1. Ежелгі Қосөзен жеріндегі мемлекеттердің қалыптасуы мен мәдениеті Қосөзен өркениеті


Ежелгі Қосөзен жеріндегі мемлекеттердің қалыптасуы



бет2/3
Дата05.04.2023
өлшемі13.37 Kb.
#471762
1   2   3
Ежелгі Қосөзен жеріндегі мемлекеттердің қалыптасуы мен мәдениеті

2. Ежелгі Қосөзен жеріндегі мемлекеттердің қалыптасуы

Вавилондық астрономдар египеттіктерді едәуір басып озып, аспан денелерін, яғни басқа планеталарды және қозғалмайтын жұлдыздарды бақылап зерттеуде үлкен табысқа ие болды; олар Күннің, Айдың айналасын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп шығарды. Олардың барлық ғылылыми білімдері мен ізденістері бақсылық, балгерлікпен байланысты болды. Оқымысты абыздар математикамен де айналысты. 60 санын олар киелі деп есептеді. Олардың ізімен біз күні бүгінге дейін сағатты 60 минутқа, шеңберді 360 градусқа бөлеміз. Ашшурбанипал кітапханасы мен Ашшурбанипал сарайынан табылған “Өліп бара жатқан ұрғашы арыстан” – дүниежүзүлік маңызы бар өнер туындысы. Кітапхананы Ассирияның білімді патшаларының бірі – Ашшурбанипал жасатқан. Ол Вавилонның, басқа да ежелгі шығыс елдерінің кітаптарын жинатқызды. Олардың ішінде әдеби шығармалармен бірге жұлдызнамалық, медициналық кітаптар болған. Ассириялық ақындардың өлеңдері мен жырлары, патшалардың жылнамалары күні бүгінге дейін сақталған. Бай да салтанатты сарайлар патшаны дәріптеу мен ассириялықтардың әскери күшін көрсету үшін салынды.


Б.з.б. 6 – 4 ғасырларда Қосөзен аралығы Ахемен әулетіне қарады. Мемлекетті шаһиншаһтар басқарып, Месопотамия өркениеті онан әрі дамыды. Б.з.б. 330 жылы А.Македонский шапқыншылығы салдарынан Месопотамия өркениеті жетекші рөлінен айрылып, грек-македон өркениетінің ықпалына түсе бастады. Дегенмен адамзат тарихындағы алғаш жетілген әлеуметтік қоғамдар мен мемлекеттер Қосөзен бойында қалыптасып, жалпыадамзаттық өркениеттің тамаша ошағына айналды.
‘’ Қосөзен’’ атауы Таяу Шығыстағы екі өзеннің – Тигр мен Евфраттың қосылуын білдіреді. Мыңдаған жылдар бұрын адамдар жер бетінде қалай өмір сүргенін бірге қарастырайық.
Қолайлы ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп, тіршілік етуіне әсер етті. Ең алғашқы тұрғындары аңшылық пен балық аулау арқылы өмір сүрді. Батпақты да жұмсақ әрі құнарлы топырақты жерлерді де біртіндеп игере бастады. Батпақтарды арықтар қазу арқылы құрғатты, суын ағызып жіберіп, егін егуді үйренді. Әр түрлі көкөністерді – пияз, қияр, т.б. өсіре бастады. Жеміс беретін құрма ағашын, май шығаруға болатын күнжұт өсіруді білді.
Үй жануарларын өсіруге қолайлы ауа райы, шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болуы, жалпы мал шаруашылығының ерте дамуына мүмкіндік берді. Қой, ешкі, шошқа, сиыр, есек сияқты жануарлар өсірілді. Егіншілікті кең түрде жүргізу мүмкіндігі соқаның да ертерек дүниеге келуіне әсер етті. Соқаны есекке, өгізге жегу арқылы егістік көлемін ұлғайтып, көбірек өнім ала бастады.
Қосөзендегі өркениетті негіздеушілер шумерліктер болды. Ғалымдар шумерліктер тілінде егістік, бау-бақша, шабындық, жүзімдік, жер жыртушы, бақшашы атауларының болғандығын анықтады. Сол негізде Қосөзенде, шумерлер кезінде егіншілік, бау-бақша біршама дамыған деп есептеледі. Шумерлер кезеңінде жер шаруашылығымен қатар қолөнер де жақсы дамыған. Әсіресе алтыннан жасалған заттар ерекше көзге түседі.
Қосөзендегі жер шаруашылығы үлкен арықтар мен каналдар қазуды қажет етті. Оны ұйымдастыру мен жер бөліктері үшін тартысты реттеп отыру үлкен мәселе болды. Бұл басқару жүйесінің қалыптасуына әкелді. Шумерліктер басшыларын – «нубанда» деп атады. Ал салық жинаушылар – «машки», қоймашылар – «дуггур», әскербасылар – «галуку», сауда-саттық басшысы – «дамкар» деп аталды. Осылайша шағын мемлекеттер қалыптасты.
Шумерлер өз дәстүрлерінде құдайлардың өздеріне қызмет ету үшін жаратылғанын сипаттайды. Аңыз бойынша, құдайлар Жерге басқа планетадан келді және адамның жаратылу процесін шумерлер жеткілікті түрде егжей-тегжейлі сипаттайды және тәжірибенің жемісі ретінде қарастырады.
Шумерлердің тарихы - бұл әр топтың басында патша болатын адамдар топтары арасындағы күрес. Шумер қоныстары тас қабырғалармен қоршалған, қала халқының саны 50 мың адамға жетті.
Шумерлердің мәдени мұрасының тәжі - өсімдіктерді қалай дұрыс өсіру және топырақты жырту туралы айтатын ауылшаруашылық альманахы. Шумерлер құмыра дөңгелегін пайдалануды және үй салуды білген. Олар білген-түйгенінің барлығын тәңірден үйреткенін жасырмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет