1. 2, 8, 5,, 23, 18, 15 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып



Дата17.11.2023
өлшемі13.61 Kb.
#483550
6-сынып Бжб 1. 4- тоқсан



1-нұсқа
1. 2, 8, 5, ___, 23, 18, 15 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып,
қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:
а) арифметикалық ортасы 15-ке тең;
b) өзгеріс ауқымы 30-ге тең;
с) қатар модасы 20-ге тең. [5]
2. Бекжан ақ және жасыл түсті бейсболкалары, қызыл, сары және көк
футболкалары және қара және күлгін түсті джинсылары бар. Егер ол бейсболка,
футболка және джинсыларын ауыстырып кисе, Алпамыс неше түрлі болып киіне
алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. [5]
3. Поезд жолдың 240 км-ін 60 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 160 км-ді 40
км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 150 км-ді 50 км/сағ жылдамдықпен жүріп
өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша? [4]


2-нұсқа
1. 7, 12, 5, ___, 18, 11, 15 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды
пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:
а) арифметикалық ортасы 13-ге тең;
b) өзгеріс ауқымы 19-ке тең;
с) қатар модасы 8-ке тең. [5]
2. Ғанидың сары және жасыл жейделері, көк және қара шалбарлары, сұр, қоңыр
және ақ туфлилері бар. Ғани барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін
ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын
құрып көрсетіңіз. [5]
3. Поезд жолдың 200 км-ін 50 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 240 км-ді 80
км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 210 км-ді 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп
өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша? [4]

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет