Сабақ тақырыбы Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару



бет1/3
Дата01.03.2024
өлшемі102.42 Kb.
#493441
түріСабақ
  1   2   3
Іріктеу тәсілі 15.11.23 ж


Қысқа мерзімді жоспар



6.4А Статистика. Комбинаторика

Мектеп:№86 жоббм

Күні: 15.11.2023ж

Мұғалімнің аты-жөні:Есалиев М

Сынып: 11А,Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.1
Мүмкін нұсқаларды іріктеу тәсілімен комбинаторикалық есептерді шығару

Сабақ мақсаттары:

  1. Есеп шешудің мүмкін нұсқалары қандай тәсілдермен іріктелінетінін білу;

  2. Есептің шартындағы объектілер, денелер, қалай белгіленетінін білу;

  3. «Мүмкін нұсқалар ағашы» тәсілінде есептің шешуінің нұсқалар санын қалай анықтауды білу, қолдану.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0-4 мин

4-8 мин

8-10 мин



1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.. Сандарының қосындысы 16-ға, 8-ге, 2-ге тең оқушылар бірге топтасады. Мысалы:
1 топ –28-10-9-7=2
11-9+2-3+1=2
1+5+4-8=2
6+6-1-9=2
2 топ – 28-15-7+2=8
21+5-14-4=8
14+9-15=8
13+9-16+2=8
3 топ – 12+15-3-8=16
29-16+9-6=16
5+9+13-11=16
13-10+13=16


2. Білімді өзектендіру
Топпен жұмыс:
Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;
Ой қозғау.
1) 2 таңбалы неше сан бар?
2) бірдей цифрлардан құралған 2 таңбалы неше сан бар?
3) цифрлары әртүрлі болатын 2 таңбалы неше сан бар?
Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Слайд


Сабақтың ортасы

10-16 мин


16- 24 мин



24-26 мин
26-33 мин

3. Белсенді оқу тапсырмалары
Жұптық жұмыс.
Тапсырма 1.
№1.
0, 1, 2 және 3 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, үш таңбалы сандар құрастырыңдар. Неше үш таңбалы сан құрастырылды? Мүмкін нұсқалар ағашы сызбанұсқасын пайдаланып, жазып көрсетіңдер
Шешімі: 120, 123,132,130,102,103 (1-ден басталады)
201,202,203,210,230,213 (2-ден басталады)
301,302,310,312,320 (3-ден басталады)
№2.
15 санын екі бүтін оң санның қосындысы түрінде жазыңдар. Қосындыны неше нұсқада жазуға болады?
Шешімі: 1+14=15, 2+13=15, 3+12=15, 4+11=15, 5+10=15, 6+9=15, 7+8=15
№3
Туристер Қазақстанның Түркістан, Алматы және Семей қалаларына саяхат жасаулары керек. Туристер осы қалаларға неше нұсқада саяхат жасай алады? Есептің шешімін «мүмкін нұсқалар ағашымен» кескіндеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет