1-бөлім. Жалпы ережелер



бет1/2
Дата15.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#136376
  1   2




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы _______________

№ ________ бұйрығымен

бекітілген




Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)




1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі - БТБА) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті, көмірді қайта өңдеу және магистральдік труба құбырларына қызмет көрсету» бөлімінен тұрады.

2. Бұл шығарылымның шығуы өндіріс технологиясына енген өзгерістер, өндірістегі ғылыми-техникалық прогрестің ролінің артуымен, жұмысшылардың біліктілігінің, арнайы және дайындықтарының, сапа, ішкі және сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеті деңгейіне қойылатын талаптардың өсуімен, еңбекті қорғауымен байланысты.

3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

6. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

8. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қолданудың, разрядтарды берудің және арттырудың, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі БТБА І шығарылымында берілген Жұмыстар мен халық шаруашылығы жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының «Жалпы ережелерінде» келтірілді.

10. Технологиялық жабдықтар мен өндірістердің санаттар бойынша тізбесі БТБА-ның (34-шығарылым) қосымшасында келтірілген.

11. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (2-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

12. «Мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті, көмірді қайта өңдеу және магистральдік труба құбырларына қызмет көрсету» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 34 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1986 жылғы редакциясында берілген.



2-бөлім. Мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті, көмірді қайта өңдеу және магистральдік труба құбырларына қызмет көрсету
1. Пешті толтырушы және босатушы
Параграф 1. Пешті толтырушы және босатушы, 3-разряд
13. Жұмыс сипаттамасы:

сланецті пешке белгіленген сызба бойынша тиеу және сланецтің бетін тегістеу;

вагондарды беру және туннель пешінен әкету;

жартылай коксті вагондардан түрлі қотарғыштармен түсіру;

вагондарды сланецті тиеуге беру;

дабылдатқыш щитін қадағалау;

тиеу-түсіру құрылғыларын қосу және тоқтату;

вагондар мен үрлеме патрубкалардың торлары мен тор астындағы кеңістіктерін тазалау;

қызмет көрсететін пеш пен жабдықты ағымдық жөндеуді орындау.

14. Білуге тиіс:

сланецті туннель пештерінде қайта өңдеудің технологиялық процесін;

барабанды грохоттардың, туннельді пештердің, пневматикалық жүйенің, дабылдатқыштың, сланец тиелген вагондарды пешке беру учаскесіндегі көлік құралдарының құрылымын;

гидравликалық және су коммуникацияларының сызбасын;

көлік құралына қызмет көрсету ережесін;

тиеудің шығарылатын өнім сапасына әсерін;

слесарь ісі негіздерін

Параграф 2. Пешті толтырушы және босатушы, 4-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай кокстеу мен камералық пештерді көмірмен және сланецпен толтыру;

пештердегі көмір мен сланецтің деңгейін өлшеу;

мыналарды: көмір мен сланецтің шахта мен камералардың қималары бойынша біркелкі түсуін, пештің жоғары және төмен бөлігіндегі температура мен қысымды, тиеу және түсіру механизмдерінің жұмысын, жартылай кокс пен коксті суыту процесін реттеу;

коксті кокс қоректендіргіштерге твсымалдау;

ілікпе кезінде көмірді көсеу;

тиеу вагондары мен конвейерлердің жұмысын үйлестіру;

қисық мұржалы газ жинау арналары камераларын тазарту;

материалды жіктер мен люктерді тығыздау;

жұмыстағы ақауларды жою;

тиеу вагондары мен тиеу құрылғыларын ағымдық және күрделі жөндеуге қатысу;

өндірістік журналға жазба жүргізу.

16. Білуге тиіс:

сланецті камералық пештерде жартылай кокстеу мен қайта өңдеудің технологиялық процесін;

көмір мен сланецтің, жартылай кокстің, кокстің, шайыр мен газдың негізгі қасиеттерін;

камералық және жартылау кокстеу пештерінің, қызмет көрсететін жабдықтың, механизмдердің, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, пештердің температуралық және гидравликалық жұмыс режимін;

жартылай кокс пен коксті тиеу және тасымалдау жүйесін;

тиеу процесінің пештің өнімділігіне әсерін;

сланецтен газ бен май шығымына әсер етуші факторларды;

слесарь ісін.

2. Кокс тазалаушы
Параграф 1. Кокс тазалаушы, 3-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:

трубалы пештердің, өткізуші және қалдықты труба құбырларының, туннельді пештердің трубалары мен ретурбенттерін пневматикалық турбиналармен кокс пен ластан тазарту;

аппараттарды, реакционды камераларды, ректификационды ұстындарды, булағыштар мен тағы басқа қолмен тазалау;

пеш сыңарларын ашу және жабу;

кокс тазалаушы пневматикалық турбинкалардың бойкаларын қайрау.

18. Білуге тиіс:

трубалы пештердің, конденсаторлардың, тоңазытқыш- тардың, ұстындар мен кезеңдеп тазаланатын басқа да аппараттардың құрылымын;

коксті пневматикалық турбинканы пайдалана отырып тазалау ережесін;

турбинка құрылымын және оны жөндеу ережесін;

слесарь ісін.

3. Кокс түсіруші
Параграф 1. Кокс түсіруші, 3-разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:

коксті кубтерден қолмен немесе шығырдың және басқа да механизмдердің көмегімен түсіру;

кубтен түсірілген коксті сумен салқындату, оны саны мен кесек мөлшеріне қарай сұрыптау;

коксті вагонеткаға тиеу, қоймаға тасымалдау және штабельге салу;

люктерді ашу, жабу жұмыстарына қатысу және кубтардағы ілмектерді жинау.

20. Білуге тиіс:

коксті түсірудің тәртібі мен ережесін;

коксті сұрыптау, тиеу, қоймалау мен сақтау ережесін.

4. Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылаушы

Параграф 1. Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылаушы, 4-разряд


21. Жұмыс сипаттамасы:

қабылданатын,сақталатын және өткізілетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттер мен тауарлы өнімнің сапасын, бақылау сынамаларының алынуы, актілердің ресімделуі дұрыстығын, мұнай, мұнай өнімдері құйылатын тараның даяр болуын, сухогруздер мен реагенттердің таралануын бақылау;

бүліну мен қайта сұрыптаудан сақтандыратын іс-шараларды әзірлеуге, тұтынушылардың жеткізушілерге мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттер мен тауарлы өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарын қарауға қатысу;

мұнай өнімдерінің, жартылай фабрикаттардың сапасын дұрыстау технологиясын әзірлеу және сапаны дұрыстау жұмысына басшылық ету.

22. Білуге тиіс:

мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттер мен тауарлы өнімнің түрлерін, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін;

резервуарлы паркті, эстакаданы, айлақты технологиялық байламдауды;

қойма орынжайларының орналасу жоспарын;

резервуарларды, қойма орынжайларын өнім қабылдауға дайындау ережесін;

сынама алу МС пен техникалық шарттарын және талдау жүргізу әдістемесін;

бақылау сынамаларын ресімдеудің тәртібі мен бақылау сынамаларын сақтау мерзімдерін;

мұнайды, мұнай өнімдері мен реагенттерді цистерналарға, баржаларға және танкерлерге құюдың тәртібін, сухогрузды тараға буып-түю ережесін.

5. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист
Параграф 1. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 3-разряд
23. Жұмыс сипаттамасы:

этилдендірілген және этилдендірілмеген бензиндердің және керосиннің октан сандарын, дизельді отынның цетан сандарын анықтау жөніндегі әдістемелерде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген іштен жану қозғағыштарына қызмет көрсету;

этил сұйығын отынға және присадкаларды майға дозалау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

күйені түсіре отырып қозғағышты қайта өңдеуге және жабдықты жөндеуге қатысу;

сынау кезінде пайда болатын ақауларды біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен анықтау және жою;

сынақ журналын жүргізу.

24. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін генераторлардың, электр қозғағыштардың, отын насостарының, аспаптар мен көмекші механизмдердің құрылымы мен пайдалану ережесін;

сыналатын отын мен мұнай өнімдерін өндіру технологиясын;

отын құрамының октан сипатына әсерін және тетраэтил қорғасынға сезгіштігін;

қондырғы формулярына жаза отырып, қозғағыштың жұмыс есебін жүргізу ережесін;

отынды, майларды, жақпалар мен присадкаларды сынауға арналған мемлекеттік стандарттар мен әдістемені;

жазба журналын жүргізу ережесін;

слесарь ісі негіздерін.

Параграф 2. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 4-разряд


25. Жұмыс сипаттамасы:

сыртқы сипаттамаларын түсіре отырып, отын мен мұнай өнімдерінің қозғағышпен сынау жөніндегі әдістемеде немесе Мемлекеттік стандарттарда

( бұдан әрі – Мемстанд) көзделген іштен жану қозғағыштарына қызмет көрсету;

майлардың, жақпалар мен присадкалардың жуу, қышқылдандыруға қарсы және басқа да қозғағыштық қасиеттерін анықтау;

қозғағыштарды сынаққа дайындау;

детонация, электронды детонометрлердің, ұшқындату және шашырату индикаторларының датчиктерін реттеу;

алғашқы эталонды және бақылау отынын дозалаумен жасау;

ауыспалы шәкілдерді алғашқы эталонды отыннан екіншісіне түсіру;

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен отын және мұнай өнімдерінің сұрыптылығын анықтау, күрделі қозғағыш сынақтарын жүргізу және майларды сыныптау;

қозғағышты сынау стендіне орнату, оны монтаждау және демонтаждау;

қозғағыштарды ағымдық жөндеуді орындау және орта, күрделі жөндеуге қатысу;

түгендеме кезінде қозғағышты бөлшектеу, қарау және құрастыру;

алынған нәтижені эталондық шәкілмен салыстыру арқылы бағалау.

26. Білуге тиіс:

отын және мұнай өнімдерін сынау жөніндегі машиналар мен қондырғылардың, детонация, детонометрлердің, ұшқындату және шашырату индикаторларының датчиктері мен басқа да аспаптардың құрылымын, оларды реттеу ережесін;

алғашқы эталонды және бақылау отынын дозалаумен жасау ережесін;

мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін;

қозғағыш сынақтарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік стандарттар мен әдістемені;

қолданылатын металлдардың, балқымалар мен металл емес материалдардың негізгі қасиеттерін;

сынақ журналы мен жөндеу карталарын жүргізу ережесін;

слесарь ісін.

Параграф 3. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 5-разряд


27. Жұмыс сипаттамасы:

отын, май, жақпалар мен присадкаларды қозғағышпен күрделі біліктілік сынақтарын жүргізу кезінде әдістемеде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген іштен жану қозғағыштарына қызмет көрсету;

динамикалық жағдайлардағы термиялық тұрақтылықты және отынның сұрыптылығын анықтау;

майларды сыныптау;

агрегаттар мен аспаптар жүйелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес реттеу;

қозғағышты орта және күрделі жөндеуді жүргізу, сынау нәтижелерін бағалау және мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сыныптау;

сынақ стенділерін монтаждау және демонтаждау;

құрастыру сызбаларын, қозғағыш пен стенді жабдығының сызбасын оқу.

28. Білуге тиіс:

іштен жану қозғағышының, отын мен мұнай өнімдерін сынау жөніндегі қондырғылардың құрылымын;

бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесін;

қозғағыштардың, сынақ стенділерінің жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою әдістерін;

сынақ хаттамалары мен жөндеу карталарын ресімдеуді.

Параграф 4. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 6-разряд


29. Жұмыс сипаттамасы:

сыналатын үлгіні кейіннен сыныптай отырып эталондық қозғағыш сынақтарын жүргізу кезінде әдістемеде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген іштен жану қозғағыштарына қызмет көрсету;

термореттеудің барлық стенділік жүйелерін баптау;

электр және тежегіш құрылғыларын реттеу және таралау;

сынау кезінде анықталған ақауларды жою;

микрометраж жүргізе отырып бөлшектерді құрастыру, шабақтау және жетілдіру;

қозғағыштың механикалық КПД тозуын анықтау үшін өлшеулер жүргізу;

қозғағыш пен сынау стендін орта және күрделі жөндеу;

біліктілігі анағұрлым төмен машинистерге басшылық ету.

30. Білуге тиіс:

іштен жану қозғағыштарының конструктивтік ерекшеліктерін;

қозғағышпен сынау әдістерін;

қозғағыш пен сынау жүйесін бақылау-өлшшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу әдістерін;

тезегіш құрылғыларын таралау тәсілдерін;

сынақ нәтижелерін бағалау әдістерін;

қозғағыш пен оның механикалық КПД бөлшектерінің тозуын есептеу әдістерін;

микрометраж өндірісін және сынақ хаттамалары мен микрометраждық, жөндеу карталарын жүргізуді.

6. Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының машинисі


Параграф 1. Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының

машинисі, 3-разряд


31. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 1 мың т. дейінгі таратып бөлу мұнай базалары жабдығын басқару;

жабдықты тазалу;

майлау және бекіту;

жабдықтың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау;

машина жұмысындағы кемшілікті естумен анықтау;

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен мұнай мен мұнай өнімдерін айдау насостарына, насос стансаларына, компрессорларға, іштен жану қозғағыштарына, бу қазандарына, жылжымалы электр стансаларына, бу қазандықтарына, резервуарлық парктерге, труба құбыры коммуникацияларына, ағызу-құю теміржол және автоқұю эстакадалыра мен мұнай айлақтарына қызмет көрсету;

цистерналар мен кемелерді қоюға және жинауға, тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу;

ауыспалы көпіршелерді көтеру және түсіру;

труба құбырындағы люктерді ашу және жабу;

төменгі ағызу аспаптарын қосу, штангілерге май құю.

32. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;

вагон-цистерналар мен кемелерді қою ережесін;

электромеханика мен слесарь ісі негіздерін;

бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен құрылымын.

Параграф 2. Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының

машинисі, 4-разряд


33. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 1 мыңнан 20 мың т. дейінгі таратып бөлу мұнай базалары жабдығын басқару;

мұнай мен мұнай өнімдерін айдау насостарына, насос стансаларына, компрессорларға, іштен жану қозғағыштарына, бу қазандарына, жылжымалы электр стансаларына, бу қазандықтарына, резервуарлық парктерге, труба құбыры коммуникацияларына, ағызу-құю темілжол және автоқұю эстакадалары мен мұнай айлақтарына қызмет көрсету;

мұнай өнімдерін қайта айдау, теміржол цистерналарына құю-ағызу, резервуардан резервуарға базаішілік қайта айдау кезінде қозғағыштар мен насостардың жұмыс режимін ерттеу;

қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық қарау, ақауларын анықтау, ағымдық және күрделі жөндеу,майлау, қосу және тоқтату;

цистерналар мен кемелерді техникалық қарау;

қозғағыштардың, генераторлардың, реттеуші аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының, жылжымалы электр стансаларының, бу қазандығы насостарының, компрессорлардың, труба құбырлары коммуникацияларының жұмысын қадағалау;

мұнай базасы жабдығын монтаждауға және демонтаждауға қатысу;

насостардың, компрессорлардың, қозғағыштар мен мұнай базасының басқа да жабдықтарының жұмысын есепке алу.

34. Білуге тиіс:

мұнай өнімдерін қабылдаудың, сақтаудың және жіберудің технологиялық процесін;

мұнай базасы жабдығын, нефтебазаны, резервуарларды техникалық пайдалану ережесін;

насостардың, іштен жану қозғағыштарының, электр қозғағыштарының құрылымын;

насос стансаларының, бу қазандықтарының, электр стансаларының, жаппа арматураның және бақылау-өлшеу аспаптарының жабдығын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

гидравлика, механика, жылу техникасы, электротехника жөніндегі негізгі деректерді;

слесарь және ұста істерін;

насосты, резервуарлық паркті, бөліп құю және ағызу-құю эстакадаларын, насос стансаларын қашықтықтан басқару сызбасы мен электр жетекті жаппа арматурасын технологиялық байламдау сызбасын;

мұнай базасының механизмдері мен басқа да жабдығының жұмысындағы ақаудың себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін;

қайта айдалатын мұнай өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттерін;

жағармай материалдары мен отынның шығыс нормаларын.

Мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 20 мыңнан 100 мың т. дейінгі таратып бөлу мұнай базалары жабдығын басқару кезінде - 5-разряд.

Мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 100 мыңнан 150 мың т. дейінгі таратып бөлу мұнай базалары жабдығын басқару кезінде - 6-разряд.

7. Технологиялық компрессор машинисі
Параграф 1. Технологиялық компрессор машинисі, 4-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай-газ өндіру шаруашылықтарының компрессорлы стансадағы магистралді мұнай-газ өнімдерінің желілеріндегі инертті, табиғи мұнайлы және жасанды газдарды компримерлейтін түрлі жетектермен компрессорларға қызмет көрсету;

жөндеуден және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерінен кейін, технологиялық картаға сәйкес компрессорлар жұмысының тәртібін іске қосу, тоқтату және реттеу;

газды коммуникациялар мен аппараттарға қызмет көрсету;

олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және тоқтату;

ауысымдағы машинисттер бригадасына басшылықты жүзеге асыру, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылау;

өндірістік журналдарда жанар-жағармай материалдар шығысының есебін және жазбасын жүргізу.

36. Білуге тиіс:

газды тасымалдау технологиясын;

компрессорлардың, олардың жетектерінің, автоматика құралдарының, машиналар мен аппараттарды бақылау және қорғау аспаптарының құрылымын; қосалқы жабдықтың, газ коммуникацияларының құрылымы мен пайдалану ережесін;

компрессорлар мен олардың жетектерінің және цехтердің теориялық жұмыстарының негізін;

цехаралық коммуникациялар мен цехтің труба құбырларының орналасу сызбасын;

релейлі қорғаныс және автоматика құралдарының сызбасы мен пайдалану ережесін;

газды-қауіпті жұмыстар өндірісінің инструкциясы мен ережесін;

жаппа арматурасы мен аппаратурасы, релейлі қорғаныс және автоматика құралдарының, компрессорлар мен олардың жетектерінің жөндеуі және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерін жүргізу технологиясы мен техникалық шарттарын;

жөндеуде қолданылатын материалдар мен оларды алмастырушыларын;

арнайы жұмыстарды орындауда қолданылатын айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының түрлерін.

Жалпы қуаттылығы 75000м3/сағ дейін газ моторлы порштық компрессорларға қызмет көрсетуде – 4 -разряд;

Жалпы қуаттылығы 75000м3/сағ жоғары газ моторлы порштық компрессорларға немесе жалпы өнімділігі 750000 м3/сағ дейін турбокомпрессорларға қызмет көрсетуде – 5 -разряд;

Жалпы өнімділігі 750000 м3/сағ жоғары турбокомпрессорларға қызмет көрсетуде – 6-разряд.

37. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

8. Технологиялық насос машинисі


Параграф 1. Технологиялық насос машинисі, 2-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:

насос стансаларына және магистралді труба құбырларында, қайта жөнелту базалары мен мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындарындағы мұнайды, мұнай өнімдері мен басқа да қоймалжың сұйықтарды қайта айдау және дайындау жөніндегі қондырғыларға қызмет көрсету: насостардың жұмысын, майлау, суыту және желдету жүйелерін, труба құбырларының, жаппалардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын қадағалау; насос стансасының технологиялық байламы сызбасын жұмысқа дайындау; біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қайта айдалатын өнімдердің ағуын жою:

сальниктерді қағу және салмаларды ауыстыру;

насостарды қосу, тоқтату және сүрту;

жаппаларды ашу және жабу;

сынама алу.

39. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін насос стансасының сызбасын;

насостардың жұмыс принципін;

насостардың және олардың құбырларының сипаттамаларын;

техникалық пайдалану ережесін;

механизмдерді майлау ережесін;

айдалатын сұйықтардың қасиеттерін;

жаппа арматура мен сақтандыру құрылғыларының орналасуын.

Параграф 2. Технологиялық насос машинисі, 3-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:

магистралді труба құбырларындағы немесе насостарының жалпы өнімділігі 500 м3/сағ. дейінгі қайта жөнелту мұнай базаларындағы мұнайды, мұнай өнімдері мен басқа да қоймалжың сұйықтарды қайта айдау және дайындау жөніндегі насос стансаларына қондырғыларға қызмет көрсету;

сомаланған жалпы өнімділігі 1000 м³/с. дейінгі мұнай, газ өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық насос қондырғыларына қызмет көрсету;

насос стансаларындағы және магистралді труба құбырларының технологиялық қондырғыларындағы, қайта жөнелту мұнай базалары мен мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындарындағы жалпы қуаты 500 кВт дейінгі электр қозғағыштарымен бірге насостарға қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптары бойынша электр қозғағыштарының жүктемесін, насостар мен труба құбырларындағы жұмыс қысымын, автоматика аспаптарының, майлау, суыту және желдету жүйелерінің, таратып бөлу құрылғыларын, жаппа арматураның жұмысын қадағалау;

электр қозғағыштарды қосу және тоқтату;

подшипниктерде майдың болуын тексеру;

подшипниктерді бөлшектеу, жуу, сүрту;

сақтандырғыштарды ауыстыру, айдалатын өнімнің ысырабын жою, электр жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь жұмыстарын орындау;

жабдықтың жұмыс режимін қадағалау.

41. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін насос стансасының, технологиялық жабдықтың, тауар паркінің, ұстап қалу шаруашылығының технологиялық процесі мен сызбасын;

бақылау-өлшеу аспаптарының, реттеуіштер мен механикаландыру құралдырының нысаны мен қолданылуын;

электротехник негіздерін;

гидравлика мен механика жөніндегі қарапайым деректерді;

жбадықтың жұмысындағы ақауларды және апаттарды жою тәсілдерін;

шартты дабылдату жүйесін;

электр жабдығын техникалық пайдалану ережесін және ток қабылдағыштар мен желілерге қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік ережесін;

электр материалдарының түрлерін, олардың қасиеттері мен қолданылуын;

электр қондырғыларын жерге қосу жүйесін;

электрмен жабдықтау сызбасын;

қосу құрылғылары мен таратып бөлу щиттерін;

трансформатор майларының нысаны мен қасиеттерін;

электр қозғағыштары мен электр аспаптарын қыздырудың шекті температурасы мен жүктемесін;

слесарь ісін.

Электр қозғағыштары мен таратып бөлу құрылғыларымен қызмет көрсету кезінде III топтағы рұқсаты болуға тиіс.

Параграф 3. Технологиялық насос машинисі, 4 –разряд
42. Жұмыс сипаттамасы:

магистралді труба құбырларындағы немесе насостарының жалпы өнімділігі 500 м³/с-ден 1000 м³/с дейінгі қайта жөнелту мұнай базаларындағы мұнайды, мұнай өнімдері мен басқа да қоймалжың сұйықтарды қайта айдау және дайындау жөніндегі насос стансаларына қондырғыларға қызмет көрсету;

сомаланған жалпы өнімділігі 1000-нан 3000 м3/сағ дейінгі мұнай, газ өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық насос қондырғыларына қызмет көрсету;

насос стансаларындағы және магистралді труба құбырларының технологиялық қондырғыларындағы, қайта жөнелту мұнай базалары мен мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындарындағы жалпы қуаты 500-ден 3000 кВт дейінгі электр қозғағыштарымен бірге насостарға қызмет көрсету;

ауамен суыту аппараттарының алкилирлеу қондырғылары контактор жетектеріне қызмет көрсету;

насос шықпасының берілген қысымын бақылау;

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен трансформатор шағын стансаларына қызмет көрсету.

43. Білуге тиіс :

ортадан тепкіш, поршеньді насостар мен түрлі жүйедегі және қысымдағы турбонасостардың құрылымы мен пайдалану ережесін;

жаппа арматуралы труба құбырларының, құдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен орналасуын;

насос стансасының барлық жабдығын қосу және тоқсату ережесін;

апаттың алдын лау тәртібі мен ережесін, насос стансасы жұмысының есебін жүргізуді;

слесарь ісін.

Электр қозғағыштары мен таратып бөлу құрылғыларын қызмет көрсету кезінде IV топтағы рұқсаты болуға тиіс.

Параграф 4. Технологиялық насос машинисі, 5 –разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:

магистралді труба құбырларындағы немесе насостарының жалпы өнімділігі 1000 м³/с-ден 1000 м³/с дейінгі қайта жөнелту мұнай базаларындағы мұнайды, мұнай өнімдері мен басқа да қоймалжың сұйықтарды қайта айдау және дайындау жөніндегі насос стансаларына қондырғыларға қызмет көрсету;

сомаланған жалпы өнімділігі 3000 м³/с жоғары мұнай, газ өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық насос қондырғыларына қызмет көрсету;

насос стансаларындағы және магистралді труба құбырларының технологиялық қондырғыларындағы, қайта жөнелту мұнай базалары мен мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындарындағы жалпы қуаты 3000 кВт жоғары электр қозғағыштарымен бірге насостарға қызмет көрсету;

таратып бөлу құрылғыларының трансформатор шағын стансаларына қызмет көрсету;

электр қозғағыштардың параметрлерін бақылау және реттеу;

магистральді насос агрегаттары мен электр қозғағыштар жұмысының оңтайлы режимдерін таңдау.

45. Білуге тиіс:

қозғағыштармен және әртүрлі жүйедегі насостармен жабдықталған қуаты үлкен насос стансалары мен технологиялық жабдықтардың құрылымын және пайдалану ережесін;

гидравлика, механика, автоматика, телемеханика негіздерін; насос стансасынының жұмысындағы ақауларды анықтау мен жоюдың әдістері мен тәсілдерін;

насос стансасынының жұмысының есебін жүргізудің ережесі мен нысандарын;

слесарь ісін.

Электр қозғағыштары мен таратып бөлу құрылғыларын қызмет көрсету кезінде V топтағы рұқсаты болуға тиіс.

Параграф 5. Технологиялық насос машинисі, 6 –разряд


46. Жұмыс сипаттамасы:

насос стансаларындағы және магистралді труба құбырларының технологиялық қондырғыларындағы, қайта жөнелту мұнай базалары мен мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындарындағы жалпы қуаты 3000 кВт жоғары электр қозғағыштарымен бірге насостарға қызмет көрсету;

насос стансасының барлық жабдығын қосу және тоқтату, жұмыс режимін реттеу;

насос стансасынының жұмысындағы ақауларды анықтау, алдын алу және мен жою;

біліктілігі анағұрлым төмен машинистің жұмысына басшылық ету.

47. Білуге тиіс:

қуаты үлкен насос стансалары мен электр қозғағыштардың және көмекші жабдықтың технологиялық жабдықтардың құрылымдық сызбасы мен пайдалану ережесін;

жоспарлы-аолдын ала жөндеудің мерзімі мен тәртібін;

жабдықты жөндеуге дефект ведомостарын жасауды;

қызмет көрсететін насос стансасының насостарына, қозғағыштарына;

бақылау-өлшеу аспаптары мен басқа да механизмдеріне түгендеме жасауды.

Электр қозғағыштары мен таратып бөлу құрылғыларын қызмет көрсету кезінде V топтағы рұқсаты болуға тиіс.

Қайта жөнелту мұнай базалары мен мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындарындағы жалпы қуаты 3500 кВт жоғары электр қозғағыштарымен бірге насостарға қызмет көрсету кезінде – 7-разряд.

9. Жер астындағы труба құбырларын коррозиядан қорғау

жөніндегі монтер
Параграф 1. Жер астындағы труба құбырларын коррозиядан қорғау

жөніндегі монтер, 4-разряд


48. Жұмыс сипаттамасы:

жер астындағы труба құбырларын электр қорғау құрылымдық элементтерін монтаждау, пайдалану және жөндеу;

труба құбырлары трассасында электр өлшеулер жүргізу;

топырақтың үлестік қарсылығын анықтау;

топырақ сынамасын алу;

катод қорғанысы автоматты емес стансаларды, жартылай өткізгіш түзеуіштердегі поляризация-ландырылған электр дренажды және протекторлық қондырғыларды пайдалану және оның параметрлерін реттеу, тіркеу.

49. Білуге тиіс:

катод стансаларының, поляризацияландырылған дренаждардың, оқшаулаушы фланцылардың құрылымын;

жер астындағы труба құбырларының әлеуеттілік жай-күйін өлшеу, топырақтың қарсылығы мен топырақ сынамасын алу әдістемесін;

катод қондырғыларын, электр дренаж және протекторлы қорғауды, оқшаулаушы фланцыларды орналастыруды;

жылжымалы бақылау-өлшеу құралдарымен жұмыс істеуді;

электротехниканың қарапайым негіздерін.

Параграф 2. Жер астындағы труба құбырларын коррозиядан қорғау

жөніндегі монтер, 5-разряд


50. Жұмыс сипаттамасы:

катод қорғанысы автоматты стансалары мен автоматты электр дренажды қондырғыларын монтаждау, пайдалану және жөндеу;

жерасты труба құбырлары мен адаспа ток көздерінде күрделі коррозиялық жағдайларда бақылау электр өлшеулерін жүргізу;

труба құбырлары мен адаспа ток көздеріндегі электр өлшеу деректерін өңдеу, «рельс – жер», «труба – жер», потенциал графигін құру, коррозиялың қатер дәрежесін анықтау;

труба құбырларының изолциялық жабындарын визуальдік және иструментальдік әдістермен анықтау;

труба құбырларының жекелеген учаскелерін қосымша қорғау қажеттігін анықтау;

труба құбырларын жөндеу кезінде изоляцияның ауыстырылуын бақылау;

коррозияға қарсы қорғаныс кезінде қолданылатын күрделілігі орташа өлшеу аспаптарын баптау және жөндеу;

труба құбырларына катод шықпаларын термиттік дәнекерлеу жұмыстарына қатысу.

51. Білуге тиіс:

автоматты катод қорғанысы стансалары мен автоматты электр дренажды қондырғыларының құрымымын және принципті сызбаларын;

жерасты коммуникациялары көп адаспа ток тараған аумақтардағы және адаспа ток көздеріндегі электр өлшеу әдістемесін;

қиыршықтардың коррозиялық белсенділігін анықтау әдістерін;

изоляциялық жабын типтерін және оларға қойылатын техникалық талаптарды;

электр өлшеуші тіркеуші және жартылай өткізгіш аспаптар мен электр қондырғыларының құрылымын с высокоомными вольтметрлермен, жерге қосуды өлшегіштермен, топырақ омметрлерімен, универсальді коррозия-өлшеу аспаптарымен, қышқылды және сілтілі аккумуляторлармен жұмыс істеу ережесін;

труба құбырларына катод шықпаларын термиттік дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу ережесін;

электротехника негіздерін.

Параграф 3. Жер астындағы труба құбырларын коррозиядан қорғау

жөніндегі монтер, 6-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:

катод қорғанысы автоматты стансалары мен жартылай өткізгіштер мен электронды сызбалардағы күшейтілген автоматты электр дренажды қондырғыларын монтаждау, пайдалану және жөндеу;

алғашқы және қайталама тізбе коммутациялардың күрделі сызбалы электрқорғанысын, күрделі көлденең электр сүзгі қондырғыларын монтаждау және баптау;

труба құбырларының изоляциялық жабындарын катодной поляризация әдісімен және электронды жабдықтардың көмегімен анықтау;

труба құбырларының зақымданған жерлері мен коррозиялық бұзылуын, оны ашпай анықтау;

қорғаныс потенциалының омдық және поляризациялық құрамдарын анықтау жөніндегі электр өлшеу;

қосымша қорғаныс құралдарының электр параметрлерін және олардың орнатылған жерлерін анықтау;

гармониялық құрамдастарды және олардың темір жол дабылдату жүйесіне әсерін анықтау өндірісі;

қондырғыларды квант генераторларын пайдалана отырып баптау және пайдалану;

коррозияға қарсы қорғаныстың күрделі өлшеу құралдарын баптау және жөндеу;

труба құбырларын коррозияға қарсы қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде бригаданың жұмысына басшылық ету.

53. Білуге тиіс:

катод қорғанысы автоматты стансалары мен жартылай өткізгіштер мен электронды сызбалардағы күшейтілген автоматты электр дренажды қондырғыларының құрылымы мен сызбасын;

алғашқы және қайталама тізбе коммутациялардың күрделі жүйелерінің құрылымы мен сызбасын;

түзетілген кернеудің гармониялық құрамдастарын электр өлшеу әдістемесін;

коррозияға қарсы қорғаныстың күрделі өлшеу құралдарының құрылымын;

күрделі көлденең электр сүзгі қондырғылары құрылымын;

белсенді электр қорғау құралдарын тиімді пайдалануды;

қорғаныс потенциалының омдық және поляризациялық құрамдарын анықтауды, радиотехника негіздерін.

Изоляциялық жабын (С-СА үлгісіндегі) жай-күйін контактісіз бақылау кешенімен, өлшеу нәтижелерін компьютерлік өңдей отырып жұмыс істеу кезінде - 7-разряд.

6 және 7-санаттар үшін орта кәсіптік білім талап етіледі.

10. Желілік аралап қараушы


Параграф 1. Желілік аралап қараушы, 3-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:

топырақ коррозиясынан және адаспа токтан электр қорғау құрылғысыз труба құбырының бір желілі учаскесін, су жинағыштарды, құдықтарды, жаппа арматурасын, байланыс желісін және сондағы басқа да құрылғыларды аралап қарау және қызмет көрсету;

берілген жолақ пен күзетілетін аймақта газ, мұнай және мұнай өнімдері ағыны анықталған кезде, аудандық басқармаға немесе мұнай және мұнай өнімдерін қайта айдайтын қайта айдаушы стансаға жедел хабарлау;

берілген жолақта шурф қазу, талдарды қырқу және шөпті шабу, жаға бекімелерін, бұта торларын, тас үйіндерді түзету;

трсассадағы құрылғыларға, оның ішінде құдықтар мен блок-пост ғимараттарына ағымдық жөндеу жүргізу;

өзіне бекітілген көлікке қзымет көрсету және оның сақталуына жауаптылық;

желілік аралап қараушының журналына және трубаларды коррозиядан электр қорғау журналына жазба жүргізу.

55. Білуге тиіс:

бір желілі труба құбыры трассасынның өзіне бекітілген учаскесін және ондағы құрылғылардың, жаппа арматурасы мен свечалардың орналасуын;

магистральдік труба құбырларын техникалық пайдалану ережесін;

байланыс және дабыл құралдарын пайдалану ережесін;

бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен нысанын;

крандар мен жаппалардың құлырымын және оларға қызмет көрсету ережесін;

берілген жолақ пен күзетілетін аймақты қадағалау ережесін;

слесарь ісі негіздерін;

газ, мұнай және мұнай өнімдері физикалық және химиялық қасиеттерін;

бекітілген көлікті пайдалану ережесін.

Параграф 2. Желілік аралап қараушы, 4-разряд


56. Жұмыс сипаттамасы:

топырақ коррозиясынан және адаспа токтан электр қорғау құрылғысы бар көп желілі труба құбырының өзеннен күрделі ауамен өтетін өтпелері бар бір желілі учаскесінің, су жинағыштарды, құдықтарды, жаппа арматурасын, байланыс, дабылдату желісін және сондағы басқа да құрылғыларды аралап қарау және қызмет көрсету;

телемеханика бақылау пункттері мен электр-химиялық қорғану нысандарын қадағалауды жүзеге асыру;

байланыс желілерін жөндеу;

труба құбырларындағы қысымды қашықтықтан бақылау аппаратурасына күтім жасау;

өзіне бекітілген көлікке қызмет көрсету және оның сақталуына жауаптылық;

желілік аралап қараушының журналына және трубаларды коррозиядан электр қорғау журналына жазба жүргізу.

57. Білуге тиіс:

бір желілік немесе көп желілік труба құбыры трассасының бекітілген учаскесін және онда орналасқан құрылғыларды:

телемеханика бақылау пункттері мен электр-химиялық қорғану нысандарының құрылымын;

өзендер мен құдықтардың көп желілік өтпелерін қайта қосу сызбасын;

слесарь ісін, бекітілген көлікті пайдалану ережесін

11. Газды таратып бөлу стансасының операторы
Параграф 1. Газды таратып бөлу стансасының операторы, 4-разряд
58. Жұмыс сипаттамасы:

автоматтандырылмаған газды таратып бөлу стансаларының (бұдан әрі - ГТС) немесе тәуліктік газ өнімділігі 1 млн.м3. дейінгі бақылау-таратып бөлу пункттерінің ( бұдан әрі - ГБТ) газды реттеу, өлшеу және есептеу аппараттарына, аспаптарына, автоматты жабдық жүйелеріне, газды тазалау және одаризациялау қондырғылары мен труба құбырлары коммуникацияларына қызмет көрсету;

газды тұтынушыларға берудің белгіленген режимін қамтамасыз ету;

аспаптарды, арматура мен аппараттарды қажетті қайта қосуларды белгіленген жұмыс режиміне сәйкес жүргізу;

газдың ағуын және аппараттардың, арматура мен аспаптар жұмысындағы ақауларды анықтау;

қысымды реттеуіштер мен есеп аспатрының жұмысын баптау және тексеру;

тіркеуші аспаптар мен тұтынушыларға берілетін газ есебі картограммаларын өңдеу;

аспаптарды Мемтексеруге тапсыруға дайындау;

жабдықтар мен ГТС, ГБТ коммуникацияларын ағымдық жөндеу және орташа жөндеуге қатысу. ГТС, ГБТ аумағындағы жабдықтарды, коммуникациялар мен орынжайларды таза ұстау;

одорант пен шаң ұстағыш майларының есебін жүргізу.

59. Білуге тиіс:

ГТС, ГБТ коммуникацияларының, аспаптар мен аппарттар байламдарының сызбасын;

жабдықтың, реттеу, есепке алу және бақылау аспаптары мен қысыммен жұмыс істейтін аппараттардың құрылымын мен пайдалану ережесін;

одорантпен жұмыс істеу ережесін және газды одаризациялау нормасын;

қысым реттеуіштері мен газды есепке алу аспаптарын баптау тәсілдерін.

Автоматтандырылмаған тәуліктік газ өнімділігі 1 млн.м³ жоғары ГТС, ГБТ жұмыс кезінде немесе автоматтандырылған тәуліктік газ өнімділігі 1 млн.м³ дейінгі ГТС, ГБТ қызмет көрсетудің барлық түрлерімен жұмыс кезінде - 5-разряд;

автоматтандырылған тәуліктік газ өнімділігі 1 млн.м³ жоғары ГТС, ГБТ қызмет көрсетудің барлық түрлерімен жұмыс кезінде - 6-разряд.

60. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

12. Магистральдік газ құбырларының операторы
Параграф 1. Магистральдік газ құбырларының операторы, 4-разряд
61. Жұмыс сипаттамасы:

тұтынушыларға тартылған газ-мұнай өнімдері магистральдік құбырларына және станса аумағындағы газ коллектроларына қызмет көрсету;

конденсатты тұндырғыштардан қайта айдау насостарын басқару және оны автоцистерналармен өнеркәсіптік алаңдарға тасымалдауды қамтамасыз ету;

газ құбырындағы қысымды қадағалау;

магистральді газ құбырларының герметикалылығын тексеру;

жаппа айлабұйымдарын реттеу;

газ құбырлары мен коллектарлардың жұмысындағы ақауларды уақытында жою;

қызмет көрсететін жабдықты ағымдық жөндеу.

62. Білуге тиіс:

газ құбырлары мен коллектарлардың технологиялық орналасу сызбасын және оларды пайдалану ережесін;

газдардың қасиеттерін;

газ құбырлары мен коллектарлардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін;

газ құбырларындағы апат орындарын қоршау ережесін;

насостардың, конденсациондық құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын;

слесарь ісін.

13. Жерасты газ генераторларының операторы


Параграф 1. Жерасты газ генераторларының операторы, 5-разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:

газ алудың технологиялық процесін қатты отынмен жұмыс істейтін жерасты газ генераторларында жүргізу, олардың берілген жұмыс режимін ұстау;

скрубберлерге, ұңғымаларға, насостарға, жуу құрылғыларының жуғыштарына қызмет көрсету және олардың жұмысын басқару,

үрлеме ағын мен газды газдандыру арналары бойынша таратып бөлу;

ұңғымаларды қарау, қосу және ажырату;

ұңғыманың жай-күйін және ұңғыма ұштарының, панельді коммуникациялар мен газ коллекторларының герметикалылығын қадағалау;

үрлеме ағынның берілуін, газ бұрмасын және газды суыту үшін судың берілуін реттеу;

ұңғыманы тазалау және жер астында жөндеу;

коммуникацияларды тазалау және жөндеу;

электродтарды түсіру және көтеру;

газ генераторындағы жерасты суларының деңгейін бақылау және оларды сору мен дренаждау;

кесіп алушы жаппаларды орнату;

аппаратура мен жабдықты ағымдық жөндеу.

64. Білуге тиіс:

жер асты газ генераторларының, бұрғы станоктарының, ұңғыма ұштарының, жаппа арматурасының, ортадан тепкіш насостардың, скрубберлердің, жуғыштар мен басқа да тазалау құрылғыларының құрылымы мен пайдалану ережесін;

үстіңгі коммуникациялар сызбасын;

бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен жұмыс принципін;

көмір қабаты шөгуінің тау-кен геологиялық жағдайларын;

жерасты суларының дренаж тәсілдерін және қабатты ашатын ұңғыманың құрылымын;

слесарь ісін.

Параграф 2. Жерасты газ генераторларының операторы, 6-разряд
65. Жұмыс сипаттамасы:

қатты отынмен жұмыс істейтін жерасты газ генераторларында газ алу технологиялық процесін жүргізу және газда ылғалдың, құмның, шайыр мен басқа да қоспалардың болуын, ыстық газды тазалау құрылғыларының жұмысын бақылауды және газ генераторларында жерасты суларының деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларжүргізуді жүзеге асыра отырып, олардың берілген жұмыс режимін ұстау;

ұңғыманың, газ генераторлары мен коммуникациялардың герметикалылығын қадағалау және үрлеу мен газдың жерасты шығындарын азайту шараларын мен ағындарын жою шараларын қабылдау;

көмір қорына, соғу жылдамдығына, температура мен басқа да жағдайларға қарай жекелеген ұңғыманың жүктемесін анықтау;

операторлардың жұмысына және газ генератор жабдығы мен аппаратурасын жөндеуге, ұңғымаларды жер астында жөндеуге басшылық ету.

66. Білуге тиіс:

жерасты газдандырудың технологиялық сызбасын;

газогенераторларындағы жерасты суларының деңгейін түсіру әдістерін;

кен орнын кептіру әдістері мен сызбасын;

газдардың қасиеттерін;

зиянды газдармен жұмыстың ерекшеліктерін;

жерасты газ генераторлары учаскесіндегі көмір қабаты шөгуінің тау-кен геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын;

жерасты сулары дренажы тәсілдерін және кен жыныстарындағы газды ашу және сүзгілеу ұңғымасының құрылымын.

67. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

14. Конденсатты жинау және тазарту жөніндегі оператор
Параграф 1. Конденсатты жинау және тазарту жөніндегі

оператор, 3-разряд


68. Жұмыс сипаттамасы:

конденсат жинақтарына, су жұмсарту жабдығына және конденсатты тазарту сүзгілеріне қызмет көрсету;

конденсат сынамасын алу;

мұнай өнімінің қоспасын анықтау;

конденсат қаттылығына, сілтілігіне, теміріне талдау жасау;

конденсатты мұнай өнімдерінен тазарту;

конденсатты қайта айдау;

насосты қосу, қызмет көрсету және тоқтату;

конденсат санының есебі;

сүзгілерді қопсыту және регенерациялау.

69. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің басқару тораптары мен коммуникацияларын;

насостардың, сүзгілер мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтар мен аспаптардың құрылымын;

нәтижелерді қортындылай отырып талдау жасау техникасы мен әдістемесін;

қышқылдардың, сілтілердің және қолданылатын басқа да реактивтердің қасиеттерін;

тазартылған конденсат стандарттарын;

жабдықты техникалық пайдалану ережесін;

слесарь ісі негіздерін.

15. Технологиялық қондырғы операторы
Параграф 1. Технологиялық қондырғы операторы, 2-разряд
70. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары операторлдың басшылығымен аппараттарға, насостарға, желдету және жылыту жүйелеріне қызмет көрсету;

жақпаларды, майларды, парафинді, битум мен басқа да ұқсас өнімдерді қайта айдау, бөліп құю және таралау;

өлшеуіштерді өлшеу. сынама алу;

катализаторларды тиеу және түсіру;

аппаратуралар мен пештерді тазалау.

71. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың, арматура мен коммуникациялардың құрылымын;

бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын;

шикізаттың және өңдірілетін өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

өнімді таралау және ресімдеу ережесін.

Параграф 2. Технологиялық қондырғы операторы, 3-разряд


72. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті және көмірді жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қайта өңдеу технологиялық процесін жүргізу;

аппараттарға, желдеткіштерге, утилизатор-қазандарға немесе бу қыздырғыштарына, колчеданды сепараторларға, камералық, туннельдік пештерге, газ генераторларына және басқа да ұқсас жабдықтарға қызмет көрсету;

жұмыс істеп тұрған жабдықты резервке ауыстыру;

сілтіні ауыстыру;

аппарттардан суды дренаждау;

қызмет көрсететені учаскедегі реагенттерді, отынды, буды, суды, электр энергиясын беруді реттеу; шикізатты ұнтақтауға және тартуға беруді, тарту деңгейін реттеу;

кептіру пешінің немесе диірмен пештің оттығын жағу процесін жүргізу;

шикізаттың, реагенттердің сапасын, жұмсау есебін, шығарылатын өнімнің санын бақылау;

силос жинақтаушы вагондардан коксті түсіру және тиеу;

ленталы конвейерлердің, классификаторлардың, қоректендірушілердің жанындағы, теміржолдардағы коксті жинау;

технологиялық жабдықты жөндеуге қатысу.

73. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың технологиялық процестерін, сызбасы мен карталарын;

технологиялық процесті реттеу ережесін;

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен жұмыс принципін;

шикізаттың, реагенттердің, алынатын өнімнің, қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

слесарь ісі негіздерін.

Параграф 3. Технологиялық қондырғы операторы, 4-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:

ІІІ санаттағы қондырғыларда мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті және көмірді жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қайта өңдеу технологиялық процесін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен технологиялық процесті жүргізу және І және ІІ санаттағы қондырғылардың жекелеген блоктарының жұмысын қадағалау;

блоктың, қондырғының, бөлімшенің өнімділігін реттеу;

процестің берілген режимнен ауытқуының алдын алу және жою;

өнімнің шығымым мен сапасын, реагенттердің, энергия ресурстарының жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру;

біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен камералық, туннельдік пештердің жылыту жүйелерін қосу және тоқтату, олардыі гидравликалық режимін реттеу; ленталы конвейерлерге қызмет көрсету, мұнай коксін фракциондық құрамы бойынша баялатып кокстеу қондырғыларында сыныптау;

бақылау және автоматика сапаптарына қызмет көрсету, картограммалар дайындау, олады ауыстыру, сия құю, аспаптарды «О» тексеру;

жылыту жүйесінің қалануы жай-күйін қадағалау;

қондырғыны қосу, тоқтату және режимге шығару;

жекелеген қондырғылар мен аппараттарды тұтастай жөндеуге дайындау;

технологиялық қондырғыларды жөндеуге қатысу.

75. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың технологиялық процестерін, сызбасымен карталарын;

технологиялық жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, труба құбырларының, арматураның құрылымын;

процестің барысына және өнімнің сапасына әсер ететін факторларды.

Параграф 4. Технологиялық қондырғы операторы, 5-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:

ІІ санаттағы қондырғыларда мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті және көмірді жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қайта өңдеу технологиялық процесін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен технологиялық процесті І санаттағы қондырғыларда жүргізу;

технологиялық режимнің сақталуын, шикізаттың және өндірілетін өнімнің сапасын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша бақылау;

шикізаттың, өнімнің, реагенттердің, катализаторлардың, отын-энергетикалық ресурстардың шығыс есебін бақылау;

процестің берілген режимнен ауытқуының алдын алу және болдырмау;

кезекшілікті қабылдау және тапсыру журналын толтыру.

77. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың технологиялық процестерін, сызбасы мен карталарын;

технологиялық жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, труба құбырларының, арматураның құрылымын;

технологические процессы, қызмет көрсетілетін қондырғылардың сызбасы мен картасын;

шикізат пен өнімге арналған Мемстандарттарды.

78. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Параграф 5. Технологиялық қондырғы операторы, 6-разряд


79. Жұмыс сипаттамасы:

І санаттағы қондырғыларда мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті және көмірді жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қайта өңдеу технологиялық процесін жүргізу;

технологиялық процестің ауытқулары мена апаттарды жоюға басшылық ету;

операторларды жұмыс орындарына бөліп қою;

біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен технологиялық процесті жүргізу және құрастырмалы және ірі тоннажды жоғары санаттағы қондырғыларда жабдықталған технологиялық кешендердегі жекелеген блоктардың жұмысын қадағалау.

80. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың технологиялық процестерін, сызбасы мен карталарын;

технологиялық жабдықтың кинематикалық және электр сызбаларын;

зауыттың негізгі қондырғыларының принципті сызбалары және олардың өзара байланысын;

өндіріс технологиясын.

81. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

16. Тауар операторы


Параграф 1. Тауар операторы, 2-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:

резервуарлардағы, цистерналардағы, мұнай ыдыстарындағы мұнайды, мұнай өнімдерін өлшеу;

сынама алу;

сыйымдылықтар мен резервуарлардан су мен ласты сорып шығару;

автоцистерналарды, мұнай өнімдері тараларын, газы бар баллондарды өлшеу;

пломбыларды дайындау;

пломбылау;

паспорттарды ілу;

тұтынаушыларға май сүзгілерін беру және жұмысталғандарын олардан қабылдап алу;

тұтынушы тарасының техникалық жай-күйі мен тазалығын, оның жабылуын тексеру;

мұнай өнімдерін қыздыру;

таралық мұнай өнімдерін мен басқа да сұйық өнімдерді тиеу-түсіру жұмыстары.

83. Білуге тиіс:

резервуарлардың , мерниктердің нысаныне, олардың толық және биік бірлігіне қатысты сыйымдылығын; сынама алу ережесін;

мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың қасиеттерің туралы негізгі деректерді;

құю мен ағызу технологиясын;

резервуарларды, цистерналарды, мұнай кемелерін пломбылау тәсілдерін;

мұнай өнімдері қыздыру тәсілдерін;

өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылымын;

әртүрлі май сүзгілерінің нысанын; жұмысталған майлардың сипаттамасын;

таралы мұнай өнімдерін қоймалау ережесін;

цистерналарды, резервуарларды, эстакадаларды, сыйымдылықтарды мұнай, мұнай өнімдері қалдықтарынан, балшықтан тазарту тәсілдерін;

қызмет көрсететін жабдықты техникалық пайдалану ережесін;

сақтау және қайта айдау кезінде мұнайдың, мұнай өнімдері мен реагенттердің жоғалу және бұзылуының негізгі себептерін, және олардың алдын алу әдістерін;

табиғи шығын нормаларын, мұнайдың, мұнай өнімдері қабылдауға және тапсыруға арналған құжаттарды ресімдеудің тәртібін.

Параграф 2. Тауар операторы, 3-разряд


84. Жұмыс сипаттамасы:

таратып бөлу мұнай базасының мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 10 мың тоннаға дейінгі, мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 10 мыңнан 40 мың тоннаға дейінгі жабдығына: резервуарларға, технологиялық труба құқырлары мен жаппа арматураға қызмет көрсету с және барлық жұмыстарды басқару;

мұнайды, мұнай өнімдерін, сұйытылған газды, ұстап қалу өнімін, реагенттер мен басқа да өнімдерді қабылдау және орналастыру, қайта айдау, босату және сақтау;

біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың көрсетуімен жаппаларды қайта қосу;

сыйымдылықтарды, эстакадаларды, тіреулерді, айлақтар мен труба құбырларды мұнайды, мұнай өнімдерін, сұйытылған газды, ұстап қалу өнімін, реагенттер мен басқа да өнімдерді қабылдау және орналастыру, қайта айдау, босату және сақтауға дайындау;

резервуарлардағы, цистернаалар мен басқа да сыйымдылықтардағы мұнайдың, мұнай өнімдері мен басқа да өнімдердің үлестік салмағын анықтау;

механикалық қоспалар мен судың температурасын, мазмұнын анықтау;

үстап қалғыштардағы мұнайды, мұнай өнімдерін жинап алу, оларды өлшеуіштерге айдау;

резервуарлардағы су мен ласты айдап шығару;

цистерналардағы мұнайдың, мұнай өнімдері мен басқа да өнімдердің үлестік салмағын анықтау;

резервуарлардағы сұйық өнім көлемін калибрлеу кестесі бойынша анықтау;

резервуарлар мен сыйымдылықтарды өлшеуге қатысу;

цистерналарды пломбылау;

резервуарларды, труба құбырларын,құю-ағызу мүкамалдары мен басқа да жабдықтарды жөндеуге дайындау;

цистерналардағы сілтіні, қышқылды және басқа да реагенттерді цистерналардан ағызу;

газды сілтілеу, газ беруді реттеу, газ толтыру стансаларында және сығымдалған газды таратып құю қондырғыларында баллондар мен цистерналарды толтыру;

катализаторларды ұнтақтау, сұрыптау және тығындап жабу;

мұнай ұстауыштарға қызмет көрсету;

факелді жағу және өшіру;

газ конденсатын тазарту;

озокерит өндірісінде еріткіштер мен отынды қайта айдау;

озокеритті өлшеу және сұрыптары бойынша қою;

қабылданатын және тапсырылатын өнімге құжаттама жүргізу.

85. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің басқару тораптары мен коммуникацияларын;

насостардың типін, олардың өнімділігін, қалыпты және шекті қысымын;

ыстық, қоймалжың және парафинді мұнай өнімдері мен газдарды айдау ережесін;

озокерит пен еріткіштердің техникалық жағдайларын;

труба құбырларын пайдалану ережесін;

мұнайдың, мұнай өнімдерінің, сұйытылған газдың, ұстап қалу өнімінің, реагенттер мен басқа да өнімдердің физикалық және химиялық қасиеттерін;

сақтау, қайта айдау кезіндегі мұнай өнімдері мен реагенттер шығынының негізгі себептерін және бұл шығындардың алдын алу әдістерін;

сынама алу крандарының, сақтандыру және тыныс алу клапандарының, өлшеу айлабұйымдарының, хлопушккалардың, сальниктердің, компенсаторлардың құрылымы мен нысанын; коммуникацияларды мұнайды, мұнай өнімдері мен реагенттертерді қайта айдауға дайындаудың тәртібін;

факелді жағу және өшіру тәсіллдерін; қарапайым талдауды жүргізу тәсілдерін;

резервуарлардағы, цистернаалар мен басқа да сыйымдылықтардағы мұнайдың, мұнай өнімдері мен басқа да өнімдердің үлестік салмағын анықтау және резервуарларды өлшеу тәсілдерін;

жарғы және кемешілікпен шарттар бойынша теміржол цистерналарын, мұнай кемесін толтыру-ағызып алу ережесі мен мерзімдерін, олардың толықтығын;

кірме жолдарды және айлақтарды пайдалану шарттарын, слесарь ісі негіздерін.

Параграф 3. Тауар операторы, 4-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:

таратып бөлу мұнай базасының мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 10 мыңнан 40 мың тоннаға дейінгі, мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 40 мың-нан 100 мың тоннаға дейінгі жабдығына: резервуарларға, технологиялық труба құқырлары мен жаппа арматураға қызмет көрсету және барлық жұмыстарды басқару;

тауарлы және резервуар парктеріне, теміржол және автоқұю эстакадаларына, айлақтарға, құю пункттерінев, магистральдік мұнай өнімдері құбырларына, мұнай базалары мен мұнай мен мұнай өнімдерін айдау көлемі мен жүк айналымы тәулігіне 5000 т дейінгі мұнай өңдеу зауыттарының мұнай құю пункттеріне қызмет көрсету;

сыйымдылық көлемі 500 т. дейінгі сұйытылған газ парктеріне қызмет көрсету;

этил араластыру қондырғыларына, мұнай ұстауыштарға, факел шаруашылығына, жоғары және төмен қысымды мұнай өнімдері құбырларына, газгольдерлерге, құю эстакалары мен айлақтарына қызмет көрсету;

қажетті концентрациядағы сілті мен қышқыл ерітінділерін дайындау;

өнеркәсіптік ағын суларды тазарту, ұсталған мұнай өнімін бөлу процесін жүргізу;

сынама алуды және айдау режимін бақылау;

қызмет көрсететін шаруашылық бойынша ауысымда орындалатын барлық айдауларды жүргізу. мұнайдың, мұнай өнімдері мен реагенттердің сақталуын қамтамасыз ету;

резервуардың қыздырылуын, қызмет көрсететін парк, эстакада, ұстап қалу шаруашылығы аумағындағы өнімдік және бу желілерінің жай-күйін қадағалау;

тауар паркінің жұмысы туралы есепті және жедел есептемені жүргізу, өнімді қайта айдау, қабылдау және тапсыру, бос вагондарды қабылдау операцияларының барлығына құжаттама ресімдеу;

цистерналардың бос тұруына акті ресімдеу;

қызмет көрсететін мүкамал мен жабдықтың жарамдылығын қадағалау;

құюшы-ағызушылардың жұмысына басшылық ету;

мұнай мен мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы деректреді диспетчерге беру.

87. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін паркте сақталатын барлық өнім сапасына арналған мемлекеттік стандарттарды немесе цехаралық шарттарды;

мұнай өнімдерін мақсатты араластыру тәртібін:

жүктерді теміржол мен су арқылы тасымалдау ережесі мен шарттарын;

зауыттың кірме жолдарын пайдалануға арналған теміржолмен шарттың талаптарын;

цистерналарды, кемелерді, вагондарды толтыру және ағызып алу ережесі мен мерзімдерін;

жөнелтілетін және қабылданатын мұнай өнімдері мен сухогруз сапасының стандарттарын;

слесарь ісін.

Параграф 4. Тауар операторы, 5-разряд


88. Жұмыс сипаттамасы:

таратып бөлу мұнай базасының мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 40 мыңнан 100 мың тоннаға дейінгі, мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 100 мың тоннадан жоғары жабдығына: резервуарларға, технологиялық труба құқырлары мен жаппа арматураға қызмет көрсету с және барлық жұмыстарды басқару;

тауарлы және резервуар парктеріне, теміржол және автоқұю эстакадаларына, айлақтарға, құю пункттеріне, магистральдік мұнай өнімдері құбырларына, мұнай базалары мен мұнай мен мұнай өнімдерін айдау көлемі мен жүк айналымы тәулігіне 5000-нан 10000 т дейінгі мұнай өңдеу зауыттарының мұнай құю пункттеріне қызмет көрсету;

сыйымдылық көлемі 500 т. жоғары сұйытылған газ парктеріне қызмет көрсету;

жоғары сапалы мұнай өнімді және күрделі коммуникация жүйелері бар парктерге қызмет көрсету, тауар өнімдерін дайындау үшін мұнай өнімдерін компаундирлеу, бензинді этилдендіру, присадкалар мен ингибиторларды қосу;

көлік ұйымдарымен тапсыру, жөнелту және есеп айырысу жөніндегі операцияларды жүргізу, теміржолмен қаражат есептерін жүргізу;

ауысымдағы мұнай мен мұнай өнімдері қозғалысының теңгерімін жасау;

құюшы-ағызушылардың жұмысына басшылық ету.

89. Білуге тиіс:

паркте сақталатын барлық өнім сапасына арналған мемлекеттік стандарттарды;

резервуарларды сапасы жағынан анағұрлым жоғары өніммен толтыруға дайындаудың тәртібін;

мұнай өнімдері мен сұйытылған газды қабылдау мен тапсыру ережесін;

әкелуші және әкетуші труба құбырлары бойынша жүк ағындарын реттеу шарттарын;

теміржолмен қаражат есептерін жүргізу ережесін.

Параграф 5. Тауар операторы, 6-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:

таратып бөлу мұнай базасының мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 100 мыңнан 130 мың тоннаға дейінгі, мұнай өнімдерін жылдық өткізу көлемі 100 мың тоннадан жоғары жабдығына: резервуарларға, технологиялық труба құбырлары мен жаппа арматураға қызмет көрсету және барлық жұмыстарды басқару;

тауарлы және резервуар парктеріне, теміржол және автоқұю эстакадаларына, айлақтарға, құю пункттеріне, магистральдік мұнай өнімдері құбырларына, мұнай базалары мен мұнай мен мұнай өнімдерін айдау көлемі мен жүк айналымы тәулігіне 10000-нан 16000 т дейінгі мұнай өңдеу зауыттарының мұнай құю пункттеріне қызмет көрсету және барлық жұмыстарды басқару;

қашықтықтан басқару жүйесі мен телемеханика жүйелері бар резервуар парктеріне қызмет көрсету;

мұнай өнімдерін автоцистерналарға құюдың автоматты жүйесіне басшылық ету және оның жұмысын қадағалау;

мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;

мұнай өнімдерінің шығынын азайту жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізу;

майларды жеделдетілген физикалық-химиялық талдауды жүргізу;

присадкалар қосу және араластыру арқылы майдың пайдалану сапасын жақсарту;

құрылғылардың, жабдықтың және мукамалдың жарамдылығын қадағалау;

есептеу орталығы үшін кодталған ақпаратты дайындау;

біліктілігі анағұрлым төмен операторлардың жұмысына басшылық ету.

91. Білуге тиіс:

теміржолмен және кеме шаруашылығымен цистерналарды, жартылай вагон-бункерлерді және мұнай кемесін толтыру-ағызудың тәртібі мен мерзімдері туралы жарғылар мен шарттарды; мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін және олардың қолданылу саласын;

майлардың ескіру белгілерін, оларды тұрақтандыру және араластыру тәсілдерін;

қапбылданатын, жөнелтілетін және босатылатын мұнай өнімдерінің сапасына арналған стандарттарды;

қашықтықтан басқару және телемеханика аппартурасының құрылымын, оларды баптау мен реттеуді;

электрондық-фактуралық машиналардың құрылымын.

17. Мұнай құятын сыйымдылықтарды қараушы
Параграф 1. Мұнай құятын сыйымдылықтарды қараушы, 3-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:

теміржол цистерналарын, сыйымдылықтар мен мұнай кемелерін қарау;

олардың тиеуге және мұнай мен мұнай өнімдерін құюға жарамдылығын бақылау;

сырт белгісі бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін қалдығын анықтау және оларды өлшеу, сынама алу;

құюға жарамсыз цистерналар мен мұнай кемелеріне акті жасау.

93. Білуге тиіс:

мұнай мен мұнай өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттерін вагон-цистерналар мен мұнай кемесінің құрылымын, оларды толтыру және ағызып алу ережесін;

мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасына және оларды тасымалдауға қойылатын техникалық талаптарды.

Параграф 2. Мұнай құятын сыйымдылықтарды қараушы, 4-разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:

теміржол цистерналарын булау пункттерінде қарау және қабылдау;

сыйымдылықтарды мұнай мен мұнай өнімдерін құюға дайындау сапасын мемлекеттік стандарттарға сәйкес тексеру;

сыйымдылықтарды мұнай құюға дайындау сапасына рекламациялық құжаттарды ресімдеу.

95. Білуге тиіс:

теміржол цистерналарының, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен нысанын;

арматуралар мен коммуникациялардың сызбасын;

құйылатын мұнай мен мұнай өнімдеріне арналған мемлекеттік стандарттарды;

жүктің негізгі жүру бағыттарын.

18. Планиметрист


Параграф 1. Планиметрист, 4-разряд
96. Жұмыс сипаттамасы:

тіркеуші аспаптардың диаграммаларын желілік, полярлық, радиальдік планиметрлер мен басқа да аспаптардың көмегімен өңдеу;

аспап топтарының көрсеткіштерін жүйелеу;

нақты параметрлердің олардың есептік шамасынан ауытқуларына түзету енгізу;

планиметриялық диаграммалар бойынша орташа шамаларды есептеу;

бақылау-өлшеу аспаптарын төлқұжаттандыру;

цехтың, кәсіпорнының жылу мен газ балансының карталарын жасау;

планиметр жұмысының дұрыстығын тексеру, оларды реттеу және жөндеу.

97. Білуге тиіс:

негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын;

планиметр түрлерімен жұмыс істеу ережесін;

тіркеуші аспаптардың диаграммаларын өңдеу және орташа шамаларды есептеу әдістерін;

бақылау-өлшеу аспаптарын есепке алу және төлқұжаттандыру ережесін;

қызмет көрсететін өндірістердің технологиялық сызбасын және олардың өзара байланысын.

19. Аспапшы
Параграф 1. Аспапшы, 2-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:

манометрлік термометрлерді, жұмыс манометрлерін, қарсыласу термометрлерін, тягомерлерді, напоромерлерді, профильдік милливольтметрлерді, логометрлерді, расходомерлерді, уровнемерлер мен қарапайым үлгідегі басқа да аспаптарды қосу және ажырату;

картограммалар мен орамдарды ауыстыру.

99. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін учаскедегі қондырғылар мен нысандардың принциптік сызбасын;

қызмет көрсететін нысандардың аппараттары мен жабдығының нысанын және жұмысын;

судың, мұнай өнімдерінің қысымын, шығысын, деңгейін, температурасын және тағы басқа өлшеу принциптерін;

бақылау және автоматика аспаптарының құрылымы мен нысанын, физика мен электротехника негіздерін.

Параграф 2. Аспапшы, 3-разряд
100. Жұмыс сипаттамасы:

аспаптарды «О» тексеру;

реттеуіштерді автоматтыдан қолмен басқаруға көшіру;

шығыс аспаптары лубрикаторларын, деңгей мен орындаушы механизмдерді жақпамен толтыру;

тікелей әсер реттеуіштері мен редукторларда, сүзгілерде пайда болатын ақауларды түгендеу және жою.

101. Білуге тиіс:

қашықтықтан басқаруды автоматты реттеу және көрсеткіштерді қашықтыққа беру элементтерін;

бақылау аспаптарын пайдалану ережесін және тексеру сызбасын;

пирометриялық трассаларды қоңыраулату және импульсті желілерді престемелеу әдістерін;

аспаптардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістерін;

слесарь ісін;

электроника негіздерін.

Параграф 3. Аспапшы, 4-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық қондырғылардағы, насос және компрессор бөлімшелеріндегі, труба құбырларындағы реттеуіштердің барлық жүйелерін процеске реттеу және баптау;

аспаптардың көрсеткіштерін жұмыс жағдайында түзеу;

аспаптарды тексеруге дайындау;

көрсеткіштерді бақылау аспаптарымен тексеру және деңгейді, шығысты, қысымды, температураны тексеруге арналған аспаптардың ақауларын жою.

103. Білуге тиіс:

аспап көрсеткіштерін есептеу және түзету енгізудің тәртібін;

ауысым стакандарын есептеудің тәртібін; аспаптарды монтаждау ережесін;

қызмет көрсететін учаскедегі дабылдатқыш пен блокировка сызбаларын;

агрегаттық-бірыңғай жүйенің аспаптарын;

барлық жүйелердегі сапа аспаптарының құрылымын және оларға қызмет көрсету;

аспаптарды жекелеген тораптарын ауыстыра және оларды жұмыс процесінде баптай отырып жөндеудің тәртібін.

Параграф 4. Аспапшы, 5-разряд
104. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет көрсететін қондырғыларда орнатылған автоматика құралдарын баптау және қызмет көрсету;

бақылау мен автоматты реттеудің жаңа құралдарын игеру және енгізу;

мұнай өнімдерінің диэлектрлік шығындары тангенсін анықтау жөніндегі талдауды зертхана жағдайында жүргізу;

аспаптарды кезеңдеп бақылауды және оларды Мемтексеруге тапсыруды жүзеге асыру;

ағымдық және күрделі жөндеу үшін ақау ведомостарын жасау;

орындалған жөндеу жұмыстарын қабылдап алу және аспаптардың жұмысқа қосуға дайындығын тексеру;

біліктілігі анағұрлым төмен аспапшының жұмысына басшылық ету.

105. Білуге тиіс:

бақылау және автоматика аспаптарының құрылымын, жөндеу әдіңстерін, тексеруді және баптауды, қызмет көрсетуді;

мұнайды, газды және басқа да өнімдерді қайта өңдеудің, осы кәсіпорында негізгі процестерін;

тарылтушы құрылғыларды, реттеуші клапандарды, ауысымды ыдыстарды есептеу әдістемесін;

радио негіздерін.

Параграф 5. Аспапшы, 6-разряд


106. Жұмыс сипаттамасы:

біріктірілген қондырғылардың және телемеханиканың, алфавиттік-сандық баспа құрылғыларының, енгізу-шығару құрылғыларының (дисплейлерінің), мұнай өнімдерін қамтамасыз ету, мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті көмірді өңдеудегі және магитральдің труба құбыры көлігіндегі басқару пункттері аппаратураларына, бақыланатын пункттердің басқару пульттеріне қызмет көрсету;

сапа мен құрам автоматты реттеуіштерін қосу және баптау;

реттеудің каскадтық, оның ішінде құрамлы талдаушы сызбаларын баптау;

аспаптар мен автоматизация құралдарын кезеңді тексеру кестесінің орындалуын бақылау;

агрегаттық-бірдейлендірілген жүйелердің аспаптарын, сапаны автоматты талдауыштарды, каскадты реттеу жүйелерін баптау және жөндеу жөніндегі біліктілігі анағұрлым төмен аспапшылардың жұмысына басшылық ету;

аспаптарды пайдалану жөніндегі техникалық құжаттаманы жүргізу;

технологиялық қондырғыларды қосуға қатысу.

107. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін учаскедегі жабдықтың технологиялық сызбасын;

автоматты сапа талдауыштары бар қондырғылардағы мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттарды;

телемеханика аппаратурасының құрылымын, оны реттеу және баптау тәсілдерін;

телеөлшеу және телебасқару үшін қолданылатын байланыс арналары жабдықтарын;

мұнай өнімдерін қайта өңдеудің, осы кәсіпорында негізгі процестерін;

аспаптарды және атқарушы механизмдерді есептеу әдістері мен өзара байланысты реттеу сызбаларын;

радиотехника, телемеханика негіздерін.

108. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

20. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь


Параграф 1. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі

слесарь, 2-разряд


109. Жұмыс сипаттамасы:

машиналардың, аппараттардың, труба құбырларының, арматураның қарапайым тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;

біліктілігі анағұрлым жоғары слесарьдің басшылығымен қарапайым, сондай-ақ күрделілігі орташа қондырғыларды, агрегаттер мен машиналарды жөндеу;

12 - 14 квалитеттер бойынша (5-7 дәлдік сыныбы) бөлшектерді слесарлік өңдеу;

бөлшектерді жуу, тазалау және майлау;

фланцыларды саңылаулары белгілеу және бұрғылау;

трубаларға сызық салу, кесу және түзету;

жөнделетін жабдықты құрастыру және монтаждауға арналған қарапайым айлабұйымдарды жасау.

110. Білуге тиіс:

жөнделетін жабдықтың жекелеген тораптары мен аппараттарының құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін;

қызмет жабдықтың жұмыс жағдайларын;

слесарь жұмыстарының негізгі жолдарын;

пісіру мен дәнекерлеудің жалпы ережесін;

кіші диаметрлі труба құбырларын сынау ережесін;

өңдеудің шектеулері мен қойылуы, дәлдік квалитеттері мен сыныптары, тазалығы туралы негізгі деректерді;

айлабұйымдар мен аспаптардың нысаны мен қолданылу ережесін;

трубаларды белгілеу жолдарын;

сызу элементтерін;

майлары, жуушы құрамдар мен жақпаларды қолдану ережесін.

111. Жұмыс үлгілері :

1) машиналар мен аппараттар люктерінің қақпақтары – алу және орнату;

2) қоршаулар - алу және орнату;

3) салмалар - дайындау;

4) «трубадағы труба» типтес жылу ауыстырғыштар – бөлшектеу;

5) суыту және майлау жүйелерінің – тазарту;

6) газ форсункалары - түгендеу.

Параграф 2. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі

слесарь, 3-разряд


112. Жұмыс сипаттамасы:

машиналардың, аппараттардың, труба құбырларының, арматураның күрделілігі орташа тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;

біліктілігі анағұрлым жоғары слесарьдің басшылығымен күрделілігі орташа, сондай-ақ күрделі қондырғыларды, агрегаттер мен машиналарды жөндеу;

11-12 квалитеттер бойынша (4-5 дәлдік сыныбы) бөлшектерді слесарлік өңдеу;

аппараттардың, насостардың, компрессорлардың байламын бөлшектеу;

жөнделетін жабдықты құрастыру және монтаждауға арналған күрделілігі орташа айлабұйымдарды жасау.

113. Білуге тиіс:

жөнделетін жабдықтың жекелеген тораптары мен аппараттарының құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін;

трубалар, профильдік болат, бекіту материалдарының жұмыс жағдайларын;

пісіру жұмысы негіздерін;

пісірілетін материалдардың техникалық жағдайларын;

труба құбырларын төсеу ережесін;

жабдықты пайдалану ережесін;

қызмет көрсететін жабдық коммуникацияларының принциптік технологиялық сызбасын;

бұдырлық шектеулері мен мен қойылуы;

квалитеттері мен параметрлерін.

114. Жұмыс үлгілері:

1) төмен қысымды арматура -түсіру, жөндеу, орнату;

2) компрессорлар - клапандарды, сальниктерды, маслоотражательдерді, крейцкопфты, подшипниктерді, клапанов мен цилиндрлердің қақпақтары бөлшектеу және алу;

3) май насосы, лубрикаторлар - бөлшектеу және жөндеу;

4) поршень, плунжер, ортадан тепкіш және шестернялы насостар - бөлшектеу және жөндеу;

5) сальниктер – толтыру;

6) компрессорлар мен насосотардың суыту және майлау жүйелерінің труба құбырлары мен аппараттары - бөлшектеу;

7) пеш трубалары, ұстындардың тарелкалары мен тарелкааралық кеңістіктері, жылу алмастырғыштардың трубалары мен трубаралық кеңістіктері, тоңазытқыш конденсаторларының тубкалары - кокстен және шөгіндіден тазарту.

Параграф 3. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі

слесарь, 4-разряд


115. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі қондырғылардың машиналарын, аппараттарын, труба құбырларын, арматурансын жүк көтеру механизмдерін қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. 7-10 квалитеттер бойынша (2-3 дәлдік сыныбы) бөлшектерді слесарлік өңдеу;

сыйымдылық жабдығының жұмысшы және бақылау сақтаныру клапандарын алу және орнату;

сынау;


реттеу және жабдықты жөндеуден кейін тапсыру;

жөндеу жабдығын құрастыру және монтаждауда қолданылатын күрделі айлабұйымдарды жасау;

жөндеуге арналған дефекті ведомостарын жасау.

116. Білуге тиіс:

күрделі жабдықтың нысанын, құрылымын;

жөнделетін жабдықты жөндеуге, сынауға, реттеуге және тапсыруға арналған техникалық шарттарды;

жоспарлы-алдын ала жөндеуді;

бұдырлықтың шектеулері мен мен қойылуы;

квалитеттері мен параметрлері жүйесін;

түрлі күрделі емес бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдерін;

жүк көтеру механизмдерінің құрылымын және оларды пайдалану ережесін;

такелаж ісі негіздерін;

жөнделген және құрастырылған тораптар мен аппараттарды тексеру ережесін.

117. Жұмыс үлгілері:

1) ауамен суыту аппараттары - редукторды бөлшектеу;

2) ұстын типіндегі аппараттар – жөндеу, ішкі құрылғыларын құрастыру,қақпақтар мен ұштарды алу және орнату;

3) жылу ауыстырғыш аппараттар – құрастыру;

4) грануляторлар, кристаллизаторлар, араластырғыштар, сүзгілер - бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

5) поршеньді компрессорлар - цилиндрлерді, коленвалды, крейцкопф торабын, клапандарды, поршеньдерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

6) ортадан тепкіш компрессорлар – роторды бөлшектеу, подшипниктер тісті муфталарды жөндеу;

7) ортадан тепкіш, қос корпусты және көп сатылы жұмыс доңғалақтарының саны төртеуден артық насостар - бөлшектеу;

8) трубалы пештер – трубаларын, екіліктерін ауыстыру;

9) реакторлар – фонарьді ауыстыру, ұштарын алу,аймақтық термобу қалтасын алу және орнату, тығыздау және муфта қоспасы торабын құрастыру;

10) редукторлар - жөндеу, құрастыру және реттеу.

Параграф 4. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі

слесарь, 5-разряд


118. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі қондырғылардың машиналарын, аппараттарын, труба құбырларын, арматурансын механизмдерді қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және жөндеуден кейін тапсыру. 6-7 квалитеттер бойынша (1-2 дәлдік сыныбы) бөлшектерді слесарлік өңдеу;

қауырт және тығыз орнау жағдайларында,ы тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

жабдықты техникалық куәландыру.

119. Білуге тиіс:

күрделі жабдықтың құрылымы мен конструктивтік ерекшіліктерін;

жабдықты жөндеу, құрастыру және монтаждау кезіндегі технологиялық кезектілікті және еңбекті ұйымдастыруды;

жөндеуде қолданылатын материалдардың барлық түрлерін;

бөлшектің уақытынан бұрны тозуын анықтау тәсілдерін;

машиналарды статикалық және динамикалық теңгермелеуді;

күрделі белгілеме кезіндегі геометриялық құрылымды;

тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін;

жоғары қысыммен жұмыс істейтін жабдық пен аппаратураны жөндеу әдістерін.

120. Жұмыс үлгілері:

1) аппараттар – корпусын жөндеу (термоөңдеуді қажет етпейтін), тарелкаларды барботажға тексеру;

2) жаппа, сақтандыру және реттеуші арматура – бөлшектеу, жөндеу, ысқылау, құрастыру және реттеу;

3) желдеткіш ауа жолдары – құрастыру;

4) ауа үрлеуіштер, газ үрлеуіштер мен тығыздауыштар – жөндеу, сынау;

5) компрессорлар, насостар – подшипник ішпектерін және машиналардың басқа да бөлшектерін қыру, сақтандыру және кері клапандарды жөндеу;

6) поршень компрессоры - реттеу және пайдалануға тапсыру;

7) газ моторлы компрессорлар – жөндеу;

8) конденсатор-тоңазытқыштар – секцияларын алу және орнату;

9) шарлы диірмендер, ұнтағыштар, електер, түтін сорғылар, грануляторлар – күрделі жөндеу, сынау, тапсыру;

10) ортадан тепкіш, қос корпусты және көп сатылы жұмыс доңғалақтарының саны төртеуден артық насостар - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, тапсыру;

11) трубалы пештер – трубаларын бақылау, бракқа шығару;

12) реакторлар – жөндеу;

13) гидротазалу, каталитті риформинг, гидрокрекинг және басқа да қондырғылардың жылу ауыстырғыштары (шикізаттық) мен 200 атм жоғары басқа да бөлшектері – жөндеу;

14) центрифугалар – жөндеу.

Параграф 5. Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі

слесарь, 6-разряд


121. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі бірегей қондырғыларды, машиналарды, аппараттарды, агрегаттарды механизмдерді қолдана отырып жөндеу, монтаждау, демонтаждау, құрастыру, сынау және реттеу;

жабдықты пайдалану уақытында ақауларды анықтау және жөндеу процесінде тексеру кезінде жою;

жөнделген жабдықты жүкетемемен дәлдігін тексеру және сынау.

122. Білуге тиіс:

ерекше жабдықтың конструктивтік ерекшіліктерін;

ерекше күрделі бірегей жабдықты жөндеуге, сынауға және тапсырауға арналған техникалық шарттарды;

металл технологиясын; ерекше күрделі және жауапты тораптарды қалпына келтіру әдістерін;

жұмыс істеп тұрған жабдықтың бөлшектеріне, тораптары мен механизмдеріне жол берілетін шекті жүктемені;

жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін.

123. Жұмыс үлгілері:

1) ауамен суыту аппараты – редукторды құрастыру және орталандыру;

2) барабанды вакуум-сүзгі – аралық подшипниктің ішпектерін ауыстыру, планшайбыны жөндеу, таратып бөлу ұштарын реттеу, пайдалануға тапсыру;

3) грануляторлар – бөлшектреді сұрыптау, штоборды, жетек ұшын жөндеу және құрастыру, бас жетек электр қозғағышын, пышақ тірегін орталау;

4) ортадан тепкіш компрессорлар – тығыздамалар мен роторды жөндеу, роторды теңгермелеу, орталандыру, құрастыру;

5) газ моторлы компрессорлар - жеткеру, реттеу, сынау;

6) утилизатор-қазандар – күрделі жөндеу, гидравликалық сынаулар; Жоғары қысымды (700 - 2500 атм) труба құбырларының линзалы тығыздамалары – жөндеу;

7) трубалы пештер – змеевикті сынау (гидравликалық немесе пневматикалық);

8) реакторлар – корпусын жөндеу, гидравликалық сынау;

9) каталитикалық крекинг реакторы - сальник гильзасын, линзалы компенсатор мен қысымды тіреудің тік учаскесін, сепарациондық тарелке стаканын, бүйір трубалар мен шықпа коллектор жинауышын ауыстыру;

10) каталитикалық риформинг және гидротазарту реакторы - стаканды, таратып бөлу құрылғыларын,аймақтық термобу қалталарын жөндеу және құрастыру;

11) араластырғышы бар реакторлар – араластырғыштар мен түптерді жоғары қысым реакторына орнату, муфта қоспаларын орталандыру және құрастыру, гидравликалық сынау;

12) каталитикалық крекинга регенераторы - змеевикті, ақаулы учаскелерді, таратып бөлу торын ауыстыру, ауа қорабын дайындау, ақаулы учаскелерді ауыстыру;

13) тіс профилі күрделі планетарлық редукторлар - құрастыру;

14) гидротазалу, каталитті риформинг, гидрокрекинг және басқа да қондырғылардың жылу ауыстырғыштары (шикізаттық) мен 200 атм жоғары басқа да бөлшектері – құрастыру, сынау;

15) кез келген сұйық пен газ құюға арналған жоғары қысымды труба құбырлары, сондай-ақ гидротазалу, каталитті риформинг, гидрокрекинг труба құбырлары - жөндеу, құрастыру;

16) бу турбиналары - қалақ, корпус, ротор арасындағы саңылдауларды тексеру; диафрагма, сальник тығыздауыштары, тірек және таяныш подшипниктердегі саңылауларды жасау және белгілеу, орталандыру, реттеу;

17) турбокомпрессорлар - күрделі жөндеу және тапсыру;

18) центрифугалар – валдарды орталандыру, сыртқы тығыздаманы престемелеу және құрастыру, щуптарды құрастыру және бөлшектеу, подшипниктерді, втулкаларды қыру, бөлшектерді бракқа шығару, пайдалануға беру.

21. Желілік труба жүргізуші


Параграф 1. Желілік труба жүргізуші, 2-разряд
124. Жұмыс сипаттамасы:

труба құбырлары траншеяларын ашу, пісіру, үрлеу, сынау кезінде, жаппа арматураны, су жинағыштар мен труба құбырындағы басқа да құрылымдар мен құрылғыларды жөндеу кезінде қосалқы жұмыстарды орныдау;

газдалған құжықтар мен қазаншұңқырдаа жұмыс істеп жүргендерді «Сақтандыру»;

трубаларды таттан және ақаулы жабыннан тазалай отырып ескі изоляциясын алу;

суды дренаждау;

траншеялар мен шұқанақтарды толтыру;

аумақты және орынжайды тазалау және тәртіпке келтіру;

апаттар мен қалпына келтіру және тиеу-түсіру жұмыстары орындарын қоршауға қатысу.

125. Білуге тиіс:

магистральдік труба құбырлары мен олардың құрылғыларының нысанын;

магистральдік жаппа арматураны пайдалану ережесін;

жер жұмыстарын орындау тәртібін;

телефон аппаратын байланыс желісіне қосудың тәсілдерін және байланыс құралдарын пайдалану ережесін;

көтеру-такелаж айлабұйымдарының құрылымын;

түсіру-тиеу жұмыстарын орындау ережесін.

Параграф 2. Желілік труба жүргізуші, 3-разряд


126. Жұмыс сипаттамасы:

труба құбырындағы қалпына келтіру жұмыстарына қатысу;

трубаларда орталандыру;

диаметрі 200 мм кем трубаларды майыстыру;

труба ұштарын түзету;

металды газбен кесу және пісіру;

газбен кесіп пісіргеннен кейін труба жиектерін тазалау және өңдеу;

трубаларды, звеноларды, тораптар мен жабдықты орнын ауыстыру үшін көтеру-такелаж айлабұйымдарын орнату;

топырақты әзірлеу;

труба құбырын төсеуге траншея жасау;

траншеялар мен қазаншұңқыр қабырғаларын бөренемен, кесіндімен, тақтаймен шегендей отырып бекіту кезінде ағаш ұстасы жұмыстарын; магитсральдік труба құбырлары құрылымдарын жөндеу кезінде қарапайым маляр жұмыстарын; ; магитсральдік труба құбырларында орнатылған құрылғыларды қарапайым сылау жұмыстарын, сондай-ақ құдықтарды торкретирлеу және гидроизоляциялау жұмыстарын орындау;

бөлшектерді эскиздер мен шаблондар бойынша соғып жасау;

қарапайым ұста, құрылым құралдары мен бекітпе бөлшектерін жасау және жөндеу;

крандар мен жаппаларды ашу және жабу;

газды майшамдар арқылы уыттау;

труба құбырындағы балшық тығындарға резина шарларды орнату;

жаппа арматурасын орнату және ауыстыру жұмыстарына қатысу;

труба бетін коррозияға қарсы изоляция салуға дайындау;

грунтовка мен битум мастикасын дайындау;

трубаға изоляция түсіру.

127. Білуге тиіс:

труба ұштарын пісіруге дайындау ережесін, жаппа құрылғыларының орналасу сызбасын;

үлгілік бөліктер мен жаппа арматурасын орнатуға қойылатын талаптарды;

пневматикалық құралмен жұмыс істеу жолдарын;

труба бетіне коррозияға қарсы изоляция салудың нысанын, қасиеттері мен ережесін;

металдардың қасиеттері мен болаттың маркаларын;

пісіру жұмыстары технологиясын және ацетиленді генераторларға қызмет көрсету ережесін;

ұста, ағаш шебері, сылақшы және сырлаушы жұмыстарын орындау ережесін.

Параграф 3. Желілік труба жүргізуші, 4-разряд
128. Жұмыс сипаттамасы:

труба құбырындағы тораптарды монтаждау;

трубаларды орталандыру;

диаметрі 200 мм артық трубаларды майыстыру;

арматура мен үлгілік бөліктерді эскиздері бойынша белгілеу және орнату;

жоғары қысымды жаппа және сақтандыру арматурасын түгендемелеу және жөндеу;

жаппа арматураны, труба құбырларының жекелеген тораптары мен учаскелерін престемелеу;

труба құбырындағы және арматурадағы газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ағуын тоқтату;

жаппалардағы сальниктерді қағу және тарту;

конденсат жинағыштарды түгендеу;

су және бк құбырлары желілеріндегі қалпына келтіру жұмыстары, оларда орнатылған арматураны демонтаждау, жөндеу және монтаждау;

жүктерді және металл конструкцияларын тікемелі айлабұйымдарды немесе құрылғыларды пайдалана отырып бульдозермен тасымалдау, жер жұмыстарын орындау кезінде тракторды жүргізу;

бөлшектерді, трубаларды слесарлік өңдеу;

сызба салу;

саңылаударды бұрғылау.

129. Білуге тиіс:

труба құбырындағы жаппа арматураның нысанын және құрылымын;

конденсат жинағыштардың орналасу сызбасын және құрылымын;

газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ағуын анықтау және тоқтату нұсқаулығы мен ережесін;

гидропресс құрылымын;

бөлшектерді слесарьлік өңдеу тәсілдері мен ережесін;

металдардың қасиеттері мен болаттың маркаларын;

тракторлар мен бульдозерлерді алдын ала және ағымдық жөндеуді.

Параграф 4. Желілік труба жүргізуші, 5-разряд


130. Характеристика работ:

труба құбырларында монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын пісіру өндірісімен орындау;

жаппалар мен крандарды түгендеу және жөндеу; бақылау-өлшеу аспаптарын демонтаждау және орнату; труба құбырлары мен монтаж тораптары учаскелерін үрмелеу және престемелеу, өтпелерді, қиыспаларды және катушкаларды монтаждау;

труба құбырларын тарту кезінде крандарды, труба төсегіштерді және экскаваторларды басқару және оларды қарапайым жөндеуді жүргізу;

кранның, труба төсегіштің, экскаватордың жұмысы мен жанар-жағармай материалдары шығысының есебін жүргізу;

апат кезінде мұнай немесе мұнай өнімдерін жинауға арналған вакуумді жылжымалы қондырғыға қызмет көрсету;

жоғары қысыммен жұмыс істейтін труба құбырларын пісіру;

түрлі қосу, бұру мен арматураға арналағн белгілемелер;

труба құбырларының төмен жерлерінде конденсаттың болуын тексеру;

мұнай өнімдерін айдайтын, газды таратып бөлу стансалары (пункттері) мен авариялық-жөндеу пункттерінің жабдығын түгендеу және жөндеу.

131. Білуге тиіс:

труба құбырларының барлық жабдықтарының сызбасы мен құрылымын;

өтпелерді, қиыспаларды және катушкаларды монтаждауға қойылатын талаптарды;

труба құбырларын үрмелеу және престемелеу ережесін;

труба құбырларын, ыдыстар мен қайта қосу тораптарын сынау нормаларын;

труба құбырларының және мұнай өнімдерін айдайтын, газды таратып бөлу стансалары (пункттері) мен авариялық-жөндеу пункттерінің жабдығын орналасу сызбасын;

сызбалар мен эскиздерді оқуды;

пісіру жұмыстары технологиясын.

Экскаватор машинисіне: жұмыстарды шөмішінің сыйымдылығы 0,4 куб.м артық бір шөмішті экскаватормен немесе шөмішінің сыйымдылығы 20 л артық роторлы эскаватормен (арна қазатын немесе траншеялық) , немесе Э-2516, Э-4010 «Сатур» типтес универсалды жер қазу-жоспарлау машиналарымен орындау кезінде – 6-разряд беріледі.

Қуаты 73 кВт (100 л.с.) артық труба төсегіш машинисіне – 6- разряд беріледі.

Тиісінше желілік труба төсеушінің біліктілігі 6-разрядтан төмен болмауға тиіс.

22. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі

Параграф 1. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 3-разряд
132. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары электр слесарінің басшылығымен таратып бөлу мұнай базалары мен автомобильдерге май құю стансаларының механикалық және электр жабдығын, агрегаттары мен құрылғыларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;

бензинді таратып бөлу, майда таратып бөлу және араластыру колонкаларын, есептеу механизмдерін, дозаторларды, газ айырғыштарды, компрессорларды алдын ала жөндеу;

жылжымалы электр стансаларына қызмет көрсету;

электр желілері мен жарық беру жабдығын тексеру, монтаждау, ауыстыру және жөндеу;

бөлшектерді 11 - 12 квалитеттер (4 – 5 дәлдік сыныбы) бойынша слесарлік өңдеу;

таратып бөлу мұнай базалары мен автомобильдерге май құю стансаларының жабдығын күтіп баптау.

133. Білуге тиіс:

жөнделетін жабдықтың құрылымын;

колонкаларды, агрегаттары мен құрылғыларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынаудың технологиялық кезектілігін;

жұмысшы, авариялық және қауіпсіз жарық беру сымдарының сызбасын және құрылымын;

жарық беру желілеріндегі жұмыстың ережесі мен жолдарын;

мұнай базалары мен автомобильдерге май құю стансаларының механикалық пайдалану ережесін;

слесарь ісі негіздерін және механика мен электротехника жөніндегі негізгі деректерді;

бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Параграф 2. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 4-разряд


134. Жұмыс сипаттамасы:

таратып бөлу мұнай базалары мен автомобильдерге май құю стансаларының механикалық және электр жабдығын, агрегаттары мен құрылғыларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;

бензинді таратып бөлу, майда таратып бөлу және араластыру колонкаларын, есептеу механизмдерін, дозаторларды, газ айырғыштарды, компрессорларды күрделі жөндеу;

мұнай өнімдерін цистерналарға автоматты құю стансаларын, құю-ағызу тіректерін, құю аспаптарын, теміржол және автоқұю эстакадаларын; бақылау-өлшеу аспаптарын орнату және жөндеу;

автомобильдерге май құю жылжымалы стансаларын қызмет көрсету;

бөлшектерді 7 - 11 квалитеттер (2 – 3 дәлдік сыныбы) бойынша слесарлік өңдеу;

жөндеуге ақау ведомостарын жасау.

135. Білуге тиіс:

жөнделетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын;

жөндеу процесінде ақауларды жою тәсілдерін;

жабдыты құрастыру және сынауды;

резервуар парктерін, бу қазандықтарын, ағызу-құю эстакадаларын техникалық пайдалану ережесін;

механика, электротехника, электр, газбен пісіру және сызу негіздерін;

аспаптар мен аппараттарды реттеу тәсілдерін;

қарсыласуды есептеу ережесін;

насос, резервуар паркін, таратып ағызу-құю эстакадаларын, май генерациялау қондырғыларын, автомай құю стансаларының техникалық байламдау сызбасын, қызмет көрсететін жабдықтың ақауы себептері мен олардың жою тәсілдерін;

мұнай өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттерін.

Параграф 3. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 5-разряд


136. Жұмыс сипаттамасы:

таратып бөлу мұнай базаларының мұнай өнімдерін цистерналарған құюға арналған жартылай автоматты, автоматты құрылғылары мен басқару пульттерін; қашықтықтан басқарылатын бензинді таратып бөлу, майда таратып бөлу және араластыру колонкаларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;

аспаптарды сынау және пайдалануға тапсыру;

жүзбелі автомай құю стансаларына қызмет көрсету;

аспаптар мен жабдықтың өнімділігі мен дәлдігін тексеру;

аспаптарды сынау және тексеру кезінде абсолюттік және салыстырмалы ауытқуын есептеу;

механикалық және электр сызбалары мен автоматты құрылғыларды реттеу;

бөлшектерді 6-7 квалитеттер (1-2 дәлдік сыныбы) бойынша слесарлік өңдеу;

қауырт және тығыз орнату кезінде тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

137. Білуге тиіс:

стационарлық, жылжымалы және жүзбелі автомай құю стансаларының, жартылай автоматты және автоматты отын тарату колонкаларының, мұнай өнімдерін цистерналарған құюға арналған құрылғылардың жөнделетін жабдығының конструктивтік ерекшеліктерін;

автомай құю стансаларында қолданылатын барлық тораптар мен электрондық сызбаларды реттеу ережесін;

бөлшектердің мерзімінен бұрын тозуын айқындау тәсілдерін;

жабдықтың дәлдігін, қуаты мен өнімділігін сынау ережесін;

машиналарды теңгермелеу ережесі мен тәсілдерін.

Параграф 4. Мұнай базаларының жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 6-разряд


138. Жұмыс сипаттамасы:

таратып бөлу мұнай базаларының қашықтықтан басқару және телемеханика жүйелерін, насос стансаларының кешенді автоматика жүйелерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау;

қашықтықтан басқарылатын электр жетекті жаппа арматурасын монтаждау және реттеу;

жабдықты пайдалану кезінде ақауларды анықтау және жою;

біліктілігі анағұрлым төмен электр слесарінің жұмысына басшылық ету.

139. Білуге тиіс:

жөнделетін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық және электр сызбасын;

жөнделген жабдықты жөндеу, құрастыру, монтаждау және сынау әдісін;

жұмыс істеп тұрған бөлшектерге, тораптарға, механизмдерге жол берілетін жүктемені және сынудың, тозудың және апаттардың алдын алу шараларын.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының

(34-шығарылым) 1-қосымшасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет