1. Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi:
1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;
2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
3) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;
4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау;
7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;
8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;
9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;
11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.
2. Орман қорғау — орманды зиянкестерден, орман ауруларынан және табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар кешені, жер үсті және ауа әдістерімен жүзеге асырылады.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және аффинаждау саласындағы мемлекеттік қадағалау – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тексеру және тексеру субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау жөніндегі қызметі, оларды іске асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қоса алғанда, заңмен шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |