Ж.Ә. Өтеш, М. Мырзахметұлы
М.О. Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты, Алматы, Қазақстан.
(E-mail: zhibek.otesh@gmail.com., info@litart.kz)
Деректі әскери прозаның жасалу ерекшеліктері
(А. Бектің «Арпалыс» романының негізінде)
Аңдатпа. «Арпалыс» романы – қазақ әскери прозаның қалыптасып дамуына жемісті үлесін
қосқан деректі шығармалардың бірі. Әскери тақырыпқа жазылған және дүниежүзі мойындаған бұл
әскери-ағартушылық еңбек сонау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлем назарын өзіне қаратты.
Әскери ғылымның білгірі Б. Момышұлының тікелей қатысуымен жазылған бұл роман соғыс шын-
дығы мен психологиясын ашуға бағытталған көлемді туынды. Мақалада әскери прозадағы тарихи
тұлға проблемасы және тарихи шындықтың түйінді мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Түйін сөздер: әскери проза, тарихи шындық, әдеби келісім шарт, жазылу тарихы, стено-
грамма.
DOI : https://doi org/10.32523/2616-678X-2020-130-1-62-68
Түсті:11.12.19 / Қайта түзетілді: 02.03.20 / Жарияланымға рұқсат етілді: 30.03.20
Кіріспе. Әскери прозаның ерекшелігі – оның деректілігінде, оның тарихи шын-
дыққа толы болуы. Әрине, көркем әдебиеттің өзге де үлгілерінде шынайылылық бар, өмір-
ден алынған «материалдар» кездеседі. Десек те, әскери тақырып жаңа бір өнімді бағытты
қалыптастырды. Себебі жалпы әскери әдебиет тарихи фактіге толы болуымен қатар, әскери
іс-қимылдардың көркем әдебиетте көрініс тауып, олардың тарихи мәнін ашып көрсетуге,
ұрыс даласындағы жүрген соғыс қимылдарын тереңдеп білуге бағытталды. Ұрыс даласы-
ның «тірі куәгерлерінің» әңгімелері мен документалды құжаттар көркем әдебиеттің әскери
тақырып аясын кеңейтіп, оның шешімін түсініп ұғынуға ықпалы зор болды. Әскери тақы-
рыпты игерудегі басты себептердің бірі – адам (тағдыры, психологиясы) және соғыс, өткен
тарихи кезеңнің шынайы, әрі барынша терең игерілуі және болашақ ұрпақ үшін де дұрыс
көзқарастың қалыптасуы болып табылады.
Теориялық тұжырымдарға сүйенер болсақ, деректі проза дегеніміз кейіпкері де сю-
жеті де өмірден алынған, тарихи іс-оқиғасы бар жанр үлгісі дедік. Демек, өмірде болған
шынайы оқиға мен адам тағдыры осы жанрдың негізін құрайды. А. Бектің «Арпалыс» («Во-
локоламск тас жолы» повесі) романында тарихта да, халық жадында да есімдері қалған ба-
тыр тұлғалар образдары жасалған. Әскери проза тақырыбында жазылған басқа да көркем
шығармалардың көркемдігінен, эстетикалық қуатынан кем түспейтін классикалық шығар-
малардың бірі. Романның әр тарауы үлкен құрмет пен әр батырдың ерлік істерін паш ету,
сын сағатта гуманистік-моральдық нормаларды сақтау секілді жоғары қабілет-қасиеттер
суреттелген. Бұл ұранды, орынсыз мақтау мен жеке тұлғаны мадақтау емес, үңіле қарағанға
бұл роман оқиғалар мен характерлердің шынайы көрінісі мен келбеті [1].
Негізгі бөлім. Бұл романның қалыпты көркем шығармалардан ерекшелігі оқиға-
лардың деректілігінде және Екінші дүниежүзілік соғыстың шынайы куәгерінің сөзінен
жазылып алынған материал екендігінде. «Так как книга «Волоколамское шоссе» не будет
художественным произведением обычного типа (т.е. построенным на художественном вы-
мысле), а военно-документальным произведением, в котором сохраняются подлинные име-
на панфиловцев и дается описание подлинных боев, то ответственность за книгу несет не
|