1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы



Pdf көрінісі
бет36/54
Дата24.05.2024
өлшемі1.14 Mb.
#501817
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
D6М020300-Тарих-каз

Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы 
Қазақстан тарих ғылымындағы методологиялық ізденістер. Қазақстанда тарихи ойдың 
жанғыруы бойынша үрдісінің басталуы мен барысы. Қазақ мемлекеттілігінің тарихын жаңа 
бағыт тұрғысынан зерттеу. Саяси қуғын- сүргіннен зардап шеккен қазақ ұлт зиялылары 
өкілдері және мемлекет қайраткерлерінің еңбектері. Қазақстандағы жаппай ұжымдастыру және 
көшпелі, жартылай көшпелі қазақ ауылдарын отырықшыландыру тарихын қайта зерттеу. Саяси 
қуғындалған халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихын зерттеудегі жетістіктер. Қазақ 
диаспорасының тарихын зерттеу мәселелері Қазақстанның шетелдік тарихнамасы. 
Қазақстанның әлеуметтік- демографиялық жағдайы туралы зерттеулер. Ежелгі және 
ортағасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 
аясында жарық көрген еңбектер және олардың маңызы. Отандық тарих және тарихнама 
ғылымының дамуы. Қазақстан тарихы бойынша қорытындылаушы еңбектер. Қазақстан 
тарихнамасы монографиялар мен оқу құралдары. 
Деректану теориясы. Деректанудың теориялық және әдістемелік мәселелері 
Тарихи деректер- өткенді танудың негізі. Тарихи деректердің анықтамасы. Деректер 
туралы жалпы түсінік. Зерттеушінің деректермен жұмысының кезңі. Деректану ғылымы және 
зерттеу нысаны. 
Деректану теориясы. Тарихи деректер бейнелеу теориясы тұрғысынан. Деректердегі 
объективтік және субъективтік туралы. Тарихи шындық пен деректің, дерек пен тарихшының 
диалектикалық байланыс механизмі. Тарихи дерек ұғымы ақпарат теориясы туралы білім 
тұрғысынан. 
Методологиялық концепциялар және жүйелер қатынастары: «тарихишындық» 

«тарихи дерек» - «тарихи білім». Деректану және қосалқы тарихи пәндер. 
Тарихи деректердегі ақпараттың таусылмайтындығының объективті себептері. Деректің 
айқын (өзекті) және бүркемеленген (әлеуетті) ақпараты, мақсаты мен оны алудың әдістері. 
Тарих ғылымының деректік базасы. Тарихи деректердің классификациясы және жүйесі. 
Отандық және шет елдік деректанудағы тарихи деректердің классификациясы және 
жүйелеуі. Классификацияның алғашқыларының бірі. 

«Қалдық» және «мұра». Тарихи деректердің түрлері мен типтері. Тарихи 
деректерді сыныптаудьщ кажеттілігі мен жолдары. Тарихи деректерді типтерге және түрлерге 
бөлудің негізгі принциптері. Деректерді классификациялаудың критерийлері. Жазба 
деректердің негізгі типтері. Жазба деректерді түрлік классификациялау. Ерекше 
(қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы. 
Тарихи деректер эволюциясы. Деректердің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік 
ерекшеліктері. Деректердің дамуының негізгі үрдістері. 
Деректанулық талдаудың мақсаты және сатылары. Тарихи деректермен жұмыс жасау 
әдістемесі. 
Деректанулық талдаудың мақсаты. Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: 
деректерді іздеу, табу, деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтерді ғылыми 
айналымға енгізу, оларды нақты зерттеулерде пайдалану тәсілдері. 
Деректердің пайда болуын сынау. Деректердің сақталу формалары және олардың 
деректанулық маңызы. Деректің пайда болған уақытын анықтау. Деректің пайда болған жерін 
анықтау. Дерек авторын немесе құрастырушысын анықтау. Тарихи деректің әлеуметтік 
функциясын анықтау. 
Деректанулық талдаудағы кешенді бағыт. Синтез - деректі зерттеудегі соңғы саты. 
Отан тарихының деректері Ежелгі дәуір және ортағасырлар тарихының деректері. 
Жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері. Эпиграфиялық ескерткіштер. Осы дәуірдің өзге 
де тарихи деректерінің типтері (заттай, жазба, лингвистикалық, ауызша). Нарративті деректер. 


Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихының деректерге жалпы шолу. Деректердің 
негізгі жарияланымдары. Классификациялау мәселелері. 
Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша деректер (XVIII г. бас кезі XX ғғ.). Іс 
қағаздық құжаттар. Мерзімді басылым материалдары тарихи дерек ретінде. Статистикалық 
деректер. Жеке тектік құжаттар. 
Деректердің эволюциясы. Деректердің негізгі кешені. Дерек түрлерінің сан жағынан 
өсуі, түрлерінің көбеюі, жаңа топтарының және типтерінің қалыптасуы. 
Іс қағаздық құжаттар. Іс қағаздық құжаттарды деректанулық сыннан өткізудің жалпы 
принциптері. 
Мерзімді басылымдар тарихи дерек көздері. Оларды классификациялау. Мерзімді 
басылымдарды талдаудың негізгі принциптері мен проблемалары. 
Статистикалық мәліметтер және олардың түрл ері. Демографиялық статистика және 
оның деректік маңызы. Статистикалық деректерді талдаудың жолдары. 
Жеке тектік құжаттар тарихи дерек ретінде. Олардың эволюциясы және 
классификациялау, талдау әдітері Хаттар, күнделіктер, естеліктер және заманхаттардың 
деректік ерекшеліктері. 
Кеңестік кезең тарихының деректері. 
Кеңестік кезең тарихының деректерінің ерекшеліктері. Кеңес өкіметінің заң шығарушы 
және атқарушы ұйымдарының актілері оларға деректанулық талдау жасаудың тәсілдері мен 
әдістері. Мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдардың іс жүргізу құжаттары. Кеңестік 
іс жүргізу құжаттарының эволюциясы. Іс жүргізу құжаттарының классификациясы. Кеңес 
Одағы коммуниста партиясының, қоғамдық ұйымдардың бағдарламалық және директивалық 
құжаттары. Мерзімді басылым және баспа. Кеңестік советтік социалистік республикасындағы
маңызды мерзімді басылымдардың сипаттамасы. 1980-1990- жылдардағы мерзімді басылымдар. 
1980-жылдардың соңы - 1990-жылдардағы бейресми мерзімді басылымдар. Кеңестік кезеңде 
заманхаттардың дамуы және зерттелуі. Заманхаттардың түрлері және жанры. Олардың 
толықтығына, шынайылығына, репрезентативтігіне баға беру. 
Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері. Лингвистикалық, электронды 
деректер. Кино-фото-фоно құжаттар. 
Заманауи электронды деректер, олардың пайда болуы және сақталу ерекшелктері
пайдаланудың тәсілдері. Интернет тарихи дерек ретінде. Интернет-сайттардың ерекшелктері. 
Кино, фото, фоно құжаттар және деректік ерекшелктері мен маңызы. Кино, фото, фоно 
деректерің дерек көзі ретінде зерттеу проблемалары. Қазіргі кезеңнің деректері және олардың 
түрлері. Заң актілері, Іс жүргізу құжаттары және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет