1. Қатаң дауыссыздарды белгіле: а п,в,р. В ш,щ,ж. С ц,ч,щ. Д н,м,л



Дата11.07.2016
өлшемі60.99 Kb.
#191048
Тест

1-нұсқа.
1. Қатаң дауыссыздарды белгіле:

А) п,в,р. В) ш,щ,ж. С) ц,ч,щ. Д) н,м,л.
2. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан созді тап:

А) иірімді В) ашық С) ғажайып Д) Аягөз


3. Үш буынды сөзді көрсет:

А) ләйлек В) алуан С) елік Д) қарға


4. Туынды сын есім дегеніміз:

А) түбір сөзден жасалған сын есім

В) түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім

С) түбір сөзге жалғау жалғану арқылы жасалған сын есім

Д) заттың сынын білдіретін сөздер
5. Негізгі сын есім:

А) сары В) сарғыш С) сарғылт Д) сарылау


6. -ншы жұрнақ қай сөзге сәйкес келеді:

А) жеті В) екі С) алты Д) үш


7. Көпше түрде тәуелденген сөз:

А) мысығым В) мысықтар С) мысықпын Д) мысығымыз


8. Ы - қандай дыбыс:

А) жуан дыбысты В) үнді дауыссыз С) ұяң дауыссыз Д) жіңішке дауысты


9. Болымсыз етітікті тап: Киіміңе мақтанба, біліміңе мақтан.

А) киіміңе В) мақтанба С) біліміңе Д) мақтан


10. Сөйлемді белгіле:

А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

В) Ұшып кетті.

С) Құстар

Д) Жылы жаққа.

11. Не істеді? Қайтті? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы?

А) бастауыш В) баяндауыш С) тұрлаусыз мүше Д) сөйлем мүшесінің сұрағы болмайды.
12. Бастауыш пен баяндауыш зат есім болғанда қойылатын тыныс белгісі:

А) сызықша В) үтір С) леп белгісі Д) жақша


13. Тасымалдауға болмайтын сөздерді көрсет:

А) жиын, әнші В) адам, қарт С) белуар, биязы Д) бейім, қуыр


14. Сөз тіркесі неден құрылады:

А) бір не екі сөзден В) екі не одан көп сөзден

С) бір ғана сөзден Д) буындардан
15. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін белгіле:

А) әкенің өсиеті В) кітап оқу С) сегіз дәптер Д) қоңыр салқын жел


16. Бірыңғай мүшелердің ерекшелігін тап:

А) бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер

В) бірдей әріптермен баталған сөздер

С) жеке сөзден жасалған сөздер

Д) адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер.
17. Тұрлаусыз мүшесі жоқ сөйлемді белгіле:

А) Аққулар көлге қонды.

В Аққулар шалқар көлге қонды.

С) Аққулар қонды.

Д) Аққулар көлге қонып отыр.
18. І -жақ, тәуелді формадағы зат есімді белгіле:

А) дәптерің В) дәптерім С) дәптеріңіз Д) дәптері


19. Қазақ тілінде неше септік бар?

А) 5 В) 7 С) 3 Д) 10


20. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:

А) бастауыш пен сан есім

В) қаратпа сөз бен зат есім

С) бастауыш пен баяндауыш

Д) зат есім
ІІ-нұсқа.

1. Қазақ әліпбиіндегі әріптер санын көрсет:

А)37. В)12. С)42. Д)36.

2. Ұяң дауыссыздарды белгіле:

А)д,ж,н,ң. В)қ,к,ғ,г. С)л,м,б,в. Д)ж,з,б,в.

3.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:

А)жап-ы-рақ. В)жа-пыр-ақ. С)жа-пы-рақ. Д)жа-п-ырақ.

4.Буынға қате бөлінген сөзді тап:

А)құ-мырс-қа. В)дау-ыл-паз. С)би-ік-тік. Д)бо-яу-шы.

5.Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап:

А)етікші. В)ақын. С)ата. Д)ақыл.

6.Қате жазылған санды белгіле:

А)онүш. В)мың. С)қырық бес. Д)жиырма.

7.у-дыбысының дауыссыз түрін белгіле:

А)журнал. В)қоңырау. С)қуыршақ. Д)бару.

8.у-дыбысының дауысты түрін белгіле:

А)ауған. В)уақыт. С)сурет Д)бауыр.

9.Жуан дауыстылы жалғауларды белгіле:

А)-ға,-қа. В)-лер,-тер. С)-ден,-тен. Д)-ге,-ке.

10.-інші жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді:

А)алты. В)он. С) тоғыз. Д)үш.

11.Дұрыс жазылған сөзді тап:

А)айалдама. В)аялдама. С)аиалдама. Д)айялдама.

12.Жалқы есімді тап:

А)күшік. В)Бөрібасар. С)қала. Д)ауыл.

13.Ән сөзіне мәндес сөзді тап:

А)ертек. В)өлең. С)әңгіме. Д)би.

14.Мәтіннің түрлерін тап:

А)әңгімелеу,сипаттау,пайымдау.

В)басы,соңы, әңгімелеу.

С)хабарлау, аяқтау,жазу.

Д)айту,пайымдау, қорыту.

15.Сұрақ белгісі қойылатын сөйлемді тап:

А)Сабақтан кешікті

В)Сабақтан кешікпе

С)Сабақтан кешіктің бе

Д)Сабақтан кешігуші болма

16.Қайталану арқылы жасалған сөзді көрсет:

А)тері-терсек. В)ар-ұят. С)көкжиек. Д)көре-көре.

17.Қаратпа сөзді тап:

А)Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.

В)Мүмкін,сәл кідіре тұрарсыз?

С)Амал қанша,осылай болды.

Д)Алма, алманы әкел

18.Мақалды аяқта: Еңбек түбі-

А)мереке. В)береке. С)жақсылық. Д)байлық.

19.Бірыңғай мүше қатысып тұрған сөйлемді тап:

А)Абай бірақ ойын айтпады.

В)Қайдан келдің, бауырсақ?

С)Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.

Д) Көш алдында Тәкежан, Әзімбай,Майбасар барды.

20.Дара сан есімді тап: А)екі жүз. В)елу бес. С)жүз қырық екі.


Тест.

2-нұсқа.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:

А) ө,о,,э,в,к,с,һ. В)м,н,ң,к,ч,ф,ұ.

С)ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ. Д)ж,з,қ,л,м,н,о.


2. Бес буыны бар сөзді белгіле:

А)аулаймыз В)шомыламыз С)демаламыз Д)көмектесеміз.


3. ҚХР - қандай сөз?

А)біріккен сөз. В)қос сөз. С)қаратпа сөз. Д)қысқарған сөз.


4. Негеізгі сын есімді тап:

А)ұрысқақ. В)көк. С)сөзшең. Д)тарихи.


5. Бірнеше жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?

А)жай сөйлем. В)сұраулы сөйлем.

С)сөйлемнің бірыңғай мүшесі. Д)құрмалас сөйлем.
6. Бірыңғай қатаң дауыссыздан тұратын сөзді тап:

А) жусан. В) дауыс. С) кітап. Д)қарға.


7. .Мәндес сөздерді тап:

А)еңбек, іскер, жалқау. В) қайрат, жігер, ел.

С)жаратылыс, табиғат. Д) бет, жүз, ауыз.
8. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін белгіле:

А) түбірлес сөз. В)түбір сөз. С) қосымша. Д)сөз құрамы.


9. Жіктік жалғауларын белгіле:

А)-мін, -сін, -сіз. В) -ма,-ме,-па,-пе.

С)-ым, -ім, -м. Д)-лар, -лер,-тар, -тер

.

10. Туынды зат есімдерді көрсет:



А)қой, ешкі. В) кітап, қалам. С)жылқы, тұлпар. Д)аспаз, арбакеш.
11. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:

А) Данияр ойнап отыр. В) Данияр үйді жинады.

С) Данияр ойнады. Д)Данияр жинады.
12. Қаратпа сөзді тап:

А) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз.

В)Алма, алманы әкел.

С)Немене, риза емемспісің?

Д)Амал қанша, осылай болды.
13. Баяндауышын тап:

А)Біз. В) Бейбітшілікті. С)Үнемі. Д)Сүйеміз.


14. Бір сөзден тұратын сын есімнің атауы:

А)күрделі сын есім. В) дара сын есім.

С) түбірлес сын есім. Д)бір сөзден тұрмайды.

15. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:

А)-ау, -еу. В)-ыншы, -інші, -ншы,-нші.

С)-тан, -тен. Д)жұрнақ болмайды.


16. Жалқы есімі бар сөйлемді көрсет;

А)Адам ұлы адамша өмір сүрсін.

В)Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.

С)Жаңа кітаптар алмақ болып, мен дүкенге бардым.

Д)Ғылым таппай, мақтанба.


17. Ф-қандай дыбыс?

А)ұяң, дауыссыз. В)дауысты. С)қатаң дауыссыз. Д)үнді дауыссыз


18. Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін анықта;

А)шылау. В)үстеу. С)етістік. Д)бастауыш.


19. Жалғау жалғанған сөз:

А)кәсіпкер. В)ғалымның. С)білім. Д)жылқышы.


20. Қате жазылған сөзді тап:

А)жию. В)қиу. С)жою. Д)жантаю.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет