Сонымен қатар Сібір темір жол торабы мен Ертіс бумен жүретін кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Катонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері жұмыс істеп тұрды.
Сібір темір жолы салынғаннан кейін Қазақстан тауарлы мал шаруашылығымен айналысатын ауданға айналды. Тері, жүн, ет, май өндейтін өнеркәсіптің дамуына жол ашылды. Петропавл және Семей қалалары мал саудасымен айналысатын ірі орталық болды.
Май өндіретін, етті консервілеу өнеркәсіптері Ақмолада, Семейде, Петропавлда ашылды. Мал шаруашылығы өнімдерін ендеу кәсіпорындарының ішінде былғары шығару ісі жетекші орын алды. Былғары өндірісімен қатар қолғап тігетін, пима басатын кәсіпорындар жанында қой терісінен тон тігу қолға алына бастады. Тон тігетін кәсіпшіліктер Петропавл және Ақмола уездерінде жедел дамыды.
Жергілікті жерлерде жүн шикізаты алғашқы ғана өндеуден өтіп, Ресейге жөнелтілді. Далалык өлкеде өңдеу өнеркәсібінде ұн тарту ісі маңызды орын алды. Ақмола облыстарында астық алқаптарының көлемі ұлғайды. Астық алқаптарының жартысынан көбінде бидай өсірілгендіктен, ұн тарту кәсіпорындарына жөнелтілді. Ұн тарту кәсіпорындары Сібір темір жолы бойында орналасқан Омбы, Семей, Петропавл, Орал, Ақмола сияқты қалаларда шоғырланды.
Дала өлкесінде спирт, арақ-шарап өндіретін қаржы министріне бағынатын Томск-Семей және Тобыл-Ақмола акциздік мекемелері құрылды. Шарап монополиясы мемлекет кірісінің 30%-ын жауып отырды. Сонымен қатар спирт өнеркөсібі сыра қайнату өнеркөсібінің дамуына да ықпал етті.
Құрылыстарға және шаруашылыққа қажетті орман ағаштарын кесетін өнеркөсіп дамыды. Мәселен, Сібір темір жолы құрылысына көп ағаш жұмсалды. Кебінесе олармен қазыналық мекемелер айналысты. Қазақстанда ұсақ тауар ендірісінің үлесі кашанда ірі өнеркөсіп үлесінен жоғары деңгейде болды.
Достарыңызбен бөлісу: |