1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жердің сандық және сапалық есебі, жер есебін жүргізу



Pdf көрінісі
бет79/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

6.3 Жердің сандық және сапалық есебі, жер есебін жүргізу
әдістемесі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің
қағидалары бойынша 20.06.2003 жылғы Қазақстан Республикасының Жер
кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу
тәртібін белгіленді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік
органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер
учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Кадастрды жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға
жатады және оны мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
Кадастрды жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің
шекараларын белгілеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөніндегі жобаларды,
бүлінген жерді рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер
учаскелерінің шекараларын белгілеу;


101
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық ішіндегі
жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
4) жерді түгендеуді жүргізу жатады.
Жер кодексінің 152-бабының 7-бөлігіне сәйкес Кадастрдың деректерін
есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған,
белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастарының субъектілеріне
бекітілген жер учаскесі болып табылады.
Кадастрда әрбір жер учаскесі үшін оны кеңістікте бірмәнді бөлуге,
мөлшерін және орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін
сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ учаскенің кадастрлық бағалау
құны белгіленеді.
Кадастрдың құрамына жер учаскесінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылар туралы ақпарат кіреді.
Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген нөмірі,
орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілетін жер-
кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге
меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды
пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға
жатады.
Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде
бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзiледi.
Жердi сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және
пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгерiстер олар жергiлiктi жерде
болғаннан кейiн тiркеледi.
Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-
кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзiледi.
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы
бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала бойынша
қалыптастырылады.
Бұл peттe ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер
орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.
Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер
алқаптарының
түрлерi
бойынша
жүргiзiледi.Жердiң
мөлшерi,
орналасқан жерi, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды
бастапқы есепке алу кезiнде тiркелер, ал жердiң құрамында, олардың
сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерiстер жердiң ағымдағы
есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
Жердiң сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау:
-мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмдiлiгiн
анықтау;
-жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн
жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау;
-салық салу;


102
-жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн ерiксiз алу кезiнде және
иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен
анықтау мақсатында жүргiзiледi.
Жердiң сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәлiметтер әрбiр
жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет