1. Ішінара санитарлық өңдеуді жүргізу ережесі.
2. Толық санитарлық өңдеу ережелері.
Санитарлық өңдеу — бұл адамның тері жабынынан, сондай-ақ жеке қорғану құралдарынан, киген киімі мен аяқ киімінен радиоактивті заттарды кетіру, уландырушы заттарды, ауру таратушы микробтар мен токсиндерді зарарсыздандыру.
Санитарлық өңдеу ішінара және толық болып бөлінеді.
Ішінара санитарлық өңдеу радиоактивті заттармен (радиоактивті шаңмен) зақымданған кезде тікелей радиоактивті зақымдану аймағында немесе одан шыққаннан кейін мүмкіндігінше бірінші сағатта жүргізіледі. Бұл үшін сырткиімді шешіп, арқаны желге қарсы ұстап тұрып сілкиді.
Одан кейін киімді ілу және оны үрып-қағу немесе тазалау керек. Аяқкиімді сумен жуу немесе ылғал шүберекпен сүрту; қол мен мойынның ашық жерлерін, газтұмылдырықтың беттік бөлігін таза сумен жуу; газтұмылдырықты шешіп, бетті мұқият жуу; ауыз бен тамақты шаю қажет. Егер су аз болса, онда тері жабынының ашық жерлерін және газтұмылдырықтың беттік бөлігін ылғал тампондармен сүрту керек. Қыста киім мен аяңкиімді таза қармен сүртуге болады.
Тамшылы-сұйық уландырушы заттармен зақымданған кезде дереу ішінара санитарлық өңдеу жүргізіледі. Бұл үшін газтұмылдырықты шешпестен терінің ашың жерлеріне түскен УЗ-ны, киімнің зақымданған жерлерін, газтұмылдырықтың беттік бөлігін химияға қарсы дербес пакеттегі ерітіндімен өңдеген жөн. Егер ол жоқ болса, онда тамшылы-сұйық УЗ-ны тұрмыстық химиялық заттармен залалсыздандыруға болады. Мысалы, ересек адамның терісін өңдеу үшін алдын ала 1 л 3% -дық сутек асқын тотығы мен 30 г күйдіргіш натрды дайындау керек, оларды тікелей пайдаланудың алдында араластырады. Күйдіргіш натрды силикатты желіммен алмастыруға болады (1 л 3% -дың сутек асқын тотығына 150 г желім). Ерітінділерді қолдану тәсілі химиялык, пакет сұйықтығын қолдануға ұқсайды. Құрғақ күйдіргіш натрды пайдалану кезінде оның көз бен теріге түсіп кетпеуін қадағалаған жөн.
Ал, биологиялық заттармен зақымданған кезде ішінара санитарлық өңдеуді өткізу үшін дененің ашық жерлерін залалсыздандырушы құралдармен сүртеді, ал мүмкіндік болған кезде оларды сабындап, жылы сумен жуу қажет.
Егерде, бір уақытта радиоактивті, улы заттармен және биологиялық құралдармен зардап шеккенде, алдымен улы заттардан залалсызданып, сосын биологиялық құралдардан және радиоактивті заттардан залалсыздану қажет.
Толық санитарлық өңдеу бүкіл денені жылы сумен және сабынмен мұқият жууды, сондай-ақ зардап шеккендерге арнаулы медициналық көмек көрсетуді қамтиды. Бұл ретте ішкі киім, киім, аяқкиім арнаулы өңдеуден өткізіледі немесе алмастырылады. Санитарлық пункттер жуыну павильондарының, моншалардың жөне басқа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің негізінде немесе сол жерде, тікелей шатырларда ұйымдастырылады. Жылдың жылы мезгілінде толық санитарлық өңдеуді зақымданбаған ағынды су қоймаларында өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |