1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет1/52
Дата26.10.2022
өлшемі233.12 Kb.
#463361
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
1. дебиет теориясы ылымыны діснамалы а идалары дебиет тео


1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары
Әдебиет теориясы — әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy зерттейтін саласы. Әдебиет теориясы көркем әдебиетті барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Қазақ ғалымдарынан әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет теориясының мәселелері” атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. З.Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы”, “Өлең сөздің теориясы” атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды зерттеулер. Әл-Фараби шығарманың оқушысына әсерін сипаттай отырып, шығармашылық әдіс ұстанымы деңгейінде бірнеше қағида негіздейді. Ол қағидалар бойынша, оқушы жұрт оқыған шығармасы арқылы мынадай күйлерді бастан кешуі шарт: біріншіден, ақылға қонымды қуат-күшін жақсартып, өзінің әрекеттерімен де, ойларымен де жақсылыққа асық болуға, жамандықтан қашық болуға құлшынуы ләзім; екіншіден, ақыры күшке, күш көрсетуге ұласатын жан аффектілерін (ашу, тәкаппарлық, қаталдық, арсыздық, күншілдік, атаққұмарлық, мансапқорлық, дүниеқорлық, т.б.) бәсеңдетуге, басуға және оларды жамандық істерде емес, жақсы істерде пайдалануға бағыттауы керек; үшіншіден, құмарлық, қорқақтық, уайымшылдық, ұялшақтық, көнгіштік, көнбістік, жігерсіздік, салғырттық, еріншектік және басқа осындай босаңдық пен жұмсақтыққа ұқсайтын жан аффектілерін жақсартуға, шектен асырмауға, игілікті істерге пайдалануға лайықты етіп өзгертуге талпынуы қажет.


2.Қазақ поэзиясындағы ұйқас түрлері
Қазақ әдебиеттану ғылымында ұйқас мәселесі А. Байтұрсыновтан
бастап бүгінгі күнге дейін қарастырылып келеді. Әсіресе, зерттеушілер
Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З. Қабдолов т.б. еңбектерін басшылыққа
алып келеміз. Ғалымдардың келелі ойлары, саралы пікірлері ғылымдағы
маңыздылығымен құнды. Зерттеуші, әдебиет теоретигі Қ. Жұмалиев «сөз аяқтарының бірдей не бірдейге жақын естілушілігін өлең ұйқасы
(рифма) деп атайды» деп көрсетіп, толымды және толымсыз
ұйқастарға мысал келтіріп, ұйқастың негізгі және көп қолданылатындары қара өлең  ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс  ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас деп ажыратады. Сондай-ақ,
аудармаға т.б. байланысты тілімізге өзге ұйқастардың да енуі мүмкін
дей келе, мысал үшін қаусырмалы ұйқасты (абба) келтіреді.
Қазақ әдебиетіндегі өлең сөздің теориясын арнайы зерттеген
ғалым З. Ахметов қазақ өлеңдерін талдай келе, әр ұйқас түріне мысал
келтіреді. Жалпы әдебиетте, мектеп оқулықтарында, көбіне
ұйқастың сегіз түрін атайды. З. Қабдоловтың «Сөз өнері»
монографиясында да жоғарыда аталған ұйқас түрлері көрсетіледі. Қазақ поэзиясындағы негізгі ұйқастардың бірі -егіз ұйқас. Аты айтып тұрғандай 
екі тармақтан жұптаса ұйқасады. Мұндай ұйқасу қатар тұрып та, кейде 
ой аяқталмай алшақ тұрып жалғасу арқылы да жүзеге асырылады.
Қазіргі поэзияда ерікті ұйқастарға көптеп мысал келтіруге болады.
Аралас ұйқас-жоғарыдағы аталған ұйқастардың бір шумақ
бойында араласып келуінен жасалады. Мәселен, төрт тармағы қара
өлең ұйқасы да, келесі екі не төрт тармағы егіз ұйқас, болмаса, төрт
тармағы шалыс ұйқас та келесі тармақтары шұбыртпалы болып келуі
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет