БӨКЕЙХАН, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866–
1937)
— XIXғ. соңы мен XXғ. басындағы қазақ
зиялыларының,
қоғам
және
мемлекет
қайраткерлері
қатарындағы ерекше тұлға, ұлт-азаттық қозғлысы көсемі
және Алаш партиясы, Алаш-Орда үкіметінің төрағасы,
публицист, ғалым, аудармашы. Қазіргі қазақтың саяси ой
тарихында айшықты орны бар ұлы тұлға болып қала бермек.
БРУНО, Джордано Бруно, Филиппо, лақап аты — Бруно
Ноланец; (1548–1600) — итальяндық доминикандық-монах,
философ әрі ақын, пантеизм өкілі. Шығармалары: «6-
диалог», «Идеялардың көлеңкесі туралы», «Себептілік,
бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың
шексіздігі туралы» және т.б. Оның пікірінше, табиғаттан тыс
ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал
қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен
дамиды. Әлем мен Құдай бір. Әлем – универсум (әмбебап бастама), жалғыз
мәнділік.
БУБЕР, Мартин (Мардохай) Бубер (1878–1965) — еврей
діни ойшылы, жазушы, философ-экзистенциалист. 1923
жылы «Мен және Сен» атты танымал еңбек жазған. 1960-
1962 жылдар аралығында Израиль ғылым академиясының
президенті.
Шығармалары: «Избранные произведения». -
Иерусалим, «Два образа веры», «Хасидские предания».
БУЛГАКОВ, Сергей Николаевич Булгаков (1871–1944) —
орыс ортасынан шыққан философ, теолог, Православия
шіркеуінің священнигі, әрі экономист. Ол барлық
христиандық шіркеулердің бірігіп, біріңғай христиандық
«экумендік» Шіркеу құру идеясын таратты.
Шығармалары:
«От марксизма к идеализму», 1903; «Два града», 1911;
«Философия хозяйства», 1912; «Свет невечерний», 1917;
«Купина неопалимая», 1927; және т.б.
269
Достарыңызбен бөлісу: |