1 дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)



бет29/30
Дата21.09.2022
өлшемі488 Kb.
#461085
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
лекция Документ Microsoft Office Word

5.Мұғалім контактілігі.
Контакт (түйісу)- топпен индивидтің немесе индивидтің топпен тұлғааралық байланыстарын қайта орнатудың және қайта құру динамикалық процессі (үдерісі). Қарым-қатынас процестерінде даму сатылары мен деңгейін бүліп қарауға болады, олар әріптестердің бір-біріне әсерлі ықпал етуге қажетті қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тереңдігін болжайды. Қарым-қатынастың деңгейі, сатылары ішкі және сыртқы (ішкері-тысқары) мінездемелерге байланысты. Кон-тактілік процестің ішкі мінездемесі бойынша, эмоционалды және ақпаратты ықпал етушілік үзара күйзеліс пен әрект үйлесімдігін қамтамасыз етеді. Сыртқы мінездемеге келсе, ол уақытша және жалпылама сипатта, белгілі бір жағдайда ғана пайда болады. Мүғалімнің тәрбиелік іс-әрекет етуіне ықпалдылық қажет, оған жағдай туу керек, мүғалім мен оқушы арасында психологиялық үзара түсіністік, сенім, сыйластыққа қүрылған, (оларсыз оқушыда тәрбиелік әрекеттестікке қарсылық туады) қатынас болуы міндетті. Психологиялық байланыс орнауы мыналарға байланысты:Мүғалім оқушының жеке, дербес-психологиялық, жас ерекшеліктерін, олардың қызығушылығы, мүмкіндіктері, тырысушылығы, қүндылықтарын жете білуі керек. Әсіресе жеткіншектер мен тәрбие жүмысын дұрыс ұйымдастыру маңызды, үйткені дәл осы кезеңде олар ер жетуге тырысады, үзіне- үзі сену сияқты жаңа психикалық таным бойларында орнығады. Сонымен қатар, жеткіншектердің танымдық қызығушылығы күбейеді, қүрдастарымен қарым-қатынасы ар-тады.-Мүғалім не айтса, соны қабылдауға психологиялық дайын болу. Оқушы бойындағы сенімнің түмен болуы, қиқарлығы, оқығысы келмей ашулы болуы, үз күшіне сенбеуі онымен психологиялық байланыс орнатуды қиынға соқтырады.
Оқушының сенімін ақтау, түлғасына сыйластықпен қарау. Қызығушылықтардың қабысу нүктесін табу, қарым-қатынасқа оптимальді реңк үстеу. Оқудағы, қарым-қатынастағы кездесетін қиындықтарды жеңу, кеңес беріп күмектесу.
Мүғалімнің эрудициясы, абыройы, жүғысқыштығы, сыпайылығы, сезімталдығы, шыншылдығы мен шынайылығына байланысты. Осы шарттардың орындалмауы оқушының селқостығына немесе педогогикалық іс-әрекеттерге қарсыласуына, яғни конфликтінің тууына алып келеді. Мұғалімнің оқушылармен үзара әрекеттесуі үстаздың үз еңбегіне қанағаттануы және оқушының оқуға деген ықыласының қиылысу нүктесі болып табылады. Осы мұғалімнің әрекеттестігі негізінде
оқытушылармен контакт (байланыс) орнайды. Терең байланыспен үзара жайлы қарым-қатынастың қалыптасу мектепке оқушының да, мұғалімнің де қуанышпен баруына себін тигізеді. Байланыс процестерінің нәтижесі адам ақпарат ал-
маушы ғана емес, қарым-қатынас күйіндегі жайлы эмоцио-
налды қорек алушы екендігінде. Сондықтан эмоционалды,
мағыналы қатынастардан құрылған байланыс процестері
адамдардың үзара қарым-қатынас нәтижелілігімен тығыз
байланысты. Контактілік процестер қарым-қатынас
құрылысына еніп, белгілі бір жайлы тұлғааралық әрекеттестікке, басқа адамды түсінү деңгейіне әкеледі. Контакт (байланысу) түсінігін педогогикалық процесс бүлігі ретінде қарастыру араласушылардың арасындағы қарым-қатынастың алғаш тууын байқауға, сол қарым-қатынастың тууына жайлы жағдай жасауға күмектеседі, осы жағдай жасаған кезде жеке түлғалық, психологиялық сипатты ескеру керек. Педагогикалық процесте мүғалім мен оқушы қарым-қатынасына әсер ету мүмкіндігі педагогикалық қарым-қатынасты қолға алу арнасын ашады. Оның іске асуына оптимальді сипат бере отырып, педагогикалық қарым-қатынасты қолға алу арнасын табады. (Оптимальді) оңтайлы педагогикалық қарым-қатынас де-
геніміз — оқу барысындағы мүғалім мен оқушы арасындағы қызметінің шығармашылық сипатымен оқушы мотивациясының дамуына, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына
мейілінше жағдай жасайтын, оқу үшін жайлы ахуал, ор-
нықтыратын қарым-қатынас, қарым-қатынастың қазіргі теориялық концепциялары оқыту процесінің екіжақтылығын қолдайды, яғни мұнда оқушы мен мүғалімнің қызметі үзара байланысты, бір-бірін толықтырып тұрады. Педагогикалық
процестегі диалогизациялаудың психологиялық қүралы педагогикалық тұлғааралық әрекеттестіктің шынайы мәнін суреттейтін жағдайларда әр-түрлі центрацияларды актуалдандырып, модельдендіретін (келелдендіре сипатқа ие болдыратын) әлеуметтік-психологиялық тренинг топтарындағы мүғалімдердің центрациясын коррекциялау, түзету болып табылады. Мұғалім центрациясы дегеніміз — оқу тәрбие процессіне қатысушылардың мотивациялық тенденциялары, ой қорытулары қаншалықты басымшыл жағдайға ие болса, соңшалықты бас иерлік жағдайда болатын, ұстаздың жағдаятты мотивациялық иерархиясы, яғни педагогтың кәсіптік іс-әрекет тәсілі немесе түпкі мақсатқа жеткізер жол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет