Компоненттерi салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмаластың түрi аралас құрмаластар деп аталады
Компоненттерi салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмаластың түрi аралас құрмаластар деп аталады
Компоненттерi салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмаластың түрi аралас құрмаластар деп аталады. Жасалу жолы жағынан келгенде, аралас құрмалас сөйлем құрмаластың ерекше түрi болып саналмайды. Өйткенi мұнда оның өзiне тән арнайы амал-тәсiлдерi болмайды, тек бұрыннан белгiлi салаласа және сабақтаса байланысу амалдарының қабаттаса келуi арқылы жасалады. Құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады.
Ерекшелігі:
құрамындағы компоненттер санының екіден көп болуы; компоненттерінің салаласа да, сабақтаса да байланысуы.
Аралас қүрмалас сөйлем деп кемінде үш сөйлемнен тұрып, кұрамындағы жай сөйлемдер салаласып та, сабақтасып та келетін сөйлемді айтады.
Аралас қүрмалас сөйлем деп кемінде үш сөйлемнен тұрып, кұрамындағы жай сөйлемдер салаласып та, сабақтасып та келетін сөйлемді айтады.
Мысалға:Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнбегенге санаймын да, бүгіннен бастап есебін беріп босатып жіберем. .Көзін сəулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айнадай ашық екен де, нұры толқи жарқыраған күн түске тармасып қалған екен.

Мысалдағы құрмалас сөйлемдердің барлығы да, аралас құрмалас сөйлем. Өйткені ондағы əрбір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір,бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлем бола береді.
Мысалы: Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, əке шешесінің дауыстары дыбырлап, сөздері үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөз ортасынан үзіліп, аяқталмай тоқталғаны аңдалады.
Аралас құрмалас сойлем үш жай сөйлемнен құралғанда ондағы салаласа байланысу да, сабақтаса байланысу да бір-бірден ғана болады. Ал егер ол төрт немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған болса, онда салаласа байланысатын жай сөйлемдер де сабақтаса байланысатын жай сойлемдер де бірнешеуден болуы мүмкін.

Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, қазақ жұмыскерлері оны«сары ауыз» деп атап еді, қазір сары балшықың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол «қара жыра» атанды
Салалас құрмалас сөйлемдегі сияқты, аралас құрмаластағы салаласа байланысатын жай сөйлемдер де бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді.
Салалас құрмалас сөйлемдегі сияқты, аралас құрмаластағы салаласа байланысатын жай сөйлемдер де бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді.
Мысалы: 1. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды. 2. Кеше іңірде Жабайжылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік аулына құйғытып шыға келгенжолбасар жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты. Жабай атынан ауытқып құлай берді де, сол аяғы үзеңгіге ілігіп қалып, ол біраз сүйретіліп барып жерге сылқ етті.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің болуы да мүмкін.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің болуы да мүмкін.
Мысалы: «Пушкин дегеніміз төтенше көрініс жəне ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін»,-деп, Гоголь Пушкиннің орыс əдебиеті тарихындағы ролін өте жоғары жəне соншалық əділ бағалады деген сөйлем де аралас құрмалас сөйлемге жатады.
Қорытындылай келе жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшінші бір тəсілі емес, сол негізгі екі тəсілдің-салаласу мен сабақтасу тəсілінің-бір құрмаластың ішіне топтасқан түрі деуге болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992
.Серғалиев М.,Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ əдеби тілі.
Алматы. 1991ж.
Әміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.