1. «Бит» дегеніміз: а бір символдың жадыдағы орны



Дата07.07.2016
өлшемі84 Kb.
#183712
Информатика

2-нұсқа
1. «Бит» дегеніміз:

А) бір символдың жадыдағы орны.

В) екілік санның бір разряды.

С) 0-ден 256-ға дейінгі сандарды жазуға арналған ақпарат мөлшері.

D) екілік санның сегіз разряды.

Е) кодтау кестесі.
2. 28 ондық саны он алтылық санау жүйесінде жазылу түрі:

А) 1С16.

В) 11216.

С) 21116.

D) 2F16.

Е) A16.


3. Өңделген ақпаратты сақтау үшін қай жады қажет:

А) Ішкі.


В) Оперативті.

С) Тұрақты.

D) КЭШ.

Е) Сыртқы.


4. «Драйвер» дегеніміз:

А) компьютерді басқаратын құрылғы.

В) компьютердің сыртқы құрылғыларының жұмысын басқаратын бағдарлама.

С) принтерге қосымша құрылғы.

D) ақпараттарды басқаратын бағдарламалар кешені.

Е) дыбыстық құрылғыларды басқару.


5. Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы:

А) пернетақта.

В) монитор.

С) принтер.

D) жүйелік блок.

Е) бейнекарта.


6. Модем құрылғысы:

А) компьютерге графикалық бейнелерді енгізуге арналған.

В) телефон желісі арқылы ақпаратты үлкен арақашықтарға тасымалдауға арналған.

С) компьютер басқаруымен графиктер, диаграммалар және суреттер салуға арналған.

D) баспаға суреттер, графиктер және мәтіндер шығаруға арналған.

Е) Процессор мен сыртқы құрылғыларды қосуға арналған.


7. Сөйлемді толықтырыңыз:

«Немесе» жалғаулығының көмегімен бірігу ... деп аталады

А) логикалық қосу

В) логикалық көбейту

С) логикалық терістеу

D) логикалық бөлу

Е) логикалық азайту
8. Егер х=1, у=1 болса х «және» у мәні:

А) 0.


В) 2.

С) 1.


D) 10.

Е) 11.
9. Windows амалдық жүйесінің ең маңызды ерекшелігі:

А) Командалық интерфейсті жүйе.

В) Тек бір ғана пайдаланушының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

С) Жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешеді.

D) Тұйық жұмыс ортасы, графикалық көптерезелі интерфейсті жүйе.

Е) Бір уақытта бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
10. Windows жүйесіндегі файл атындағы символдар саны:

А) 0-ден 256-ға дейін.

В) 8.

С) 128-ден аспайды.



D) 1-ден 255–ке дейін.

Е) 16.
11. Ашық тұрған белсенді терезені жабу үшін басылатын пернелер комбинациясы:

А) Ctrl + F5.

В) Shift + F1.

С) Tab + F5.

D) Alt + F4.

Е) Alt + F9.
12. Windows-тің қалыпталған тобына жатпайтын бағдарлама:

А) Word Pad.

В) Paint..

С) Блокнот.

D) Power Point.

Е) Калькулятор


13. Word процессорында беттің параметрін орнатуға арналған командалар мен әрекеттер:

А) Беттің параметрі автоматты түрде қосылады, оны өзгерту мүмкін емес.

В) Кірістіру - Бет параметрлері.

С) Кірістіру - Бет параметрлері - Қажет параметрлерді орнату – OK.

D) Сервис - Бет параметрлері - Қажет параметрлерді орнату – OK.

Е) Файл - Бет параметрлері - Қажет параметрлерді орнату – OK.


14. WORD процессорында сақталған файлдың кеңейтілімі:

А) *.exe.

В) *.doc.

С) *.xls.

D) *.com.

Е) *.ppt.


15. WORD процессорында сөзді ерекшелеу үшін, сол сөзде ...

А) тышқанды сөздің оң жағынан екі рет шерту керек.

В) тышқанды бір рет шерту керек.

С) тышқанды үш рет шерту керек.

D) Аlt пернесін басулы күйде ұстап тышқанды шерту.

Е) Shift пернесін басулы күйде ұстап тышқанды шерту.


16. Сөйлемді толықтырыңыз:

Векторлық кескін ... тұрады.

А) пиксельден.

В) сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілерден.

С) математикалық формулалардан.

D) жеке кескіндерден.

Е) қабаттардан.
17. Paint графикалық редакторында түстер палитрасын мынадай іс-әрекет көмегімен көрсетуге болады:

А) Файл – Түстер палитрасы.

В) Көрініс – Түстер палитрасы.

С) Түзету – Түстер палитрасы.

D) Анықтама – Түстер палитрасы.

Е) Сурет – Түстер палитрасы.


18. Сөйлемді толықтырыңыз:

Электрондық кесте бағандары ... белгіленеді.

А) қазақ алфавитінің әріптерімен.

В) сандармен.

С) A-дан Z-ке дейінгі латын әріптерімен.

D) A-дан Z-ке дейінгі әріптермен және AA-дан IV-ге дейінгі екі әріп комбинацияларымен.

Е) белгілі бір кодтармен.
19. Электрондық кестедегі ұяшықтың дұрыс адресін көрсетіңіз:

А) 56A.


В) F12F.

С) 6IV.

D) AZ15.

Е) A5:A8.


20. Электрондық кесте ұяшығына енгізілетін мәліметтерді көрсетіңіз:

А) сан, мәтін, формула, сурет.

В) сан, мәтін, формула.

С) сан, формула, дыбыс, сурет.

D) мәтін, формула, уақыт/дата.

Е) формула, функция.


21. А1:А12 блогындағы сандардың қосындысын табу үшін қолданылатын функцияны көрсетіңіз:

А) СУММ(al;a12).

В) =ПРОИЗВЕД(al:a12).

С) CРЕД(al:a12).

D) =СУММ(al:a12).

Е) MULT(al:a12).


22. Сөйлемді толықтырыңыз:

Excel үнсіз келісім бойынша санды ... туралайды

А) ортаға.

В) сол жақ шеті бойынша.

С) оң жақ шеті бойынша.

D) сол жақ шеті және оң жақ шеті бойынша.

Е) ені бойынша.
23. Excel –де сандардың арифметикалық ортасын табу функциясы:

А) =МОДА().

В) =СРГАРМ();

С) =СРЗНАЧ();

D) =СРГЕОМ();

Е) =СРЗНАЧА().


24. Excel –де автотолтыру арқылы енгізілетін тізім жасау үшін:

А) Формат – Тізім командасын орындап, қажетті тізім түрін таңдау.

В) Көрініс – Тізім командасын орындап, қажетті тізім түрін таңдау.

С) Сервис – Параметры – Тізім командасын орындап, қажетті тізімді енгізу керек.

D) Сервис – Тізім команадасын орындап, қажетті тізімді енгізу керек.

Е) Автоматты түрде өзі толтырылады.


25. Power Point презентациясында слайдтардың орналасу ретін мына режимде ауыстырған ыңғайлы:

А) Кәдімгі (жай) режимде.

В) Слайдтарды сұрыптау режимінде.

С) Слайдтарды көрсету режимінде.

D) Слайд режимінде.

Е) Слайдтардың ауысу режимінде.


26. Power Point презентациясында жаңа слайд қосу үшін:

А) Формат – Слайд құру командасын орындау.

В) Кірістіру – Слайд құру командасын орындау.

С) Көрініс – Слайд қосу командасын орындау.

D) Файл - Құру командасын орындау.

Е) Enter пернесі арқылы.


27. Дыбыстық файлдардың кеңейтілімі:

А) .doc, .txt, .rtf.

В) .com, .exe

С) .avi, .wmf, .mpeg

D) .wav, .mp3

Е) .bmp, .jpg


28. Мультимедиа құралдары дегеніміз:

А) компьютермен өңделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру (визуалды) және дыбыстық мәліметтердің комбинациясын атайды.

В) мәтіндік бағдарламаларды атайды.

С) электрондық кестелермен жұмыс жасайтын бағдарламаларды атайды.

D) желілік бағдарламаларды атайды.

Е) сурет салу және оны өңдеуге арналған бағдарламаларды атайды.


29. Сөйлемді толықтырыңыз:

Жергілікті желіге қосылған компьютерге қатынау үшін … білу керек.

А) компьютердің атын.

В) ортақ қатынауды.

С) желілік қорды.

D) парольді.

Е) желінің атын.

30. Интернет ресурстарын қарап, көруге арналған бағдарламалардың ортақ атауы:

А) провайдерлер.

В) браузерлер.

С) драйверлер.

D) утилиттер.

Е) желілік бағдарламалар.
31. Желіге қосылған компьютерлердегі тұрақты адресті көрсетіңіз:

А) URL адресі.

В) ІP адресі.

С) DNS адресі.

D) SRL адресі.

Е) USENET.


32. Файлдық вирустардың сипаттамасы:

А) .com және .exe кеңейтулері бар файлдарды зақымдайды.

В) дискілердің жүктелу секторларын зақымдайды.

С) Компьютердің бастапқы жүктеу программаларын зақымдайды.

D) өздігінен көбейеді.

Е) компьютер драйверлерін зақымдайды.


33. Антивирустық детектор-бағдарламалардың қызметі:

А) зақымдалған файлдарды тауып, емдейді.

В) тек зақымдалған файлдарды табады.

С) зақымдалған файлдарды бірден жояды.

D) ешқандай операция орындамайды.

Е) антивирусты жаңартады.


34. Архивтелген файлдың алғашқысынан айырмашылығын көрсетіңіз:

А) Ол вирустардан қорғалған.

В) Ол рұқсатсыз қолданылудан сақталған.

С) Оған тез қол жеткізуге болады.

D) Ол аз орын алады.

Е) Оның атауы өзгереді.


35. Меншіктеу командасының жазылу үлгісі:

А) айнымалы= өрнек.

В) айнымалы := өрнек.

С) өрнек:= cан.

D) айнымалы= айнымалы.

Е) өрнек := өрнек.


36. Бүтін типті сандардың сипатталуы:

А) char, string.

В) byte, shortint, integer, word, longint.

С) integer, real.

D) boolean.

Е) real, single, double, extended, comp.


37. 198 санынан 8 цифрын бөліп (жекелеп) алу амалын көрсетіңіз:

А) 198 DIV 10.

В) 198 MOD 10.

С) 198 DIV 100.

D) 198 MOD 100.

Е) 198/10-10.


38. Trunc(x) функциясының қызметі:

А) нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.

В) нақты санның бүтін бөлігін береді.

С) бүтін типке көшіреді.

D) х-тің алдындағы элементті табады.

Е) х-тен кейінгі элементті табады.


39. Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы:

А) модель мен бағдарламалық құралдар көмегімен жасалатын шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты.

В) нақты объектіні ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

С) ноталар, химиялық формулалар.

D) схемалар, графиктер, кестелер.

Е) илюстрациялар, ауызша және жазбаша сипаттаулар.


40. Қолданылу аймағына қарай модельдердің топтарға жіктелуі:

А) таңбалық, вербальдік.

В) оқу моделі, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық.

С) статистикалық, динамикалық.



D) материалдық, ақпараттық.

Е) ауызша, математикалық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет