түсті. Шағымдары: "үрме" жөтел, дауысының қарлығуы. Ауырғанына 3 тәулік болған, дене қызуының 380 дейін көтерілуі мен жөтелден басталған. Қарап тексергенде: бала мазасыз, мұрын қанаттарының желбезденуі байқалады, мазасызданғанда ауыз маңайы аздап көгереді. Өкпесінде қатты тыныс, тыныс жиілігі минутына 46 рет. Жедел жәрдем:
Ингаляция арқылы пульмикорд қолдану
Цефазолин бұлшық етке
Эуфиллин көк тамырға
Преднизолон бұлшық етке
Амоксициллин ішке
ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады:
12-15 ай және 6 жас
2, 3,4 және 8 ай
Өмірінің 0 -4 күні, 6 ай
Өмірінің 0 -4 күні, 2 ай,4 ай
2, 3 және 4 ай және 12-15 ай
Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса,науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз:
Мастоидит
Жұтқыншақ абсцессі
Стрептококксыз фарингит
Стрептококкты фарингит
Мүмкін болатын бактериялық инфекция
Егер сіз балада астмалық демді анықтасаңыз және қауіп – қатер факторы анықталмаса, онда Сіз жасайсыз:
3 цикл сальбутамол 1 сағат ішінде 20 минут аралықта
1 цикл вентолин 30 минут ішінде
2 цикл вентолин 10 минут аралығында күніне 3 рет
2 цикл вентолин 15 минут аралығында күніне 3 рет
2 цикл сальбутамол 30 минут аралығында күніне 3 рет
"Көрінетін ауыр жүдеу белгісін көрсетіңіз:"
бала қапшықты панталондарға киінген сияқты көрінеді
бала іше алмайды
бала мазасыз
балада көздері шүнірейген
тері қатпары тез қалпына келеді
Кеуде сүтінің бөлінуін белсендіретін гормонды көрсетіңіз:
Пролактин
тироксин
инсулин
Окситоцин
кальцитонин
Кеуде жастағы бала рационына жеміс шырындары және алма пюресін қамтамасыз ету үшін енгізеді:
суда еритін дәрумендермен
ақуыздармен
майлармен
майда еритін дәрумендермен
микроэлементтермен
Егер балада құлағының артында ауырсынбалы ісіну болса, онда науқас баланы жүргізудегі интеграцияланған тәсіл бойынша ауруды анықтаңыз:
мастоидит
құлақтың созылмалы инфекциясы
құлақтың жіті инфекциясы
жұтқыншақ абсцессі
құлан инфекциясы жоқ
2 жасар балада дене температурасы 38 С, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, құлақ ауырады алдынан пальпация кезінде. Болжам диагноз:
ортаңғы катаральді отит
жедел сыртқы отит
ортаңғы іріңді отит
жедел мастоидит
күкірт тығыны
жаңа туған балаларда тілмелік қабынуды емдеуде қолданылмайды:
аутогемотерапия
Вишневский майымен таңулар салу
УКС
антибиотиктердің бұлшықетке салу
консервативті ем
10 жасар баланы обьективті зерттеу кезінде екі жақ қабырға астын пальпациялағанда ауыратын, кедірлі тығыз эластикалық масса анықталды. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің лабороторлы мәліметтері бар. Балада не болуы мүмкін?
бүйрек поликистозы
екі еселенген бүйрек
бүйрек мультикистозы
созылмалы пиелонефрит
бүйрек эхинококкозы
8 жасар ұл балада тісін жұлған ойықтан ұзақ уақыт бойы қан кетуде. Соңғы 4 жылда арасында буындарына қан құйылу, қызыл иегінің қанауы болған. Осыған ұқсас симптомдар атасында байқалған. Объективті: жұлынған тіс ойығынан қан ағу, тізе буының аздап деформациясы, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, манжетті сынама теріс. Лабораторлы көрсеткіштер: НЬ 135 г/л, лейкоциттер 5,0 х 10 9 /л, тромбоциттер 250 х 109/л, қан ұйығыштығы: басталуы 10 мин, аяқталуы 19 мин, аутокоагуляциялық тест 15 с, қан ағу ұзақтығы 3 мин., протромбин индексі 90%
гемофилия
жедел лейкоз
протромбин комплексінің факторы дефициті
тромбоцитопатия
геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)
10 класс оқушысы кенет пайда болатын қалтырауға, шыдатпайтын бас ауыруға, шөлдеуге шағымданады. Ауырғанына бір күн болды. Дене температурасы 40,0° С. Есі шатасқан. Терісі цианозды, жамбасы, санында геморрагиялық бөртпелер, ұсақ нүктелі петехиялар 3-4 см-ге дейін. Бірен саран розеолалар және розеолезды-папулезді элементтер іште, арқада, қолда. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы күмәнді, пульс 120 рет/ мин, әлсіз толымды, жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ 85/55 мм сын. бағ., ТАЖ 28 рет/ мин. Қанда : лейкоцитоз 22 х 10 9 /л солға жылжыған, ЭТЖ 26 мм/сағ. Науқаста болуы мүмкін:
менингококкцемия
септицемия
тұмау
тромбоцитопениялық пурпура
Шенлейна-Генох ауруы (геморрагиялық васкулит)
Балаларда дамудың артта қалуының ең жиі кездесетін себебі
психосоциалды депривация
ішек мальабсорбциясы
муковисцидоз
хромосомды бұзылыстар
қатерлі ісіктер
Балаға 7 жас. Ауырғанының 5-ші күні. Дене қызуы 37,6 оС. Әрез дем алуға, инспираторлы ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: араңда жабын, сөйлеуі тыныш, терісі бозарған, ЖСЖ 120 рет/ мин, тұйық тондар, жүрек тұйықтығының сол жақ шекарасы 2 см емізіктен сыртқа. Алдын ала қойылған диагноз
дифтерия
ангина
ревматизм
ЖРВИ, миокардит
жалған круп
Қызылшаның алғашқы сатысына төменде көрсетілгендердің біреуінен басқасы тән
буындардың ауыруы
жөтел
мұрыннан су ағуы
қызба
Бельский-Филатов дағы
13 жастағы балаға ертеңгісін егу бөлмесіне қанды биохимиялық зерттеулер алуға ашқарын келуі тағайындалған. Қан алынып жатқанда бала бозарып, ақырындап жерге құлай бастаған. Балаға не болды:
естен тану
гипогликемиялық ес-түссіз күй
коллапс
гипергликемиялық ес-түссіз күй
анафилактикалық шок
10 жастағы бала жәншаумен ауырғаннан кейін беті мен балтыры ісінген. Қан қысымы с.б 130/100 мм., зәрдің түсі ет шайындысындай, протеинурия, эритроцитурия. Бұл өзгерістер қандай ауру белгілеріне сәйкес келеді
жедел гломерулонефрит
жедел пиелонефрит
созылмалы гломерулонефрит
жедел цистит
бүйректік тас ауруы
11 айлық бала ана сүті көптігінен осы уақытқа дейін негізінен ана сүтімен қоректенеді, сирек шырын беріледі. Диспансерлеу кезінде балада темір тапшылықты қан аздық анықталған. Аурудың пайда болу себебі
қосымша тағамның болмауы
бала күтімінің кемшілігі
жиі ауыруы
ана сүтінің сапасыздығы
баланың тамақтануы жеткіліксіз
3 жасар балада бірінші рет Манту реакциясы оң болған. Ең бірінші қандай тексеру әдісі жүргізіледі:
кеуде клеткасының рентгенограммасы
зәрдің жалпы анализі
қанның биохимиялық анализі
Кох бактериясына зәрді себу
ішкі мүшелерді УДТ (ультрадыбыспен) тексеру
ФАП фельшері 2 жасар баланы көруге үйіне барды. Қарап көргенде: науқастың денесінде әр түрлі көптеген бөртпелер: папулалар, везикулалар, қабыршықтар байқалды. Баланың ауруы қандай
жел шешек
менингококкемия
қызылша
жәншау
қызамық
6 күндік бала. Бойы 52см, 3.800 г салмақпен туылды. Туылғанда Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Қарап көргенде: жалпы жағдайы жақсы, терісі таза, сарғайған, бала белсенді, тамыр соғуы минутына 140 рет, тыныс алуы минутына 46, дене қызуы 36,5°С кіндік жарасынан ұйыған сұйық бөлінеді. Баланың жағдайын анықта:
уақытында туылған бала, физиологиялық сарғаю
уақытында туылған бала, I сатыдағы тұншығу
жаңа туылған кезеңі, дамыған бала, кіндіктің қабынуы
уақытында туылған бала, жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруы
уақытында туылған бала, пневмония
Жасанды тамақтандырылған 3 айлық бала тамақтанған кезде және ұйықтағанда желкесі терлеп, қорқатын болған. Бұл қандай жағдай:
мешелдің алғашқы кезеңі
мешелдің күшіне енген кезеңі
экссудатты талаурау диатезі
қан аздық
3 айлық баланың физиологиялық жағдайы
"Балалардағы гипотрофия белгілері
1.терлегіштік, сүйектерінің қисаюы
2.ісіктер, артериалдық қан қысымының көтерілуі
3.тері асты май қабатының жұқаруы, салмағының азаюы
4.бозару, тәбетінің төмендеуі
5.терісінде бөртпелердің пайда болуы, қышу"
3,4
2, 3
1,2
4, 5
2, 5
Мешелдің алғашқы кезеңінің белгілері болып табылады
мазасыздану, терлегіштік, шошына беру, ұйықтап жатып селк ете беру
мазасыздану, терлегіштік, дене қызуының жоғары көтерілуі
мазасыздану, дене қызуының жоғары көтерілуі
бас сүйектерінің қисаюы, қабырғаларында мешелдік өспелердің болуы
аяқтарының У - немесе О - тәріздес болуы
Бұлшықет тырысуы балаларда ненің нәтижесінде пайда болады
фебрильді тырысу
жүйке-жүйесінің аурулары
туу кезінде болган жаракаттар
ағзада Д дәруменінің жетіспеушілік себебінен
күн астында ұзақ уақыт болу
Балалардың тырысу синдромында өмірге қауіп неден төнеді:
тілдің тыныс жолында кептеліп қалуы, тыныс алудың тоқтап қалуы
АҚ-тың төмендеуі, коллапс
анурия
дене қызуының көтерілуі
ұстамалы тахикардия
Баланың мұрнынан қан кеткенде сіз не істейсіз:
баланы отырғызып, басын алға қарай еңкейту
баланы отырғызып, басын артқа қарай шалқайту
баланы отырғызып, басын түзу ұстау
баланы отырғызып, басын қан кетіп жатқан жаққа қарай қисайту
баланы отырғызу керек, оның басының қалпы маңызды емес
Бірінші деңгейдегі сусыздануына тән емес белгілерді табыңыз
тәулігіне 15 реттен көп сұйық дәретке шығу
дене салмағының 3%-ын жоғалтуы
шырышты қабықтың аздап құрғап туруы
тәулігіне 1-2 рет құсу
терінің тургоры қалыптағыдай
Эпидемиялық паротиттің белгілеріне біреусінен басқасының бәрі жатады:
бөртпе
дене қызуының көтерілуі
ісіктің ортасы ғана ауырады
аузын ашқанда ауырады
қамыр консистенциясындай ісіну
Жәншауға (скарлатина) тән белгі болып табылады:
мұрын мен ерін ұшбұрыштығының бозаруы
Филатов-Коплик дақтары
Керниг симптомының оң болуы
бауырдың үлкейуі
лимфа бездерінің үлкейуі
Қазіргі кездегі қызылшаның клиникалық симптомдарына кіреді:
1.сұйық үлкен дәрет
2.бөртпе және бөртпенің кезеңмен шығуы
3.дене қызуының жоғары болуы
4.шүйде лимфобездерінің үлкейуі
5.талаурау белгілер (ринит, коньюктивит, жөтел)"
2, 3, 5
1, 4, 5
2, 4, 5
1, 3, 5
2, 3, 4
Қайсысы қызамыққа тән белгі емес
Филатов-Коплик дақтары
дене қызуының орташа көтерілуі
орташа талаурау белгілері
майда дақты бөртпелер
бөртпенің бір мезетте пайда болуы
Менингитке тән белгілер
1.дене қызуының көтерілуі
2.тырысу
3.желке бұлшық еттерінің құрысып қалуы
4.субфебрильдік температура
5.тамақтың ауыруы"
1, 2, 3
2, 3, 4
1, 2, 4
3, 4, 5
2, 4, 5
Қант диабетімен ауыратын бала инсулин иньекциясынан кейін басының қатты ауыратынына, жалпы әлсіздікке, қол - аяғының дірілдеуіне, қарны ашатынына, терлегіштікке шағымданды
Бұл балаға не болды
1.гипергликемиялық жағдай
2.гипогликемиялық жағдай
3.талып қалу
4.анафилактикалық шок
5.коллапс
Фельдшер(акушер) алғашқы көмекті қалай көрсетуге міндетті
А)инсулин енгізу
Б)тәтті шай ішкізу
В)нашатыр спиртін иіскету
Г)адреналин енгізу
Д)мезатон енгізу"
2 - Б
1 -А
3 - В
4 - Г
5 – Д
4 жасар қыз баланың ауырып қалғанына 5 күн болды. Дене қызуының көтерілуі, жүрегі айныуы, тәбетінің болмауы байқалады. Қарап тексергенде көзінің, шырышты қабықтарының, терісінің сарғайғаны байқалады, сіздің диагнозыңыз
1. тағамдық уытты жұқпа
2. гломерулонефрит
3. дизентерия
4. вирустық гепатит
5. асқазан ойық жарасының тесілуі
Науқастың нәжісі мен несебін қарағанда сіз не көресіз
А)несебі сабан түстес сары, нәжісі қалыптасқан, түсі кәдімгідей
Б)несебі ""ет жуған су"" сияқты, нәжісі қалыптасқан, түсі кәдімгідей
В)несебі сабан түстес сары, нәжісі сұйық, шырыш аралас
Г)несебі ""сыра"" түстес, нәжісі түссізденген
Д)несебі сабан түстес сары, дәреті қара май сияқты"
4 - Г
2 - Б
3 - В
1 – А
5 – Д
10 жасар балада үйде жасалған ет консервісін жегеннен кейін 2 сағаттан соң денесі мұздап, басы айналып, эпигастрит аумағының тіліп ауыруы, қайта - қайта құсу басталған. Ал және 2 сағаттан соң дәретке шығуы жиілеп, нәжісінен жаман иіс шыққан. Осыған ұқсас белгілер, бірақ жеңіл түрде баланың әкесінде де басталған. Ол да осы консервілерді жеген.
Диагнозын нақты көрсетіңіз"
тағамдық уытты жұқпа
дизентерия
вирустық гастроэнтероколит
тырысқақ
жедел гастрит
Ауру белгілері анық көрінген коньютивитті қарап тексеріп жатқанда, аузының шырышты қабығында Филатов-Коплик дақтары бар екендігі анықталды, қандай ауру туралы айтылып отыр?
1. менингококк жұқпа
2. қызамық
3. жел шешек
4. қызылша
5. жәншау
Осы жұқпа кезінде жанасқандарға қойылатын тосқауыл мерзімі қанша?
А) 7 күн
Б) 5 күн
В) 10 күн
Г) 21 күн
Д) 17 күн"
4-Г
|
|