1. Дәрілік аллергияның дамуына жағдай жасайтын факторға … жатпайды



Дата19.06.2016
өлшемі49.05 Kb.
#147584
Тест сұрақтар.

1. Дәрілік аллергияның дамуына жағдай жасайтын факторға … жатпайды.

а) экологиялық жағдайлар

б) ұзақ және бақылаусыз өз бетінше емделу

в) даму ақаулары

г) конституциялық ақаулар

д) теріс жанұялық және жеке аллергоанамнездер

Жауабы: В.


2. Шынайы аллергиялық реакцияларды … шақырмайды:

а) пенициллиндер

б) электролиттер (Na,K,Ca)

в) сульфанилмидтер

г) В тобының дәрумендері

д) инсулин

Жауабы: В
3. Дәрілік аллергияның клиникалық көрінісіне … жатпайды.

а) сарысулық ауру

б) контактылы дерматит

в) анафилаксиялық реакция

г) Стивенс-Джонсон синдромы

Жауабы: Г


4. Табиғи иммунитетке жатпайды:

а) табиғи барьерлер

б) сілемейлі қабаттар

в) фагоцитоз

г) қабыну

д) склероздалу

жауабы: Д.
5. Арнайы иммундық жауаптың басты рольін орындайды.

а) лейкоциттер

б) эритроциттер

в) лимфоциттер

г) тромбоциттер

д) моноциттер

жауабы: В.
6. Жасушалық иммунитеттің негізгі жасушасына жатады.

а) В-жасушалары

б) макрофагтар

в) плазмалар

г) Т-жасушалары

д) LgЕ


жауабы: Г
7. LgА жасушасын продукциялайды...

а) цитотоксикалық лимфоциттер

б) СД4 лимфоциты

в) плазмалық жасуша

г) макрофагтар

д) дендриттік жасушалар

жауабы: В.
8. Иммундефициттік вирус зақымдайды.

а) лейкоциттерді

б) Т-хелперлерді

в) Т-супрессорларды

г) Т-эффектілерді

д) В-лимфоциттерді

жауабы: Б.
9. Иммунитет жөніндегі түсініктеме:

а) гентикалық бөгде көріністтерді алып жүретін тірі денелер мен заттардан организмнің қорғану әдісі

б) субьектылардың бактериялардан өмірін сақтау әдісі

в) молекулярлық бөгде көріністерді алып жүретін тірі денелер мен заттардан организмнің қорғану әдісі

г) организмнің дәрі-дәрмектен қорғану әдісі

д) организмнің құрттардан қорғану әдісі

жауабы: А.
10. Организмнің орталық иммундық жүйесіне жатады:

а) көкбауыр

б) лимфалық түйіндер

в) бадамша бездер

г) тимус безі, сүйек милары

д) кеуденің лимфалық түйіндері және іш қуысы

жауабы: Г.
11. Экзоаллергендерге жатпайды:

А) цитрустар

Б) қайызғақ

В) өз тіндерінің компоненттері

Г) жануарлардың жүндері

Д) ішек құрттары

Жауабы: В
12. Антидененің негізгі қасиеті болып ... табылмайды:

а) бөгделік

б) бактериоцидтік

в) антигендік

г) иммуногендік

д) арнайылық

Жауабы: Б
13. Аллергиялық реакциясының эндогенді факторларына жатпайтындар:

а) бета-рецепторлардың блокадасы

б) жұқпалы аурулар

в) қалқанша бездің гиперфункциясы

г) гипофиз-бүйрек үсті безі қыртысты жүйелерінің қызметінің төмендеуі

д) кезеген жүйкенің гиперфункциясы

Жауабы: Б
14. Аллергиялық реакцияны шақырмайтын факторлар:

а) тосқауылдардың (барьер) өткізгіштігінің жоғарылауы

б) иммунды жауаптың сипатының өзгеруі

в) патохимияық кезеңі ағымының ерекшеліктері

г) баланың анотомиялы-физиологиялық ерекшеліктері

д) бөгде дене

Жауабы: Г
15. Терілік-аллергиялық сынамалар ... анықтайды:

а) сенсибилиацияның себебін

б) аурудың сатысын

в) аурудың орналасуын

г) аллергиялық реакция кезеңдерін

д) аурудың болжамын

Жауабы: А
16. Эпидермальды және тозаңдық аллергендерді анықтайтын терілік сынаманы ... әдіспен жүргізбейді:

а) апликациялы

б) скарификациялы

в) терішілік

г) Праустница-Кюстнер әдісі

д) тамшылату

Жауабы: Г
17. Саңырауқұлақтық, тұрмыстық микробтық аллергендерге сынаманың мына әдісін жүргізеді:

а) тамшылату

б) скарификациялы

в) теріішілік

г) Праустница-Кюстнер әдісі

д) апликациялы

Жауабы: В
18. Терілік аллергиялық сынаманың айқын болуы тәуелді емес:

а) организмге түскен аллергенннің санына

б) тіннің тупгоры мен серпімділігіне

в) мес жасушаларының сенсибилизациясына

г) теріде арнаулы IgЕ құрамына

д) терінің гистаминге белсенділігіне

Жауабы: Б
19. Ингаляциялы тест, аллергияның әртүрлі формаларын арнайы диагностикалау үшін жиірек қолданылады:

а) атопиялық дерматитте

б) аллергиялық дерматитте

в) дәрілік аллергияда

г) бронх демікпесінде

д) тағамдық аллергияда

Жауабы: Г
20.Жедел типті аллергиялық реакцияда клиникалық симптомдар ... уақыттан соң пайда болады:

а) 30-60 минут

б) 60-90 минут

в) 2-3 сағат

г) 3-4 сағат

д) 5 сағат

Жауабы: А
21. Баяу типті аллергиялық реакциялардғы клиникалық симптомдардың пайда болу уақыты:

а) 24-48 сағат

б) 30-60 минут

в) 5-6 сағат

г) 10-12 сағат

д) 3-4 күн

Жауабы: А
22. Тағамдық аллергияның диагностикасы ... әдісімен жүргізілмейді:

а) иммунологиялық сынақ

б) провакациялық тест

в) терілік тест

г) стернальды пункция

д) анамнез

Жауабы: Г
23. Тағамдық аллергияның диагностикасындағы ең тиімді тест (алтын стандарт):

а) екі еселенген плацебо-бақылаулық провакациялық тест

б) аллергологиялық анамнез

в) аллергенді теріге сүрту

г) теріішілік сынама

д) гемоаглютинацияның белсенді әдісі

Жауабы: А
24. Сиыр сүтінің құрамындағы аллергендік қасиеті жоғары протеиннің фракциясы:

а) альфа-лактальбумин

б) бета-лактоальбумин

в) казеин

г) альбулеза

д) липопротеидтер

Жауабы: Б
25. Жұмыртқа құрамындағы антигендік қасиеті жоғары протеин:

а) овальбумин

б) кональбумин

в) құрамында вителлин бар сарыуыз

г) овомукоид

д) овомуцин

Жауабы: В
26. ... жағдайында сүттің аллергендік қасиеті жоғарылайды:

а) ұзақ қайнату

б) гидролиздеу

в) ұйыту


г) тағамды микротолқын сәулелендіру

д) фильтрация

Жауабы: Г
27. Элиминациялық ем дәмның ұзақтығы:

а) 10 күн

б) 2 ай

в) 3-4 ай



г) 10 ай

д) 2 жыл


Жауабы: Д
28. Поллиноз- ... –мен шақырылатын аллергиялық ауру.

а) шартты патогенді таяқшалар

б) фильтрленбейтін вирустар

в) коккты флора

г) стресстер

д) өсімдіктер тозаңы

жауабы: Д
29. Поллинозға тән емес синдромдар:

а) риносунусит

б) бронх демікпесі

в) Квинке ісінуі

г) контактылы дерматит

д) атопиялық дерматит

Жауабы: Д
30. Поллиноз кезінде сирек кездеседі:

а) риносинусит

б) брон демікпесі

в) Квинке ісінуі

г) контактылы дерматит

д) эозинофильді өкпелік инфильтрат

Жауабы: Д
31. Поллиноз көбінесе мына жастағы балаларда көп кездеседі:

а) 1-6 ай

б) 6-12 жас

в) 1-3 жас

г) 3-6 жас

д) 6-14 жас

Жауабы: Д

32. Поллиноз емінде көбінесе антигистаминді препараттардың ... ұрпақтарын қолданады:.

а) 1-ші

б) 2-ші


в) 3-ші

г) 4-ші


д) қолданбайды

Жауабы: Б

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет