электронды аппаратураларды және өлшеудің автоматтандырылған жүйесін бақылау және реттеу;
сынақ қондырғыларының, қозғалтқыштарының немесе оның агрегаттары мен бөліктерінің алда болатын сынаққа даярлығын тексеру;
қозғалтқыштар мен сынақ қондырғылары бойынша регламентті жұмыстардың барлық түрін жүргізу;
сынақ жүргізу кезінде техникалық құжаттарды жүргізу.
118. Білуге тиіс:
жүргізілетін сынақтарға қойылатын техникалық шарттар;
стенд жүйелерін және бақылау-өлшеу аппаратураларын реттеу және баптау тәсілдері;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың конструкциясы;
сынақ стендтерінде күрделілігі жоғары өлшеу жүйелерін монтаждау ережесі;
электрлік тәсімдер және өлшеу жүйелерін реттеу әдістері;
электротехника, электроника, пневматика негіздері;
криогенді техникамен жұмыс істеу ерекшеліктері;
жүргізілетін сынақтар кезінде техникалық құжаттаманы жүргізу ережесі.
119. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
120. Жұмыс үлгілері:
1) отынды мөлшерлеу автоматтары – қабылдау-тапсыру сынақтарының барлық түрін жүргізу;
2) газтурбина қозғалтқыштары – жетілдіру және реттеу;
3) криогенді қозғалтқыштар – отынды құбырлар қысымында тексеру;
4) сынақ стендтер – қозғалтқыштың дірілін өлшеу бойынша аппаратураларды, барлық өлшеу ыдыстарын, ротометрлерді және салмақты май өлшейтін бағандарды баламалау.
Параграф 4. Қозғалтқыштарды сынаушы механик, 7-разряд
121. Жұмыс сипаттамасы:
қозғалтқыштар мен қозғалтқыш қондырғыларына жөндеуден немесе қозғалтқыш агрегаттарын ауыстырғаннан кейін сынақтың барлық түрлерін жүргізу;
жаңа сынақ жабдықтарын сынамалау әрі жетілдіру және сынақтың жаға түрлерінің бағдарламаларын жетілдіру;
күрделілігі жоғары өлшеу жүйелерін стендті жағдайларда баптау;
өлшеу жүйелерін жетілдіру және қозғалтқышқа арнаулы сынақ жүргізген кезде монтаждау тәсімдерін құрастыру;
күрделілігі жоғары өлшеу жүйелерінде ақаулықтарды іздеу және жою;
сынақ бағдарламаларының талаптарына сәйкес қозғалтқыш пен қондырғының техникалық параметрлерін кешенді талдау;
күрделі есептеулер (қуат, тартым, отынның рұқсат етілетін қысымы) жүргізу;
сынақ процесінде стендтегі күрделі тораптар мен агрегаттарды ауыстырып, сыналатын қозғалтқыштардың ақауын анықтау, ақаулықты айқындау және жою.
122. Білуге тиіс:
сынақтың барлық түрін жүргізуге қойылатын техникалық талаптар;
күрделі сынақ стендтерін реттеу және баптау ерекшеліктері;
сынақ қондырғыларының бақылау-өлшеу аппаратуралары мен автоматикасының құрылғысы, қызмет принципі және орналастырудың принципті тәсімі;
ЭЕМ жұмыс істеудің негізгі тәсілдері:
панелге командаларды теру ережесі, ЭЕМ-нен сынақ қондырғысының коммутациялық байланыс панелінің құрылғысы;
күрделі және қуатты сынақ объектілерінің сынақ стендтерінде монтаждаудың технологиясы мен техникалық шарттары;
қозғалтқыш және сынақ қондырғылары бойынша барлық регламенттік жұмыстарды жүргізуге қойылатын техникалық шарттар;
газтурбина қозғалтқыштары теориясының негіздері, газ динамикасының, электроника, термодинамика негіздері;
ЭЕМ деректерінің кодын ашу тәсілдері;
криогенді техниканың негіздері.
123. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
124. Жұмыс үлгілері:
1) негізгі камераларды тұтандырғыш – отын мен ауаны термостаттау кезінде биіктік жағдайда сынау;
2) криогенді қозғалтқыштар – сынақ бағдарламасына сәйкес сынақтар жүргізу;
3) газтурбинді қозғалтқыштар – режимдердің бақылау нүктелерін алу;
4) газтурбинді қозғалтқыштар – Шектеушілерді баптау;
5) компрессор дискілері – екпінді стендте техникалық шарттар бойынша циклдық сынау;
6) дестедегі турбина қалақтары – қондырғыны қосу, газ ағыны және қалақтарды салқындату бойынша режимдерді теңшеу;
7) қосу турбиналарын бекіту жүйесі – сынақ бағдарламасы бойынша іске қосылуға әсерін сынау;
8) бір қалыпты стандартты емес учаске – «алаң-жылдамдық» әдісімен градуирлеу.
Параграф 5. Қозғалтқыштарды сынаушы механик, 8-разряд
125. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі, тәжірибелі, сирек кездесетін және эксперименталды қозғалтқыштарға, олардың агрегаттары мен бөліктеріне сынақтардың барлық түрін жүргізу;
жіберілетін параметрлер бойынша қозғалтқыштарға күрделі сынақтар жүргізу;
күрделі, тәжірибелі және эксперименталды сынақ стендтерін, бақылау-өлшеу аппаратуралары мен аспаптарды реттеу және баптау;
базалық қозғалтқыштардың типтерін күрделі жөндеу және модификациялау кезінде тапсыру және қорытынды сынақтарды жүргізу;
ЭЕМ-де қозғалтқыштардың жұмыс істеу параметрлерін қадағалау;
сыналатын қозғалтқыштарды реттеу және жетілдіру;
қозғалтқыш пен сынақ қондырғылары бойынша күрделі есептеулерді орындап, регламентті жұмыстардың, оның ішінде күрделі регламентті жұмыстардың барлық түрін жүргізу;
бірінші партиядағы қозғалтқыштарға сынақтар жүргізу;
жылдамдатылған қозғалтқыштардағы ақауларды жою.
126. Білуге тиіс:
күрделі, қуатты, тәжірибелі және эксперименталды қозғалтқыштарға, оның агрегаттары мен бөліктеріне сынақтар жүргізудің ерекшеліктері;
күрделі сынақ стендтерін және сынақ объектілерін баптау және реттеу әдістері, қолданылатын бақылау-өлшеу аппаратуралы мен аспаптардың құрылғысы және қызмет принципі;
сыналатын қозғалтқыштар мен қондырғылар бойынша регламентті жұмыстары жүргізуге қойылатын техникалық шарттар;
термодинамика, техникалық сызу, электротехника, электроника, криогенді техника негіздері.
127. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
128. Жұмыс үлгілері:
1) екі контурлы қуатты қозғалтқыштар – жобалық параметрлерді жетілдіру және реттеу;
2) жылдамдатылған қозғалтқыштар – сынақ кезінде анықталған ақауларды жою;
3) тәжірибелі қозғалтқыштарды сынауға арналған зертханалық стендтер – координатты құрылғыларды, салмақты құрылғыларды және ауа мен отын шығысын өлшейтін құралдарды баламалау.
8. Қуатты арматуралар мен жұмсақ бактарды
желімдеуші
Параграф 1. Қуатты арматуралар мен жұмсақ бактарды
желімдеуші, 1-разряд
129. Жұмыс сипаттамасы:
жұмсақ бактар секцияларының жіктерін жабысқақ лентамен желімдеу, форманың, қуатты арматуралар мен жұмсақ бактардың секцияларын тазарту, жуу және майсыздандыру;
жұмсақ бактың ішкі және сыртқы бетін бензинмен жуу, жіктелген орындары бойынша перкальді лентаны қолмен алу, желім аққан жерлерді зімпара таспен тазалау, салфетканың көмегімен ыстық сумен жуу, арматураны зімпара қағазбен тазалау;
рецептуралар бойынша желімараластырғышта және ыдыстарда желімдерді дайындау.
130. Білуге тиіс:
жұмсақ бак секцияларының жіктерін жабысқақ лентамен желімдеу тәсілдері, жабысқақ ленталарды салу және желімдеу ережелері;
резеңке мен матаны пішу ережесі;
рецептуралар бойынша желімдерді даярлау технологиясы;
желім араластырғыштарды басқару ережесі;
жұмсақ бактарды жуу кезінде бензинді пайдалану ережесі.
Параграф 2. Қуатты арматуралар мен жұмсақ бактарды
желімдеуші, 2-разряд
131. Жұмыс сипаттамасы:
авиациялық конструкциялардың қол жетімді жерлеріне бір қалыпты температура кезінде статикалық және ресурсты сынақтар үшін белгілер бойынша агрегаттың бетіндегі үстіңгі көлденең бетіне қуатты арматураларды жабыстыру;
температуралық режимдерді, ұстау ұзақтығын, майлау санын сақтай отырып, бактардың қалыңдығы 0,8-2 мм резеңкеден жасалған резеңкелі-металл арматураларын желімдеу;
авиациялық конструкция агрегаттарының бетіне резеңкені немесе арнаулы пленкалардың қалыптарын, желімдерін, ерітінділерін салу; механикалық жүктемелерді қосу үшін қарапайым беттерге қуатты арматураларды желімдеуге дайындау; қуатты арматуралар бойынша үстіңгі бетті белгілер бойынша тазалау, майсыздандыру және желіммен сырлау;
қуатты арматураны желімдеуге дайындау;
жұмсақ бактардың қалыптары бойынша дайындамаларды нығарлау;
резеңке мен матаны пішу, сызбалар бойынша материалдарды белгілеу;
қатты қырларға ленталар салу және желімдеу;
резеңкелі бөлшектерді қалыптау үшін құрылғыларды (формалар, пресс-формалар) құрастыру.
132. Білуге тиіс:
сыналатын бетке қуатты арматураларды салу ережесі;
авиациялық конструкциялар агрегаттарының бетіне қуатты арматураларды желімдеу тәсілдер;
қолданылатын маталардың, резеңкелердің, кордтардың, ерітінділердің, зімпаралы төсемдердің техникалық сипаттамасы;
желімдерді жағу және кептіру режимдері;
резеңкелі-металл арматураға қойылатын техникалық талаптар;
қуатты резеңкелі-техникалық арматуралардың түрлері;
вискозиметр бойынша созылымдылықты тексеру;
уыттылық және тез тұтанғыш ерітінділерді пайдалану ережелері.
133. Жұмыс үлгілері:
1) арматура (түптер, бұрыштықтар, қатты қырлар) – ұстаудың технологиялық режимін сақтай отырып, пішу, матамен, резеңкемен желімдеу, жұмсақ бакқа орнату;
2) отынға арналған бактардың арматуралары – бактардың қалыптары бойынша нығарлау, ақауларды тазалаумен кетіру;
3) отын бактары – үстіңгі бетті дайындау және суықтай тәсілмен резеңке мен матадан жасалған кішірек жамауларды желімдеу, жөндеу алдында және жөндеуден кейін қаптарға буып-түю, жөндеуден кейін консервілеу, бұқтырмаларды фланецтерге орнату;
4) жұмсақ бактар – сынақ бағдарламасына сәйкес таразылау;
5) герметикалар – бактардың фланецтері және ішкі беті бойынша тазалау;
6) ұшу аппараттарының килі – маталы қуатты арматураны желімдеу;
7) тұмсықтар мен қанат сағалары - үстіңгі бетін желімдеуге дайындау, маталы қуатты арматураларды желімдеу;
8) стабилизаторлар, фюзеляждар – үстіңгі бетін желімдеуге дайындау, маталы қуатты арматураларды желімдеу;
9) бактардың қабырғалары – ішкі керосинге төзімді қабатты тазалау;
10) қамыттар – бұйымнан сыдырып алу.
Параграф 3. Қуатты арматуралар мен жұмсақ бактарды
желімдеуші, 3-разряд
134. Жұмыс сипаттамасы:
авиациялық конструкциялардың бір қалыпты температурасы кезінде статикалық және ресурсты сынақтар үшін төменгі және үстіңгі жазық беттерге қуатты арматураларды желімдеу;
капрон маталарды, губкалы резеңкені, қалыңдығы 0,3-0,8 мм жұқа резеңкені және қалыңдығы 0,15 мм пленканы қолданумен әр түрлі мақсаттағы және габаритті жұмсақ бактарды желімнен алып тастау, жұмсақ бактың формасы бойынша резеңкенің жылуға төзімді қабатын салу және желімдеу;
құралдарды орнатумен және бөлшектеумен әрі габаритті өлшемді сақтай отырып, ірі габаритті және күрделі конфигурациялы жұмсақ бактардың металды элементтері мен арматураларын өңдеу және резеңкемен, капронмен және желімнен алу;
сызбада көрсетілген дәл өлшемді сақтай отырып, жұмсақ бакқа арматураларды орнату және желімдеу;
жұмсақ бактардың ішкі тіктерін герметикалайтын пасталармен герметикалау;
жұмсақ бактың істен шығып қалған арматурасын ауыстыру;
ыстық және суық тәсілдермен резеңке мен матаны желімдеу;
механикалық жүктемелерді қосу үшін қуатты арматураларды жабыстыруға күрделілігі орташа авиациялық агрегаттарды дайындау;
биіктікте жұмыстарды орындау.
135. Білуге тиіс:
қуатты арматураға қойылатын техникалық шарттар;
қуатты арматураларға қолданылатын маталардың соттары және техникалық сипаттамалары;
қуатты арматураларды жабыстыру үшін үстіңгі бетке желім жағу және желімді кептіру режимдер;
сыналатын бұйымда қуатты арматураның жұмыс істеу шарты;
желімдеу сапасын сынау технологиясы;
жұмсақ бактар мен қуатты арматуралардың конструкциясы мен технологиялық процесі;
жұмсақ бактарды герметикалаудың технологиясы; формаларды құрастыру және бөлшектеу үшін жиналмалы бактардың және арнаулы құралдардың конструкциясы мен әр түрлі типтері;
агрегаттар мен ұшу аппараттарының атауы;
биіктіктегі жұмыстарды орындау ережесі.
136. Жұмыс үлгілері:
1) отынға арналған бактар – торлардың ішкі беттегі ұсақ жарықтарын жөндеу, салқындай вулкандау тәсілімен фланецтерді жөндеу;
2) қанаттар, фюзеляждар және ұшу аппараттарының басқа да агрегаттары – арматураларды қол жетпейтін жерлерге жабыстыруға дайындау;
3) отын өлшегіш датчиктердің қалақтары – резеңкесіздеу;
4) монтажды баулар – жабыстыру және тігу;
5) сүйір фонарлар, жалтырлар – төменгі беттерге маталы қуатты арматураларды жабыстыру;
6) отын құю түтіктерінің резеңке тыстары – жергілікті вулкандау әдісімен жасау.
Параграф 4. Қуатты арматуралар мен жұмсақ бактарды
желімдеуші, 4-разряд
137. Жұмыс сипаттамасы:
әр түрлі температуралық режимдерде статикалық және ресурсты сынақтарды жүргізу үшін ұшу аппараттарының күрделі беттеріне (қосарлы қисық және т.б қол жетпейтін жерлерге қуатты арматураларды жабыстыру;
пленкаларды жабыстыру;
жабыстыру кезінде қысатын күштерді жасау;
қуатты арматураны жабыстырудың дұрыстығын көзбен бақылау;
технологиялық арматураларды тәсім бойынша отын бактарына орнату;
жөндеу кезінде мата, резеңке, резеңкелі-мата және резеңкелі-металл арматуралардың қабатын, ақау учаскелерден, фланецтердегі жарықтардан, отын багының бұрыштарында және басқа да қол жетпейтін жерлерде ескірген резеңкелерді жою;
отын багының жойылған (ақау) учаскелерін қалпына келтіру, жойылған (ақау) учаскелерге резеңкелі-мата мен резеңкелі-металл арматураларды қайта орнату;
бактардың қол жетпейтін жерлердегі ішкі тіктеріне және өңделген жарықтарына герметикалайтын паста жағу;
ұшу аппараттар агрегаттарының күрделі бетіне қуатты арматураларды жабыстыруға дайындау;
жекелеген компоненттерден арнаулы герметикалар мен желімдерді жабыстыру.
138. Білуге тиіс:
қуатты арматуралардың және қолданылатын байланыстырғыш типтерінің ерекшеліктері;
сыналатын агрегаттардың бетіне жіберілетін жүктемелер;
отынға арналған бактар мен арматураларды жөндеудің технологиялық процессі;
отынға арналған бактарды герметикалаудың технологиясы;
дайын бактарды ТББ тапсырудың техникалық шарттары;
герметикалыққа сынау кезінде қолданылатын жабдықтардың құрылғысы мен қызмет принциптері;
сұйық отынмен және газбен (уақыт, қысым шамасы) бактардың герметикалығын сынаудың технологиялық режимдері;
герметикаланған материал мен ерітінділерді сақтау ережесі;
арнаулы герметикалау ерітінділері мен желілерді дайындауға қойылатын техникалық шарттар;
термоөңдеу мен вулкандаудың режимдері.
139. Жұмыс үлгілері:
1) ұшу аппараттар – жоғары температура кезінде сынау үшін қуатты арматураларды жабыстыруға және жылуға төзімді затпен жабыстыруға дайындау;
2) жұмсақ бақтар – жөндеу және герметикалыққа сынау.
Параграф 5. Қуатты арматуралар мен жұмсақ бактарды
желімдеуші, 5-разряд
140. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі аэродинамикалық бейінді ұшу аппараттарының бетіне тәжірибелі қуатты арматураны қол жетпейтін қиын жерлерге және биіктікте жабыстыру;
әр түрлі температуралық режимдер кезінде эксперименттің қысқа уақытты тоқтауы барысында сыналатын конструкцияларда істен шығып қалған қуатты арматураларды ауыстыру;
тәжірибелі қуатты аппаратураларды және сыналатын бетті жабыстыруға дайындау;
жекелеген компоненттерден күрделі фенол-каучук желімдері мен герметикаларды әзірлеу;
күрделі арматурасы бар шағын сериялы және тәжірибелі бұйымдардың жұмсақ бактарын толық желімнен алу;
жөндеу кезінде жұмсақ бактарды сынау және күрделі ақауларды жою.
147. Білуге тиіс:
әр түрлі температуралық жағдайда авиациялық конструкцияларға механикалық жүктемелерді қосу тәсілдері;
ұшу аппараттарда температуралық өрісті шығару әдістері;
әр түрлі қысатын құралдардың конструкциясы;
жоғары және төмен герметикалардың техникалық сипаттамасы.
142. Жұмыс үлгілері:
1) отынға арналған бактар – қол жетпейтін қиын жерлерді ыстық вулкандау әдісімен жөндеу;
2) күрделі конструкциялы жұмсақ бактар – тура айрықтарды, кесіктер мен тесіктерді жөндеу.
9. Авиациялық техниканы жинақтаушы
Параграф 1. Авиациялық техниканы жинақтаушы, 2-разряд
143. Жұмыс сипаттамасы:
әуе қозғалтқыштарының, ұшу аппараттарының, аспапты, электрлік, радио электрлік жабдықтардың және әуе жарақтандыру жүйелерінің қарапайым бөлшектері мен тораптарын жинақтаушы ведомостар бойынша жинақтау;
жинақталатын бөлшектер мен тораптарды белгілі тәртіппен орналастыру, оларды таңбалау;
жинақталушы бөлшектердің жарамдылығын сыртқы көрінісі және құралдардың көмегімен айқындау, коррозияға қарсы жағындылар үшін оларды іріктеу;
бюллетендерге және тиісті жинақтаушы ведомостардың тізбесіне сәйкес цехтардан бөлшектерді қабылдау;
жуу және тазалау, бөлшектер мен тораптарды уақытша консервілеу жүргізу;
бөлшектерді бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының көмегімен (микрометр, штангенциркульдер, калибрлер, сүңгілер, омметрлер, амперметрлер, вольтметрлер); өлшеу;
тораптар мен агрегаттарды жинақтау кестесін жүргізу;
қоймадан бөлшектер мен материалдарды алуға құжаттамаларды рәсімдеу;
қарапайым көтергіш-көлік құралдарының көмегімен бөлшектер мен материалдарды ауыстыру.
144. Білуге тиіс:
жасалатын, жөнделетін немесе қызмет көрсетілетін әуе қозғалтқыштары, ұшу аппараттар, аспапты, электрлік, радио электрлік және әуе жарақтандыру жүйелерінің конструкциялары туралы қарапайым мәліметтер;
негізгі авиациялық тораптардың, агрегаттар мен аспаптардың атауы, олардың сипаттамалық сыртқы ақаулары;
техникалық мүлікті жинақтау жөнінде нұсқаулық;
негізгі номенклатура және әуе материалдары мен бөлшектерді шығындау нормалары;
жинақтауға келіп түсетін бөлшектердің техникалық жағдайын айқындаудың негізгі ережесі;
сызбаларды оқу ережесі; негізгі бақылау-өлшеу құралының міндеті;
авиациялық бөлшектер мен тораптарды консервілеу және сақтау тәсілдері;
негізгі консервілеу материалдарын, коррозияға қарсы жағындыларды қолдану ережесі және қасиеті;
құжаттамалардың нысандары және бөлшектерді қоймадан шығару ережесі;
бөлшектерді жөндеуге, құрастыруға және монтаждауға тапсыру тәртібі;
қоймада, цехта сақталатын және жинақтауда жатқан авиациялық материалдар мен бөлшектерге есеп жүргізу тәртібі;
жұмыстарды цехтар бойынша бөлу;
бөлшектер мен тораптарды тасымалдау ережесі;
техникалық және технологиялық құжаттаманы рәсімдеу тәртібі;
өнімді сертификаттау туралы жалпы мәліметтер;
авиациялық бөлшектерді тазалау және жуу технологиясы;
шақтамалар мен қондырмалар туралы негізгі мәлімет.
145. Жұмыс үлгілері:
1) ұшу аппараттар – бөлшектер мен техникалық материалдарды техникалық қызмет көрсетуге түржиындарға (дәрі-дәрмек қобдишасы) жинақтау;
2) аккумуляторлық антенналар, контейнерлер, плафондар, амортизациялы сөрелер – бекіткіш бөлшектермен жинақтау;
3) қарапайым тораптардың бөлшектері – ақау ведомостыларға сәйкес жұмыс орындарына беру;
4) қойма стеллаждарындағы бөлшектер мен агрегаттар – сақталуын бақылау;
5) машина бөлшектері – құжаттаманы рәсімдеу тізбесіне, талон жүйесіне сәйкес жөндеуге қабылдау;
6) авиа қозғалтқыш бөлшектері – уақытша консервілеу;
7) бекіткіш бөлшектер - өлшемдері бойынша жинақтау;
8) авиа қозғалтқыштардың жану камералары, компрессорлар корпустары, оталу сымдарының коллекторлары – бөлшектерді жинақтау;
9) шығырлар, сыртқы аспалардың бөрене ұстағыштары, арнаулы плиталар, санитарлық жабдықтар – жинақтау;
10) ұшу аппараттарының аэронавигациялы және моторлы жабдықтары – жөндеуге жинақтау.
Параграф 2. Авиациялық техниканы жинақтаушы, 3-разряд
146. Жұмыс сипаттамасы:
агрегаттарды, аспаптарды, әуе жарақтандыру жүйелерін, әуе қозғалтқыш жүйелерін, ұшу аппараттарды, күрделілігі орташа аспапты, электрлік, радио электрлік және арнаулы электрлік жабдықтарды құрастыру және монтаждау үшін жинақтау;
авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі аз еңбекті регламентті жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерге өтінімдер бойынша агрегаттар мен бөлшектерді жинақтау және қамтамасыз ету;
цехтардан бөлшектерді бюллетендер бойынша және тиісті жиынтық-талон тізбесіне сәйкес қабылдау;
қоймадан бөлшектер мен жөндеу-техникалық жиынтықтарды алу;
цехтардан қабылданған және қоймадан алынған бөлшектерді жинақтау технологиясында көзделген талаптарға сәйкес монтаждауға беру;
8-10 квалитет шегінде бөлшектерді өлшеу, бөлшектердің қондырмалар бойынша тұтасқанын тексеру;
бөлшектің лак-бояу және коррозияға қарсы жағындыларының жағдайын айқындау;
аспаптық, электрлік, радио электрлік, арнаулы жабдықтар мен жарақтандыру жүйесін жинақтаған кезде күрделілігі орташа монтажды, жартылай монтажды және принципті тәсімдерді пайдалану;
техникалық және технологиялық құжаттаманы рәсімдеу.
147. Білуге тиіс:
жинақталатын бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың номенклатурасы және конструкциясы, жинақталатын бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды жасау және жөндеу технологиясы туралы негізгі мәлімет;
жұмыс орындарын қажетті жабдықтар мен құрылғылармен қамтамасыз ету бөлігінде регламенттері әне техникалық қызмет көрсетудің технологиясы;
негізгі тораптар мен агрегаттардың міндеті мен өзара іс-қимылы;
негізгі авиациялық материалдар және олардың механикалық қасиеттері;
металлдардың коррозиясының түрлері және одан қорғау әдістері;
жасалғаннан немесе жөндеуден кейін жинақтауға келіп түсетін бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың жарамдылығын айқындауға қойылатын техникалық шарттар;
бөлшектердің сапасын бақылау, оларды қалпына келтіру әдістері;
құрастыру, монтаждау және жөндеу үшін авиациялық техниканы жинақтау тәртібі;
бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың шығыс нормалары;
радио элементтерді маркалау.
148. Жұмыс үлгілері:
1) аса жеңіл және жеңіл ұшу аппараттар – құрастырудың технологиялық процесіне сәйкес жиынтықтарды берудің жүйелілігін қамтамасыз етіп, құрастыру үшін жинақтау;
2) күрделілігі орташа бөлшектер мен агрегаттар – жарамдылығын көріп бақылау;
3) радио электрлік жабдықтардың бөлшектері, блоктары, агрегаттары – стеллаждар және сақтау орындары бойынша орналастыру;
4) отын мөлшерлеуіштері – жинақтау;
5) май бактары – жинақтау;
6) ДЦН типті қосымша ортадан тепкіш сорғылар – жинақтау;
7) отын таратып-бөлгіштер – жинақтау;
8) сыртқы жарманы реттеуші – жинақтау;
9) арнаулы аспалар, арнаулы фермалар, арнаулы блоктар, басқару пульттары, лафеттер, шүберін қалпақшалар – жинақтау;
10) отын-май агрегаттары, реттеуіштер – жинақтау;
11) отын өлшегіштер, бензин өлшегіштер, май өлшегіштер, оттекті жабдықтар – монтаждау және құрастыру үшін жинақтау;
12) ұшатые аппараттардың күрделілігі орташа тораптары мен агрегаттары – жинақтау және жұмыс орындары мен оперативтік учаскелерге жеткізу, дюрит шлангтарды, түзеткіш қамыттарды дайындап, бұрандаларды, болттар мен гайкаларды өткізіп, ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсету;
13) электр станциялардың сөйлестіретін, байланыстыратын құрылғылары – монтаждау үшін жинақтау.
Параграф 3. Авиациялық техниканы жинақтаушы, 4-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:
жалғанатын бөлшектерді, тораптарды өлшеп және ұсақ ақауларды жойып ұшу аппараттарының күрделі тораптары мен агрегаттарын және олардың жүйелерін құрыстыру үшін дәл бақылау-өлшеу құралын қолдана отырып, жинақтаушы және ақау анықтағыш ведомостар бойынша жинақтау;
белгіленген мерзімде ұшу аппараттарда техникалық қызмет көрсетуде көп еңбекті регламенттерді орындау кезінде жұмыс орындарын бөлшектермен, агрегаттармен, жабдықтармен және құрылғылармен қамтамасыз ету;
құрамында бағалы металл бар ұшу аппараттарының бөлшектерін құрастыру және монтаждау үшін жинақтау;
жөндеу қорының цехынан ұшу аппараттарының жинақтаушы тораптарын қабылдау;
аралас цехтарға ұшу аппараттарының тораптары мен агрегаттарын жөндеу үшін жөнелту;
ұшу аппараттарының күрделі агрегаттарын консервілеу; 6-7 квалитет бойынша ұшу аппараттарының жалғанатын бөлшектерін бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен өлшеу және бақылау.
150. Білуге тиіс:
ұшу аппараттарының жинақталатын жүйесінің конструкциясы;
авиа қозғалтқыштар, ұшу аппараттар, аспаптық, электрлік, радио электрлік жабдықтар және авиа жарақтандыру жүйелері бөлшектерінің, тораптары мен агрегаттарының технологиялық маршруттары;
ұшу аппараттарды техникалық пайдалануды ұйымдастыру ережесі;
техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын арнаулы аэродромды жабдықтар мен механикаландыру құралдарының конструкциясы, міндеті және күтім жасау әрі сақтау тәртібі;
бағалы металдарға есеп жүргізу нұсқаулығы;
авиациялық материалдардың, отындардың, майлардың, жақпалардың механикалық, физикалық және химиялық қасиеті және олардың шығыс нормалары;
металдар мен қорытпаларды термоөңдеу түрлері;
ұшу аппараттар бөлшектерінің бетін таза өңдеу кластары;
лак-бояу жағындыларына қойылатын талаптар;
бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының, көтергіш-көлік құралдарының конструкциясы.
151. Жұмыс үлгілері:
1) автопилоттар, бағыттағыш жүйелер, навигациялық индикаторлар – жөндеу және монтаждау үшін жинақтау;
2) реттығын булары бар агрегаттар – аспаптық тексерумен жинақтау;
3) радио электрлік жабдықтардың агрегаттары – жинақтаушы ведомостар мен айрықшалықтар бойынша жөндеу және құрастыру үшін жинақтау;
4) ұшу аппараттар – еңбек сыйымдылығы регламенттері бойынша техникалық қызмет көрсету үшін агрегаттарды, аспаптар мен олардың қосалқы бөліктерін жинақтау;
5) авиа қозғалтқыштардың бөлшектері – істелген сағаттар және қондырғылар бойынша іріктеу;
6) локатор бұйымдары – монтаждау үшін жинақтау;
7) контакторлар қораптары, электромагниттер – аралас цехтарға қабылдау және жөнелту;
8) плунжерлі, орталықтан тепкіш, жоғары айналмалы сорғылар – жинақтау;
9) компрессорлардың, турбиналардың, турбостартерлердің роторлары – жинақтау;
10) капсула термодатчиктері - жинақтау.
Параграф 4. Авиациялық техниканы жинақтаушы, 5-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:
паспорттарға, формулярларға, шақтамаларға, жөндеу өлшемдеріне және механикалық қасиеттеріне сәйкес күрделі аспаптарды, қосалқы бөліктерді және авиациялық материалдары жинақтау, таңдау және тексеру;
ұшу аппараттарға техникалық қызмет көрсетудің регламенттеріне сәйкес жұмыс орындарын агегаттармен, тораптармен, бөлшектермен, материалдармен, жабдықтармен және құралдармен оңтайлы қамтамасыз ету;
ұшу аппараттар бөлшектерінің топтық жиынтықтарын алу және бөлшектеу;
жөндеу істерін жинақтау және рәсімдеу;
аэродром жабдықтарын, аэродром құрылғыларын, аспаптарын механикаландыру құралдарын тексеру;
ұшу аппараттарының авиа қозғалтқыштарын, радио электрондық және арнаулы жабдықтарын жөндеуге рәсімдеу және жөнелту;
материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету.
152. Білуге тиіс:
жұмыс орындарын қажетті жабдықтармен және құрылғылармен қамтамасыз ету бөлігінде ұшу аппараттарының конструкциясы, техникалық қызмет көрсетудің регламенті және технологиясы, оларға орнатылған қозғалтқыштар, агрегаттар және жарақтар;
ұшу аппараттарға, оларға орнатылған қозғалтқыштарға, агрегаттар мен жарақтарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі құжаттар;
авиациялық техниканың бұйымдарын сертификаттаудың ережесі және процедурасы;
аэродром жабдықтарының, ұшу аппараттар мен оның қозғалтқыштардың құрылғысы мен құралдарының қызмет принципі;
авиациялық агрегаттар мен аспаптарға паспорттар мен формулярларды толтыру ережесі;
жұмыс орындарын бар қажеттіліктермен қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;
қызмет көрсетудегі ұшу аппараттарының тұрып қалу нормалары;
материалдық құндылықтарды алуға өтінімдер жасау және ұсыну, материалдық құндылықтарды қабылдау - тапсыруды рәсімдеу тәртібі.
154. Жұмыс үлгілері:
1) авиа қозғалтқыштар – жөндеуге рәсімдеу және жөнелту;
2) отынды мөлшерлеу автоматтары - жинақтау;
3) алдыңғы және ортаңғы компрессорлар, реактивті қозғалтқыштың таяныштары – тораптармен және бөлшектермен құрастыруға жинақтау;
4) техникалық құрамның жұмыс орындары – Бірнеше типті ауыр ұшу аппараттарға техникалық қызмет көрсету бойынша материалдық - техникамен қамтамасыз ету;
5) реттегіш сорғылар және датчик сорғылар – жинақтау;
6) ұшу аппараттар қозғалтқыштарының, агрегаттарының, тораптар мен жүйелерінің аспаптық жабдықтары мен қосалқы бөліктері – паспорттарға, жөндеу мөлшерлеріне, шақтамаларға сәйкес іріктеу және тексеру;
7) реттегіштер – жинақтау;
8) аэродром жабдықтарын механикаландыру құралдары – дұрыстығын тексеру және қосалқы тораптармен және бөлшектермен жинақтау.
Параграф 5. Авиациялық техниканы жинақтаушы, 6-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:
техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде бірінші сериядағы ұшу аппараттарының күрделі кешендерін, жүйелерін, агрегаттарын жинақтау;
ұшу аппараттар жабдықтарын жинақты жеткізілуін және оның сапасын бақылау;
тұтас авиациялық бұйымдарға арналған техникалық құжаттаманың жиынтықтарын қамтамасыз ету;
компьютерлік техниканы пайдалана отырып, құрамында бағалы металл бар қосалқы бөлшектер мен агрегаттарды шығындауға есеп жүргізу және бақылау.
156. Білуге тиіс:
ұшу аппараттарының типтері мен сериялары бойынша технологиялық құрастырудың, монтаждаудың және техникалық қызмет көрсетудің ерекшеліктері;
әр түрлі ұшу аппараттарға арналған шығындалатын қосалқы бөлшектердің, материалдардың және қосалқы жабдықтарының номенклатураға сандық ара қатынасы;
бағалы металдар мен жарақтану жүйесіне есеп жүргізу және сақтау ерекшеліктері;
есеп жүргізу және техникалық құжаттамаларын толтыру ережесі;
сертификатталатын бұйымдарға қойылатын талаптар;
есептеуіш техникаға және автоматтандырылған құрылғыларға қызмет көрсету ережесі.
157. Жұмыс үлгілері:
1) бірінші сериялардағы авиа қозғалтқыштар – отын автоматикасының жинақтаушы агрегаттары;
2) есептеіуш, бортты машиналар – жинақтау;
3) ұшу аппараттарының жарақтау жүйесі – жинақтау;
4) навигациялы жүйелер – жаңа аспаптармен жинақтау.
10. Құрастыру - монтаждау және жөндеу жұмыстарын бақылаушы
Параграф 1. Құрастыру - монтаждау және жөндеу жұмыстарын бақылаушы, 2-разряд
158. Жұмыс сипаттамасы:
бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптар мен құрылғыларын қолдана отырып, 13-14 квалитеттегі қарапайым авиациялық бөлшектер мен тораптарды сызбалар мен тәсімдер бойынша құрастыру, монтаждау және жөндеу операцияларынан кейін бақылау және қабылдау;
қабылданған және жарамсыздандырылған өнімдерге құжаттарды рәсімдеу;
құрастыруға берілетін бөлшектер мен материалдардың сапасын және техникалық шарттарға сәйкестігін айқындау.
159. Білуге тиіс:
құрастыру, монтаждау және жөндеу жұмыстарының негізгі технологиясы;
тойтарма тіктердің және пісіріп жалғану түрлері;
қарапайым авиациялық бөлшектер мен тораптарды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар;
авиациялық тораптар мен бөлшектер ақауларының негізгі түрлері мен себептері және оларды жою тәсілдері;
қабылданатын авиациялық бөлшектер мен тораптардың сапасын бақылау кезінде бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен құрылғыларын пайдалану ережесі;
қолданылатын сымдардың маркалары;
электрлік ток заңдары туралы қарапайым мәліметтерді;
шақтамалар мен қондырғылар және авиациялық бөлшектердің өзара алмастырылуы, бетті өңдеудің параметрлері туралы негізгі мәліметтер;
бөлшектеу және қарапайым құрастыру сызбалары, брак сыныптамасы.
160. Жұмыс үлгілері:
1) қарапайым конфигурациялы бөлшектер мен тораптар, ұстағыштар, кронштейндер, қақпақшалар, ернеушелер, айналдыру орағыштар, жиектегіштер, келтеқұбырлар, профильдер, стрингерлер, фланецтер және тағы басқа – жасалғаннан, жөндеуден немесе құрастырудан кейін қабылдау;
2) дроссельдер - тексеру;
3) қайтарымдары бар бұраулар – бұрауды айырудың тәсімге сәйкестігін бақылау; ұштамаларды дәнекерлеудің, оқшаулау және бандаждаудың сапасын бақылау;
4) пилотажды-навигациялы аспаптар – стендке тиеу және жалғау жүйесінің герметикалығын тексеру;
5) тік құбырлар – жылуоқшаулауды бақылау;
6) авиациялық аспаптардың тораптары – арнаулы қондырғыларда тексеру;
7) күрделі емес тексеру аппараттарының тораптары – принципті тәсім бойынша монтаждаудың дұрыстығын бақылау;
8) шпангоуттар – тесіктердің диаметрлерін бақылау.
Параграф 2. Құрастыру - монтаждау және жөндеу жұмыстарын бақылаушы, 3-разряд
161. Жұмыс сипаттамасы:
сызбалар, тәсімдер және техникалық шарттар бойынша құрастыру, монтаждау және жалғау операцияларынан кейін ұшу аппараттарының, авиа қозғалтқыштар мен авиациялық аспаптардың 12-13 квалитетті күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды көзбен бақылау және өлшеу әрі сынау жолдары;
ұшу аппараттарының едәуір өлшемі бар штампылау, қысымдау, тойтармалау, пісіру жолдарымен табақты материалдардан жасалған күрделі емес бөлшектері мен тораптарын қабылдау және бақылау;
күрделі емес электр, радио және аспаптық жабдықтарды және авиациялық агрегаттарды бөлшектеу және демонтаждау, монтаждау, құрастыру және жөндеу жұмыстарын бақылау және қабылдау;
әр түрлі температура кезінде динамикалық жүктемемен, қысыммен жұмыс істейтін тораптарға, аспаптарға бақылау-қабылдау сынақтарын жүргізуге, сондай-ақ арнаулы стендтер мен бақылау аппараттарында оларды герметикалығына сынауға қатысу;
қабылдау кезінде авиациялық бөлшектердің, тораптардың, агрегаттар мен жабдықтардың параметрлерін әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдары мен құрылғыларының көмегімен өлшеу және бақылау;
қызмет көрсетілетін учаскеде анықталған бракты сыныптау, оның пайда болу себептерін белгілеу, оны жоюға және өнім сапасын арттыруға шаралар қабылдау;
бақылау-қабылдау құжаттамаларды рәсімдеу.
162. Білуге тиіс:
өндірістік жабдықтардың құрылғысы мен міндеті; қызмет көрсетілетін учаскелерде жүргізілетін құрастыру, монтаждау және жөндеу жұмыстарының технологиялық процессі;
авиациялық бөлшектерді механикалық және слесарлық өңдеу шарттары;
өңдеу параметрлері туралы негізгі мәліметтер;
ұшу аппараттарының, авиа қозғалтқыштарының, авиациялық аспаптар мен қарапайым электр радио жабдықтарының тораптарын, агрегаттары мен элементтерін жалғау, кешенді құрастыру және монтаждау тәсілдері;
қабылданатын тораптар мен агрегаттардың жұмыс істеу принциптері;
техникалық бақылаудың барлық әдістері мен тәсілдері (тексеру, өлшеу, сынау), авиациялық бұйымдардың бетін оптикалық аспаптармен тексеру; күрделілігі орташа авиациялық тораптарды қабылдауға қойылатын техникалық талаптар;
тойтарылған, дәнекерленген және пісірілген жалғаулардың түрлері және олардың беріктігінің параметрлері;
брактардың түрлеу және оны алдын алу тәсілдері;
авиациялық бұйымдарды бақылау, қабылдау және брактау алу нәтижелерін тіркеу ережесі;
авиациялық бұйымдарға технологиялық құжаттаманы және оны қолданудың ережесі;
әмбебап және арнаулы бақылау-өлшеу құралдарының, құрылғылары мен аспаптарының құрылғысы және қолдану тәслдері;
металдар мен қорытпалардың негізгі физикалық қасиеті.
163. Жұмыс үлгілері:
1) қарапайым конструкциялы агрегаттар мен тораптар – теңгерілімді бақылау;
2) күрделілігі орташа сынау аппаратуралары – техникалық шарттар және принципті тәсімдер бойынша тексеру;
3) потенциометриялық датчиктер – стендке жүктеме және монтаждың дұрыстығын тексеру;
4) корпустар, қақпақшалар – гидро сынауды бақылау;
5) айналдыра орағыштар, зализалар, тұмсық жабатын ленталар – орнатуды бақылау;
6) шынылау – шыныларды электрмен қыздыруды реттегішті бақылау;
7) пилотажды-навигациялы аспаптар – статикалық және динамикалық жүйелердің герметикалығын тексеру;
8) әр түрлі берілістердің түрлері (тісті, тізбекті және тағы басқа) –бақылау және қабылдау;
9) авиа қозғалтқыштардың мойынтіректері – құрастыруды бақылау, тербелісті және сырғақты тексеру, қабылдау;
10) потенциометрлер, ДИД ДГ типті аспаптар, сельсиндер, қуатты трансформаторлар, бір каскадты күшейткіштер – электрлік сипаттаманы түсіре отырып тексеру;
11) қабылдағыштар, сөйлесу құрылғылары – монтажды бақылау;
12) рөлдер, жапқыштар – ауытқулардың бұрыштарын өлшеу;
13) рычагтар – күшейткіштерді өлшеу және олардың қозғалысының бір қалыптылығын айқындау;
14) қырлар, қаттылық элементтері, артқы таяныштың күшейткіш сақиналары турбобұрандалы және реактивті қозғалтқыштар турбиналарының картерлері – бақылау және қабылдау;
15) тойтару, пісіру, дәнекерлеу, престеу көмегімен жүзеге асырылатын ұшу аппараттар мен авиа қозғалтқыштар тораптарының, агрегаттары мен жекелеген элементтерінің ажырамайтын жалғамалары – бақылау және қабылдау;
16) болттардың, бұрандалардың, шпилькалардың, шпонкалардың, штифттердің және тағы басқа көмегімен жүзеге асырылатын ұшу аппараттар мен қозғалтқыштар тораптарының, агрегаттары мен жекелеген элементтерінің ажырағыш жалғамалары– бақылау және қабылдау;
17) барлық жүйедегі ұшу аппараттарының құбырлары – қондырманы бақылау;
18) отын бактары – контейнер қаптамаларын желімдеуді бақылау, ұшу аппараттарға орнатуды бақылау;
19) термобулар, толық қысым қабылдағыштары, анероидті-мембраналы аспаптар, аспапты тақталар – монтажды бақылау;
20) ұшу аппараттар мен авиа қозғалтқыштардың күрделілігі орташа тораптары (бөренелер, каркастар, тіреуіштер, тербелмелер, басқару пульттері және тартымдары, кронштейндер, лонжерондар, фюзеляж отсектері, панельдер, мотор асты рамалар, бөліп-таратқыш крандар, шпангоуттар және тағы басқа) – жөндеу, құрастыру және пісіру жұмыстарын бақылау;
21) электр механизмдер, электр қозғалтқыштар, түрлендіргіштер және аккумуляторлық контейнерлер – монтажды бақылау.
Параграф 3. Құрастыру - монтаждау және жөндеу жұмыстарын бақылаушы, 4-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын, құралды, құрылғылар мен сынақ қондырғыларын қолдана отырып, ұшу аппараттары мен авиа қозғалтқыштардың күрделі бөлшектерін, тораптарын, агрегаттар мен жекелеген элементтерді; өлшемі үлкен пісірілген және тойтарылған конструкциялы табақты материалдардан жасалған ұшу аппараттары мен авиа қозғалтқыштардың торыптарын 8-11 квалитеттер бойынша жалпы құрастыру сызбасы, тәсімі және техникалық шарттар бойынша бақылау және қабылдау;
айналмалы, қайтарғыш-түсіргіш қозғалыстары бар авиациялық бөлшектер мен тораптарды тексеру;
күрделілігі орташа ұшу аппараттар мен авиа қозғалтқыштардың монтажды, құрастыру және жөндеу жұмыстарын бақылау және қабылдау;
тұрмыстық жабдықтардың электрлік жүйелерін, радио кабельдер мен радио аппаратураларды монтаждаудың, байланыс және навигациялы жабдықтарды монтаждаудың тораптардың жанасатын бөлшектерінің өзара орналасуының және авиациялық бұйымдардың бетіне жабысудың дұрыстығын тексеру;
авиациялық агрегаттардың жапсарлары мен жалғамаларының герметикалығын бақылау;
авиациялық агрегаттар бөлшектерінің саңылауларын қуыс бұрғылармен немесе арнаулы бақылау құрылғыларымен, стендті және температуралы сынақтардан кейін күрделі авиациялық аспаптардың тораптары мен агрегат бұйымдарын монтаждауды тексеру;
қабылдау-тапсыру құжаттамаларын рәсімдеу.
165. Білуге тиіс:
ұшу аппараттар мен авиа қозғалтқыштардың қабылданатын бөлшектерінің, тораптарының, агрегаттары мен жекелеген элементтерінің құрылғысы, конструкциясы және жұмыс істеу принципі;
бақыланатын авиациялық тораптар мен агрегаттарды құрастырудың, монтаждау мен жөндеудің технологиялық процессі;
авиациялық объектілерді конструктивті-технологиялық өңдеудің плазды-эталонды әдістері;
күрделі және дәл авиациялық бөлшектерді, тораптарды, агрегаттар мен аспаптарды бақылау және қабылдау тәсілдері;
бақыланатын авиациялық өнімдерді жасауға, құрастыруға, монтаждауға, жөндеуге және қабылдауға қойылатын техникалық шарттар;
әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптарын және құрылғылар мен сынақ қондырғыларының ұқсатқыштарын техникалық пайдалану және теңшеу ережесі;
айналмалы, қайтарғыш-түсіргіш қозғалыстары бар авиациялық бөлшектер мен тораптарды тексеру ережесі;
электр, радио және аспапты жабдықтардың конструкциясы, қызмет принципі, тексеру ережесі және монтаждау технологиясы;
электр, радиотехникада қолданылатын материалдар мен бөлшектер;
ұшу аппараттарының жүйелік жинақтығы және конструкциясы;
электр радиотехникада қолданылатын металдардың, қорытпалар мен металды емес материалдардың түрлері мен міндеті;
шақтамалар мен қондырмалардың жүйесі;
авиациялық бұйымдардың бетін өңдеудің параметрлері туралы негізгі мәліметтер;
құрастыру ақаулары (параллельдік емес, қиғаштық, эксцентриситеттер, осьтердің араласуы және тағы басқа);
авиациялық бөлшектерге, тораптар мен агрегаттарға сынақ жүргізудің қабылдау актілері мен хаттамаларын жасау ережесі. .
166. Жұмыс үлгілері:
1) планер агрегаттары – жапсарлар мен жалғамаларды, жалғамалардың герметикалығын бақылау;
2) күрделі конструкциялы тексеру аппаратуралары – техникалық шарттар мен принципті тәсімдер бойынша тексеру;
3) бактар – клапандарды құрастырғаннан және құбырларды жалғастырғаннан кейін бақылау және қабылдау;
4) гидроскопиялық тораптар – тексеру және қабылдау; жөндеу, құрастыру және сынақ сапасын бақылау;
5) сызықты жылдамдық датчиктері – тексеру және қабылдау;
6) потенциометриялық датчиктер – статикалық және динамикалық жүйелердің герметикалығын тексеру;
7) қозғалтқыштар – тораптар мен клапандарды құрастырғаннан кейін қабылдау; жалпы құрастырудан кейін сынақты бақылау;
8) әр түрлі корпустар – құрастырудан және пісіруден кейін қабылдау;
9) жану камерасының бүркеніштері, турбобұрандалы және реактивті қозғалтқыштардың тірек конустары – бақылау және қабылдау;
10) турбиналар мен компрессорлардың қалақтары – қырқұралды дірілге тексеру;
11) турбобұрандалы және реактивті қозғалтқыштардың кері клапандары – тексеруден кейін тексеру;
12) пилотажды-навигациялы аспаптар - +20°, +50°, -45° температура кезінде аспаптық қателіктерді тексеру; гистерезисті айқындау и алғашқы материалды өңдеу;
13) авиациялық пневматикалық аспаптар – тексеру және қабылдау;
14) құбырлар – жасау және жөндеуден кейін тексеру;
15) отынды, биіктік және гидравликалық жүйелер – агрегаттарды орнатуды тексеру;
16) турбиналар, қозғалтқыштардың шүмекті аппараттары – жөндеу, құрастыру сапасын бақылау; өтпелі қиманы өлшеу және есептеу;
17) күрделі конструкциялы ұшу аппараттар мен қозғалтқыштарының тораптары – құрастыру және қабылдаудан кейін бақылау;
18) екі, үш каскадты күшейткіштер – тексеру және қабылдау;
19) электрлік аспаптар – сымдарды оқшаулауды және металдау орындарының өтпелі кедергілерін өлшеу.
Параграф 4. Құрастыру - монтаждау және жөндеу жұмыстарын бақылаушы, 5-разряд
167. Жұмыс сипаттамасы:
ұшу аппараттар мен авиа қозғалтқыштардың тораптары мен агрегаттарын, ұшу аппараттарының аспапты әрі электр жабдықтарының, жетілдіру жұмыстарының электрлік жүйелерінің жиынтықтарын 7-10 квалитеттер бойынша жөндеуден және толық құрастырғаннан кейін бақылау және қабылдау;
авиациялық бөлшектердің күрделі жалғамалары мен монтаждарының қол жетпейтін және қиын бақылауға қиын жерлерінде жүргізілетін құрастыру жұмыстарын бақылау және қабылдау;
авиациялық агрегаттардың герметикалығын және авиациялық бұйымдардың коммуникациялығын бақылау;
тегістегіштің, теодолиттің және лазерлік құрылғылардың көмегімен көлденең және тік жатқан авиациялық бұйымдардың тік сызықты осьін тексеру;
ұшу аппараттар жекелеген агрегаттарының, тораптары мен жүйелерінің техникалық шарттарда көрсетілген дәлдікпен тегістелуін, статикалық теңгерімді және орта қуатты авиа қозғалтқыштарды электр пневматикалық сынау нәтижелерін бақылау;
органикалық шыныдан, пластмассадан, композициялық материалдар мен резинадан жасалған күрделі бұйымдарға техникалық бақылау жүргізу;
арнаулы стендтерде авиациялық объектілердің техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру;
авиациялық бұйымдарға техникалық шарттарда көрсетілген сынақты жүргізу үшін құрастыру тәсімін бақылау.
168. Білуге тиіс:
күрделі және ірі габаритті авиациялық тораптар мен агрегаттардың, авиа қозғалтқыштардың конструкциясы, міндеті, құрастыру мен монтаждаудың технологиялық процессі;
авиациялық агрегаттарды құрастыру кезіндегі операциялар мен аралықтардың жүйелілігі;
құрастырылған авиациялық агрегаттарға қойылатын техникалық талаптар;
қабылданатын ірі габаритті авиациялық тораптар мен агрегаттарды, авиа қозғалтқыштарды бақылау әдісі, сынау ережесі, тәсілдері және тәртібі;
органикалық шыныдан, пластмассадан, композициялық материалдар мен резинадан жасалған күрделі авиациялық бұйымдарды; авиациялық агрегаттар мен бұйымдардың ауырлық ортасын айқындау кезінде геометриялық параметрлерді (герметикалау және дайын авиациялық агрегаттарды герметикалығына және авиациялық бұйымдардың коммуникациялығына сынау процестерін) бақылау әдістері;
авиациялық тораптар мен агрегаттарды реттеуге, сынауға және статикалық теңгеруге қойылатын техникалық шарттар;
авиациялық бұйымдар тегістеу және оларды берілген параметрлер бойынша реттеу, бақылау-өлшеу аппаратураларды, аспаптар мен арнаулы сынақ қондырғыларын баптау және теңшеу тәсілдері;
қолданылатын жабдықтардың (стендтер, стапельдер) әр түрлі типтерінің конструкциялық және пайдалану ерекшеліктері;
негізгі параметрлердің шамасы және ұшу аппараттарының электрлік жүйелерін ток бойынша тексеру және жетілдіру әдістемесі;
авиациялық бөлшектерді өңдеудің параметрлері туралы негізгі мәліметтер;
электр және радио техника негіздері;
жартылай өткізгіштердің ж»не жартылай өткізгіштердің түрлері мен міндеті.
169. Жұмыс үлгілері:
1) авиа қозғалтқыштар – турбосорғы агрегаттары бар камераларды құрастыруды; рамалармен бекітуді; тегістеуді, статикалық теңгерімді және электр пневматикалық сынақтардың нәтижесін бақылау;
2) гироскопиялық агрегаттар, басқару агрегаттары, күшейткіштің барлық түрлері – арнаулы жабдықтарда тексеру және қабылдау;
3) авиа қозғалтқыштардың агрегаттары мен тораптары (шүмекті аппараты бар газ құрастырушы, компрессор мен турбина роторлары, компрессор доңғалағы бар жинағыш тораптары, турбинаның артқы тіреулері, конустық бөрене және тағы басқа) – құрастыруды және монтаждауды бақылау;
4) ұшу аппараттарының агрегаттары мен тораптары (қанат, тіреу, центроплан, фюзеляж және тағы басқа) – монтаждау мен өңдеудің түрлі тәсілдері кезінде бақылау және қабылдау;
5) ұшу аппараттарының агрегаттары және электронды күрделі, бортты есептеуіш электр механизмдері, бағдарламалық механизмдері – жөндеу, құрастыру сапсын және сынақ нәтижелерін бақылау
6) ұшу аппараттар – геометриялық параметрлерді, тегістеуді, теңгерімді және аурлық ортасының эксцентриситетін айқындауды бақылау;
7) блоктар – осциллографты пленкаға жазып және пленканы ашып жазып, байланыстырудың сенімділігін тексеру;
8) газогенераторлар, регуляторлар – құрастыру сапасын және сынақ нәтижелерін бақылау;
9) потенциометриялық датчиктер - 60°С температурада көрсеткіштердің қателіктерін айқындау, сызықтық емес сипаттаманы айқындау, сызықты жылдамдыққа әсері және дірілге тұрақтылықты тексеру;
10) жапқыштар – жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
11) ұшу аппараттарының (гидравликалық, оттекті, пневматикалық, отынды және т;б;) коммуникациялығы – герметикалығын бақылау;
12) күрделі конструкциялы электр гидравликалық және электр механикалық рульді машиналар – тексеру және қабылдау;
13) турбина сорғылары – роторлары мен қанатшалары бар құрастыруларды бақылау;
14) қырықтықтар – қондырғының дәлдігін тексеру;
15) гидро- және пневможүйелердің жабдықтары – қысым бойынша монтаждауды бақылау;
16) мойынтіректер, реттығындар, төлкелер – ысқылау жұмыстарының сапасын қабылдау;
17) өртке қарсы жүйелер – автоматика мен атқыштарды бақылау;
18) авиа қозғалтқыш автоматикаларының тораптары – таңдау, булау және «пневморотометр» аспаптарында реттығын буларын тексеру;
19) авиа қозғалтқыштарды форсункалары – құрастырудан кейін бақылау және арнаулы стендте гидравликалық параметрлер бойынша баптау; еліктегіш ортада (ыстықтай сынау) бақылау;
20) шасси – монтажды бақылау;
21) электр және радиоаппаратура – ток бойынша монтаждауды және реттеуді бақылау;
22) электрсыйымдылықты отын өлшегіштер, тахометрлер, оттекті аспаптар, түзеткішті қосқыштар, бұрылысты көрсеткіштер және тағы басқа – техникалық шарттар бойынша бөлшектеуді, жөндеуді, құрастыруды, реттеуді және сынауды бақылау.
Параграф 5. Құрастыру - монтаждау және жөндеу жұмыстарын бақылаушы, 6-разряд
170. Жұмыс сипаттамасы:
жеңіл типтік толық құрастырылған және жөнделген ұшу аппараттарды, бір контурлы орташа қуатты және күрделі жиынтықты авиа қозғалтқыштарды және аспапты жабдықтардың жүйелерін бақылау және қабылдау, оларды реттеуді және толықтай жетілдіруді бақылау;
авиациялық бұйымдардың ауырлық ортасын оны түзетудің бойлық осьіне қатысты айқындау;
авиациялық бұйымға орнатылған автоматика агрегаттарын құрастыруды және сынақ нәтижелерін бақылау, сынақ нәтижелерін техникалық шарттармен салыстыру;
теңгерім машиналарын теңшелуін алдын ала тексере отырып, күрделі авиациялық тораптар мен агрегаттардың динамикалық теңгерімін бақылау;
сынақ алдында жоғары қысымды стендтерді тексеру;
құрастырудан кейін күрделі авиациялық агрегаттарды бақылау және қабылдау;
жері үсті және ұшу сынақтары жағдайында берілген параметрлер бойынша авиациялық бұйымдарды құрастырды, тегістеуді, электр пневматикалық сынауды қабылдау.
171. Білуге тиіс:
ұшу аппараттарды, авиа қозғалтқыштарды және аспапты жабдықтардың жиынтықтарын жасау бойынша құрастыру - монтаждау, жөндеу және бақылау – сынау жұмыстарының негізгі түрлері және технологиясы;
толық құрастыруға, монтаждауға және дайын авиациялық бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар;
тұтастай авиациялық бұйымның конструкциясы мен қызмет принциптері;
техникалық шарттармен көзделген бақылау сынақтарын жүргізу әдістемесі;
техникалық сипаттаманы түсіру әдістемесі;
авиациялық бұйымдарды бақылау және сынау кезінде қолданылатын арнаулы және әмбебап аспаптардың, құрылғылардың, құралдардың және жабдықтардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі, баптау, теңшеу және қолдану ережесі;
бақылау стендтерінің құрылғысы, оларды басқару және реттеу ережелері;
түрлі технологиялық жарақтандырудың конструкциясы мен қолдану тәсілдері;
кооперациялар бойынша алынатын және авиациялық бұйымдарды құрастыруға кіретін аппаратуралар мен тораптарға қойылатын техникалық талаптар;
авиациялық бөлшектердің жазықтығын дәл тексеру үшін бақылаудың интерференциялы әдістері;
авиациялық бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың ақауына қорытынды шығару тәртібі;
сертификатталған өнімдер туралы негізгі мәліметтер;
аэродинамика, механика, электротехника, радиотехника, оптика, гидравлика, пневматика негіздері.
172. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
173. Жұмыс үлгілері:
1) орташа қуатты және поршеньді авиациялық газтурбиналық қозғалтқыштар – толық құрастыру мен реттеуді бақылау, сынауға жіберу алдында толық қарау;
2) авиа қозғалтқыштардың агрегаттары мен тораптары (турбо компрессорлардың роторлары, компрессорлар доңғалағы бар жинақтаушы тораптар, командалық-отын агрегаттары, турбина картерлері және т;б;) – динамикалық теңгерімді бақылау;
3) жеңіл типтегі ұшу аппараттар – толық құрастыруды бақылау, сынауға жіберер алдында тексеру;
4) жеңіл типтегі ұшу аппараттарының навигациялы индикаторлары, автопилоттары, астрономиялық компастары, бағыттағыш жүйелері, гиро-жартылай компастары – жөндеудің, құрастырудың және реттеудің технологиялық процесін бақылау, техникалық шарттарға сәйкес монтаждауды, жетілдіруді және сынауды бақылау;
5) катапульт типті құтқарушы техниканың аспаптары – тексеру және қабылдау;
6) отын жүйелері – автоматиканың жұмысын бақылау;
7) көп өлшемдері, жанасулары мен жазықтары бар пісіру және тойтару конструкциясының тораптары - бақылау;
8) шасси (авариялықты қоса) – уақыт аралығы техникалық шарттармен белгіленген құрастыру мен шығарымды бақылау;
9) электр агрегаттар, күрделі түрлендіргіштер – реттеуді және сынауды бақылау.
Параграф 6. Құрастыру - монтаждау және жөндеу жұмыстарын бақылаушы, 7-разряд
174. Жұмыс сипаттамасы:
сынақ нәтижелерін бақылау және сериялық өндіріс жағдайында үлкен тартымды немесе қуатты поршеньді қозғалтқыштарды және қуаттылығы орташа газтурбиналы қозғалтқыштарды қабылдау, барлық жүйедегі үлкен тартымды немесе қуатты поршеньді қозғалтқыштарды және қуаттылығы орташа газтурбиналы қозғалтқыштарды реттеу;
стендті жабдықтар мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсетудің және техникалық пайдаланудың регламенттерін бақылау;
агрегаттардың конустық тістегершік жетектерін, авиа қозғалтқыштардың редукторларын бақылау, реттегіш элементтерді таңдау;
авиациялық техника жөндеулерін орындауды, бұйымдарды сертификаттау дұрыстығын, монтаждау кейін ұшу аппараттарының жүйелерін жетілдіруді, радиолокациялық жабдықтарды және тану жүйелерін, радио станцияларды, каналдарды теңшеуді бақылау;
бортты есептеуіш машиналардың блоктарын және радиотехникалық кешендерді монтаждауды бақылау;
теодолит және лазерлік жүйе көмегімен авиациялық бұйымның оське қатысты киль симметриясын, арнаулы мақсаттағы радио жабдықтарды монтаждауды және реттеуді, ұшу зертханаларды, ретрансляторларды, әуе сыныптарын, штурман сыныптарын тексеру;
жоғары дәлдікті және күрделі өлшеу құралдарын тексеру және ақауын анықтау.
175. Білуге тиіс:
жетілдіру-реттеу жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
қолданылатын дәл өлшегіш жабдықтардың, аспаптардың, құралдың, құрылғылардың жұмыс істеу принципі, теңшеу, баптау және пайдалану ережесі;
бақыланатын бұйымдарға құжаттарды рәсімдеу ережесі;
бұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары;
радиолокациялық және радио навигациялы жабдықтардың бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылғысы;
автоматика, радио механика, электронды, электрлік, гидравликалық жүйелер қызметінің принципті тәсімдері;
есептеуіш техниканың негіздері;
криогенді техниканы бақылаудың ерекшеліктері;
сериялық өндіріс жағдайында үлкен тартымды немесе қуатты поршеньдік қозғалтқыштардың және қуаттылығы орташа газтурбина қозғалтқыштарының нұсқаулығы мен техникалық шарттары.
176. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
177. Жұмыс үлгілері:
1) авиациялық қуатты газтурбина қозғалтқыштары – толық құрастыруды және реттеуді бақылау, объективті бақылаудың деректі құралдарын талдау (өзі жазғыштарды, есептеуіш құрылғыларды және тағы басқа);
2) орташа типтік ұшу аппараттар – толық құрастыруды бақылау, сынауға жіберу алдында қарау;
3) тікұшақтар – құрастыруды және монтаждауды бақылау;
4) автопилоттар жиынтықтары –тапсырыс сынақтарын жүргізуді бақылау;
5) әуеде ұшақтарды жағармаймен толтыру, сондай-ақ бір нүктелік жерде толтыру жүйесі – құрастыруды, реттеуді және герметикалықты бақылау;
6) бағыттағыш жүйелер – реттеуді бақылау;
7) орта типтік ұшу аппараттарының радиолокациялық жүйелері – құрастырудың, реттеуді бақылау;
8) «Қараңғы қондыру» типтік станция – жетілдіру жұмыстарын бақылау;
9) электр агрегаттар, күрделі түрлендіргіштер – реттеуді және сынақ жүргізудің нәтижесін бақылау;
10) эталонды-өлшеу стендтері – баптауларды теңшеуді бақылау.
Параграф 7. Құрастыру - монтаждау және жөндеу жұмыстарын бақылаушы, 8-разряд
178. Жұмыс сипаттамасы:
сынақ жүргізу нәтижелерін бақылау және ұшу жағдайларына еліктеумен кіре берістегі температура, биіктік, ылғалдық, қысым бойынша қуатты көп контурлы және тәжірибелі қозғалтқыштарды толық қабылдау;
стандартты атмосфералық шарттарға қойылатын авиациялық қозғалтқыштардың параметрлерін өлшеуді және келтіруді бақылау;
алгоритмдер бойынша ақауларды іздеу және табу;
криогенді жүйелерді монтаждауды және реттеуді бақылау;
стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестатауға қатысу;
шағын тәсімдерде элементі базасы бар аса күрделі өлшеу құралдарын баптау және реттеу;
күрделі авиациялық бұйымдар жүйелерінің өзара іс-қимылын кешенді тексеру;
толық құралған бұйымда слесарлық-құрастыру жұмыстарын қорытынды тексеру;
ауыр ұшу аппараттарының аэронавигациялы жабдықтарын, сондай-ақ қолданылатын тәжірибелі жабдықтарды баптауды, реттеуді, сынауды толық бақылау;
бортты есептеуіш кешендерді жетілдіруді бақылау;
радио станциялардың, арнаулы радиолокациялық, электронды аппаратуралардың, күрделі блоктар мен аспаптардың эксперименталды үлгілерін эскиздер және конструктордың нұсқауы бойынша монтаждауды бақылау;
полигонды сынақтар кезінде радио электронды аппаратура кешендерін реттеуді толық бақылау;
көздеу-навигациялы және навигациялық-пилотажды кешендері, қарсы тұру кешендерін сынауды бақылау және тексеру;
күрделі стендтерді сынау алдында тексеру;
арнаулы қондырғылардың көмегімен жөнделген радиолокациялық жабдықтардың жүйесін тексеру.
179. Білуге тиіс:
сынауларды метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
авиациялық техниканың параметрлерін өлшеуді орындау әдістемесі;
авиациялық техникаға эксперименталды және арнаулы стендті сынақтарды жүргізудің программалары, әдістемелері, техникалық шарттары; авиациялық есептеуіш құралдарды пайдалану ережесі;
ақпаратты кіргізу және шығару тәртібі;
авиациялық бөлшектерді қабылдау нұсқаулықтары және техникалық шарттар;
ақауды анықтау әдістері;
күрделі авиациялық бұйымдардың электронды және электрлік жүйелері;
авиациялық бұйымдарға қойылатын сертификациялық талаптар;
турбореактивті және криогенді авиациялық қозғалтқыштар теориясының негіздері;
метрология, электроника, электротехника, есептеуіш техника, бағдарламалау, автоматты реттеу теориясының негіздері.
180. Орта кәсіптік білімді талап етеді.
181. Жұмыс үлгілері:
1) бірінші сериядағы және тәжірибелі конструкциялы авиациялық қозғалтқыштар – тегістеуді бақылау;
2) десант көліктерінің жабдықтары – баптауды және жетілдіруді бақылау;
3) тәжірибелі үлгілердің ұшу аппараттар – толық құрастыруды және жүйелерді реттеуді бақылау;
4) биіктік рульдері мен элерондарды сервобасқаруға ауыстыру механизмдері – реттеуді бақылау;
5) ауыр ұшу аппараттарының қуатты қондырғылары – реттеуді және тегістеуді бақылау;
6) биіктік жабдықтарының жүйесі – монтаждауды және реттеуді бақылау;
7) ауыр аппараттарды электрмен жабдықтаудың жүйесі мен агрегаттары – жұмыс істеуді тексеру және бақылау;
8) авиациялық қозғалтқыштарды басқару жүйесі – реттеуді және жетілдіруді бақылау;
9) ауыр ұшу аппараттарды басқару жүйесі – құрастыруды және реттеуді бақылау;
10) аса күрделі ұшу аппараттарының отынды жүйесі, гидрожүйесі – монтаждауды және жұмыс істеуді бақылау;
11) ауыр ұшу аппараттарының шассилері - шығару және бұрау бұрыштарын бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |