1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарымен құрылатын мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекеме мемлекеттік орган болып табылады.
2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ Мемлекеттік орган туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік орган заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазыған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Мемлекеттік органның, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Мемлекеттік орган өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен өкім және шешім түрінде тиісті аумақта міндетті күші болатын актілер шығарады.
5. Мемлекеттік органның құрылымы мен шекті штат санын Орал қаласы әкімдігі бекітеді.
6. Мемлекеттік органның заңды мекен-жайы индекс 090012 БҚО,Орал қаласы,Серебряково кенті,Учительская көшесі, 3
7. Мемлекеттік мекеменің атауы оны құру туралы актімен белгіленеді.(2004 жылғы 30 қарашадағы № 1767 Орал қаласы әкімінің шешімі) Мемлекеттік мекеменің толық атауы мемлекеттік тілде - «Орал қаласының Круглоозерное кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі , орыс тілінде- Государственое учреждение «Аппарат акима Круглоозерновского поселкового округа города Уральска»
8. Мемлекеттік орган құру туралы шешім қабылдайтын Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласының әкімі мемлекет мемлекеттік органның құрылтайшысы болып табылады.
Мемлекеттік органды құру туралы акті мен ол туралы Ереже мемлекеттік органның құрылтай құжаттары болып табылады.
9. Мемлекеттік органның қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттік атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға бұл органдардың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасасуға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік органға заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
2. Мемлекеттік органның функциялары, негізгі
міндеттері мен құқықтары
10. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген функцияларды жүзеге асырады (міндеттерді атќарады).
11. Мемлекеттік органның негізгі міндеттері:
1) егер мемлекеттік органның қызметі осындай актілермен реттелген жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерінде;
2) мемлекеттік органды құру туралы актіде;
3) мемлекеттік орган туралы ережеде белгіленген міндеттер болып табылады.
12. Мемлекеттік органның құқықтарымен заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік органның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құқықтар белгіленеді.
3. Мемлекеттік органның мүлкі
13. Мемлекеттік органның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Мемлекеттік органның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік органның баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Республикалық мемлекеттік органға бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Мемлекеттік органға бекітіліп берілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкі есебінен құрылған мүлік коммуналдық меншікке жатады.
15. Мемлекеттік органның өзіне бекітілген мүлік пен қаражатты дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Мемлекеттік органға мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдарда мемлекеттік орган билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
16. Мемлекеттік органды мемлекеттің тиісті лауазымды тұлғасы немесе мемлекеттік орган қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Орал қаласының Круглоозерное кенттік округі әкімі басқарады.
Мемлекеттік орган Орал қаласының Круглоозерное кенттік округі әкімінің заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім көмекшісі болады.
17. Мемлекеттік орган Орал қаласы Круглоозерное кенттік округі әкімі мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
18. Әкім осы мақсатта:
1) өзінің көмекшісінің және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
2) заңдарға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) мемлекеттік органның актілеріне қол қояды;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік органды білдіреді;
6 )банктерден шот ашады;
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Егер мемлекеттік органға заңдарға сәйкес алқасы болу құқығы берілсе, онда ол консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылады.
5.Комерциялық мекемелердің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
1) Комерциялық емес мекемелердің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу,оның жоғарғы органының шешіміне байланысты болады (Орал қаласының әкімдігіне)
6.Таратылатын комерциялық емес мекеменің мүлкі туралы
1.Комерциялық мекеме емес таратылып, барлық кредиторлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейін, оның қалған мүлкі,құрылтайшы құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.
7. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
20. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |