БЕКІТІЛГЕН
«ҚазАгроҚаржы» АҚ
Басқарма шешімімен
(2011 ж. «___» ______ №__
отырыс хаттамасы)
БЮДЖЕТТІК ҚАРАЖАТ ЕСЕБІНЕН
2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
ШАРТТАРЫ
Белгіленген қолдану мерзімі
201___ жылғы «_____»_________________
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 2011 жыл
МАЗМҰНЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 4
2. «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ 2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН 5
ЖАЛПЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫ 5
3. АӨК СУБЪЕКТІЛЕРІН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ 6
§ 3.1. МОНТАЖДЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 6
§ 3.2. МОНТАЖДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 6
§ 3.3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 7
§ 3.4. АСПАЛЫ ЖӘНЕ ТІРКЕМЕЛІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 7
4.ТЕХНИКА, АРНАУЛЫ ТЕХНИКА МЕН ЖАБДЫҚТАР САТЫП АЛУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ІРІКТЕУ ШАРТТАРЫ 8
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы қаржыландыру шарттары (бұдан әрі – Шарттар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі бағдарламаға және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 24 шешімімен бекітілген «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының ішкі несие саясатына сәйкес, техникалық және технологиялық жаңарту бойынша қолайлы қаржы қызметтерін көрсету арқылы бәсекеге жарамды әрі экспортқа бағдарланған агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Осы Шарттар төмендегілерді сатып алуды қаржыландыруға байланысты «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) АӨК субъектілерімен қарым-қатынасында қолданылады:
1) ауыл шаруашылығы техникаларын, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларын (бұдан әрі – Техника) тікелей сатып алуға, жеткізуге және жұмыс қалпына келтіруге байланысты шығындардың орнын толтыруға;
2) технологиялық жабдықтар мен арнаулы техникаларды, сонымен қатар технологиялық жабдықтар мен арнаулы техникаларды (бұдан әрі - Арнаулы техника) тікелей сатып алуға, жеткізуге және жұмыс қалпына келтіруге байланысты шығындардың орнын толтыруға;
3) ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін өңдеу жабдықтарын, сонымен қатар ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін өңдеу жабдықтарын (бұдан әрі – Жабдық) тікелей сатып алуға, жеткізуге және жұмыс қалпына келтіруге байланысты шығындардың орнын толтыруға;
және қаржыландыру түрін, мақсатқа арналуын, сыйақы мөлшерлемесін, қаржыландыру мерзімін, алынған қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарттарын және Қоғам қаржыландыру беретін басқа да шарттарды анықтайды.
Қаржы лизингісі шарттары лизингке жаңа, пайдаланылмаған лизинг заттарын беруге қолданылады.
Салық заңнамасымен белгіленген уақыт өткен соң, аталмыш Шарттарды қайталама лизинг шарттарында сақтау үшін Шарттар қаржы лизингісі шарттарын бұзуға байланысты Қоғам балансына қабылданған лизинг заттарын қайталама лизингке беруде қолданылмайды.
3. Осы Шарттарға сәйкес қаржыландыру 2011 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық капиталын көбейтуге бағытталатын 043 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ынталандыру жөніндегі мемлекетті саясатты іске асыру үшін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын көбейту» республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте 2011 жылға арналып көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
4. Қоғам Басқармасы Шарттарды немесе оның жекелеген ережелерін толықтыруға және (немесе) өзгертуге құқылы. Қажет болған жағдайда, Шарттардың немесе оның жекелеген жобалар бойынша ережелерінің толықтыруларын және (немесе) өзгертулерін, мұндай өзгерту үшін негіздеме болып табылатын да «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқармасының шешімі.
5. Қоғам Басқармасы Қоғамның, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ уәкілетті органымен немесе АӨК реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен басым немесе пилоттық ретінде мойындалған жобалар үшін жекелеген қаржыландыру шарттарын бекітуге құқылы.
2. «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ 2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫ
6. Қаржыландыру Қоғаммен қаржы лизингісі арқылы жүзеге асырылады.
7. Қаржыландыру валютасы – теңге.
8. Сыйақы мөлшерлемесі – тіркелген жылдық 4,0 (төрт) % көлемінде. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган талаптарына сәйкес жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4,0 (төрт) % құрайды.
9. Лизинг затының жалпы құнын және жылдық сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша алдағы жылдық лизингілік төлемді төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде лизинг алушы (қарыз алушы) өз қалауы бойынша келесі қамтамасыз етуді ұсынуға тиісті:
-екінші деңгейлі банктің немесе Қоғам талаптарына жауап беретін заңды тұлғалардың кепілдігі;
-ақша кепілдігін салу;
-кепілақы;
- лизинг затының жалпы құнын және жылдық сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша алдағы жылдық лизингілік төлемнен 120 (жүз жиырма) % кем емес көлемде Қоғаммен келісілген кез келген өтімді жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлік кепілдігін салу. Бұл ретте есеп негізіне мүліктің бағалау құнына өтімділік коэффициентін қолдану арқылы есептелетін мүліктің кепілдікті құны алынады. Өтімділік коэффициентінің мөлшерін Қоғам ішкі нормативтік құжат негізінде белгілейді;
- немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган талаптарына қарама-қайшы келмейтін басқа да қамтамасыз ету тәсілдері.
10. Лизинг алушы алғашқы 3 (үш) жыл ішінде лизинг затының құнынан 50 (елу) % өтейтін болса, Қоғамның Несие комитетінің шешімі бойынша лизинг алушы лизинг шартының барлық қолданылу мерзімі бойына осы Шарттардың 9 тармағымен көзделген қамтамасыз етуді беру бойынша міндеттемелерден босатылуы мүмкін.
11. Берілетін қаржыландыру бойынша негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі Қоғамның ішкі құжаттары негізінде қабылданатын Қоғамның Несие комитеті шешіміне сәйкес іске асырылатын жобаның ерекшелігіне қарай, жекелеген түрде белгіленеді.
12. Қаржы лизингісінің мерзімі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең аз мерзімнен кем болмауға тиісті.
13. Лизинг алушы лизинг затын Қоғаммен аккредиттелген сақтандыру компаниясында лизинг затының төленбеген құн қалдығына (қарыз шарты бойынша несие берешегінің қалдығына) жыл сайынғы сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл ретте сақтандыру шарты келесі сақтандыру оқиғаларын қамтуға, бірақ олармен шектелмеуге тиісті: бүліну, өртену, опат болу, ұрлану, толығымен немесе ішінара жоғалу, мерзімінен бұрын тозу, неге байланысты болғанына қарамастан, лизинг затының немесе оның кез келген бөлшектерінің зақымдануы.
14. Лизинг алушының (қарыз алушының) мониторинг жүргізу және қамтамасыз ету дүркіндігі Қоғамның ішкі құжаттарына, Қоғамның Несие комитетінің шешіміне сәйкес, бірақ жылына бір реттен кем уақытқа белгіленуге тиісті.
15. Лизинг алушының (қарыз алушының) төлем қабілетін бағалауға, құқықтық мәртебесін анықтап, кепілдікті мүлігін анықтауға қажетті құжаттар тізбесі Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес тапсырылады.
16. Осы тараумен анықталмаған барлық басқа талаптар осы құжаттың тиісті тарауларында белгіленеді.
3. АӨК СУБЪЕКТІЛЕРІН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ
§ 3.1. МОНТАЖДЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ
17. Мақсатқа арналуы: отандық өндірістің және жақын және алыс шетел өндірістерінің монтажды қажет етпейтін ауыл шаруашылығы техникалары, арнаулы техникалары, аспалы және тіркемелі машиналардан басқа (соның ішінде ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және алғашқы өңдеуге арналған, көкөніс өсіруге, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы фермаларын механизациялауға, жемшөп дайындауға арналған жабдықтар мен машиналар, жаңбырлатқыш және суару машиналары).
18. Қаржы лизингісінің мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін
19. Лизинг затын табыстауға дейінгі бірінші төлем:
1) осы Шарттардың 9 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартымен лизинг затының құнынан 15 (он бес) % құрайды;
2) осы Шарттардың 9 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартынсыз лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) % құрайды.
§ 3.2. МОНТАЖДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ
20. Мақсатқа арналуы: отандық өндірістің және жақын және алыс шетел өндірістерінің монтажы қажет ететін технологиялық жабдықтары мен арнаулы техникалары (соның ішінде ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және алғашқы өңдеуге арналған, көкөніс өсіруге, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы фермаларына қажетті жабдықтар, жемшөп дайындауға арналған жабдықтар мен машиналар).
21. Қаржы лизингісінің мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін.
22. Лизинг затын табыстауға дейінгі бірінші төлем:
1) осы Шарттардың 9 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартымен лизинг затының құнынан 15 (он бес) % құрайды;
2) осы Шарттардың 9 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартынсыз лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) % құрайды.
23. Бірінші төлем көлеміне және осы Шарттардың 20 тармағының талаптарына қарамастан, жасалатын қаржы лизингісі шартының барлық қолданылу мерзіміне Қоғамға кепілдікке ғимарат (үй-жай) орналасатын жер телімімен бірге монтажды қажет ететін технологиялық жабдық пен арнаулы техникаға монтаж жасалатын ғимарат (үй-жай) беру міндетті түрде.
24. Қоғамның Несие комитетінің шешімі бойынша 2 (екі) жылға дейін жеңілдікті кезең берілуі мүмкін.
§ 3.3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ
25. Мақсатқа арналуы: ет және ет өнімдерін өндіру жабдықтары, жемістер мен көкөністер өңдеу және консервілеу жабдықтары, өсімдік және мал майлары мен тоң майларын өндіру жабдықтары, сүт өңдеу және ірімшік өндіру, ұн тарту-жарма өнеркәсіп өнімдерін өндіру, малға арналған дайын жемшөп азықтарын өндіру, нан өндіру, балаға арналған тағамдар мен диеталы азық-түлік өндіру, крахмал-пат өнеркәсіп өнімдерін өндіру, сондай-ақ, Қоғамның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін отандық өндірістің және жақын және алыс шетел өндірістерінің басқа да жобалары.
26.Қаржы лизингісінің мерзіміа – 10 (он) жылға дейін.
27. Лизинг затын табыстауға дейінгі бірінші төлем:
1) осы Шарттардың 9 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартымен лизинг затының құнынан 15 (он бес) % құрайды;
2) осы Шарттардың 9 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартынсыз лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) % құрайды.
28. Бірінші төлем көлеміне және осы Шарттардың 25 тармағының талаптарына қарамастан, жасалатын қаржы лизингісі шартының барлық қолданылу мерзіміне Қоғамға кепілдікке ғимарат (үй-жай) орналасатын жер телімімен бірге ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін өңдеу жабдықтарына монтаж жасалатын ғимарат (үй-жай) беру міндетті түрде.
29. Қоғамның Несие комитетінің шешімі бойынша 2 (екі) жылға дейін жеңілдікті кезең берілуі мүмкін.
§ 3.4. АСПАЛЫ ЖӘНЕ ТІРКЕМЕЛІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ
30. Мақсатқа арналуы: аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникалары (транспортерлер, тиегіштер мен дән атқыштар, көкөніс себуге және көкөніс дақылдарын жүйек аралық өңдеуге арналған сепкіштер (минералдық тыңайтқыштар сала отырып), әмбебап көкөніс сепкіштері, отағыш агрегаттар, қопсытқыштар, жемшөп үлестіргіштер, жемшөп тасымалдауға және үлестіруге арналған машиналар (жемшөп араластырғыш-жемшөп үлестргіштер), шалғылар (екі-үш қайрақты, ауыспалы, отағыштар және т.б.), тырмауыштар, қопсытқыштар, пішен тайлаушылар, тең тергіштер және тасымалдауыштар, сүйретпелер, шөмеле тасығыштар, тиегіш-маялағыштар және трактор тіркемелері, аспалы алысқа шапшып ағатын жаңбырлатқыштар, жаңбырлатқыш машиналар, агрегаттар мен қондырғылар, жылжымалы суарғыштар, тіркемелер, арнаулы құрастырылған жабдығы бар тіркемелерді қосқанда, жүгері жинауға арналған құрылғы, дестелегіштер, сепкіштер, соқалар, топырақ өңдегіш машиналар мен құралдар (тырмалар, сыдыра жыртқыштар, таптауыштар, қопсытқыштар және басқалар), бүріккіштер, тозаңдатқыштар, тұқым дәрілеуіштер, тыңайтқыш салуға арналған машиналар, егісті күтуге және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға арналған машиналар).
31. Қаржы лизингісінің мерзімі – 5 (жылға) дейін.
32. Лизинг затын табыстауға дейінгі бірінші төлем лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) % құрайды.
33. Осы Шарттардың 9 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету қажет емес.
ТЕХНИКА, АРНАУЛЫ ТЕХНИКА МЕН ЖАБДЫҚТАР САТЫП АЛУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ІРІКТЕУ ШАРТТАРЫ
34. Қоғам Техника, Арнаулы техника мен Жабдық сатып алуды қаржыландыру туралы шешім қабылдарда ықтимал лизинг алушының (қарыз алушының) қаржы жағдайына, оның Қоғам алдындағы міндеттемелерін орындау қабілетіне, жобаның өтімділігіне қарап, сондай-ақ, осыған тең басқа шарттарда, келесі критерийлерге негізделуге тиісті:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы келесі бағыттардың басымдығы:
- ет, балық, сүт, жеміс, жидек, көкөніс, тері шикізаты мен жүн, дән және май дақылдарын, шитті мақта, қант қызылшасын өңдеу;
- құс етін және жұмыртқа өндіру, жүзім және жеміс-көкөніс консервілерін, ақ қантын, балық өнімдерін, нан және нан-тоқаш өнімдерін, май-тоң май өнімдерін, қоспжем өндіру;
- Астана, Алматы маңайында «азық-түлік қауіпсіздігін» құру;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне Техника, Арнаулы техника мен жабдық сатып алуға тең мүмкіндіктер беру (барлық мүдделі субъектілерге тең мүмкіндіктер мен бірыңғай қаржыландыру шарттарын беру);
3) тиісті түрде жиналған құжаттар пакетімен бірге бұрын түскен өтінімдерді қанағаттандыру басымдығы.
35. Техника мен Арнаулы техниканы қаржыландыруға өтінімдерді іріктеу кезінде, осыған тең басқа шарттарда басымдық берілуге тиісті:
- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің шағын иелік нысандарының өтінімдеріне;
- отандық өндіріс Техникалары мен Арнаулы техникаларын сатып алуға берілген өтінімдерге.
-----------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |